Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" курсында жасалған А есебі

"Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" курсында жасалған А есебі

Скачать материал

Астана қаласы  №35 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елюбаева Гульнардың

өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы

рефлексиялық есебі

 

Тізбектелген сабақ жоспары 8-сыныптың синтаксис саласы бойынша құрылды. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсында жеті модульді оқып жатқандықтан, әр мұғалім өз сабағында осы модульдерді ықпалдастыру керектігінің қажет екенін түсіндім. Балалардың қалай оқитынын назарда ұстап, оларға нені оқыту керектігін және оқушылардың қажеттілігін ескере отырып  оқу мақсаты мен  табыс критерийлерін айқындадым.

Сабақ жоспарын сын тұрғысынан ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі, Блум таксономиясының алты кезеңі арқылы құрдым. Сөйлем туралы түсінік тақырыбында оқушыларға төменгі сыныпта алған білімдерін саралау үшін,  «ББҮ» стратегиясын пайдалану тиімді болады деп тұжырымдадым. Сөйлемнің түрлерін өткен кезде ментальды картаны пайдалануды ұсындым, себебі мәтіннен нақты ақпаратты іріктеп, саралап, негізгі түйінді ашуға мүмкіндік береді.  Лепті сөйлем тақырыбын қорытындылаған кезде сұраулы сөйлем тақырыбынан алған мәліметтерін салыстыру мақсатында ВЕНН диаграммасын пайдалану дұрыс сияқты. Өйткені оқушы ұқсастығы мен айырмашылығын аша отырып, ойын тұжырымдайды. «Кезектесіп қайталау» стратегиясын лепті сөйлемді өткен кезде сабақтың ортасында пайдаланамын деп жоспарлап отырмын. Бұл стратегияның артықшылығының себебі, оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін осы сабақта алған білімдерімен  байланыстырады  әрі жинақтайды.

Блум таксономиясы деңгейі аясында ойлануға қабілетті дарынды және талантты оқушыларға баса назар аударып, таксономияның жоғарғы жағындағы позициялар  - талдау, жинақтау, бағалау үдерістерін белсенді қолдануды мақсат еттім. Атап айтсам, «Рифмді аяқта», «Симпозиум» әдістерінде оларға  басқа оқушыларға ұқсамайтын ерекше тапсырмалар әзірлеп, оларға  мысалы, қалай ойлайсың? неге олай? сияқты сұрақтар қою дағдысын қалыптастыру арқылы сыни ойлауға жетелеймін. Блум таксономиясының сұрақтар деңгейін саралағанда оқушылардың сұрақ қою техникасы  олардың жоғары ойлауына ықпал ететіндігіне көз жеткізген болатынмын.

       Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаса,  Мерсердің айтуынша да,  білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деген тұжырымдамасын жадымнан шығармауға тырыстым. [1;72]. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, оқушылардың жеке жұмысынан кейінгі жұптық және топтық жұмыстарға, идеяларды талқылатуға баса назар аударамын. Блум таксономиясының «Білу» кезеңіндегі «әңгіме-дебат» және «Қолдану» кезеңіндегі, зерттеушілік әңгіме және «Үш бағыт» жаттығуымен  диалог  жасату, өткен тақырыпты әрі еске түсіртіп, жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылап отыру  тиімді болып табылады.

Әрине, алғашқы сабақтарда мен таңдаған әдістер өз дәрежесінде жүзеге аспайтынын түсініп отырмын. Метатанудың дағдысын игермеген оқушыларым да қиындыққа кездеседі, менен көмек сұрайды. Мұндай кезде Выготскийдің «ЖАДА»-сы мен Жером Брунердің «Көпіршелер тұрғызу» метафорасын бағытқа алдым. Блум таксономиясының  әр кезеңінде оқушының метатану әдістерін игертуде бағыт беріп отыруды, жас көшбасшыларға ресурсты үйлестіру кезінде, топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беруде қолдау көрсетуді басты назарда ұстауым керек. Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсендіреді. Ал жас көшбасшыларды болашақта топты дұрыс жолға жетелей алуға, тобын артынан ерте алуға үйретеді. Көшбасшы тобын тыңдата алатын, оларды тыңдай алатын дағдыларын қалыптастырса, олар  мұғалімнің нағыз көмекшісіне айналатынына сенімім мол. Осындай көшбасшылармен бірлесіп инклюзивті орта құрып, жұмыс жасау  дамудың бір адым алда болуын қамтамасыз етеді деп сенемін.

Оқушының оқу мақсаттарына жеткенін білу үшін бағалаудың өте маңызды аспект болып табылатынын менің жолымда жанған шамшырақ деп елестеттім. Өйткені Блэк пен Уильямның «Қара жәшік» метафорасының философиясын зерделегеннен кейін, өзін-өзі бағалауды, бірін-бірі бағалауды бірден сабақ  жоспарына енгізуді басшылыққа алдым. Себебі бағалаудың бұл формасы оқушыға қалай оқу керектігін үйрететініне курс барысында көз жеткізген болатынмын. Дұрыс жауапқа қол шапалақтау, талаптандыру, уәждеу және «Екі жұлдыз, бір тілек», «Мадақтау сендвичі» әдістері оқушылардың сенімін нығайтады. «Екі жақты күнделік» пен «Кезектесіп қайталау» стратегияларымен жұмыс істеу барысында критериалды бағалауды қоса жүргіздіртіп отырамын. Сабақ соңында немесе әр әдіспен жұмыс соңында да кері байланыс жасауға арнайы уақыт бөлемін. Кері байланыс алудың тағы бір түрі  - «Оқушыдан интервью алу парағы». Кері байланыс жұпта орындалады. Алдын-ала сұрақтар жазылған парақтар беру арқылы оқушылардың әрі сабақты түсіну деңгейін анықтаймын,  әрі тақырыпты түсінбеген тұстарын ертеңгі сабаққа жоспарлауға мүмкіндік аламын.

Критерийлерді бірлесе құрастыру мен кері байланыс кезінде өз ойын айту бағалауға деген позитивті көзқарасты қалыптастырады. Мұндай бағалауды маңызды деп есептеймін, себебі өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану - бұл оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттыратыны, метатану дағдыларын дамытатыны сөзсіз. 

АКТ-ны қолданудағы бес аспектінің «Бағалау мен талдау» аспектісі бойынша «Қолдану» кезеңінде аудиожазбалар ұсынуды ойластырдым. Оқушылар дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажыратып, дәптермен жұмыс жасайды. Бұл тәсілдің тиімділігі: оқушылар мұқият тыңдайды, яғни мұқияттылыққа дағдыланады. Үнемі есте ұстайтын төрт дағдының біреуі тыңдалым дағдыларының дамуына, сонымен қатар, естігенін жазып алып отырады, яғни  сауатты әрі әдемі жазуға икемделеді, ендеше, жазылым дағдысының дамитынына ықпал етеді деген сөз. Тапсырмалардың мәтінін көрсету барысында ақпаратты слайд ретінде көрсетуді тиімді деп таптым. Негізгі ақпарат алдарына мини-лекция ретінде де таратылады. Сабақ соңындағы кері байланысты мұғалімнің жеке нөміріне смс-хат түрінде жіберулерін сұраймын. Ұяң оқушыларға қолдау көрсетудің  осы әдісі курс барысында маған қатты ұнады, сондықтан бұл әдіс сөйлеуге қысылып, ұялып отырған оқушылардың ойларын еркін жеткізулеріне тікелей бағытталады. Жеті модульді тізбектелген сабақ жоспарына ықпалдастыра отырып, табысты оқытуға қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" курсында жасалған А есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 793 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.10.2016 2824
    • DOCX 36.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елюбаева Гульнар Тоқтарбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3771
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов