Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Педагогикалық кеңес түрінің анықтамасы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Педагогикалық кеңес түрінің анықтамасы.

библиотека
материалов

Білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу жағдайында ізденіс зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.

Оқушына жеке тұлға ретінде қарастыра отырып, жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдей оқыту қазірлі таңда мектептер алдына ең өзекті мәселе ретінде қойылып отыр. Өзгермелі ортаға бейім тұлға шығармашыл, ой белсенділігі жоғары болуы – пән мұғалімдерінің әр сабақ барысында назарда болу міндеттерін жүктейді. «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,- деп тұжырымдалады Л.С.Выготский. «Шығармашылық» деп жаналық ойлап табатын іс – әрекетті атаған. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н. Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық , әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді. Ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден–бір жол.

Жоғарыдағы өскелең ұрпақ қалыптастырудағы міндеттерге сай мектеп ұжымы педагогикалық кеңестің даярлық барысында төмендегідей байқау бағдарламасын жасады:

  • Оқушылардың шығармашылығы мен логикалық ой белсенділігін дамытудағы инновациялық тәсілдерді қолдану;

  • Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, шығармашылық ізденіске баулу;

  • Өздік жұмыстар мен үй тапсырмаларын беруде шығармашылық сипаттарын ескеру;

  • Сабақ тақырыбына сай логикалық сипатты жұмыстарды үйлестіру;

  • Сыныптан тыс шаралар мен пәндік үйірмелерде шығармашылыққа және логикалық ойлауға баулу;

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. 
Мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңес тақырыбына орай келесідегідей даярлық жұмыстарын жүргізді:

  • Тақырып бойынша барлық сабақтардағы оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау белсенділіктерін байқау.

  • Сыныптан тыс жұмыстар, танымдық ойындар мен пәндік үйірмелер отырыстары;

  • Мектепішілік ашық пәндік үйірмелер отырысы;

  • Мектепішілік ашық интеллектуалдық – танымдық шаралар өткізу.

  • педагогикалық ұжымнан оқушы шығармашылығын дамыту әдістері мен арттыру жолдарын айқындауды анықтау мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.

  • мектеп оқушыларынан сауаланамалар алынып, сараптама жасалды.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Көбінесе “шығармашыл оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн деп санайды.

Шығармашылық топқа арналған тапсырмалар:

  • жағдаят – бейнефильм (бейнероликті көру, оқушы шығармашылығын дамытуда «ұғымдар сәйкестігін» жасау. Берілетін ұғымдар: бала жауапкершілігін туғызу, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарай білу, жаңа мотив туғызу, бейімделу, шешім қабылдау, құзіреттілік, өзіндік көзқарасқа баулу, жағдаяттан жол табу)

  • жағдаят-жаттығу. Оқушылардың шығармашылық және қисынды ойлау қабілеттін дамытуға бағытталған тәсілдерді сызба, кесте, жоспар түрінде беру. Әдіс-тәсілдер: сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану; сабақты түрлендіріп өткізу; сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану; техникалық құралдарды тиімді қолдану; сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету; тақырыпты өзіндік игеру жолдарны көрсету; сабақтарда кіші жоба құру (т.б)

  • жағдаят-баға: Берілген ұғымдарға баға беру. шығармашылық қабілетін дамыту бағыттарына баға беру: Қызығушылығын арттыру; Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; Шығармашылық ізденісін дамыту. Іздену тапсырмаларын орындату; Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге бағаттау, Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

  • Жағдаят-сурет. Берілген суреттерді шығармашылықты дамыту әдісі ретінде атау және өткізілу тәсілін қарастыру. (Тікелей радиоэфир, ТВ шоу, Стикердегі диалог, Айналмалы бекеттер, Үш қадамдық сұхбат)

Жағдаяттарды талқылау.

Педагогикалық кеңес тақырыбына орай педагогикалық ұжымнан (http://referat911.ru сайтынан) сауалнама алынды. Сауалнамаға оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері беріліп, қолдану жағдайы мен қолдану орнын белгілеу тапсырылып, келесідегідей бағыттар ұсынылды: түсіндірме-иллюстрациялық, ішінара-ізденіс, сөздік-көрнекілік, ұйымдастыру, ынталандыру, тәжірибелік, кіші жоба құру. Сауалнама нәтижесін келесідегідей диаграммадан байқауға болады.




Диаграммадан байқалғандай мектеп мұғалімдері түсіндірме-иллюстрациялық, ішінара-ізденіс, сөздік-көрнекілік, ұйымдастыру, ынталандыру әдістерін неғұрлым жиі қолдану арқылы оқушы шығармашылықтарын арттыруды белгілесе, сабақтарда тәжірибелік әдіс пен

Кіші жоба құру тәсілдерін өте сирек қолданатындары байқалды. Ендеше педагогикалық ұжымға сабақта оқушылардың зерттей білу, ұғымдарға тәжірибе жасай білу дағдыларын дамыту жұмыстарын кеңінен қарастыру қажеттілігі байқалды. Сондай-ақ мұғалімдермен осы әдіс-тәсілдерді қандай жағдайларда қолданатындары туарлы сауалнама-сұрақтар берілген. Сауалнама-сұрақ нәтижесінің мониторинг көрсеткіші:



Қорытынды: мониторинг көрсеткішінен байқалғандай мұғалімдер әдіс-тәсілдер негінен сабақтарда өткізілетіні үйірмеде кей жағдайларда, ал танымдық шараларда сирек қолданатындары байқалды Ендеше, педагогикалық ұжымға танымдық шаралар мен үйірме жұмыстарын жандандыру қажеттілігі анықталды.

Педагогикалық ұжымнан оқушылардың шығармашылығын арттыру жолдары туралы сауалнама-кесете жүргізілді. Кестеге сабақ әдістерін түрлендіру, пікірлерін еркін айту, ойларын ұштау, оқушыға зерттеу жасату арқылы, тапсырмаларды күрделілендіру, салыстыр, дәлелдеу, қорытындылау, талдау жұмыстарын беру, тақырыпты өзіндік игеру жолдарын ұсыну, бағдарламадан тыс қызықты мәліметтерді іздестіру бағыттары қамтылғын болатын және 5 балдық жүйемен бағалау ұсынылған.

Сауалнама-кесте қорытындысы:

Шығармашылқта арттыру жолдары

2

3

4

5

1

сабақ әдістерін түрлендіру


1

17

6

2

пікірлерін еркін айту, ойларын ұштау


1

16

7

3

оқушыға зерттеу жасату арқылы, тапсырмаларды күрделілендіру

2

3

13

6

4

тақырыпты өзіндік игеру жолдарын ұсыну

2

2

15

5

5

бағдарламадан тыс қызықты мәліметтерді іздестіру

1

2

14

7

Сауалнама-кестеден байқалғандай педагогикалық ұжым шығармашылықты арттыру жолдары ретінде сабақта әдістерді түрлендіру және сабақ барысында пікірлерін еркін айту, ойларын ұштау тәсілдерін қолданатындарын байқатты. Төмен нәтиже көрсеткен оқушыға зерттеу жасату арқылы тапсырмаларды күрделілендіру бағыты. Сондықтан мұғалімдерге оқушылардың шығармашылығын арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстарын жасату, ұғымдарды салыстыру, дәлелдеу, қорытынды жасату, тақырыпты өзіндік игеру жолдарын қарастыру жұмыстарын жүргізу керек.

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Сондықтан оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды: ақыл-ой әрекеті үстінде, білімді меңгеру; тіл үйрену; жылдам есептеу және жылдам ойлау. Мұғалімдер сабақ барысында неғұрлым оқушыны ойлантуға бағыттаған жұмыс түрлерін кеңінен қарастырса, соғұрлық оқушы ойы ұштала береді.

Осы мақсатпен мектеп оқушыларынан педагогикалық кеңес тақырыбына сай сауалнама-кесте алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға 8а, 10а, 7б сынып оқушылары қатысты. Сауалнама бағыттарына негізгі пәндер ұсынылып, пәндерде шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылуын белгілеу қажеттілгі берілді. Сауалнама –кесте қорытындысы:





Бағыттар

Қаз.т.әдебиет

математика

биология

химия

тарих

Орыс тілі

Ағылшын тілі

физика

география

Талдау, салыстыру, қорытынды жасау жүргізіледі

14

6

5

5

14

7

4

10

8

Зерттеу, дәлелдеу, тапсырмасы болады

7

10

4

11

5

4

3

16

7

Шығармашылық тапсырмалар беріледі

20

5

4

1

8

8

9

3

7

Пәнге қызықтыру арқылы шығармашылыққа баулиды

9

8

8

4

7

7

7

6

8

Пікір айту, тақырыпты белсенді игеруге бағыттайды

9

6

3

2

7

6

8

8

7

Тақырыптан тыс қызықты мәліметтер болады

5

10

14

5

11

5

10

6

10

Ынталандыру, қолдау арқылы белсенділік арттырады

7

8

5

4

11

6

7

8

10

Жалпы қорытынды

71

53

43

32

63

43

48

57

57

Оқушылардан алынған сауалнама-кесте нәтижесінен байқалғандай ортаға бейімдеу жағдайында ізденіс зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық, қисынды ойлау дағдыларын қазақ тілі мен әдебиет, тарих сабақтарында неғұрлым нәтижелі жүргізсе, физика, география, математика сабақтарында орта деңгейде, ал химия, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтары төмен көрсеткішті байқатты. Сондықтан пән мұғалімдері пәнді меңгертуде оқушылардың тәжірибелік және практикалық шығармашылығын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін жетілдіру керек.



Краткое описание документа:

Жұмыста  "Білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу жағдайында ізденіс зерттеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық, қисынды ойлау дағдыларын дамыту" тақырыбындағы педагогикалық кеңестің бірінші бөлімінің анықтамасы берілген. Педагогикалық кеңеске даярлық жоспары мен тақырыпқа сәйкес мектеп ұжымы мен оқушылардан алынған сауалнамалар бағыттары мен олардың талдау қорытындысы жазылған. Педагогикалық кеңестің байқау бағдарламасы көрсетіліп, әкімшілік тарапынан бағдарлама бойынша мектеп ұжымымен жүргізілген жұмыстарға тоқталған. 

 

Автор
Дата добавления 11.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров1045
Номер материала 283658
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх