Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Пікір "Кәсіптік білім берудің инновациялық моделі"

Пікір "Кәсіптік білім берудің инновациялық моделі"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Кушерова Таңнұры Маратқызының «Кәсіптік білім берудің иновациялық моделі» тақырыбында жазған еңбегіне


П І К І Р


Жаңа онжылдыққа батыл қадам басқан Егеменді еліміздің білім саласына жаңа бетбұрыс, инновациялық технологиялар қажеттілігі арта түсті.

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясының жалпы электротехника пәнінің оқытушысы Кушерова Таңнұры Маратқызы кәсіптік – техникалық білім беру барысында инновациялық технологиялар негізінде оқытудың заманауи үлгіге сай үрдістерін ұсынады.

Кушерова Т.М. оқыту жүйесінде кәсіптік, пәндік білімдермен ғана шектелмей, оқушы санасына қазақ халқының ұлттық тәрбиесін қалыптастыра отырып тәлімді тәрбие мен терең білім беруді басты міндет санап, жас жеткіншектерге тәрбие мен білім беру жолдарын (оқушы бойына дарытатын қасиеттер) ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісуді жөн көрген.






Шымкент көлік, коммуникация

және жаңа технологиялар

колледжінің электротехника пәнінің

оқытушысы Кушерова Т.М





















Кәсіптік білім берудің инновациялық моделі.


Қазақстан өз дамуында жаңа серпілістер жасауы қажет. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құрамдардың бірі» деп атап көрсетті.

Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынды. Мемлекеттік білім беру сапасы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиясының даму деңгейімен анықталмақ. Бұл экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның оқытудың жаңа инновациялық технологиясын меңгеру – әрбір мұғалімнің борышы. Мұғалім білім беру үрдісіндегі басшы тұлға, оқыту үрдісін жоспарлайтын, өткізетін, бақылайтын нысан. Сондықтан мұғалім терең білімді өзіне қолайлы жаңа педагогикалық технологияны қолдана білуі керек.

Қазіргі замандағы оқыту үрдісі - оқытудың жаңа формациясындағы тұлғаға және оның нәтижесіне бағытталған оқытудың жаңа технологиясы негізіндегі үлгі. Жаңа педагогикалық технологияда енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. Осыған орай мен өз тәжірибемде төменгі оқыту үрдісін ұстанамын.

  • жаңашылдықта ғылымның соңғы жаңалығын басшылыққа алу;

  • оқытумен бірге зерттеу , іздену жұмысын қатар жүргізу;

  • жаңа жетілдірілген құрылымдарды қолдану;

  • жеке басының кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіру;

  • ақпараттандыру компьютерлеу үрдісін жетік игеру;

  • жаңа заманға лайық өркениетке ұмтылу;

  • дүниежүзілік білім жүйесіне ұмтылып және соған лайық шәкірт әрі маман тәрбиелеу.

Осы оқыту үрдісін негізге ала отырып оқу жүйесінде, кәсіптік арнаулы, пәндік білімдермен шектеліп қана қоймай, оқушы санасына қазақ халқының ұлттық тәрбиесін қалыптастыра отырып тәрбие беру оқытушының басты міндеттерінің бірі деп санаймын.


Жас жеткіншектерге білім мен тәрбие беру жолдары:


Білім мен тәрбиені дамыту

  • Ақыл-ой, білім мен тәрбиесі (білім, ғылым, пәндер);

  • Өнер шығармашылық туралы білім мен тәрбие (өнер тану);

  • Отаншылдық патриотизм туралы білім мен тәрбие (дене тәрбиесі, әскери дайындық пәндері);

  • Адамгершілік туралы білім мен тәрбие (этика, мораль пәндері);

  • Кәсіптік білім мен тәрбие (технология, мамандық таңдау);

  • Ақпараттық және электронды техникалық білім мен тәрбие (ақпараттық ғылым);

  • Қазақ халқының ұлттық педагогикасы туралы білім мен тәрбие (этнопедагогика);

Осы жоғарыда көрсетілген білім мен тәрбиені дамыту жолдарын іске асырып үнемі сабақ барысының тәрбиелік мәнінде жүзеге асырып отыратын болса оқушы санасына дарытатын төмендегідей қасиеттерді көруге болады.


Оқушы санасына дарытатын қасиеттер

  • Зерделілік, зеректік, білімге құштарлық, тапқырлық, алғырлық, зейінділік;

  • Қазақ халқының мәдени мұраларын игеру, танымдық, талғамдық, ісмерлік; сұлулық, нәзіктік;

  • Ұлтжандылық, батырлық, шапшаңдық, намысшылдық, қайсарлық;

  • Иманжүзділік,үлкенге құрмет, мейірімділік, азаматтық, әділдік т.б;

  • Іскерлік, еңбекқорлық, ұқыптылық, табандылық.;

  • Ақпараттық техниканы игеру, интернет дүниежүзділік білім жүйесіне шығу;

  • Қазақ халқын, елін сүю, қазақ халқы жасаған мәдени мұраларды дәріптеу;


Қазіргі уақытта кәсіптік техникалық білім беретін оқу орнында білім мен тәрбие беру жолдарын және кәсіптік пәндерді оқыту әдістеріне жоғарғы талап қойылуы қажет.

Жалпы электротехника пәні ертеңгі күні болашақ маманнның қызметінде күнделікті өмірінде қажетті кәсіби пәндердің бірі. Әрбір адамның тұрмыстық қажеттілігі үшін, кәсіпорын, зауыт яғни әлем үшін ерекше роль атқарады. Өйткені ол барлық техниканың жаны. Мен осы пәннің оқытушысы болғандықтан, ғұлама ғалымдардың ашып, зерттеп кеткен заңдылықтарын осы пәнді игеруге қолданып, оқушыларға ұтымды, тиімді жеткізуде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланамын.

ҚР білікті, білімді мамандарымен ерекшеленуі тиіс. Заман талабына сай қазіргі таңда кәсіптік мамандарға сұраныс жоғары көрсеткішті көрсетеді. Осыған байланысты студенттердің кәсіби қалыптасуы үшін төмендегі компоненттерді қолданып, дамытып отыруы керек.

  • кәсіби қызығушылық;

  • кәсіби белсенділік;

  • кәсіби бағыттылық жатқызылады.

Жүйелі компоненттеріне:

  • теориялық;

  • ғылыми зерттеушілік;

  • әдістемелік;

  • практикалық дайындық жатқызылады.

Осыған орай қазіргі кезде оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары жасалып, оқу орындарына енгізіліп жатыр. [2-әдебиет 18-кесте.]


Жаңа педагогикалық технологиялар


Білім беруді ізгілендіру


Саралап-деңгейлеп дамыта оқыту

Дербес оқыту технологиясы

•Лекция-семинар-сынақ жүйесі

•Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту

•Оқыту бейімдеу жүйесі

•Перспективті дамыта оқыту

•Саралап-деңгейлеп оқыту

•Жобалап оқыту

•Сабақтың тиімділігі негізінде оқыту

•Дамыта оқыту

•Бағдарламалап оқыту

•Ойын арқылы оқыту

•Техникалық шығармашылық технологиясы

•Ақпараттық (компьютерлік) оқыту

•Тірект констектілері мен белгілері арқылы оқыту

•Шығармашылық дамыта білім беру технолгиясы


•Ұжымдық тәсілмен оқыту


•Коммуникативтік оқыту технологиясы

•Модульдік оқыту



•Проблемалық модульдік оқыту


Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басшы бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.

Мен өзімнің оқытушылық іс – тәжірибемде жоғарыда көрсетілген жаңа педагогикалық технологияларды тақырыптық көлеміне, бөлінген сағаттық жүктемеге байланысты тиімділік көрсеткішін анықтай отырып пайдаланамын.

Мұғалім оқытудың жаңа технологиясын игеріп, оны үнемі жетілдіріп отыруы керек. Осы мақсатта, мен өз тәжірибемде ұстанатын қағидаларымды ұсынамын.

  • Ұстаз қызметінің мақсаты – өз пәнін жақсы үйренуден гөрі тереңіректе: ол - адамды жасаушы адам.

  • Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.

  • Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.

  • Шәкірттің кемшілігін игергіш болсаң, ықыласын өшіресің. Жеңісін ізде.

  • Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп іззденіспен , еңбекпен оған жетуге болады.

  • Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.











Қолданылған әдебиеттер:


1.Инновационные обучение: Стратегия и практика. Под.ред.В.Я.Ляудис. – 1994.

2.Бұзаубақова К.Ж. «Мұғалімнің инновациялықдаярлығын қалыптастыру. Алматы – 2006ж

3.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педогагическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образовани: научный фонд перспективы развития (книга 1).Алматы: Научно – издательский центр «Ғылым» 2001.

4.С.К. Исмагулова «Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар», Алматы-2010.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров166
Номер материала ДВ-355428
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх