Инфоурок Физика Конспекты«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы»

«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы»

Скачать материал

Алматы облысы

Алакөл аудандық білім бөлімі

 

 

 

 

 

«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы»

 

Тақырыбы:

Білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы: Берликенова Гульмира Карибаевна

Жұмыс орны: Алакөл ауданы, Қант зауыты орта мектебі

Қызметі: физика пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

І.   Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялар туралы соңғы мәліметтер
1.1. Технология туралы жалпы түсінік 

1.2. Жаңа технологиялардың тиімді жақтары

 

 ІІ.   Педагогикалық технологияларды қолдану

 

Қорытынды бөлім

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Технология   —    өнім  алу  үшін  керекті  материалдарды  өндеу әдістері  мен  өнім  шыгаруға  керекті  жүйелі  процесс.  Кез   келген технологияның   (өндірістік,   әлеуметтік)  негізгі бөлігі  -  түпкі   нәтижені мұқият анықтау және оған жету.

 

Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса,  оны  жасау құралдары белгіленсе,   жағдай жасалса,  онда  өндірістік  және  әлеуметтік  саладағы  процестер                   "технология" деген атауға ие болады.
  

Оқу  технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы  –  оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады.  Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі.  Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін.  Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады. Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты.  

   Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік.  Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін,  ал  осы  іске  асырудағы  технологиялық  ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.   Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялар туралы соңғы мәліметтер

  Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді, белсенділігін арттыруды жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

  Кез келген мемлекеттік рухани әлеуметтік-экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін  халықтың білім деңгейіне қатысты бағаланады.

Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті  мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан – жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қасиеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

1.2. Жаңа технологиялардың тиімді жақтары

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-  Оқушының өз бетімен жұмысы;

-  Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;

-  Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

-  Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

-  Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-       Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

-       Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану  оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу -  оқытушыға сабақты физикалық ұғымдардың мағнасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаға сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

«Физика» оқу пәні ретінде өз білім саласында қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын алатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физика ғылымы адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы бола отырып ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуетке ие.

«Физика» оқу пәнінің мақсаты-оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, физиканың қазіргі қоғам  өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу, табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуде шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде  маңызды орын алады.  Өз мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын, модельдерін, тәжірибелері мен әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар аясында адамзат іс-әрекетінің түрлі саласында  қолданылатын біршама түсініктер қалыптасады. Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру қазіргі жағдайда оқу пәнінің басымдық мақсатын құрайды.

Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары  болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.

Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы- оқуышлардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды  тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.

Мектеп қабырғасынан ел болашағы- жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Оқушылардың  ойлауы мен тілінің дамуына  жағдай жасау, дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды  жүзеге асыру үшін, оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ.

Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық , шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.

Осыған орай оқыту технологиялары жаңартылып,  педагогика мамандарының шығармашылық бастамасына  қолдау жасалуда. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың  әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады.. мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.

Орта білім берудің негізгі мақсат- міндеттерінің бірі-білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады. 

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің  мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика  әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қорын жинақтайды. Физиканың  жалпы  мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетаным мен көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басты мақсаттарына жатады.

Оқушылардың физика пәнінен білімділігін қалыптастырудың негізгі түрі –есеп шығарту және белгілі проблемалық жағдаятты шешуді кең қолдануға үйрету. Сол себептен құзыреттілікті  қалыптастыру кілті-арнайы дайындалған құзыретті бағытталған тапсырмалар.

 

 

Қорытынды

 

    Сөзімді қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

- білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

- білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.      «Физика және астрономия» журналы, 2012 жыл

3.     «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

4.      «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер» Өмірбаева К. 2001 ж

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Педагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 760 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.12.2015 2240
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Берликенова Гульмира Карибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9678
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека