Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Пейзаж табиғатты бейнелеу ашық сабақ жоспары 5 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Пейзаж табиғатты бейнелеу ашық сабақ жоспары 5 сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: Пейзаж - табиғатты бейнелеу

Сабақтың мақсаты: Пейзаж туралы мағлұмат беру

Міндеттері:

Білімділік: Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің переспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау. 

Дамытушылық: Живопись өнері әрі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету. Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. 

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрматтеуге тәрбиелеу. 

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, үйрету, көрсету. Сабаққа керекті құрал жабдықтар: Мұғалім үшін: Интерактивті тақтадағы слайдтар, альбом, сурет салудың бірізділігі көрсетілген кесте. Оқушы үшін: Альбом, қарындаш, паллитра, бояу, қылқалам. 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындау кезеңі

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

ІV. Жаңа білімді бекіту

V. Сабақты қорытындылау

VІ. Үйге тапсырма

ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындау кезеңі Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын репродукцияларымен бірге слайд арқылы сұраймын. 1. Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? 2. Графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не? 3. Бейнелеу өнер түрлеріне, орындау тәсіліне, мазмұнына байланысты қандай жанрларға бөледі? 4. Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелеген көркем шығарма.(Натюрморт) 5. Адам келбетін бейнелейтін жанрқалай аталады? (Портрет) 6. Су әлемін бейнелейтін жанрды қалай атайды? (Маринистік) 7. Белгілі оқиғаны бейнелейтін шығарма. (Тарихи) 8. Хайуанаттар мен жануанларды бейнелеген көркем шығарма. (Анималисттік)

 ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Ә. Қастеевтың пейзаждық жанрға орындалған «Биік таудағы мұз айдыны», «Медеудегі мұз айдыны» атты көркем шығармаларын интерактивті тақтадан көрсету арқылы пейзаж туралы не білетіндігін сұрай отырып, түсіндіру. Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Пейзаж – француз сөзі, бұл қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелеу деген сөз. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктері болады. Мысалы: Қыс көрінісі далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқуға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі түсті реңкке бөленеді. Міне, осындай әсерлі көріністерді суретшілер қалай бейнелеген. Суретші Ә. Астеевтің «Биік таудағы мұз айдыны» атты шығармасына назар аударып көрейік. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? (Қыс). Алматы маңындағы биік таудағы Медеу мұз айдыны, биік биік таулар, қарағай, мұз айдынына бара жатқан бір топ адам. Переспектива заңдылығына сәйкес, суреттегі алдыңғы көріністегі бейнелер айқын да, арттағы көріністер бұлыңғыр етіп алынған. Суретші өзінің бақылауынан алған әсерін нағыз табиғылықпен бере білген. Шығарма форматында жерді бейнелеуде көп орын қалдырған да, аспанды бейнелеуде аз орын берілген. Себебі, суретші жерді, мұз айдынын көрсетуді мақсат етеді. Картинадағы орталық композиция мұз айдыны және оның жанындағы адамдар бейнесі, қосалқы элементтері тау, қарағай көріністері. Суретшінің шығармасында табиғи көріністері ерекше шеберлікпен көрсетілген, тіпті суреттің жазықтық бетінде орындалғанын ұмытамыз да, кәдімгідей биік таудағы мұз айдынында жүргендейміз. Альбомды тігінен - тік қойып беттің 3/4 бөлігін қыстағы түнгі аспанның түсімен бояймыз да, төмендеген сайын ақшылдатамыз. Бояу кепкен соң тоғайды саламыз. Боялған бетке белгіленген жерге қылқаламның ұшымен ағашты діңінен баста саламыз. Ағашты бейнелегенде бірнеше түсті араластырып барып салады. Ағашты салған кезде қылқаламды тік ұстап тұрып, төмендеген сайын астыға қарай салмақты түсіріп, жуандату арқылы ағаштың діңін саламыз. Бұтақтарды салғанда тура осы әдіс қайталанады, бірақ ол көлбеу және кішірек салынады. Ағашты салып болғаннан кейін қылқаламның ұшымен жапалақтап жауып тұрған қарды саламыз.

hello_html_mfdf0408.jpg



hello_html_1f42f546.jpg

Қыс табиғатын елестете отырып, ағаштарды ұқсатып, дұрыс бейнелеуді үйренейік. Альбомды тігінен - тік қойып беттің 3/4 бөлігін қыстағы түнгі аспанның түсімен бояймыз да, төмендеген сайын ақшылдатамыз. Бояу кепкен соң тоғайды саламыз. Боялған бетке белгіленген жерге қылқаламның ұшымен ағашты діңінен баста саламыз. Ағашты бейнелегенде бірнеше түсті араластырып барып салады. Ағашты салған кезде қылқаламды тік ұстап тұрып, төмендеген сайын астыға қарай салмақты түсіріп, жуандату арқылы ағаштың діңін саламыз. Бұтақтарды салғанда тура осы әдіс қайталанады, бірақ ол көлбеу және кішірек салынады. Ағашты салып болғаннан кейін қылқаламның ұшымен жапалақтап жауып тұрған қарды саламыз. 

ІV. Жаңа білімді бекіту Перспектива- сызықтық және ауалық деп бөлінеді. Сызықтық перспектива дегеніміз не? - Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Ауалық перспектива дегеніміз не? Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың түстері солғын түрінде қабылданады. Мысалы: алыстағы таулар көгілдір немесе күлгін болып келеді. Көкжиек сызығы көзіміздің деңгейіне дейін көрінетін жердің жиегін көкжиек сызығы немесе горизонт сызығы дейді. Ол сызық аспанды жерден, судан бөліп тұрады. Нүкте қандай сызық сурет болмасын, қағаз бетіне түскенде нүктеден басталады. Мысалы: өзен ағып жатыр дейік. Сол кездегі бергі жағы толық көрініп, арғы беті нүкте болып қалады. Міне, өстіп өзеннің ағуы нүктеден басталады. «Композиция» латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзінен шыққан. Композиция суретшінің картинасын дұрыс әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып, орналастыру болып табылады. Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз, мысалы қағаз бетіне дұрыс немесе жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс орындау, белгілі бір өлшемде ықшамдап түсіру. 

V. Сабақты қорытындылау Оқушылар салған жұмыстарын ортаға салып, қателіктеріне қарап, келесіде қателеспеуге үйрету.


 VІ. Үйге тапсырма Табиғат көрінісін бейнелеу.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-004455

Похожие материалы