Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Пернетақта мен пернелердің атқаратын қызметі. Тінтуір және оның түрлері" тақырыбында дәріс.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

"Пернетақта мен пернелердің атқаратын қызметі. Тінтуір және оның түрлері" тақырыбында дәріс.

библиотека
материалов

ДӘРІС №4


Тақырыбы: Пернетақта мен пернелердің атқаратын қызметі. Тінтуір және оның түрлері.


Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайаланылады. Әзірге компьютерге адамның дауысын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық ақпартты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді. Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі – Windows терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әр бір пернесі оймақтай ( механикалық немесе мембраналық ) ажыратып – қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.

Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып – қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әр бір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды жөнелтеді, ал компьютердің бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.


Пернетақта 4 бөлікке бөлінген: 1) әріптік сандық бөлік; 2) жүгіргіні басқару және мәтіндік түзету пернелері ; 3) жетелік пернелер; 4) сандық бөлік.


Пернетақта ­– компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады.


Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері - Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. ә) кішкене цифрлық пернетақта - Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. б) редакциялайтын пернелер; меңзерді басқару пернесі - Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. в) қызметтік пернелер - Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. г) арнаулы пернелер - Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет.



Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:

Енгізу пернелері(алфабиттік-цифрлық) - мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.

Басқару пернелері – бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне и ESC қолданылады..

Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді.

Орын ауыстыру пернелері - бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және тексті түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер,сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.

Сандық пернетақта – бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.


Енгізу пернелері

Деректерді енгізу пернелеріне негізгі алфабиттік-цифрлық және символдық пернелер еніп, сондай-ақ төмендегідей пернелерді қамтиды:

SHIFT - Бас әріптерді енгізу үшін қолданылады

CAPS LOCK - Бір рет басу арқылы бас әріптерді енгізу режиміне көшеміз, ал екінші рет басқан кезде ол қасиеті өшіріледі. Бұл перненің қосып/өшірілуі пернетақтада түстік индикатормен көрсетілуі мүмкін.

TAB - Курсорды бірнеше бос орынға(абзац) жылжыту үшін қолданылады.

ENTER - Жаңа жолға өту үшін қолданады.Сұқбаттық терезелерде белгіленген батырманы таңдау үшін қолданылады.

БОС ОРЫН - Курсорды бір бос орынға жылжыту үшін қолданады..

BACKSPACE - Курсордың алдындағы символды немесе белгіленген тексті өшіру үшін қолданады.

Функционалдық пернелер

F1 Анықтаманы шақыру F2 Белгіленген элементтің атын өзгерту F3 Файл немесе бумаларды іздеу

F4 Windows жетектегішінде (проводник) адрестік жолдар тізімін көрсету F5 Белсенді терезені жаңарту F6 Жұмыс үстелі немесе терезе экранындағы элементтер арасында жылжу F10 Ағымдағы бағдарлама мәзірі жолына көшіп, белсенді ету F11 Белсенді терезені үлкейту және кішірейту F12 Құжатты сақтау сұхбаттық терезесін ашу


Орын ауыстыру пернелері

Пернелер Әрекеттер Бағыттауыш пернелер - Құжат ішінде немесе тексті түзету кезінде курсорды оңға,солға, алға, артқа жылжыту үшін қолданылады. HOME - Курсорды жолдың басына немесе веб-бетте беттің басына апарады. END - Курсорды жолдың соңына немесе веб-бетте беттің соңына апарады CTRL+HOME - Құжаттың басына ауысу CTRL+END - Құжаттың cоңына ауысу PAGE UP - Курсорды немесе бетті бір экран жоғары көтереді. PAGE DOWN - Курсорды немесе бетті бір экран төмен түсіреді. DELETE - Курсордан кейінгі символды немесе белгіленген тексті өшіреді; Windows-та белгіленген элементті жою немесе себетке(корзина) орналастыру үшін қолданылады. INSERT - Қою режимін қосу/өшіру үшін қолданылады. Қосулы кезінде терілетін текст орналасқан курсор орындарында теріледі, ал өшірілуі кезінде сол символдардың арасында теріледі.


Сандық пернетақта.

Цифрлық пернетақта 0-ден 9-ға дейінгі сандардан, +(қосу),-(алу),*(көбейту), /(бөлу), сондай-ақ, ондық бөлшектік үтірден тұрады. Бұл символдар басқа пернелерде орналасқан болса да, цифрлық пернетақтада сандарды және математикалық амалдарды тез, бір қолмен енгізу мүмкіндігі бар. Цифрлық пернетақта NUM LOCK пернесі арқылы қосылып/өшіріліп отырады. Көптеген қазіргі пернетақталарда NUM LOCK режимі түстік индикатормен көрсетіліп тұрады. NUM LOCK өшірілуі болған қалпында цифрлық пернетақта орын ауыстыру пернелері ретінде қолданылады.


Үш негізгі қосымша пернелер

PRTSCN (или PRINT SCREEN) – экран бетін суретке түсіріп, оны компьютер жадысындағы алмасу буферіне көшіреді. Оны Microsoft Paint немесе басқа бағдарламаға сурет ретінде қойып(CTRL+V), сол бағдарлама арқылы баспаға беруге болады.

Пернелер Орындалатын әрекеттер Alt+PrintScreen Белсенді болып тұрған терезені ғана суретке түсіреді Shift+PrintScreen Экранды баспаға беру

SCRLK (или SCROLL LOCK) – бұл пернені басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелердің, PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді; бұл пернелерді басу белгіленген фрагмент немесе курсор қалпын өзгертпестен құжатты айналдыру мүмкіндігін береді. Пернетақтада бұл перненің қосып/өшірілуі түстік индикатормен көрсетіледі.

PAUSE/BREAK – бұл перне көп қолдана бермейді. Кейбір ескі бағдарламаларда бұл пернені басу бағдарламаны тоқтатады немесе CTRL –мен бірге басу оның орындалуын тоқтатады.


Ең негізгі қолданылатын пернелер жиынтығы

Пернелер Орындалатын әрекеттер SHIFT+CTRL,SHIFT+ALT Пернетақтадағы баспа әріптер ретін өзгерту CTRL+C Белгіленген элементті көшіру CTRL+X Белгіленген элементті қиып алу CTRL+V Белгіленген элементті қою CTRL+Z Әрекетті кері қайтару CTRL+Y Әрекетті қайталау CTRL+S Ағымдағы файлды немесе құжатты сақтау DELETE Белгіленген элементті жойып, «Себетке» орналастыру SHIFT+DELETE Белгіленген элементті «Себетке» орналастырмастан жою CTRL + оң жақ бағыттауыш (→) Курсорды келесі сөздің басына орналастыру CTRL + сол жақ бағыттауыш (←) Курсорды алдыңғы сөздің басына орналастыру CTRL + төмен жақ бағыттауыш (↓) Курсорды келесі абзацтың басына орналастыру CTRL + жоғарғы жақ бағыттауыш (↑) Курсорды алдыңғы абзацтың басына орналастыру CTRL+SHIFT + бағытшалары бар пернелер Текст фрагменттерін белгілеу SHIFT + бағытшалары бар кез-келген перне Жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше элементтерді белгілеу, сондай-ақ, құжатта тексті белгілеу CTRL + бағытшалары бар кез-келген перне + БОС ОРЫН Жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше жеке элементтерді белгілеу CTRL басып тұрып , тышқан көрсеткіші арқылы таңдау Бірнеше элементтерді еркін түрде таңдау SHIFT басып тұрып , тышқан көрсеткіші арқылы таңдау Бірнеше элементтерді жұмыла таңдау CTRL+A Терезедегі немесе құжаттағы барлық элементтерді белгілеу ALT+F4, CTRL+W Ағымдағы терезені жабу немесе белсенді болып тұрған бағдарламадан шығу ALT + БОС ОРЫН Белсенді болып тұрған терезенінің қосымша мәзірін ашу CTRL+F4 Белсенді болып тұрған құжатты жабу(біруақытта бірнеше құжаттарды ашатын бағдарламаларда қолданылады) ALT+TAB Бір элементтен келесі элементке көшу CTRL+ALT+TAB Бағыттауыш пернелерді қолдану арқылы бір элементтен басқа элементке көшу CTRL + тышқанның айналма жүгірткіші Жұмыс үстеліндегі белгішелер өлшемін өзгерту ALT+ESC Элементтерді ашылған реті бойынша циклді түрде ашып, алмастыру SHIFT+F10 Белгіленген элементтің қосымша мәзірін ашу CTRL+ESC «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу ALT + көрсетілген әріп Сәйкес менюді көрсету ALT + жоғарғы бағытталған перне Windows жетектегішінде бір дәреже жоғары тұрған буманы қарап шығу ESC Ағымдағы тапсырманы кері қайтару CTRL+SHIFT+ESC, CTRL+ ALT+ DELETE Тапсырмалар диспетчерін ашу Компакт-дискті қойған кезде SHIFT пернесін басу Компакт-дискіні автоматты түрде ойнату режиміне көшу.


Windows белгісі бар пернемен бірге басылатын пернелер жиынтығы:

Windows белгісі бар перне - «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу және жабу;

Windows белгісі бар перне+PAUSE - Операциялық жүйенің қасиеттері туралы терезені ашу;

Windows белгісі бар перне+D - Жұмыс үстелін көрсету;

Windows белгісі бар перне+M - Барлық терезелерді жинақтау(Свертывание);

Windows белгісі бар перне+SHIFT+M - Жұмыс үстеліндегі барлық жинақталған терезелерді қалпына келтіру;

Windows белгісі бар перне+E - «Менің компьютерім» белгісін ашу;

Windows белгісі бар перне+F - Файлдар мен бумаларды іздеу;

CTRL+Windows белгісі бар перне+F - Компьютерлерді іздеу (желіге қосылған жағдайда);

Windows белгісі бар перне+L - Компьютерді құлыптау немесе қолданушыларды алмастыру;

Windows белгісі бар перне+R - «Орындау»( «Выполнить») сұхбат терезесін ашу;

Windows белгісі бар перне+U - Арнайы мүмкіндіктер орталығын(Центра специальных возможностей) ашу;


Windows жетектегішінде бірге басылатын пернелер жиынтығы:

CTRL+N - Жаңа терезе ашу;

CTRL+SHIFT+N - Жаңа бума құру;

END - Белсенді терезенің төменгі жағына көшу;

HOME - Белсенді терезенің жоғарғы жағына көшу;

ALT+ENTER - Белгіленген элементтің қасиеті туралы сұхбат терезені ашу;

ALT+Сол жақтағы бағыттауыш «←» - Алдыңғы буманы қарап шығу;

ALT+Оң жақтағы бағыттауыш «→» - Кейінгі буманы қарап шығу;

CTRL+E - Іздеу жолын таңдау;

Win+Shift+әріптер - Басылған әріптен басталатын бума немесе файлды белгілеу;

Shift+Enter - Белгіленген буманы жаңа терезеде ашу;


Сұхбаттық терезеде қолданылатын пернелер үйлесімділігі:

TAB - Параметрлер бойынша алға жылжу;

SHIFT+TAB - Параметрлер бойынша артқа жылжу;

ENTER - Көп бұйрықтарда тышқаннның орнына қолданылады;

БОС ОРЫН - Жалауша қою немесе алып тастау (белсенді болған жағдайда).


Тінтуір және оның түрлері.

Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Тінтуір - өзін тегіс бетке қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын монипулятор. Тінтуір компьютерменәдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, бекі үш батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап - <Тышқан> деп атағанымен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді үстел бетіне немесе басқада жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тітнуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуірпернелерінің бірін басады.

Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.

Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.


Түрі

Айналдырғыш тышқан немесе дөңгелекшелі тышқан, оның, яғни тінтуірдің сол жақ пернесі және тінтуірдің оң жақ пернесіарасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді.

Оптикалық тышқан – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады.


Меңзері

Тышқан меңзері (Курсор мыши; mouse cursor) - тышқан арқылы дисплей экраны бойынша орын ауыстыратын графикалық символ.


Нұсқағышы

Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) - егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экрандатүрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады. Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке ұқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұсқағыш құмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мәтіндік меңзерден ажырата білу керек.



Краткое описание документа:

Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайаланылады. Әзірге компьютерге адамның дауысын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық ақпартты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді. Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі – Windows терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әр бір пернесі оймақтай ( механикалық немесе мембраналық ) ажыратып – қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.

Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып – қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әр бір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды жөнелтеді, ал компьютердің бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.

Автор
Дата добавления 15.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров2286
Номер материала 303400
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх