Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПедагог-психологқа арналған "Қарым-қатынас тренингі"

Педагог-психологқа арналған "Қарым-қатынас тренингі"

Скачать материал

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТРЕНИНГІ

 

Мақсаты:

Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

 

Тренинг барысы :

Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.

Олай болса бүгінгі тренингіміз «Қарым-қатынас тренингі» деп аталады. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес.

 

-         Барлығымыз тыныштық сақтап, тыныштық сәтін орындайық.

Ары қарай тренингімізді жалғастырайық. Қанеки, барлығымыз мына сұраққа жауап беріп көрейікші. «Қарым-қатынас деген не?»

 

«Ойланайық, пікірлесейік»

1. Адами қарым - қатынас деген не?

2. Адами қарым - қатынас жасау адам өмірінде неліктен бағалы құндылық болып табылады?

3. Сөздің қарым - қатынас жасаудағы рөлі қандай?

 

Сахналау

Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік бұл - сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында сәлемдесудің түрлері көп. Олай болса мынадай тапсырмаларды орындайық.

1)    Ата, әжелердің амандық - саулық сұрасуын сахналау.

2)    Мұғалім мен оқушылардың арасындағы сәлемдесуді сахналау.

3)    Өз құрбыларымен сәлемдесуді сахналау.

Сахналау соңынан мына сұрақтарды талқылау:

1. Қалай амандасқан жөн деп ойлайсыздар?

2. Амандасу әдептілігі жайлы не білеміз?

3. Қазақ дәстүрінде сәлемдесудің қандай реттілігі қалыптасқан?

«Жағымды сөз» тренингі.

Балалар дөңгелене отырайық. Жүргізуші оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап: «Айдар,маған сенің аққөңілді мінезің ұнайды» дейді, Айдар «рақмет» деп келесі балаға бұрылып: Фатима,маған сенің әсем күлкің ұнайды» дейді, одан әрі Фатима рақмет айтады да келесі балаға бұрылады. Ең соңында жүргізушіге соңғы бала жағымды сөз айтады. «Жақсылық жасасаң, өзіне қайтып келеді» деген сөзбен тренингі аяқтауға болады.  

 «Екі бақа туралы аңыз»

Екі бақа бірде сүттің бетіне түсіп кетеді. Содан бақалар тырмысып шыққысы келеді. Ешқандай шығатын жол таппаған бақаның біреуі ақыры қанша талпынсам да шыға алмаймын ғой, одан да өле салайын деп өзін – өзі өлімге қияды. Ал екінші бақа қайтсем де шығамын, шығатын жол табамын деп, талпына береді, талпына береді, ақыры жайқалған сүттің бетіне қаймақ тұрып, бақа сыртқа шығады.

(Осы аңыз нені айтқысы келеді және аңыздан қандай ой түйдіңіздер? Әр топ өзара ақылдасып, шешімдеріңізді ортаға салыңыздар)

 

Орыстың психолог-ғалымы И.Панариннің тест-сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау мақсатындағы 4 түрлі пішінді қалауларыңыз бойынша таңдап алыңыздар.Фигураларды тарату.

Төртбұрыш

Бірінші топты таңдағандар өте еңбеққор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Үшбұрыш

Екінші топты таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар,алдына қойған мақсатына жететін жандар.

Тіктөртбұрыш

Үшінші белгіні қалағандар жаңа идеяға жақын,білуге құмар,ізденгіш жандар.

Овал

Соңғысын таңдағандар өте мейірімді,өзгенің қайғысын,қуанышын бқлісуге даяр тұратын жандар.

 

«Сыйлық» ойыны

 Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымда психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінуге, ұжымда тұлға аралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.

 

Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге (сағат тілімен) сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербальды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

 

Талқылау:

 1. Көршіңіз сізге қандай жасанды сыйлық жасады деп ойлайсыз?

 2. Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?

 3. Сізге сыйлық ұнады ма?

 4. Қандай әсерде болдыңыз?

 

Қорытынды:

Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті-кешірім болып табылады. Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен абзал.

Тренингке қатысқандарыңызға рақмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Педагог-психологқа арналған "Қарым-қатынас тренингі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 487 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 2186
    • DOCX 39 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абитаева Минара Нурланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абитаева Минара Нурланбековна
    Абитаева Минара Нурланбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31258
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Преодоление тревожности, застенчивости и страхов у детей в условиях образовательного процесса

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 235 человек

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе