Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалы"Перспектива" ( 6 сынып )

"Перспектива" ( 6 сынып )

Скачать материал

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Перспектива

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:  Күзгі табиғат әсемдігін көре білуге баулу.  Күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: Күз көрінісі бейнеленген плакаттар,  тақырып жазылған плакат, слайдтар.
Құрал -жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы,  қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі:  Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап  INSEPT әдісі.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі  

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал -жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
II .Жаңа сабаққа даярлық

-Балалар, біз бүгін «Пейзаж. Күз көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді күзкөрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.
III. Жаңа сабақ
-Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері)

-Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
-Живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма)

-Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр,
Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: күз, қыс, жаз, көктем. Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. 
Яғни, бүгінгі сабағымызда күз мезгіліне тоқталамыз. Күз қызықтарына не жетсін! . Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
«Перспектива» латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. «Перспектива» ұғымын дұрыс білмесек, алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады.
Сурет салу 3 - кезеңге бөлінеді.
1 - кезең - Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. 1 - ші тауларды, тау етегіндегі ағаштарды қарындашпен салу керек. 2 - ші ағаштарды, өзенді, көпірді саламыз. Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз.

2 - кезең - Тау, ағаш, шырша, өзен, көпірдің көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек.Алыстағы көріністердің бояулары, сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады. 
3 кезең - Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.
IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс: Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады. Тест үлгілері: 1. Балама жауаптары бар тест 2. Таңдамалы тест 3. Толықтыруды қажет ететін тест.
Тест үлгілері:
.Балама жауаптары бар тест.
1 Негізгі түстер - үшеу
а) иә  б) жоқ
2. Акварель - суда еритін мөлдір бояу
а) иә  б) жоқ
3. Белгілі көңіл күйді беретін бірнеше түстер жиынтығы түстер гаммасы
а) иә  б) жоқ
II 
.Таңдамалы тест
1. Түстер шеңберінде бір - біріне қатар орналасқан бояу түстері
а) қарама - қарсы түстер
ә) қосымша түстер
б) жақын түстер
2. Бояу араластыратын тақта
а) пастель
ә) палитра
б) нобай
3. Қазақ халқының қымыз құятын ыдысы
а) ожау
ә) кесепқап
б) торсық
III
. Толықтыруды қажет ететін тест
1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз
2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін............................................................... дейміз
3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.
V. Сабақты қорыту: Жаңа сабақты қорыта келе біз «Пейзаж. Күз көрінісі» туралы және салыну жолдарымен таныстық.

А) Сұрақ -жауап
- Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? 
-Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Күз мезгілі несімен көңілді?
Ә) INSEPT әдісі

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін. Күз мезгілінің қызықтарын.

Пейзаж «Күз көрінісін» кезең бойынша жазықтық бетінде бейнелеуді немесе суреттеуді. Әр түрлі түстерді пайдалануды.

Жыл мезгілдерінің басқа техникамен салыну жолдарын.



VI .Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау.



Пәні: бейнелеу өнері

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Өрнектердің құрудың композициялық негіздері

Сабақтың мақсаты: Оқушыны ою-өрнек түрлеріне қарап отырып сурет салуға үйрету.

Сабақтың міндеті:

1. Білімділік: оқушыны ойландыра білу, дүниені тани білу, қыл қалам арқылы ой - өрісін жеткізе білу
2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтауын, ойлауын пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық және әсемдікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәсүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: бүктеме суреттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,өз бетімен жұмыс

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй таспырмасын тексеру

3. Жаңа тақырыпты пысықтау

4.Өздік жұмыс

5. Жаңа сабақты бекіту

6. Сабақты қорытындылау

7. Оқушыларды бағалау

8. Үй тапсырмасы

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру: өрнек түрлеріне сипатама беріп келу

3. Жаңа тақырыпты пысықтау:

Қазақстанда сәулет өнеріндегі  ең негізгі безендіру құралы ою-өрнек болып  табылады .Қазақ халқының  кез келген оюшы , он саусағынан өнер тамған шебер болғаның  осы ою-өрнектер  түрінен көріп бақылау қиын емес.Қазақта ою-өрнек көптеп саналатының ғалым зерттеушілер еңбегінен білеміз. Сурет салудағы сызықтардың өте шебер  де әсем  берілуін ою-өрнектерді  шимайлап сызып , көп жаттығулар жасаудың нәтижесінде алуға болады. Өрнектер , арабеск , гротеск  , оюлар  ырғақты  ұйымдасу мотиві

негізінде құрылады. Ою-өрнек өнерінің  тамыры өте тереңде. Жануарлардың терісінен , ішектерінен өсімдік сабағынан  тоқу , өру жұмыстары тоқымашылық өнерінің келіп шығуына , әр түрлі  өрнекті суреттер мен  бейнелеудің пайда болуына  әсер етті.  Өрнектер   бұйымының  материалы , пішіні , функциясымен  байланысты  , сонымен қатар көркем бейнені  өзінің тілімен , өзіндік заңдылықтарымен  , композициялық принциптерімен  бере алатын ғажайып қасиеті бар.Кейбір жағдайда  өрнек өзіндік құндылығы бар көркемдік феномен болып табылады.

  Өрнек түрлерінің бірқатар тобымен таңысу.

  -Фактуралық топ –бұл өрнек түрлерінің  ең қарапайым  табиғи, табиғатта кездесетін / ағаштың , тастың табиғи фактурасы/ .

  Техникалық топ- бұл технологиялық  қарекеттердің нәтижесі / қамшы өру, арқан есу, жіп иіру/ , сондай ақ суретшінің қалауымен  заттың , нәрсенің бетін көркемдер әрлеу / ағаш , металл , керамика , тас , терінің  фактуралық өнделуі/.

  Символикалық  өрнектер қазіргі  заманда  өте шапшаң  дамып келе жатыр, бұл  фирмалық  белгілер эмблемасы , сандар мен әріптердің информатикалық жүйесі және т/б.

  Фирмалық белгі  . Өрнектедің тағы бір тобы геометриялық  топ , бұл өрнектің  пайда болу кезінің алғашқы  негізін құрушы топ.  Геометриялық топтағы  өрнектер ылғи да көркемдік – ырғақты қасиеттермен шектелген.

Әр бір халықтың өзіне тән , өзіне ғана түсінікті бейнелеу  хабарлау тарихы бар.Ежелгі өнер тарихында меандраны бейнелеу бір өзен  ағысының бұралаң арнасын көрсетуге бағышталған. Қазіргі кезге дейін ең  көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі түрі болып табылады. Өсімдік  өрнегін  өнер шығармасы үшін ағаштар немесе  өсімдіктердің шешек атып , гүл жарған шағы , оның құрылым негізі болып табылады деп айтуға болады.

   Бұйымдық өрнек  түрлеріне  қайта дәуірлеу  кезеніндегі  БАРОККО , КЛАССИЦИЗМ , белгілі  өрнекті натюрморт жатады :

астральді өрнек түрлеріне  галактика-  Ай , Күн ,  Жұлдыз ,  Комета, Жер ғаламшарлары жатады;

 Гротеск  деп бірнеше өрнек түрлерін аралас  түрде бейнелеуді айтады. Суретші палитрада бейнелі  және  композициялық  мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс жасайды.

   Қазіргі заманда компьютерлік графикасы  мен  теледидар көрсетілімдері бұрын-сонды  болмаған  аралас өрнек пен  көркемдік  оюларды   іске  асырып  жатқанды мәлім.

Гротеск  жұмысында  өрнектер  мотивінің  біреуі  басты   рөл  атқарып , қалғандарын иерархиялық жолмен  орналастыру  орындалуы тиіс.  Ою-өрнекті  салуды жақсы меңгерген  адам долбыр жасауды да жақсы меңгеретіні белгілі.

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,

Қолды қолға ұрайық,

Әсем сурет салайық

Әдемілеп бояйық.

Оқушылар іс әрекет қимыл қозғалыспен және сурет салудың алдында хормен айтады.

4.Өздік жұмыс:

Балалар енді орнымызға жайғасып суретмізді салуға кірісейік. Бүгінгі сабақта біз өрнек түрлерін бейнелейтін боламыз.Өрнектердің негізгі кезеңдерін және оның конструкциялық элементтерін бейнелейміз. Ең бірінші қағаз бетіне дұрыс үйлестіреміз. Әр заттың конструкциялық ерекшелікерін естен шығармаймыз. Жай қарындашпен негізгі суретті орындаймыз. Қате жерлерін өшірігішпен өшіреміз. Оқушылардың салған суреттерін аралап жүріп тексеріп, көмек керек оқушыларға көмектесемін. Жұмыстармызды аяқтағанан кейін көрмемізді ұйымдастырамыз, бағалаймыз.

5.Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.
1.Үйлестіру деген не?
2.Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы-штрих, бояу дақтары.
3.Артық сөздерді алып таста:«Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл».
4. Өрнектердің ерекшеліктері?

5. Фактуралық топ д/з не?

6.Техникалық топ д/з не?

7. Фирмалық белгі  д/з не?

8. Гротеск д/з не?

6.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақтың негізгі түйінін қорытындылайтын болсақ. Балалардың сурет салу деңгейі олардың суреттке деген қызығушылығы сабақ үстінде көрініп отырды.

7.Оқушыларды бағалау: Бүгінгі сабақта түгелдерің өте жақсы деңгейде қатысып отырдыңдар аздап кейбіреулеріңде сурет салу барысында кемшіліктер кезедесіп жатты. Енді келесі сабақта осындай қателіктерді жібермеуге тырысайық.

8.Үй тапсырмасы: өз қиялмыздан өрнектер құрастырып келу









6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Композиция.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр сырларын жан жақты үйрете отырып,сауатты сурет салуға үйрету.

Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін арттыру.

Сабақтың дамытушылығы: қабілеттері мен шеберліктерін дамыту, композиция туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың тәрбиелік мәні:Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу,эстетикалық талғамын кеңейту, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ жауап,топтық жұмыс,құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

Видео,флипчарт.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

Интерактивтік тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар.

Натюрморт заттары,шаблондар,түсті қағаздар.

Пәнаралық байланыс:

Музыка

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың мақсатын жариялау.

Бояу түстерімен топқа бөлу.Оқушылар өздеріне таңдаған түстерді алу./қызыл,сары,көк,жасыл/

Оқушылар таңдаған түстерге мінездеме беру:

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар бірлік, көпшілдік, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк  түсті ұнататындар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.                                       

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам өзгерісті жиі қалап тұрады.                                                                 

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Бұл түсті таңдағандар күшті, белсенді, нәтижелі, сәттілікке қол жеткізуге талпынысты, бейімділікті, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар-кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар                                                                                       Жасыл түс – еркіндікті , табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзіне және өзгелерге деген сенімді, жақсы пікірлі адмадар. Сондай-ақ, бұл түс ұйымшылдық нышаны. 

Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: еске түсіру, елестету,шығармашылық қабілетті арттыру болып табылады.

Онда бейнелеу онерінің жанрларын еске түсірейік.

Натюрморт ,пейзаж,морианистік жанр,аппликация дегеніміз не?Сұрақтарды қоя отырып топтарға бөлу.

1-ші топта – Қызыл түстілер «Натюрморт»тобы.

2-ші топта – Көк түстілер «Пейзаж» тобы.

3-ші топта – Сары түстілер «Морианист» тобы.

4-ші топта-Жасыл түстілер «Аппликация» тобы.

- Бүгінгі сабағымызда осы сұрақтардың барлығына қатысты бір ереже ол не?

-Композиция.

Латын сөзі Ойлап шығару

КОМПОЗИЦИЯ

Дұрыс орналастыру Құрастыру

Топтарға композиция туралы қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямын. Композициядағы қағаз бетіне дұрыс орналастыру ережесін интерактивті тақтамен қайталау.

/Құмыра,алма,алмұртты қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Интерактивті тақтадағы түстерге байланысты тапсырмалар.

1.Қызыл түсті натюрморт тобына: «Мынау менің қолымдағы берілген бұйымдармен «Ұлттық тақырыпта» натюрморт құрастырып, композициялық суретті орындаңдар».

2.Сары түсті «Морианист» тобына «Көк,көгілдір түсті қағаздарды,гуаш,акварель бояуларын қолданып, морианистік жанрға байланысты әр түрлі техникада композициялық сурет салыңыздар.

3.Көк түсті «Пейзаж» тобына «Берілген шаблондар арқылы «Пейзаж» тақырыбына тақырыптық шығармашылық сурет салу.

4.Жасыл түсті «Аппликация» тобына түрлі түсті қағаздардан ұлттық ою-өрнектерді ойып,қиып,жапсырып «Түскиіз» композициясын жасаңыз.

3. Практикалық кезең./музыка /

4. Сергіту сәті./видео жаттығулар/

5.Оқушыларды бағалау. /Топтық бағалау,әр топтағы оқушы әр жүмысты ауызша бағалайды/.

6.Үйге тапсырма:Композиция тақырыбына «Сөзжұмбақ» құрастырып келу.



6 сынып 27.12.17ж


Сабақ тақырыбы: “ Адамды бейнелеу ” 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға портреттік жанр туралы түсінік беру; портрет жасау техникасымен таныстыру; барлық кезеңдерді ретімен орындауға үйрету; бет әлпет бөліктерінің салыстырмалы көлемдерін жасауға үйрету, шынайы үлгімен ұқсастығына жету. 
2. Портретті бейнелеу кезінде зейінін, байқағыштығын, көз қаперін дамыту. 
3. Оқушыларды достарын, туған туыстарын сыйлауға үйрету.

Шұғылдану түрі: жазықтықта бейнелеу. 
Сабақ түрі: адам басын бейнелеу әдістерін меңгеру. 
Мұғалімге арналған жабдықтар: фотографиялар, суретшілердің графикалық және көркем шығармалары, бас құрылымының сызбасы – кесте. 
Оқушыларға арналған жабдықтар: альбом, қара қарындаш, өшіргіш, акварелді бояу, бояу жаққыш. 
Сабақ жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру 
3. Адам басының кезеңді құрылымын көрсету 
4. Тәжірибелік жұмыс 
5. Суреттерді көру 
6. Үй жұмысы 
Оқушыларға атақты суретшілердің портреттерін қарауға мүмкіндік беру. Бейнелеу өнерінің осы жанрын атаңыз. 
Портрет француз тілінен аударғанда - “бейнелеу” дегенді білдіреді. Белгілі нақты бет әлпеті бейнелеуге арналған көркем сурет, мүсіндеу және графика жанрларының бірі портрет болып табылады. Адамды бейнелейтін суретші портретист, ал оның жұмысы портрет деп аталады. Портреттің негізгі мақсаты – адаммен ұқсастығын, сонымен қатар мінезін, көңіл күйін, денсаулығының ұқсастығын беру болып табылады. Портрет жанры бірнеше мың жылдар бұрын пайда болған. Ежелгі Египетте египеттік фараондардың алып тас мүсіндері пайда болды. Өлімнен кейін жаны оңай орнау үшін портреттік ұқсастық берілген. Портрет жанры Римде Қайта өркендеу дәуірінде көп тараған. Өткен ғасырлардың суретшілері және біздің замандастарымыз портретте тек сырттай бет әлпетін ғана емес, сонымен қатар адам мінезін, жекелігін, бай жан дүниесін беруге тырысады. 

портретист

Оқушылармен бірге портретті қарастырып, келесі сұрақтарға жауап берулерінеталап қою: 

Портретте кім бейнеленген? 
• Оның жасы нешеде? 
• Оның көңіл күйі қандай? 
• Оның мінезі қандай? 
• Оны сендер қалай анықтайсыңдар? 
Тәжірибелік жұмыс. 
Портретін бейнелеу қажет адамға мұқият қарап алу керек. Ең алдымен, өзің үшін бас пішіні қандай, шашы қандай екенін белгілеп алу керек, көз, мұрын, ерін пішіндеріне назар аудару керек. 
Бет әлпеттерінің пропорциясы: жоғары қарай ұлғаятын және төмен иегіне дейін тарылатын, басы сопақ пішінді. Бет әлпетінің жалпақтығы жақ сүйектерімен анықталады, төменгі жақ сүйегі сопақ пішінді. 
Бас жалпақтығының биіктікке арақатынасы шамамен үштен екі бөлігі. Бет әлпетін бейнелеу үшін басы көлденең сызықтармен үш бөлікке бөлінеді: ұшынан қабақ үсті доғаға дейін, қабақ үсті доғадан мұрын ұшына дейін және мұрын ұшынан иекке дейін. Көзінің ұзындығы бет әлпеті жалпақтығының төрттен бір бөлігіне тең; көз арасындағы қашықтық – төрттен бір бөлігі, көзден бет әлпетінің сопақтығына дейін – сегізден бір бөлігіне тең. 
Мұрын ұштарының ені шамамен көз арасындағы қашықтыққа тең, оны көздің ішкі бұрыштарынан мұрын ұшын белгілейтін сызыққа дейін тік сызықтар жүргізе отырып, анықтауға болады. 
Еріннің орналасуын анықтау үшін мұрыннан иекке дейінгі қашықтық үш бөлікке бөлінеді: біреуі мұрыннан ерін қиығына дейін, екеуі – ерін қиығынан иек ұшына дейін. Ауыз мұрын ұштарынан бірқатар жалпағырақ келеді. Құлақтар қабақ үсті доғадан мұрын ұшына дейінгі орта қиықта орналасқан. 
Сабақтың соңында шолу және талдауға оқушылардың өздерін тарта отырып, композициялық және түстік шешімге назар аудара отырып, талдау жұмысын жүргіземіз. 

Үй жұмысы 
Мүмкіншілік бойынша бас құрылымының сызбасын қолдана отырып, адам бет әлпетінің ерекшеліктерін беру ке
рек.

















рек. 



6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Графиканың бейнелі құралдары.

Түрлі түсті қарындаштар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды түрлі түсті қарындаштармен және пастел бояулармен жұмыс жасау тәсілдеріне үйрету.Айырмашылығын ұғындыру. Әр түрлі техникаларына, ойлау, қиялдау, өз ойын жеткізуге баулу. Түрлі түсті қарындаштарды пайдаланып сурет салуға үйрету.Көркем эстетикалық тәрбие беру

Көрнекіліктер: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар

Қажетті құрал - жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар,пастель

Пән аралық байланыс: Геометрия, сызу
Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтада жұмыс, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә ) Оқушыларды түгендеп, кезекшіні тағайындау
б ) Бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өткен тақырыпты қайталау 
Сұрақ жауап
1.Кітап графикасының дамуына үлес қосқан Қазақстандық график-суретшілерді ата?
2.Абай Құнанбаевтің қай өлеңіне иллюстрация жасалды?
3.Кім деген суретші иллюстрация жасады?
4.Қазақтың эпостық жырларына қай суретшілер иллюстрациялар жасаған?

3. Жаңа сабақ
Түрлі түсті қарындаштар.
Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған.Түрлі түсті қарындаштың акварель,гуаш бояуларынан айырмашылығы-оның жұмыс жасау тәсілі қарапайым ,ол езілмейді,артық жағылып,қағаз бетін былғамайды.Мұның бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтарыда болмайды.Түрлі түсті қарындаштар суретшіге ұзақ жолда,жұмыста да қажетті құрал.Жұмыс орнын дайындап,әуреленудің де қажеті жоқ.Басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзіндік техникалық қиындықтары болады.Мысалы,олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды,бірақ та қағаз бетінде бір-біріне қосылып,басқа түс бере алады.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн.Жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды.Дайын түсті қағаз болмаса,оны өздерің дайындауға болады.Акварель бояуымен,қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады.Бояу түсі солғын әрі ашық болуы тиіс.Өшіргішті аз қолдануға тура келеді.Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп,сурет әдемі көрінбейді.Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді.Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
Пастель «пастель»сөзінің ұғымы латынның «pasta»сөзінен алынып «қамыр» деген мағынаны білдіреді.Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарын,бор мен шайырдың қосындысын араластырып,илеп,арнайы қамыр жасайды.Қамырдан жұмыр таяқшалар жасап,оны кептіреді.Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңктер алуға болады.
Пастель жұмыстарында әр түрлі түстер мен реңктердің жарасымдылығы маңызды.Пастель жұмыстары ерекше жұмсақтығымен нәзіктігімен,барқыт сияқты фактурасымен ерекшкленеді.Сұйық бояулардан айырмашылығы,ол өз түсін мүлдем өзгертпейді:суретші оны қалай жақса,солай болып қалады.Бояу ұнтағын ұстап қалуға қабілетті бұдыр немесе түкті негізді талап етеді.
Пастельдің ерекшклігі мынада:бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік,әрі суреттік болады.Форманы сызықтармен және штрихтармен,контурмен бередід.
Көптеген құнды жақтары бола тұра,пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып,нашар жабысады.Оны папкада сақтауға болмайды.Оны шыны астында орналастырады. 


4.Сарамандық бөлім.
Екі топқа түрлі түсті карындаштармен және пастель бояулармен сурет салу тапсырылады.

Түрлі түсті бояулармен сурет салу кезеңдері

Пастель бояуларымен сурет салу кезеңдері

5.Бекіту:


«Галереяға саяхат» Көрме ұйымдастыру оқушылардың бірін бірі бағалауы.

6.Үйге тапсырма. 
1. Графиканың бейнелі құралдары тақырыбын оқу.
2. Суретті аяқтау.



































6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Эпостық жырларға иллюстрация жасау

Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру..

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Репродуктивті , түсіндіру,

әңгімелесу, затқа қарап сурет салу

Қажетті

технологиялар: Компьютер, интеративті тақта.

Сабақтың

көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары,

презентация, графикалық материалдар

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ әдебиеті, музыка

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару,

сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.

Көңіл-күйіміз қандай?

Көңіл-күйім жақсы” “Маған бәрі бір” “Көңіл-күйім жаман”

II.Өткен материалды қайталау:

1.Иллюстрация дегеніміз не? кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет

2. Абай кім? ұлы ақын, суреткер

3. Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,Тасыған өзен гүрілдеп.

4. Мына өлеңде табиғаттың қай мезгілі суреттелген?

Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?

hello_html_73da4b06.jpghello_html_m3cf83e3a.jpghello_html_6becec35.png

портрет пейзаж графика

ІІ. Жаңа сабақ:

Иллюстрация- түрлі – түсті бояумен салынады , латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.

Эпостық жырлар.

Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы.

Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді.

Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:

1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады;

2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «Қозы Көрпеш — Баянсұлу», т.б.;

3) Ногайлы дәуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.;

4) Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.;

5) Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.

Қобыланды Батыр жыры

Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету.

«Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында жазылған.

Ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар.

Қобыланды Батыр ескерткіші

hello_html_473ef657.jpg

Қызылорда қаласы

Тарихтың көзімен қарағанда, біздің алдымыздағы міндет — Қобыландының жорығы.Батырлық сапары тарихтың қай кезіне жақындауға мүмкін, соны тексеріп қарау. Елдіңесінде ескіден сақталып қалған әңгімені жалпы тарих шеңберіне сыйғызып көру.

Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан басталады. Ел жырыҚобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. К,азан хандығының астанасы болған бүгінгіЕділ бойындағы Қазан қаласы. Бұның дәлелі әңгіменің өзінен көрінеді. Қобыланды аттаныпбарған Қазан екі қала екен дейді, бірі — сырлы Қазан, бірі — қара Қазан.

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры.

Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ.

Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара ҚыпшақҚобыланды» деп атайды.

Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан дегенбаласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгіліқолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батырсебеп болған делінеді

Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандықжырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлықжырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдыңоқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы —қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресіненбасталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардыңатақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақбатырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екігебөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алғатартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туғанкейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хасбатырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкенүлесін қосты

ІІІ. Сергіту сәті

ІҮ. Сарамандық жұмыс 

Қобыланды батырдың бейнесінің суретін салу

Қобыланды - ел қорғаны болған, елінің мақтаны, айдыны болған батыр. Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.

Ү. Сабақты бекіту:







Сөзжұмбақ шешу:

Тақырыбы: «Қобыланды»





hello_html_5041f147.png



Сөзжұмбақтың сұрақтары: 
1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет

2. Мата бетіне сурет салу қалай аталады ? Батик

3. Түрлі-түсті бояумен суреттеу? Иллюстрация

4. Табиғатты бейнелейтін жанр? пейзаж

5. Түстерді зерттейтін ғылым? Түстану

6. «Қазақ эпосы» кітабына иллюстрация жасаған суретші? Сидорин

7. Өлең, шумақ? Жыр



ҮІ. Қорытындылау:

Иллюстрация түрлі – түсті бояумен салынады. Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру деген сөзінен алынған.



Рефлексия парақшаларын үлестіремін.



Мен білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаналық



ҮІІ. Үйге тапсырма:

  • Қобыланды батырдың бейнесін аяқтау.

  • Эпостық жырларға иллюстрация жасау- 46 бетті оқу

ҮІІІ. Бағалау:  







6 сынып

Тақырыбы: “Абай шығармашылығына иллюстрация жасау”
Мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Абай шығармаларының мазмұнына терең мән бере білуге үйрету, мазмұнына сәйкес сурет сала білуге үйрету.
ә) Тәрбиелік мақсаты: Ақынның адамгершілік, адалдық қасиетімен қоса парасаттылығын, нәзік лирикалық қабілетін, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін дәріптеу.
б) Дамытушылық мақсаты: Ақын шығармаларын сүйіп оқуға қызықтыру, сурет салу шығармашылығын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Музыка тыңдау, мазмұнын әңгімелеу,
түсіндірмелі – иллюстративтік, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сурет дәптері, көрсетпе үлгі материалдар
плакаттар, бағалау парағы, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығы
оқушы назарын сабаққа аудару, бағалау
парағын түсіндіру
Үйге берілген тапсырманы тексеру: Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау. Оқушы жұмыстарын бағалау. Ертегінің тартымды, әсерлі сюжеті келтірілген иллюстрацияларға шапақ бөлігін тарату. Өте жақсы салынған суреттерге екі шапақ бөлігін, жақсы салынған суреттерге бір шапақ бөлігін беремін.

Ертегі мазмұнына иллюстрация жасадық. Қызықты тартымды көріністер арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, кітапқа қызығушылыққа талпындырдым, нәтижесінде оқушылардың сурет салу үшін біраз ізденгенін, қызықты көрініс салу үшін жаңа ертегілермен танысып ой - өрісін кеңейткендерін аңғардым.
Ертегіден өзге де кез келген жанрларға иллюстрация жасауға болады. Мысалы: кино, спектакль, опера, әңгіме, өлеңдерге т. с. с.

Өлең демекші, соның ішінде табиғат көріністерінен әсерлі, тартымды иллюстрация дайындайық. Табиғатты әсем суреттеуші лирикалық ақын - Абай. Ендеше Абай шығармаларына назар аударалық. Кім қандай Абайдың табиғат туралы шығармаларын көп біледі? Дәптерге түсіреміз. Көп білетін оқушыларға бір шапақ бөлігінен таратамын.
Жаңа сабақ: “Абай шығармаларына иллюстрация жасау”

“Желсіз түнде жарық ай” өлеңіне иллюстрация
Сонымен бүгінгі жаңа сабақта «Желсіз түнде жарық ай»өлеңіне иллюстрация жасайық. Өлең мазмұнымен танысамыз:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді - өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Өлең мазмұны бойынша нобай салу, композициялық құрылымын келтіру. Нобай салуды қажетті сөз тіркестерімен байланыстыра отырып саламыз. Желсіз түн – түнгі аспан – ай сәулесі – мұнартқан тау – ауыл маңы – терең сай – тасыған өзен – қалың ағаш – жапырақ сыбдыры – құлпырған жер – тау жаңғырығы – үрген ит – жол тосу.
Жердің суреттелуіне қарағанда таулы аймақ екендігін аңғарамыз, яғни ақынның туған жері таулы аймақ екенін білуге болады.
Оқушы нобайларын бағалау.
Ең жақсы нобайларға, құрылымдарға шапақ бөлігін тарату. Суретті бояуды бастаймыз. Палитрамызды, су бояуымызды дайындаймыз.
Енді ән тыңдай отырып суретті жалғастырамыз.
Палитраға айрықша көңіл бөлу керек. Жалпы фонды, негізгі астардағы түстерді жағып шығамыз. Бұны жалпақтау қылқаламмен орындауға болады.
Бояу дегдігенше ой сергітелік.
Сергіту сәті

Сергіту сәті ассоциация әдісімен суық түстер іздеу мақсатында орындалады. Палитрада суық бояу түстерін іздеу
Қызыл менен жасыл түс, ерекше түс береді. Қандай?
Қызыл мен көк қосылып, өзге түске енеді. Қандай?
Қоңыр менен көкшіл түс, ортақ түске келеді. Қандай?
Қоңыр, қызыл, сары, бұл қандай түс тағы?
Көк пен жасыл, қызылдан және бір түс сызылған?
Суық түстер колориті шығарманы одан әрі жалғастыру барысында тиімді әсерін көрсетеді. Бояу түстерін талғамдылықпен қолданған оқушыларға тағы бір шапақтан таратамын.

Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар беремін.
1. “Желсіз түнде жарық ай” өлеңінің мазмұнын қалай түсінесің?
Өлең табиғаттың тылсым құпиясын бейнелеуде өте әсерлі жазылған.
Өлеңдегі сөз тіркестері бейнелеу кезеңдерін салуды жеңілдетеді.

2. Тақырып бойынша уақыт шамасын қандай бояумен келтіреміз?
Түнгі мезгіл болғандықтан суық түстер колоритін үндестіреміз.
Бірақ жазғы мезгіл болғандықтан жылы леп әсерін сезіне білуіміз керек

3. Өлең мазмұны мен салынған суреттің өзара байланысуы?
Өлең мазмұнындағы әрбір сөз тіркесі өз орындарын сурет төрінен тамаша ырғақты үйлесіммен таба алуы керек.
Жақсы жауап берген оқушыларға тағы бір шапақтан таратамын.

Бағалау
• Шапақ бөлігінің санын есептей отырып оқушы реттілігіне орай күннің шапақтарын бояймыз.
• 1 - 2 шапаққа “3”
• 3 - 4 шапаққа “4”
• 5 - 6 шапаққа “5” деген баға қойылады.
Үйге тапсырма:
Иллюстрацияны аяқтап келу.
Жекелеген нәзік нюанстар, майда бөліктерді, нәрселерді жіңішке қыл қаламмен айшықтау.









6 сынып


Білімділік мақсаты: Кітап графикасына түсінік беру. Кітаптың көлемін, сыртқы пішінін, ішкі мазмұнына байланыстырып көркемдеу. 


Сабақтың барысы. 


І. Ұйымдастыру бөлімі. 
ІІ. Өткен сабаққа тоқталып өту. 
1. Оттиск дегеніміз не? 
2. Көркемдеп оймыш тәсілмен сурет салу, көркемдеп жазу, заттардың бетіне ойып, батырып, сызып өрнек түсіру әдісі қалай аталады? 


ІІІ. Жаңа сабақ. Кітап графикасы 


Кітап графикасымен суретші-графиктер айналысады. Суретшілер тек сурет салып


қоймайды, олар біздің күнделікті қолданып жүрген бұйымдарымызға да жобалар


жасайды. Мысалы: білім алып жүрген оқулықтарымызға да суретші-графиктердің қосқан үлесі мол. 


Кітаптың көлемін, сыртқы пішінін, ішкі безендіру жұмыстарын оның мазмұнына


байланыстырып көркемдейді. Кітапты безендіру жұмыстары эскизін жасаудан басталады.


Оның форматы, пішімі айқындалады. Кітаптың ішкі мазмұнына сай оның мұқабасына


сурет салынады немесе көркем жазумен әшекейленеді. 

Қай кітапты алып қарасаң да, сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты-жөні,


баспаның аты, жарық көрген жылы жазылады.  Кітап графикасы – кітапты


иллюстрациялау, безендіру мен құрылымын үйлестіруден тұратын графиканың бір


саласы. Ә.Қастеев, Қ.Қожықов, Е.Сидоркин, А. Смағұлов, Б.Машрапов кітап


графикасының дамуына біршама үлес қосқан қазақстандық график- суретшілер.


График – суретшілер кітаптың құрылымын ойластырады, яғни графикалық және


мәтіндік материалдарды толықтырып, кітаптың макетін жасайды.


Ертегіні тыңдатамыз. 

Тапсырма: Кітап графикасы 

1. Кітаптың суретін салу. 

2. Мазмұнына байланысты сыртқы мұқабасын көркемдеу. 
ІҮ. Қорытынды бөлім. Жасаған жұмыстары бойынша көрме ұйымдастыру, бағалау жұмыстары жүреді. 
1. Кітап графикасы дегеніміз не? 
2. Кітаптың сыртқы мұқабасын кімдер көркемдейді? 
Ү. Бағалау. Оқушылардың белсенділігі бағаланады. 





















































Тақырып:  Сурет түрлері

Мақсаты:   Сурет салу ережелерімен таныс болу.

Білімділік : Сурет салу жолдарын меңгеру

Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың  өнерге  деген қызығушылығын   дамыту.         

Сабақ түрі:                      Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері :             Баяндау, сұрақ- жауап,  сурет салу.

Көрнекілігі:                       Сурет салу түрлері және салу              

                                           құралдары,  плакаттағы суреттер.

Пәнаралық байланыс:    Әртүрлі  пәндер

Құрал – жабдықтар:     Альбом, акварель краскасы, қарындаш,     

                                            қылқалам,  политра, тущь.

Сабақтың барысы:         1. Ұйымдастыру.

  1. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен  тексеру.

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Бекіту.

  5. Сурет салу.

  6. Қорытындылау, бағалау.

  7. Үйге тапсырма беру.

Өткен сабақты қайталау

  1. Графика өнері дегеніміз не?

2.Графиканың  қандай шығармалары бар?

  1. Графика мен кескіндеме өнерінің қандай айырмашылығы бар?

  2. Графиканы қандай құралдармен салады? – деген сұрақтарды қоя отырып сабақты баяндау.

                                        Аралас сабақ

Орындалу техникасына қарай суреттірдің түпнұсқалық және баспалық түрі бар. Түпнұсқалық суреттер суретші қолынан бір дана болып шығады. Баспа суреттерді клишеге бояу жағып шығады да, бетіне қағаз жауып оттиск алады. Оны эстамп деп атайды.

Эстамптың бірнеше түрі бар. Оның негізгілері гравюра (ксилогрфия ағашқа, линографюра, линолеумде, офорт металлға жасалады) және литография (литографиялық қарындаш және қышқылдарды өңдеу арқылы литографиялық тасқа оттискпен салынған сурет).

Ксилография – ағашқа жасалған гравюра. Ксилографияда элементтер бояу жағылған ағаш кесіндісінің жазық бетіне қашау арқылы  терең батырылып түсіріледі.

Офорт – бетінде үңгіленген суреті бар, металлға жасалатын гравюраның бір түрі. Офорт- француз тілінен аударғанда «ащы су», демек азот қышқылы, яғни офорт тақтайшасын өңдеу деген мағынаны білдіреді. Офорт жұмысының негізіне металл және азот қышқылының бір – біріне қосылып, әсер ету процесі жатады.

Литография деп литография тасының көмегімен жасалған бейненің көшірмесін айтады. Жазық баспалық  гравюра тастың тегіс бетіне басылады.

                        Сурет салуды меңгерту.

Сурет салумен тек суретші ғана шұғылданбайды. Ол өнерді өсімдіктану маманы – өсімдіктер суретін салуда, геологтар – минералдар құрылысын бейнелеуде, географтар – табиғатты , картаны сызуда , сәулетші әртүрлі құрылыстардың жобасын түсіруде қолданады.

Сурет салуды меңгеру үшін көптеген байланыстарды орната білу керек. Біріншіден, заттың өзіне қарап немесе елестету арқылы сурет салу тәсілдерін меңгеру.  Екіншіден, сурет салудың негізін білу, яғни затты және оның бейнесін бақылау. Ал, үшіншіден,  сурет салудың басты талаптарын қадағалау – жалпыдан дараға және дарадан жалпыға .

     Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.

 Сұрақтар қою

1.Графика  жасау техникаларына не жатады?

  1. Графика өнері дегеніміз не ?

  2. Қандай графика өнермен таныс болдық ? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.

 Оқушыларға сурет салғызу

40-48 беттерді оқу және осы  беттердегі  суреттерді  альбом бетіне графика құралдары  көмегімен салу.

 Бағалау.

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.









































6 сынып

Тақырыбы:     Графика түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқушының ой-өрісін , есте сақтауын , қиялдау көре білу қабілетін дамыту ,

Тәрбиелігі: графика өнерінің түрлері арқылы эстетикалық тәлім – тәрбие беру.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап,ой-қозғау,жұмбақ шешу.

Түрі: Аралас

Құрал-жабдықтар: қарындаш, альбом, қаламұш,тушь, гуашь.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әзірлеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ – Қылқаламдар

2-топ – Бояулар

4. Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеріп, өткен сабақты қайталау.

Сұрақтар:

1.Бейнелеу түрлерін ата? (графика, живопись,мүсін, сәндік қолданбалы өнер,сәулет өнері, дизайн өнері)

2. Графика дегеніміз не?

3.Бейнелеу өнері жанрларының қандай түрлерін білесіндер? (Портрет, натюрморт,пейзаж, маринистік, анамалистік).

4.Гуашь дегеніміз не?((Французша су бояуы) акварельмен салыстырғанда мөлдір емес қою бояу).

5.Үйлестірудің мағынасын айтып беру.(«композийия»деп атайды.ол латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағынаны білдіреді).

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты,түрімен таныстыру.

Графика дегеніміз – қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қылқаламмен, тушьпен салынған суреттер.

Сонымен қатар қағаз бетіне салынған литография,түсті гравюралар және түсті карындаш, бормен салынған суреттер де жатады. «Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Гравюра (қырма) тақта, ағаш бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелінетін сурет салу өнері.

Ксилография – ағашта орындалатын сурет.

Линогравюра – линолум бетіне орындалған сурет.

 

Литография – тегіс орындалатын гравюра, яғни майлы тушьпен немесе қарындашпен салынады.

Иллюстрация – кітап мазмұнына , ертегілерге арналып салынған сурет.

Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындылармен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.

IV.Тапсырма: Графика тәсілін меңгеріп, сурет салу.

-Балалар, сендер барлықтарың бүгін графика – суретшісіндер. График – суретші болу үшін график қарындашымен сурет салып үйренуіміз керек.

Алдымыздағы бірнеше суреттерге қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша суреттің бірін саламыз.

Салынған затты құбылысын, денелердің құбылысын табу, қағаз бетіне орналастыру.

2-кезең. Заттың, дененің құбылысын анықтап, салыстырмалы түрде бейнелеу, бояуға көшу.

3-кезең. Заттардың форма көлеміне қарай қара, ақ түстермен бояу, жарық, көлеңкені анықтап ажырату, аяқтау.

 V.Сергіту сәті

Ой –қозғау.

Ал енді осы сабаққа байланысты бір – бірімізге жұмбақ жасырайық.

1.Сырын ашты пышаққа

Жұмыссыз мен қалдым деп.

Мені жонып үшкірле,

Пайдам тисін адамға (Қарындаш)

2.      Жұмыс берсен оған,

Қарындаш бекер шаршаған.(Өшіргіш)

 3.Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан,

Барша жұртты қаратқан.

Бейнегер тым асқан.(Суретші)

4.      Қимылдаса қос шебер

Қыруар – қыруар іс өнер (Екі қол)

VI. Сабақты бекіту.

Екі топқа тест беру арқылы білімдерін тексеру.

Тест №1

1. Қосымша сызықтар не үшін қажет?

а). Суретті құрастыру үшін.

ә). Суреттің сұлулығы үшін

б). Заттың формасын шығару үшін.

2. Затқа түсіп тұрған ең жарық дақты атаңыз.

а). Рефлекс .

ә). Жылыт.

б). Жарық.

  

Тест №2

1. Қазақстанда бейнелеу өнерінде алғашқы жол салған кәсіби суретші кім?

а). Ә.Қастеев

ә). Ә.Ысмайылов

б). М.Кенбаев.

2. Анамалистік суретші нені бейнелейді?.

а). Табиғат .

ә). Жануарларды.

б). Адам тұрмысын.

VII. Сабақты қорытындылау.

Графикалық түрлерін танысып білдік.

- Қандай түрлерімен таныстық ? атап өтейік

VІII. Бағалау.

Оқушылардың жұмысын қарап салыстырмалы түрде бағалау.







6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Түс шеңбері 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін

 ә) Дамытушылық:        Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін

арттыру,

дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық

жұмыс жасауға баулу.

 б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:      Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.

 Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

 Сабақтың барысы:

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Сен қандай әуендерді ұнатасың, көңілдісін бе, әлде мұңдысын ба, қатты шулысын ба, әлде баяу ырғақтысын ба? Неліктен?Франңуз суретшісі Берта Моризоның «Пианино» атты туындысына назар аударшы. Қалай ойлайсың, қыздар қандай әуен ойнап отыр, көңілді ме, әлде баяу ырғақты ма? Жауабыңды түсіндір.Егер сен музыка тыңдауды ұнататын болсаң, онда сол әуендердің ішінде көңілді, мұңды, салтанатты және өте нәзік лирикалық дердің болатынын білесің. Мысалы, бесік жыры нәзік те баяу әуенде айтылып, сәбиді тәтті ұйкыға бөлейді. Баяу әуендерге белгілі бір түс гаммалары сәйкес келеді.

Ал марш салтанатты және көтеріңкі әуенді келеді. Мұндай әуен өз тыңдаушысын жігерлендіріп, рухын көтереді. Бейнелеу өнерінде
кейбір сурет бояулары көңілді нәзік тыныштық орнатса, ал енді бірі керісінше жан толғанысын тербейді. Оған Анри Матистің мына шыгармасы дәлел бола алады.

Төмендегі бояу түстерінің жиынтықтарын үш топқа бөл. Бірінші топқа қатты дауысты, жігерлі, көңілді әуенге сәйкес түстерді, екіншісіне баяу, нәзік, ал үшінші топқа мұңды, жабырқау әуенге сәйкес келетін түстерді жина.

Ал енді әрбір топтағы түстерді қандай қасиеттері біріктіретінін анықтауға тырыс. Түстерді іріктеген кезде бірінші топқа айшықты, қанық түстер, ал екінші топқа солғын, ақшыл, ал үшіншісіне қара бояу қосу арқылы алынғандай қою түстер жататынын байқаған бо- ларсың. Суретшілер тілімен айтқанда, бірінші топтағы түстерді — қанық түстер, ал екінші және үшінші топтағыларды қанық емес түстер деп атайды.

Үйге тапсырма беру: Тустерге байланысты пейзаж орында































05.09.2017 жыл


Мұғалім:Оңғарбаева Г 

Сабақтың атауы

Өнердің пайда болуы

Сабақтың жабдығы

Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды өнердің шығы тарихымен таңыстыру. Қазақстан жерінде жартастар бетіне салынған бейнелерге түсініктеме беру. Сурет салу өнерінің даму тарихымен таңыстыру.

Күтілетін   нәтиже

Өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

 

 

Әдіс- тәсілдер

Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы  топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

Қызығушылықты ояту

Оқушылар,бос уақыттарыңда немен айналысқанды ұнатасыңдар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

 

  «Аквариум» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада  топпен жұмыс жасату

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

 

Сергіту сәті

 Би билеу

Ой толғаныс

1. Петроглифтер дегеніміз не?

2.Ежелгі адамдар жартастарда нені бейнелеген?

3.Петроглифтер туралы алғашқы мәліметтерді жинақтаған кім?

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Рефлекция

сұрақ-жауап) (3 мин)

1.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

2.      Өзім  турал не білеміз?

3.      Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін  не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату






















6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу.



б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.

Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.

Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.

Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.

Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.

Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылтдегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.



hello_html_m25f5f705.jpghello_html_m60a038a9.jpghello_html_m2797ab19.jpg



1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең



Үйге тапсырма беру: Нәрсеге қарап сурет сал. Натюрморт орында.















































Бейнелеу өнері 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнек түрі
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Оқыту нәтижесі: Диалогтік оқытуда жетелеу сұрақтары арқылы сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы туралы оқып түсінеді және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар арқылы бейнелеуді меңгереді.

Сабақтың кезеңдері:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Қолөнер бұйымының суретін тексеру.
4.«Жанр» сөзжұмбағын шешу.
5. Психологиялық дайындық.
Тренингке шақыру. Жұмбақ жасыру.
Жасыл болып жыпырлап өнедi,
Сары болып үзiлiп семедi.
(Жапырақтар)

Қар астында қыстады,
Ақпен бөркiн тастады
(Бәйшешек)

/Осы тренинг арқылы жаңа сабаққа келу/

ІІ. Мағынаны ашу.
1. Топқа бөлу:
І топ -«Жауқазын»,
ІІ топ -«Тұмарша»,
ІІІ топ -«Ботамойын»
ІV топ -«Шұғыла»

2. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер туындылары туралы, оның даму тарихына теориялық талдау жасау
Ою - өрнек, Композиция, Симметрия Колорит, Ритм деген жаңа сөздермен танысады.
3. Ойлау деңгейлеріне қозғау сала отырып, жетелеу сұрақтарын қойып, шығармашылығына келу, постер қорғау. Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс./Білімді дамыту/.
4. «Өрнекті бұйым»Жеке жұмыс. Сурет салу.

Тапсырма - “Өрнек сыры”
1. Ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
а. 5 ә. 3 б. 4
2. Геометриялық ою - өрнектерге қай ою жатады?
а. Қошқармүйіз ә. Тұмарша б. Бүршік
3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс?
а. Торсық ә. Ожау б. Саба

4. Жануар тектес ою - өрнек?
а. Ирек ә. Айшабибі б. Сынық мүйіз
5. Ыдыс - аяқ салатын тұрмыстық бұйым?
а. Аяққап ә. Абдыра б. Адалбақан
6. Аспан әлеміне байланысты ою - өрнек?
а. Шұғыла ә. Жіліншік б. Өркеш

7. Өсімдіктік ою - өрнекке қай өрнек жатады?
а. Айшық ә. Балдақ б. Бүршік
8. Қыздарға арналған ұлттық бас киім?
а. Сәукеле ә. Кимешек б. Тақия
9. «Ою - өрнек» атауы қай сөзден шыққан?
а. Живопись ә. Орнамент б. Натюрморт















































6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі египедтегі өнер мектебі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакаттар , суреттер, слайд.
Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс.
Түрі: плэнер.
Типі: Меңгерген білімдерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка,география.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III.Жаңа сабаққа көңіл аудару.
IV.Тапсырманы орындау.
V.Сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеу , сабаққа даярлау.
II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты карточка арқылы қайталау.
III. Жаңа сабақпен танысу: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы-деп бүгін табиғат суретін саламыз.
Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.
Затқа қарап сурет салу.
Елестету арқылы сурет салу.
Еске сақтап сурет салу.
Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен елестету арқылы сурет салуға тоқталамыз.
Елестету арқылы сурет салу дегеніміз суретші өиялы, құбылысты нақты бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге табиғат көріністерін бейнелеу, ертегі кейіпкерлерің кітаптан оқып, түсінгені бойынша бейнелеу, ән, күй, терме, өлең шумақтарын тыңдау арқылы композициялық суреттер салу жатады.
Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлұ жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.
Пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж –франсуз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Табиғат көрінісі бейнелеген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев «Менің Отаным» 1959ж.
Ә.Қастеев «Биік таудағы мұз айдыны» 1955ж.
Пейзаж-табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлеріи:
1. Ауыл пейзажы.
2. Саябақ пейзажы.
3. Қала пейзажы.
4. Теңіз пейзажы.
5. Сәулет пейзажы.
6. Индустриялық пейзаж.
Ауыл пейзажы (Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған. Бірде табиғи пішіндер, сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында(О. Нұржұмаевтың « Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Сәулет пейзажы( А. Остроумова –Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық –сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзаж (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» Картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды. Бөгеттер мен электр бекеттерін,теміржол тараптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.
Проблемалық сұрақ : осы музыкада табиғаттың қандай мезгілі суреттелген?Осы дыбыстардан қандай табиғат құбылысын байқауға болады? Композицияның әсерлі құралдарын ескере отырып, осы құбылыстарды қалай бейнелеуге болады?
Бұл музыкада қандай қозғалыс бар?
I топқа аспандағы құстарды. II топқа су бетіндегі құстарды. IIIтопқа жердегі күзгі жапырақтарды бейнелеу тапсырылады. 
Тақтаға кезекпен орындалған жұмыстарын іліп, қорғайды және жұмыстарына тақырып ойлап табады. Әр топқа сұрақтар қойылады.
Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Әр топтың басшысы өз оқушыларына баға қояды. 
V. Қорытынды: Жасалған жұмыстарына көрме жасап бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру:Мектеп суреттерін салу







6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме өнерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты: 

а) Білімділік Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы 
қысқаша мағлұмат беру. 
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу 
қабілеттерін дамыту. 
б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты 
түсіне білу. 
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т.б 
Сабақтың өту барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 
4. Тапсырмаларды орындау. 
5. Сабақты бекіту. 
6. Үйге тапсырма. 

Сабақтың барысы: 
Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды. 
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. 
Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. 
- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер? 
- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс? 
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын: 
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған. 
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті. 
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті. 
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды. 
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз. 
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді. 
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері. 
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады. 
Кескіндеме өнерінің жанрлары. 
Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер.
Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу (портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу. 

А. Ғалымбаева. Дастарқан 

К. Әжібекұлы. Томирис Б. Зәуірбекова 
Сәукеле киген қыз 

Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне шығарма орында.





























Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 6 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Кескіндеме жасау техникалары»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі; Кескіндеме жасау техникалары және оның түрлері туралы айтып

түсіндіру,сурет салғызу.

ә) дамытушылығы; Суретті бейнелеуді кескіндеме техникаларында орындата

отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелілігі; Эстетикалық, патриоттық және талғампаздыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсіл: Сұрақ- жауап, жаңа білімді меңгеру, сарамандық жұмыс.

Көрнекілік: Слайд, иллюстрация.


Сабақтың барысы; І Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу және сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Үй жұмысын сұрау

1. Фон дегеніміз не, фонның кескіндеме өнеріндегі ерекше орны туралы айт?

2. Фон бейнеленетін заттың қатынасына қарай қандай болып бейнеленуі мүмкін.

3. Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары қандай?

4. Түс және қосымша түстер дегеніміз не?

5. Шағылысу дегеніміз не?

6. Зат пішінін бейнелеуде көлеңкенің ролі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ

Түс сурет салғанда және гравюра жасағанда кеңінен қолданылады.

Ч.Кенбаев «Менің ауылымның адамдары» Ә.Қастеев «Соңғы хабар» К.Есіркеев «Натюрморт

Суреттегі т ү с сурет салатын материалдар мен фонның қатысуымен шешіледі.

Бірақ сурет салу мен гравюрадағы түстерді пайдалану тәсілдері кескіндемедегіден өзгеше.

Гравирлеу француздың «Grawtr»-«Қию», «Тырнау» деген сөзінен шыққан.

Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз.

Ж. Шаймарданұлы. «Графикалық сурет». Ш. Кенжебаев. «Кешкі ән».

Сурет салуға арналған материалдар.

- сия

- сангина

- бор

- тушь

Акварель техникасы

«Акварель» латынның «aqba»-«су» дейтін сөзінен шыққан.

Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала политра бетінде араластыру арқылы да алуға болады.

Г.Баянов. «Әуен» Акварель О.Таңсықбаев. «Бақташы». Майлы бояу Е.Сидоркин. «Ақын».Гуашь

Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты құнды қасиеті болып табылады.

  • Дымқыл қағаз бетіне бояуды жағу

  • Қағаз бетіне бояуды орын ауыстыра отырып орындау.

Ә.Қастеев «Су электростанциясы», «Соколов-Сарыбай»

«Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі-суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі- суретші бояуларының жиынтығы.

Майлы бояудың шығу тарихы.

Майлы бояу техникасы.

Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі

  • жартылай дымқыл

  • жартылай кепкен

  • кептіру арқылы жұмысты жалғастыруға болады.

О.Таңсықбаев «Хожакент» . Сарамандық жұмыс

Натюрмортты бейнелеу алгоритмі

1-кезең 2-кезең 3-кезең

Ү. Сабақты бекіту.

1.Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?

2.Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?

3.Бояу түстерін іздейтін құрал қалай аталады?

4. Қандай бояу түрлерін білесің және оның қайсысын қолдандың, оның ерекшелігі туралы айт?

5. Қазақстан суретшілерін ата?

6. Қазақтың акварелист суретшісін ата?

7. Осы сабақта қандай шығармалармен таныстың және оның авторы кім екен?

ҮІ. Үйге тапсырма 22-23беттерді оқу. «Қазақстан -2050» түрлі түсті бояуда сурет салу.

ҮІІ. Бағалау.




Начало формы



Конец формы



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Перспектива" ( 6 сынып )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2018 3723
    • DOCX 455.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Онгарбаева Гульзада Кайдауловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24092
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 10 регионов

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство: анализ и интерпретация произведений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 33 регионов

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов