Инфоурок / Другое / Презентации / Пезентация по казахскому литературу "Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Пезентация по казахскому литературу "Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы"

библиотека
материалов



Қазақ әдебиеті



03.09.2015 ж

Оразымбетова Тамара

11 «Ә» сынып


Сабақ тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы.

Жалпы мақсат:

Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетіне қозғау салу, ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасауға үйрету. Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, 11-сынып

3.11-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы. Оқулық авторы: З.Қабдолов, С.Қирабаев, Х.Әдібаев,Б.Ыбырайым,Ж.Дәдебаев,Қ.Мәдебай

Алматы «Мектеп» баспасы 2015ж.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Қажеттілікті жүзеге асырады.

Өзара пікірлесе алады.

Ортақ бір пікірге келуге дағдыланады.

Топтарға пікір айта алады.

Шыдамдылықпен тыңдау

Пікірін қорғай алады

Негізгі идеялар:

Жазушының өмірі мен шығармашылығын түсіну, талдау арқылы сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақта қолданылатын ресурстар

1.А-4 парағы

2.Флипчарт

3.Стикерлер

4.Оқулық

5. Роwer point таныстырылым, бейне көрсетілім

6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

Талантты және дарынды балаларды анықтау.




Тапсырмалар:

Ой толғаныс. «Ыстық орындық» стартегиясы. («Талантты және дарынды балаларды анықтау», «Әдебиет үйірмесі» эссе




Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1 «Сәлем!Сәлем!Сәлем!» тренингі

(2.Сыныпты түстер бойынша 4 топқа бөлу.

3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.

4. Ережеге бағыну керектігін ескертеді.

1.Оқушылардың барлығы тренингке қатысады. Оқушыларда өздеріне деген сенімділігі қалыптасады

2. Түстерді таңдау арқылы 4топқа бөлінеді.

3.Өздері топ басшысын сайлайды.


І.Қызығушы-лықты ояту. Миға шабуыл. (6 мин)





Қазақ зиялыларын ата және олар қандай оқулық жазған? (Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды).




Оқушылар берілген сұрақтарға топ болып жауап береді.

ІІ.Мағынаны тану.

(18мин)

Тапсырманы игеруге 7мин,

постер қорғауға 11минут







«Әдебиет үйірмесі» стратегиясы.

Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”. 
Әбіш Кекілбаев 
М. Әуезов былай баға берген: “Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың “рухани көсемі” . 

Топтық тапсырма:

1. І топ баяндап беруші.

2. ІІ топ зерттеуші.

3. III топ сұрақтар құрастырушы.

4.IV топ бағалаушы.

Барлық топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларды орындайды. Әр топтан бір оқушы жауап береді және топ мүшелері толықтырып отырады.

ІІІ. Ой толғаныс

(13мин)












«Ыстық орындық» стратегиясы

1. А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде? 
(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты)

2. Абайдың арман- мұңын аса бір қажет тұста қайталап, қазағына қайта жолдаған “Сегіз аяқтың” жалғасы, жаңа көрінісі болған өлеңі? 
(“Жиған- терген”)

3. Я құдайым! Аққа жақ! 
Өзіңе аян- мен нақақ. 
Аққа деген жолымның 
Абыройын ашпай, жап!

Бұл шумақтар қай өлеңнен алынған? 
(“Тілек- батам”)

4. Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат” өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға? (Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық- зомбылығы)

5. Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада жарық көрген кітабы? (“Ер Сайын” жыры)

6. Ағартушылықпен айналысқан адамдарды Ахмет Байтұрсынов кімге теңеді және ол туралы қай өлеңде айтылады?  (“Адамдық диқаншысы”)

7. “Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет

Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді? 
(Теңізде жүзіп жүрген еспесіз қалтылдақ қайыққа теңейді) 
8. А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған? (Міржақып Дулатовқа арналған) 

9.Байтұрсынов қай жылы,қай жерде дүниеге келді?(А.Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қырқүйекте Қостанай облысы,Торғай атырабындағы атақты Ақкөл жағасында туған)

10.А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы қай жылы шықты және оған кірген өлеңдердің мазмұны қандай? Ақынның «Қырық мысалды» жазуының себебі неде?(1909 жылы Петербор «Қырық мысал» жинағы басылып шықты)





















Оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке тапсырма орындайды. Дәптерін қасындағы оқушымен ауыстырады. Бірін-бірі бағалайды.



Үйге тапсырма

сын беру

(1 мин)


Эссе “Ахмет –көсемсөз шебері

Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.



Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

Бағалау (2 мин)


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалайды.

Топтық жұмыс барысында жасалған жұмыстары бойынша бағаланады.

Рефлексия

(2мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

Жыр саған несімен ұнады?

Бүгін не білдің?

Не қиын болды?

(Кері байланыс парағы арқылы оқушы ойын тыңдай отырып, сабақты қорытындылау)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.
















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-568402

Похожие материалы