Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПед.чтение"«Пәндерді оқыту барысында білім беру технологияларын пайдаланудың білім сапасын жетілдіруге ықпалы»"

Пед.чтение"«Пәндерді оқыту барысында білім беру технологияларын пайдаланудың білім сапасын жетілдіруге ықпалы»"

Скачать материал

 «Пәндерді  оқыту  барысында  білім  беру  технологияларын  пайдаланудың  білім  сапасын  жетілдіруге  ықпалы»

                                      Жиенбаева  Айнагүл  Нұрболатқызы

                                       Е.Сиқымов  атындағы  орта  мектебі

                                       мектепке  дейінгі  шағын  орталығының

                                       Бастауыш  сынып  мұғалімі. 

Мазмұны:

1.Кіріспе.

2. «Пәндерді  оқыту  барысында  білім  беру  технологияларын     

       пайдаланудың  білім  сапасын  жетілдіруге  ықпалы»

3. Қорытынды.

 

                                                    « Сабақ  беру – үйреншікті  жай  ғана  шеберлік                  

                                                 емес, ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер».

                                                                                          Ж.Аймауытов.

     Елбасы   Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп, өмір  сүретіндер – бүгінгі  мектеп  оқушылары, мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады. Сондықтан  ұстаздарға  жүктелінетін  міндет  ауыр.»  деп  ұстаздар  жұмысының  жауаптылығын  ашып  айтты. Сондықтан  да  қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болу  ғана  емес, тарихи-танымдық, педагогикалық- психологиялық  сауатты, саяси-экономикалық  білімді  және  ақпараттық- коммуникациялық  технологияны  жан-жақты  меңгерген  ақпараттық  құзырлы  маман  болу  талап  етіледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

      Білім  сапасы  мұғалімдер  қызметінің  сапасына  тікелей  байланысты. Мұғалім  жайлы  ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынов  «... мұғалім  қандай  болса  мектеп  те  сондай  болмақшы. Яғни, мұғалім  білімді  болса, ол  мектептен  балалар  көбірек  білім  алып  шықпақшы. Солай  болған соң, ең  әуелі  мектепке   керегі – білімді,  педагогикадан, методикадан  хабардар, жақсы  оқыта  білетін  мұғалім» деген.

      Қазіргі кезде  әлемнің  өркениетті елдерінде  қоғамды  ақпаратттандыру  барынша  өріс  алуда. Біздің  тәуелсіз  мемелекетіміз  де  заман  ағымына  сай  ақпараттандыру  мен  жаңа ақпараттық  технологияларды  мектептегі  білім беру  жүйесінде елімізді бүгінгі  күн  талаптарына  сай  дамытатын  дарынды, талантты  жастар  тәрбиелеп  шығару  мақсатында  тереңдетіп  енгізуде.Бұған  басты  дәлел  биылғы  оқу  жылынан  бастап  енгізілгелі   отырған  «Жаңа  инновациялық  арақашықтықтан  басқару, оқыту  жүйесі»  болып  табылады. Жүйенің  негізгі  мақсаты -  жоғары  технологияны  үйреніп, қолданып, білімде, ғылымда   әлемдік  бәсекелестікке  төтеп  бере   алатын  тұлға  тәрбиелеу. Бұл  жүйенің  тиімділігі  білімді , мәліметтерді  оқушыға  телефон, электр  жүйесі  арқылы  жеткізуге  болады. Кез – келген  ата-ана  ғаламторды  ашып, On-Line   арқылы  Web  браузер  мектеп, лицейдің  сайтына  еніп, баласының  қалай  жауап  бергенін, алған  бағасын  көре  алады. Ал  күтілген  нәтижеге  жете  білу  үшін  әр  ұстаз өзінің  шығармашылық, кәсіби  қоржынын  қажетті   біліммен  толықтырып  отыруы  қажет.Өйткені  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты, жан-жақты  маман  болу   мүмкін  емес. Білім  технологияларын  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық, кәсіптік, рухани  азаматтық  келбетінің  қалыптасуына  көп  әсерін  тигізеді, өзін-өзі  дамытып, оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі. Осыған  сәйкес  әр  ұстаздың  алдында  «Оқушы   тұлғасының  дамуына  қажетті  жаңаша  оқыту  мен  тәрбиелеу  жолдарын  тауып, қалыптастыру  және  дамыту »  деген  өзекті  мәселе  тұрады.

     Білім  негізі  бастауышта  екені  қандай  айқын  болса, мектеп  есігін  жаңа  ашқан  балғын  шәкірттер  ұстаздарына  жүктелер  жауапкершілік  те  сондай  ауыр. Себебі тәрбиелеу  мен  оларға  білім  беру  негізін  бастауыш  сыныптарда  бүгін  қалай  бағамдасақ, оның  болашағы  да  соған  қарай  қанат  жаймақшы.

   Біз, бастауыш  сынып  мұғалімдері  бірден  бес – алты  пәнді  оқытқандықтан  оқушылардың  пәндерді  оқып-үйренудегі  танымдық  қызметін,  өз  бетімен  жұмыс  істеуін  қалыптастыруды, белсенділігі  мен  білім  деңгейін  арттыруды  мақсат  тұтамыз.Бұл  мақсатқа  жетуде  білім  технологияларының  тиімді  элементтерін  пайдаланып, сабақты  түрлендіріп, шығармашылықпен  өткізуге  тырысамыз.Атап  айтар  болсам  мен  өз  тәжірибемде мектеп  бойынша  жұмыс  атқарып  жатқан  Шаталовтың  «Тірек сызба»  технологиясын,  «Сын  тұрғысынан  ойлау», «Қашықтан  оқыту», «Дамыта  оқыту», «Сатылай  кешенді  талдау»  технологияларының  элементтерін  тиімді  пайдалануға  тырысамын. Күнделікті  сабағымда  әр  пәнге, өтілетін  тақырыпқа  сай  тиімді  тәсілдерді  пайдаланамын.Мектебіміздегі  техникалық  базаның  біршама  толықтығы  да  зор  көмегін  тигізуде. Бастауыш  пән  кафедрасында  бір  кабинет  жеке  интерактивті  тақтамен  жабдықталған. әр  сабағымызды  осында  оқушыларға  пайдалы  етіп  өткізуге  тырысамыз. Оқушылар  да  біршама  төселіп  қалды. Интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасай  алады. Ауыл  балаларының  бойындағы  көп  кездесетін  кемшілігі  біліп  тұрса  да  айта  алмайтын  жасқаншақтығын  жою  жолында бүгінігі  қолданып  жүрген  бұл   технологияның  берері  мол.

  Қазақ  тілінен   «Етістік»   тақырыбын    «сатылай  кешенді  талдау» технологиясы  бойынша жеткізіп, тақырыпты  толық  ашуға  мүмкіндік  жасадым.Тақырыпты  бастаған  күннен  бастап  сызба  рет-ретімен  толыға  береді. Оқушылар  сызбаны  көрісімен  ережелерді  естеріне  түсіріп, етістік  туралы  алған  білімдерін  айтып  шыға  алады. Сұрақтарын  қою  арқылы  етістіктің  қай  түрі  екендігін  ажыратады.

                         Етістік                                                           (1 сабақ)

 

                        Заттың  іс-қимылын, әрекетін  білдіреді.

                        Не істеді? Неқылды? Қайтті?

 

                        Негізгі және  туынды  етістіктер                      (2  сабақ)

                        Туынды етістік (Түбірге  жұрнақ  жалғану  арқылы)

                       

                       Дара  және  күрделі  етістіктер                   (3 сабақ)    

                        Бір  ғана   түбір  сөзден  тұрады

                         

                          Күрделі  етістіктер                           

                         Екі  немесе  одан  да  көп  түбір  сөзден  тұрады

Тақырыпты  аяқтаған  кезде бормен жай   сызбаны  тақтаға  немесе  дайын  плакатқа  сызып  әкеліп  немесе  бір  бетке  арнайы  дайындап  әкеліп  әр  оқушыға  жеке -  жеке  таратып, тақырыпты  қаншалықты  түсінгенін  білуге  болады. Қосымша  тест  ұйымдастыруға  болады. Оқушылар  жазу  каллиграфиясынан  бастап,   бір- бірінің  жауаптарына  дейін  мән береді. Себебі, жауаптар  көз  алдыларында  орындалады. Олардың  тақтада  орындалған  әр тапсырма  қызығушылықтарын тудырып, бәсекелестіктерін,  белсенділіктерін  арттырады.

    Ана  тілі  сабағында  «дамыта  оқыту»,«СТО»  технологиясының  элементтерін  пайдалану  да  өз  нәтижесін  береді. «Авторға  сұрақ»  ойыны  оқушының  өз  ойын  жинақтап, қорытып, жеткізе  білуге  дағдыландырады. Өзіндік  көзқарас  қалыптастыруға, дүниетанымын  кеңейтуге көмектеседі.  

2 сыныпта  ана  тілінен  «Даңғой»  тақырыбын  өткен  кезде  оқушылар  осы  ойын  арқылы  шығарманың  мазмұнын  ашып, негізгі  ойды  анықтады.

1.Қиярға  сұрақ:

   -  Сен  неге  өз  туыстарың  сияқты  болғың  келмеді ?

2.Авторға  сұрақ:

  -  Сіз  осы  шығармаңыз  арқылы  не  жайында  айтқыңыз  келді ?

3. Оқушыларға  сұрақ:

   - Қиярдың  қылығынан  қандай  қорытынды  шығаруға  болады ?

Оқушылар  өз  ойларын  жеткізіп  қана  қоймай, дәлелдеуге  де  тырысады.

     Математика  сабағында  «қашықтан  оқыту»  технологиясының  берері  мол. Интерактивті  тақтаға  есептерді  оқушыларды  қызықтыратын  сюжетті  суреттермен  берген  жағдайда, олар  есептің  берілгенін  қысқаша  жазған  кезде  қиналмайды. Сонымен  қатар  есеп  құрастырған  кезде  оқушының  шығармашылығын  ұштайды. Белсенділігін  арттырады.

1.Есеп  құрастыр, шығар.

2.

 

Есептің  шарты  балаға   түсінікті. Оңай  талдау  жасалады.

        Ойындар  ойнағанды  оқушылар  тіпті  жақсы  көреді. «Кім  жылдам ?», «Жеміс  жинайық»  басқа  да  ойындарға  белсене  қатысады. Мінезі  салмақты , үлгірімі  орташа, баяу  қозғалатын  оқушының  өзі  белсенділігі  артып, тапсырманы  орындауға  құлшыныс  білдіреді. «Жеміс  жинайық »  ойынын  ойнаған  кезде  жемістердің  өсетін  ортасына  да  мән  беріліп, дүниетану  сабағымен  байланыстырылады. Бұл  ойынды   математикадан  «детектив  сабақ»  өткен  кезде  ойнатып, жоғалған  аңның  сүйікті  тағамдары  ретінде  қарастырдық. Бір  жағы  амалдарды  орындап, өрнектердің  мәнін  тапса, бір  жағынан  аңдардың  қорегі  жайлы  түсініктері  еске  түседі.

 

 

 

Сабақ  басында  «пердемен»  жабылған  аңдардың  бойларының  ұзындықтарынан  жоғалған  аңның  алғашқы  белгісін  білсе, сабақ  бойы  басқа  мәліметтерді  алады. Соңында  «прожектор»  арқылы  жоғалған  аң  анықталады.

    Дүниетану  сабақтарында  бейнеклиптер  оқушының  дүниетанымын  кеңейтуге  көп  септігін  тигізеді. Ол  үшін  интерактив  тақтаның  «бейнетаспалар»  қорын  ашсаңыз  болды. Қажетті  бейнеклипті  ( су  асты  патшалығы, үй  жануарлары  т.б. туралы) таңдап,  оқушыға  ұсынасыз.

  Қызықты  математика  сабағында  оқушылардың  логикалық  ойлауын, тез  шешім  қабылдауын  арттыру  мақсатында  түрлі  ойындар, тапсырмалар  интерактив  тақталар  арқылы  беріледі. Оқушылар  оларды  қызығушылықпен, белсенді  орындайды. Берілген  шифрлар  арқылы  жасырынған  сөзді  табу, кестедегі  көп  әріптің  арасынан  сөздерді  тауып, әріптерді  жалғау  осының  бәрі  оқушының  шығармашылғын  дамытып, сөздік  қорын  молайтады.

 

    Бүгінгі  таңда  еліміздегі  оң  өзгерістерді, әлемдік  тәжірибелерді  ескере  отырып, білімнің  басты  күш  екендігін  ескергеніміз  абзал.Өйткені  білімнің   стратегиялық  маңызы  орасан  артуда. Оқушы  білімін  қалыптастыру, шығармашылыққа  жетелеуде  оқу- тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыру  ұстаз  қолында.

«Мұғалімнің  айналысатыны  үнемі  қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін  тірі  адам  болғандықтан, біркелкі  әдістен  табан  аумай  шектеліп  қалуға  болмайды... Сабақ  беру  үйреншікті  жай  шеберлік  емес, ол  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер...»  деген   Ж.Аймауытовтың  сөзін  ескерсек, мұғалім  үнемі  ізденісте  болуы  шарт  және  ол  ізденістің  нәтижесі  болуы  шарт.

   Жалпы  алғанда  ұстаздардың  басты  мақсаты – білім  беру  жүйесін  жетілдіруге  бағыттталынып  отыр. Осы  бір  игі  істе  абыройға  бөленуіміз    бен  беделіміздің  артуы  оқытушы  ұстаздардың  беделіне, біліктілігіне  , тәжірибесіне , соңғы  жаңалықтарды  дәріс  беру  негізіне  енгізіп  отыруына  тікелей  байланысты.

   Қазақстан  әлемдік  қауымдастықтың  қатарында  басқа  елдермен  терезесі  тең  дәрежеге  қол  жеткізуі  үшін, жас  ұрпақтың  нұрлы  болашағы  үшін  осындай  жұмыстарды  атқару  қажет. Осы  мақсат бізді  алға  жетелейді.

 

 Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.  Қазақстан Респрубликасының  «Білім  заңы».

2.В.Занков. «Дамыта  оқыту»

3. «Білім  шапағаты»  № 12. 2012ж

4. М.Валиева. «Нәтижеге  бағдарланған  білім  берудегі  игі  істер,

                           ізденістер.»

5. «Бастауыш  мектеп» № 2. 2012

6. «Қазақстан  мектебі» №2. 2011

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пед.чтение"«Пәндерді оқыту барысында білім беру технологияларын пайдаланудың білім сапасын жетілдіруге ықпалы»""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2015 1000
    • DOCX 7.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жиенбаева Айнагуль Нурболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26823
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе