Инфоурок Другое Другие методич. материалыПедчтение «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ»

Педчтение «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ»

Скачать материал

Заявка на участие в педагогических чтениях

Учителя СШ №7 им. Ю.А.Гагарина г. Степногорска

ФИО автора

Место работы

Должность

Ученая степень, звание

Название работы

Телефон

Эл.адрес

Бронир. гости

 

                                                                                                                     Среднее образование.

Направление: «Воспитание и социолизация личности в контекстенациональной идеи «Мәңгілік ЕЛ»

1

Шайрестанова Гульжан

Толешевна

СШ№ 7.

города Степногорска

Учитель казахского языка и литературы

-

Мәңгңлңк Ел – Мәңгілік тіл

8716-45-2-70-56

imanovagulzhan

Да

 

 «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ»

 

Г.Т.Шайрестанова

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

Ю.А.Гагарин атындағы №7 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Түсінік хат

Аталған авторлық бағдарлама мен онда ұсынылып отырған мәтіндердің  мазмұны арқылы «Бір ел – бір тағдыр» деген ұғымды оқушылардың санасында қалыптастыруға, туған жердің иесі сезімін, «Мәңгілік Елдің – Мәңгілік тілін» жетілдірудегі өзінің қосқан үлесін, отандастарының алдындағы жауапкершілік сезімін жандандыруға болады.

Авторлық бағдарлама 10-11 сынып оқушыларына арналған, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік - бағдарлама негізінде құрастырылған.

Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада оқушылардың мәтін бөліктерінің орналасу реті, байланысу тәсілдері мен құралдары, сөйлеу стилі туралы білімдері толықтырылып әрі жүйеленеді.

Авторлық бағдарлама құрылымы төмендегідей бөліктерден тұрады:

·       Түсінік хат

·       Бағдарлама мазмұны

·       Оқу үрдісін ұйымдастырудағы технологиялар, әдіс-тәсілдер

·       Пайдаланған әдебиеттер тізімі

·       Қосымша (мәтін үлгілері)

Авторлық бағдарламаның мақсаты: оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, еркін және сауатты жазу деңгейлерін көтере отырып, рухани-адамгершілік және зияткерлік-шығармашылық іс-әрекеттерін тұлғалық қалыптасуының маңызды құралы ретінде белсенділендіру.

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

·       халық дәстүрі мен отандық мүдде туралы толық түсініктерін қалыптастыру;

·       түрлі функционалдық стилдегі мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне білу қабілеттерін дамыту;

·       тілдің көркемдеуіш құралдарын мәтіннен тауып, оның мәтіндегі рөлін айқындай білу;

·       мәтінде көрсетілген проблемалық жағдаяттарға өз көзқарасын жазу түрінде жеткізе білу, фактілер мен құбылыстарға жеке түсінігі арқылы баға бере білу қабілеттерін дамыту.

Бағдарлама жылына 17 сағатқа ықшамдалып жасалған.

Бағдарлама мазмұны

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2050» - «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында  «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген болатын. «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» идеясы халыққа күн шуағындай нұр сыйлады. Көпұлтты Қазақстан жағдайында ұсынылған үш тұғырлы тіл жобасы да қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды фак- торына айналып отыр. Сонымен бірге Президент: «Мемлекеттік тіл – Отан мәнін байытатын ту, елтаңба, әнұран сияқты рәміз және ол елдің барлық азаматтарын біріктіруге қызмет етуі тиіс»,- деп атап өтті. Сондықтан да өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету барысында осы идеяны негіз ретінде ұстану қажет.

 «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» идеясын орыс тілді сыныптарда білім алатын оқушылардың түйсігіне жеткізу үшін, оқушы мәтінді барынша өзі түсініп оқуы керек. Сондықтан да оқушы бойына патриоттық, қайырымдылық, адалдық, елжандылық сияқты адамгершілік қасиетттерді байыту мақсатында ұсынылатын мәтіндерге стилистикалық және типологиялық анализ жүргізуді үйрету қажет.

Ол үшін белгілі бір мәтін беріледі.

Тақырып пен негізгі ойды айқындай білу.

Мәтін бөліктерін қосатын байланыс құралдарын тани білу.

Мәтінді байланыстыратын тәсілдерді айқындау.

Мәтінді шағын бөліктерге бөлу.

Мәтін құраудағы лексикалық, морфологиялық, синтаксистік әдіс-тәсілдер.

Тілдік стиль.

Сөйлеу мәнері.

 

 

Практикалық жұмыстар:

Ø Мәтінді оқып, тілдік стиль мен сөйлеу әдебін анықтау.

Ø Мәтінді оқып, автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтау.

Ø Автор қай сөйлемде синонимдерді (антонимдерді, омонимдерді...) қолданған.

Ø Алдыңғы сөйлеммен жіктеу есімдігі (сілтеу...) арқылы байланысқан сөйлемді тап. Мысалы: «Мәңгілік Ел» идеясын халық дәстүрі мен отандық мүдде туралы толық түсінікті қалыптастыратын, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі қазақ болмысының мән-мағынасын ашып беретін, атамекенде еркін де бірдей өмір сүретін адамдардың ішкі рухани және қоғамдық өмірін айқындайтын ұстанымдар құрайды. Бұл қазақ елін тұлғалық, ұлттық, мeмлeкeттік, қоғамдық құндылықтармен толықтыруды міндет тұтады. МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖОО арналған оқулықтан)

Ø Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сай келеді т.б.

 

Оқу үрдісін ұйымдастырудағы технологиялар, әдіс-тәсілдер

Аталған авторлық бағдарламаның жұмыс барысында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын қолдануға болады. Өйткені сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау, оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдына қойған мақсатына әрбір оқушы белсенді танымдық әрекетін сыныптастарымен, мұғалімімен тығыз байланыс жасау арқылы жетеді.

Білім беру теориялық және практикалық жұмыс түрлері негізінде жүргізіледі.

Топтық және жеке жұмыс түрлері бар.

«Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл» авторлық бағдарламасының күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Мерзімі

Тақырыбы

Лексикалық тақырыбы

Сабақ түрі

1.      

 

Мәтін. Мәтін түрлерін анықтау

Үш жүздің басын қосқан хан Абылай

Дәріс

2.      

 

Тақырып және мәтіннің негізгі ойы

Қазақтың бас ақыны - Абай

Практикум

3.      

 

Мәтін бөліктерін қосатын байланыс құралдары.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ елі

Жаттығу тесті

4.      

 

Мәтінді байланыстыратын тәсілдер

Мен, Біз, Баршамыз – бәсекеге қабілетті ұлтпыз

Жаттығу тесті

5.      

 

Мәтіннің шағын бөліктерін айқындау

«Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыты

 Практикум

6.      

 

Мәтін құраудағы лексикалық әдіс

Ұлттық мұрат

Дәріс

7.      

 

Мәтін құраудағы морфологиялық әдіс

«Мәдени мұра» ұлттық жобасы

Практикум

8.      

 

Мәтін құраудағы синтаксистік әдіс

Тәуелсіздік толғауы

Практикум

9.      

 

Мәтін құраудағы лексикалық, морфологиялық, синтаксистік әдіс-тәсілдер

Жеңістердің жеңісі

 Тест

10.  

 

Тілдік стиль

Мемлекеттік рәміздер

Практикум

11.  

 

Көркем әдебиет стилі

Ауыл шаруашылығы

Практикум

12.  

 

Сөйлеу әдебі

Төле, Әйтеке, Қазыбек – қазақтың атақты билері

Практикум

13.  

 

Тілдегі көркемдеуіш құралдар

Астанам – арман қалам

Практикум

14.  

 

Мәтіндегі синоним сөздердің орны. Контексті синонимдер

Көкшенің көк самалы

Практикум

15.  

 

Мәтіндегі антоним сөздердің орны. Контексті антонимдер

Қазақтың туын көтерген спортшыларымыз

Практикум

16.  

 

Көпмағыналы сөздердің қолданысы. Ауыспалы мағыналы сөздер

Көпмәдениеттілік ұғымы

Практикум

17.  

 

Қолданысы шектелген лексика. Фразеологизм

Мен Отанымның азаматымын

Тестілеу  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.     11-сынып оқулығы, «Қазақ тілі». Т.Артықова., Г.Ермекбаева – Алматы «Атамұра» 2015 ж

2.     kaz_mangilik_el.pdf ҚР. білім және ғылым министрлігі Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мәңгілік ел»,  жоғары оқу орнына арналған оқулық

3.     «Шешендік сөздер»

4.     http://aounb.kz/index.php?id=625&Itemid=87&lang=kz&option=com_content&view=article

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша (мәтін үлгілері)

1-сабақ мәтіндері

№1. Үш жүздің басын қосқан хан Абылай

Қазақтың Абылайы – бүгінгі ұрпақ бірден-бір мақтан тұтатын тұлға. Қазақ даласына ойсырата қайғы жетелеп, тарихына өшпес таңба қалдырып кеткен жоңғарларды айтсақ еріксіз Абылай ханды ауызға аламыз. Оның ерлігін, жоңғарлардан қазақ даласын азат ету жолындағы қайсар рухын бүгінгі ұрпақ мақтан тұтып, құрметтеп жүруге міндетті. Өзінің ниетіндей ақ туының астына елім, жерім деген қазақтың батырлары мен жырауларын біріктіріп, қазақ даласына ең алғаш рухани серпін берген хан деп айтсам қате емес.

№2. Әбілмансұр

Абылай хан (Әбілмансұр, 1711 -1781) – атақты қазақ хандарының бірі, бірегей қолбасшы, дарынды дипломант, қазақ жерін біріктіруші. Сондай – ақ ол құлдан хан болған, халқына қорған болған, жұртын біріктірген, жерін бүтіндеген. Елінің еңсесін көтерген, қазақ қоғамын дамытқан, талай – талай дастандардың бас кейіпкеріне айналған, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы тарихи тұлға.

Болашақ Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасындағы өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр Түркістанға қашып келіп, Төле бидің қолына келеді. Төле би оның жүдеген жүзіне қарап «Сабалақ» деген ат беріп, түйесін бақтырған.

 

2-сабақтың мәтіні

«Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыты.

«Мәңгілік Ел» пәнінің мазмұны ұлттық идеяның маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алына- тын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын ескере отырып, құрастырылды:

Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық па- триотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.

Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз. Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.

Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.

Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемле- кет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.

Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.

 

6-сабақтың мәтіні. Ұлттық мұрат.

Ұлттық идея ұғымымен ұлттық мұрат ұғымы тығыз байланысты. И.Кант мақсат-мұраттардың шын мәніндегі күш-қуатын: «біз өзімізді мұратпен салыстырамыз, бағалаймыз да жақсарамыз, алайда ешқашан да онымен бір деңгейде бола алмайтын жағдайдамыз»,- деп атап өтеді (сонда). «Адамзат өмірінде терең күйзелістер, ғажап төңкеріс қоғамды оның ең терең негіздеріне дейінгі жағдайға қозғалта алатын кездер болады. Тарихтың осындай сәтінде адам одан әрі сол өмірді жылжыту мүмкін еместігін сезіне бастайды. Осындайда қандай да бір ұлы оқиғалар тарих жібін кенеттен үзіп, адамзатты ба- тып қалған қалпынан шығаруы тиіс те, жаңа жолға – белгісіз салаға жаңа мұраттар іздеуге итермелеуі қажет»

 

16-сабақтың мәтіні. Көпмәдениеттілік ұғымы

Көпмәдени білім «көпұлтты және көпмәдени ортада белсенді және тиімді өмір сүруге қабілетті, басқа мәдениетті түсіну және құрметтеу сезімі дамыған, әртүрлі ұлт, нәсіл, дін адамдарымен бейбітшілікте және келісімде өмір сүре ала- тын адамды қалыптастыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. Көпмәдени білім – бұл тілі, этникалық, ұлттық немесе нәсілдік белгілері бойынша ажыратылатын екі немесе одан да көп мәдениет таныстырылатын педагогикалық үдеріс.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Педчтение «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2016 2041
    • DOCX 89.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекишева Гульсим Каязкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекишева Гульсим Каязкызы
    Бекишева Гульсим Каязкызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15325
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе