Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі

Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

http://kargoo.gov.kz/media/img/photogallery/54d9929242256.png

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ №22 ГИМНАЗИЯ МЕКТЕБІ






«Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі»

атты жобаның орындалуы


Школа №22 Города Экибастуз группа в Моем Мире.














ЕКІБАСТҰЗ

2015-2016 оқу жылы



Жобаның авторлары:

Мукашева Гульнара Айтпаевна

мектеп директорының ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары,мектеп директорларына арналған 9 айлық курс


Буркитбаева Балгайша Сайпеновна

І(ілгері) деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі





Жобаға пікір жазған:

Н.С.Сарбасов

Педагогика шеберлік орталығының

Павлодар қаласының филиалының директоры
















Түсінік хат

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында тәлімгерлік етудің рөлі туралы баяндалады. Курста оқыған мұғалімдердің әріптестеріне тәлімгерлік етуі Бағдарламаның маңызды аспектісі болып табылады, өйткені ол бірлескен кәсіби оқуды және жалпы алғанда мектепті дамыту үдерісін жеңілдетеді. Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында ұсынылған тәлімгерлік пен коучинг идеялары мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға қалай әсер ететіні қарастырыған. Тәлімгерліктің өзіне тәң негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris& Garvey,2005).Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып жасалынған жоба С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің «Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі» тәлімгерлік бағдарламасының негізінде жоспарланып құрастырылған.Жоба педагог қызметкерлермен жасалатын негізгі құжат болып есепеледі. Жобаның құрастырылуының негізі болып «Қолдау» тәлімгерлік орталығының мұғалімдермен тәлімгерлік жүргізудің жүйесі болып табылады. «Қолдау» тәлімгерлік орталығы мұғалімдерді тәлімгерлік ету арқылы 7 модульді ықпалдастыра отырып сабақты жоспарлауды, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуді, іс-әрекетті зерттеуді, өз ісіне баға бере отырып, әлсіз және мықты жақтарын айқындап, жаңа форматта сабақты ұйымдастырып өткізуге көмектесу арқылы төмендегі шешімдерді орындайды.

-оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби дамуына жағдай жасайды;

-өзара тәжірибе алмасау әрекетін ұйымдастырады;

-кәсіби жетілу жолдарын анықтайды, мониторингісін жасайды;

-Тәлімгерлік арқылы жоғары мүмкіндіктерге жол ашады, әріптестеріне қолдау көрсетеді;






hello_html_m7e3ecccc.png











«Басқаларды үйрете жүріп,

біз өзіміз өзгереміз»

Сенека

Бүгінгі қоғам-үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Мектеп алдына қойылған мәселелердің бірі мектеп үдерісін, оқыту формаларын, әдіс-тәсілдерін жаңарту мен ізденістер қарастырылуда.

Осыған орай, бүгінгі әр ұстазға білім беру жүйесінде қоғам талабына сай арнайы оқытудың жаңа үлгілерін енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Мұғалімге өз жұмысында жетістікке  жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы  ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа  тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін  тәлімгерлік етудің ықпалы мол деп айтар едік. Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.

Әлемдік тарихы бойында табысты тұлғаларды зерттеу әлемдегі ұлы ер адамдардың көпшілігінде олардың дамуы мен өсуіне қамқоршылық жасайтын тәлімгерлері болғандықтан көрсетеді. Ұлы Александрда-Аристотель, Англия королі Артурда-Мерлин, ақын Т.С. Элиотта-Эзра Паунд, Мартин Лютера Кингта-Доктор Бенджамин Илия Мейс, Бетховен мен Моцарта-Гайдн болады.

Проектінің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» проектісін жүзеге асырудағы негізгі мақсаты – Қазақстанның жаңа формациясына, қоғамына лайықты ұстаз тұлғасын бәсекеге қабілетті, адами капиталды рухани құндылық ретінде іс-әрекетіне қолдану деп тұжырымдайды.

Тақырыбымызға жуық келер зерттеу еңбектері:

1.Қазіргі экономикалық - әлеуметтік қажеттілікке білім мазмұны сәйкестілікте құру мәселесі қайшылық туғызып отырғанына тоқталған зерттеушілер – Е.А.Леванова, В.А.Плешаков, Т.В.Пушкарева, С.Б.Серякова. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде кәсіби құзыреттегі ұстаздар жеке тұлғалық мүмкіндігімен өздігінен шешім қабылдау іс-әрекетінің ғылыми негіздері ұсынылған.

2.Қоғамға лайықты ұстаздың кәсіби құзыреттілігін зерттеген философтар, педагогтар, психологтар десек, соның ішінде, В.А.Адольф, Т.Г.Браже, Э.Ф.Зеер, М.И.Лукьянова, А.К.Маркова, А.М.Новиков, Г.Бернгард, Х.Маркус, Р.Стернер және т.б.

Аталған зерттеушілердің еңбектеріндегі феномендігінің парадигмасына басымдық бере отырып, біздер қоғамдағы ұстаз тұлғасын заманауи мүддесіне сәйкестендірудің ғылыми негізі ретінде алдық.

3.Ұсынып отырған тақырыбымыздың әдіснамасын зерттеп, оның жүйелі тұрғыдағы іс-әрекеттік ұстаз тұлғасының жекелей интеллектуалды әлеуетін айқындап берген ғалымдар: Ж.Аймауытов, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Я.Рубинштейн.

4.Ұстаздардың кәсіби құзыретін өркендетудің тұжырымдарын құрғандар: Н.С.Глуханюк, Е.А.Климов, Н.С.Пряжников, Э.Э.Сыманюк.

5.Инновациялық білім ортасы және инновациялық қызметті меңгерудің теориялық тұрғыдағы жүйесін зерттегендер: И.В.Дубровина, М.В.Ермолаева.

Жоғарыда аталған мәселерді шешу мақсатында жобаның тақырыбын: «Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі»

деп таңдауымызға негіз болды.

Жаңалық:

1.«Қолдау» тәлімгерлік орталығының құрылуы;

2.Мектептің жаңа қоғамға лайықты тәлімгер моделі;

3. Тәлім алушыға арналған критериалды өлшемдер.

Басты идея:

Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену мақсатында оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру.

Орталықтың мақсаты: 

1.Мұғалімнің үздіксіз өзін-өзі жетілдіруін қалыптастыру

2.Сенімді қарым-қатынас орнату.

3.Бірлесе жұмыс істеу, жоспарлау,

4.Өзгерістер енгізу, бақылау

5.Кеңес беру, бағыттау, қолдау көрсету

6.Жаңа идея, тәжірибелермен алмасу

Орталықтың міндеттері:

-мұғалімнің өзіндік басым жақтарын табуға және алдағы кәсіби өсуді жоспарлауға көмек көрсету;

-қажеттіліктер, мотивация, дағды, ойлау үдерістерін зерттеуге көмектесу;

- кәсіптік құзыретіліктері мен іскерлік белсенділігін арттыруға көмек беру;

-мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру жоспар құруына көмек беру, іске асыру;

- өз қызметіне баға беруге, талдауға, өзін-өзі түзетуге бағыт беру;

- өзін-өзі бақылау қабілеттерін дамытуға көмектесу;

- мұғалімнің жұмысын мадақтау;

-мұғалімнің кәсіби құзырлығын шындау, білімі мен тәжірибесін жариялау.

Болжау ұстанымдары:

1.Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

2.Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.

3.Ынтымақтастық ұстанымы, яғни басқарудан қарым-қатынасқа көшу.

4.Кәсіптілікті үздіксіз көтеру қағидасы.Мұғалімге ықпал жасау ұстанымы.

Жобаның кезеңі:

І кезең -диагностикалық болжау және ұйымдастыру 2014 – 2015о.ж.

ІІ кезең-тәжірибелік 2015-2016 о.ж.

ІІІ кезең- жинақтау, қорытындылау 2016-2017 о.ж.

Бағыттары:

1.Мұғалімдердің кәсіптік әрекеттерін шындау

2.Педагогикалық ұжым іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру

3.Мұғалімдердің еңбегін қорғау және мадақтау

Күтілетін нәтиже:

1.Мұғалімдердің өз әрекеттеріне сенімділік оянады;

2.Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады

3.Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады

4.Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,

5.Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады,

6.Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады

Жобаның орындалу жолдары:

1.Педагог қызметкерлерінің әрекет, қызығушылық, сұраныстарын анықтау

(әр түрлі сауалнамалары, мониторинг, рейтингілік көрсеткіштер)

2.Жұмыстың тиімділігі (мониторинг арқылы)

3.Кәсіптік әдістемелік көмек көрсету арқылы;

4.Кәсіби және әдістемелік шеберлік деңгейін жетілдіруге кері байланыс арқылы көмек беру;

(педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте,коучинг, конференцияларда, ДЖО,

мұғалімдердің аттестациясында, курстар, шығармашылық есеп, мастер-кластар,

семинар-практикум,тізбектелген сабақтар және Lesson study» зерттеу

сабақтарын тәжірибеге енгізу арқылы, іскер ойындар арқылы)

5.Оқу-тәрбие үдерісін шындау барысында (пән апталықтары, фокус топтар

арасындағы байқаулар, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар,

интеллектуалды сайыстар, кабинеттер байқауы, ашық есіктер күні арқылы)

Бағдарлама нәтижелілігін бағалау критерийлері.

1. Алдағы көрсеткіштермен нәтижені салыстыру;

2. Көрсетілген жетістіктермен салыстыру;

3. Сауалнама арқылы қанағаттану деңгейлерін анықтау;

4. Мұғалімдердің өсу динамикасының мониторингісін шығару.



hello_html_m172056dc.pnghello_html_32e7e212.png

























Тәлімгерлік моделіhello_html_4dac93b9.pnghello_html_m7470af10.png

C:\Users\Home-Pc\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.033\Әріптеспен кеңесу.JPG



hello_html_ma19187c.pnghello_html_m6e71015e.png







«Қолдау» тәлімгерлік орталығының жоспары

Кезең

Жұмыстың аты

уақыты

жауапты

Күтілетін нәтиже


Диагностикалық болжау және ұйымдастыру кезеңі

2014-2015о.ж.

«Қолдау» тәлімгерлік орталығын құру, іске қосу

2014-2015 о.ж.

Буркитбаева Б.С.


Мұғалімдердің сапалық құрамын анықтау, жаңартып отыру

жылына

екі рет

Буркитбаева Б.С.

кадрлардың өсу динамикасын айқындалады.

Мұғалімдердің шеберлік деңгейін анықтау.

Қазан-қараша

Буркитбаева Б.С.

Мұғалімдердің шеберлік деңгейі анықталады

Педагог қызметкерлердің жаңашылдыққа дайындық диагностикасын өткізу.

қараша

Біркитбаева Б.С. ,

І,ІІ,ІІІ деңгей курсынан өткен мұғалімдер


Мұғалімдердің сұраныстарын анықтау.

желтоқсан

Буркитбаева Б.С.

Сұраныстарын анықтау

Тәлімгерлік үдерісін енгізу, жақсы тәлімгер қандай болатынын тәлімгер әріптестерінің кәсіби дамуына қалай көмектесе алатыны анықтау

Желтоқсан

Буркитбаева Б.С.

Кәсіби әңгіме жүргізіледі

Тәлімгерлік арқылы әріптестерінің жұмыс әдістерінің жетілдіру

қантар

Фокус топ топ

Тәлімгерлер бекітіледі,тәлім алушылар анықталады, сынып дайындалады.

Коучинг және тәлімгерлік

Ақпан

Буркитбаева Б.С.

Коучинг өткізіледі

Жеті модуль арқылы сабақты ықпалдастыра отырып жоспарлау

Жыл бойы

І,ІІ деңгей курстарынан өткен серт. мұғалімдер

Коучингтер өткізіледі


Тәжірибе

лік кезең

2015-2016 о.ж.

Нормативтік құжаттарды талдап-игеру жұмыстарын ұйымдастыру

үнемі

Мукашева Г.А.

ҚР білім беру жүйесінің негізгі нормативті құжаттарын талқылап, қолданады

Педагогтердің кәсіби жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Тәлімгерлер мен тәлім алушырады анықтау

қыркүйек

Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады

Тәлім алушыларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, тізбектелген сабақтар топтамасын тәжірибеге енгізу сынып таңдау.

үнемі

Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С.

Әдістемелік көмек беріледі, тәлім алушыға жаңа заманауи әдіс-тәсілдер үйретіледі

«Lesson study» зертеу сабағын өткізу

Қараша

Мукашева Г.А. Буркитбаева Б.С. ІІ деңгейлі мұғалімдер

Жаңа фарматтағы сабақ әдіс –тәсілдері үйретіледі,сыныптың оқу дәрежесі зерттеледі

Оқу жоспары бәрлесіп жасалады, мұғалімнің білімі мен тәжірибесі жетілдіріледі.

қыркүйек

Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С. тәлімгерлер мен тәлім алушылар

Жүйелі сабақ жоспары құрылады, сабақ жүргізіледі

Қала көлемінде шеберлік сыныбын ,семинар, ашық сабақтар өткізу

үнемі

Тәлімгерлер, тәлім алушылар

Мұғалімдердің шығармашылық деңгейін дамыту


.

Мұғалімдердің теориялық деңгейін көтеру (курс, оқыту семинарлары, өздігінен)

үнемі

І,ІІ деңгей мұғалімдері

Мұғалімдердің біліктіліктері

артады

Басқа ғылыми және білім мекемелерімен, желілік қауымдастық аясында кәсіби байланыс орнату

үнемі

Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер,тәлімгерлер мен тәлім алушылар

Байланыс орнатылады, тәжірибе алмасады


Мұғалімдерді шығармашылық, зерттеушілік жұмыстарға баулу, ынталандыру.

үнемі

Мукашева Г.А.

Мұғалімдер шығармашылық жұмыспен айналысады

Мектепішілік, қалалық облыстық , республикалық байқауларға, семинарларға қатысу.

үнемі

Тәлімгерлер мен тәлім алушылар

Мұғалімдердің қатысу динамикасы өседі

Заманауи әлемдік озық технологиялармен қаруландыру

Үнемі

Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С.

Озық технологиялармен жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланады

D:\диск Д\рабоч стол 2015\СТО коучинг 03.11.2015ж\фото\P_20151110_113502.jpg

C:\Users\Home-Pc\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.080\DSCN1082.JPG







Жинақтау, қорытындылау кезеңі.

2016-2017 о.ж.

Тәлімгерлердің іс-тәжірибесі таратылады

Қыркүйек


Мукашева Г.А.

Тәжірибе алмасады

Фокус топтың ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жандандыру.

Қараша

Буркитбаева Б.С.

Жүйелі жұмыс жүргізіледі, мониторинг жасалады

Авторлық бағдарламалар дайындау, рецензиялау.баспаға материалдар, сабақ жоспарларын шығару

Жыл бойы

Фокус топ мүшелері

Мұғалімнің біліктілігі артады

Озық іс-тәжірибені тарату, шығармашылық есеп, дөңгелек үстел

Қаңтар

Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С. фокус топ мүшелері

Мұғалімдердің жұмыстары таратылады

Педагог өз қызметіне ғылыми тұрғыда талдау, бағалау жасау

Ақпан

Мектеп әкімшілігі

Мұғ.кәсіби шындалуына талдау жасалынады

Мониторинг арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлік деңгейін анықтау

Наурыз


Мукашева Г.А. Буркитбаева Б.С. Фокус топ жетекшісі

Мұғ.кәсіби шындалуына талдау жасалынады

Жаңа формада тәжірибе алмасу

Сәуір


Тәлімгерлер мен тәлім алушылар

Тәжірибе алмасады,

таратылады

«Қолдау» тәлімгерлік орталығы ның есеп беру

ғылыми- практикалық конференция өткізу

Мамыр


Мукашева Г.А.

Буркитбаева Б.С.

Есепберіледі,

қорытынды жасалады,

ресурстар шығарылады



Тәлімгерлік нәтижесі






Қорытынды

Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде ұйымдастыруды қажет ететіні баршаға белгілі. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы еліміздің жүйесі алдында, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінің сапасын жетілдіру, педагог құрамының сапасын арттыру арқылы-сапалы білім беруде әлемдік стандаттар деңгейіне қол жеткізу керектігі атап көрсетілді. Ең алдымен, білім беру жүйесіне келген жаңа сұраныс ол, заманның сұранысына сай Тәлімгер ерекше орын алуда. Бұл жоба екі маңызды мақсатты көздейді-біріншіден, мұғалімдерге кәсіби қалыптасу басында күшті бастау береді, ал екіншіден, мұғалімнің өзіндік басым жақтарын табуға және алдағы кәсіби өсуді жоспарлауға көмек көрсетеді.

Бұл жобаның құрылымы мұқият ойластырылған. Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.

Тәлімгерлік-ол тұрақты диалог, тұлғаралық қарым-қатынас. Мемлекетіміздің мұндай білім саласына деген шексіз қамқорлығы мен ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар, педагог қауымының алдағы дамуына айқын көрсеткіш бола алады.

Жаңа ғасырда оқушыларды өмір мен жұмысқа даярлау үшін мұғалімдерге қажет кәсіби білім мен дағдылары тұрақты жақсартуда тәлімгерліктің маңызды рөл атқаратындығы анық.

«Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі» атты жоба жаңашылдық тұрғыдан мазмұны мен мәнділігі жағынан ерекшеленеді.

Мұндай қол жеткізген жетістіктеріміз, мектеп ұжымының жұмысын жоғары деңгейге көтерді. Сондықтан да атқарылып жатқан жұмыстарымызға баға бере отыра, алдағы уақытқа үлкен міндеттер қоямыз.










Аннотация

В проекте анализируется работа наставничество,которая рассматривается как одна одна из наиболее эффективных форм профессиональной адаптации, способствующая повышению профессиональной компетентности и закреплению педагогических кадров.

Целью педагогического наставничества в школе является оказание помощи учителям в их профессиональном становлении.

Задача наставника – помочь учителю реализовать себя, развить личностные качества, коммуникативные и управленческие умения.

Школьное наставничество организуется на основании приказа директора школы.

Руководство деятельностью наставников осуществляет завуч школы, который закончил курсы нового формата для руководителей школ.

Кандидатуры наставников согласовываются с завучем, курирующим данный вопрос.

Назначение наставника производится при обоюдном согласии предполагаемого наставника и специалиста, за которым он будет закреплен приказом директора школы с указанием срока наставничества.

Показателями оценки эффективности работы наставника является выполнение целей и задач учителем в период наставничества.

Для мотивации деятельности наставнику за успешную работу наставник отмечается директором школы по действующей системе поощрения вплоть до представления к почетным званиям.

Annotation the project analyzes the work of mentoring which is regarded as one of the most effective forms of professional adaptation contributes to the professional competence and retention of teaching staff.














Пайдаланған әдебиеттер:


1. І .ІІ деңгейге арналған нұсқаулық, www.cpm.kz

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005

4. К.С. Құдайбергенова «Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми-теоретикалық негізі» Алматы-2008.-328б.

5. «Қазақстан мектебі» журналдары, №8 2010 жыл

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім беру негізгі ережелері. 2009 жыл, №4

7. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» №11(59)-2011

8. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» №5 (42)-2010

9. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» №7 (43)-2010

10. Білім мекемесі қызметін ұйымдастырудың мұғалім шығармашылығын қалыптастырудың ролі. Алматы 2009.

11. Поташник М.М. Педагогическое творчество проблемы развития и опыт.- Киев, 1998. -189 б.

12.Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық - Алматы, 2007





















C:\Users\1\Desktop\фото\Новая папка (4)\DSC02638.JPGC:\Users\1\Desktop\все докум послед\фото55\Camera\2013-11-06 15.21.15.jpgC:\Users\Home-Pc\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\P_20151207_133616.jpg

17http://kargoo.gov.kz/media/img/photogallery/54d9929242256.png


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 21.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров248
Номер материала ДВ-543795
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх