Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Тесты / PISA тест тапсырмаларын құрастыру

PISA тест тапсырмаларын құрастыру

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

PISA тест тапсырмаларын құрастыру

І –тапсырма

Бауыр- ең ірі без. Массасы , шамамен,1500г.Ол қызыл қоңыр түсті.Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасқан.Бауыр күрделі түтікшелі без. Оның секреті – өт. Бауыр-біздің ең басты биохимиялық лабороториямыз.Онда күрделі жұмыстар жүреді.Батыс ғалымдарының пікірінше бауырда 140-қа дейін,алшығыс дәрігерлерінің ойынша 1400-ге дейін әр түрлі жұмыстар атқарылады екен. Сөз жоқ,бауыр жұмыс істеуі үшін, оған тамақтану, күн режимі және көңіл-күй (эмоция)әсер етеді.


Сұрақ № 1.Бауырды «өңдеу фабрикасы», «қойма»деуге болады. Себебі

А )гормон бөледі

В) астың қорытылуын бақылап тұрады

С) көмірсуды гликогенге айналдырады, қорға жинайды

Д)бауыр тек астың қорытылуына нұсқау береді


Сұрақ № 2.

Бауыр дұрыс жұмыс істеу үшін

Иә немесе жоқ

Шектен тыс ашулану бауыр қызметін бұзады

Иә\жоқ

Түнге қарай, ұйықтар алдында тамақты тойып жеу керек

Иә\жоқ

Бөтен кісінің тарағын, тіс щеткасын,ұстарасын пайдаланбау

Иә\жоқ

Сұрақ № 3. Сары аурумен( гепатит) ауырған адамға ешқашан да донор ретінде қан тапсыруға болмайды.

Бұл пікірмен келісемін: Гепатит өз белгілерін бауырда мәңгі қалдырып кетеді және қанмен екінші адамға беріледі. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл пікірмен келіспеймін: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сұрақ № 4. Адам ұйықтар алдында тоя тамақтанса тез семіреді,жаман түстер көріп ,жүрегі қысылып жөнді ұйықтай алмайды.Себебі : Ұйықтағанда зат алмасу тежеледі ,сол себепті май денеге сіңбей жинала береді,адам семіреді.Лықа толған асқазан жүрекке салмақ түсіріп, жұмысын қиындатады,адам мазасызданып дұрыс ұйықтай алмайды. _______________________________________________________________________________________________


ІІ –тапсырма

Сұрақ № 1. Суықта жаураған адам еріксіз секіреді,қозғалады.

Себебі__ Қозғалу, секіруіне көп бұлшықеттер қатысып энергия бөлінеді,денесі жылынады.



Сұрақ № 2. Суықта жаураған адам еріксіз секіреді,қозғалады.Себебі,

А . Аяғы тоңады.

В. Ойын басқа тірлікке аударғысы келеді.

С. Қозғалу, секіруіне көп бұлшықеттер қатысып энергия бөлінеді,денесі жылынады.

Д. Өзіне басқалардың көңілін аудару үшін.



Сұрақ № 3. Адам ұзақ уақыт тұрғанда неліктен екі аяққа алма кезек салмақ салып тұрады?

Себебі:Бұлшық еттердің шаршамауы үшін.Бұлшық еттер ұзақ уақыт дене еңбегін көп атқарса қажуы мүмкін.Бұлшық ет топтары алма кезек жұмыс істесе де баяу қажиды.



ІІІ -тапсырма

http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_11/38/d-37215/37215_html_52938302.jpg


Сұрақ №1.Егер адамның тірегі – қанқасын алып тастаса қалай болар еді?_

Елестету қиын.Қанқа сүйектерден олардың байланысуынан тұрады.Денеге пішін береді,тірек,қорғаныш қызметін атқарады._қан түзуші мүше. Сол себепті олай ойлаудың өзі қиын.


Сұрақ №2.Адам қанқасында қанша сүйек бар? ___ Адам қанқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады. ____________________________________________________________


Сұрақ №3 Сүйектердің байланысы. Сәйкесін тап.

1

Қозғалмалы

А

омыртқалар

2

жартылай қозғалмалы

В

ми сауыты, сегізкөз

3

қозғалмайтын

С

аяқ-қол сүйектері

Жауабы:1-С; 2-А; 3-В



Сұрақ №4. Жас балалардың сүйектері серпімді,ал жасы ұлғайған адамдардың сүйектерінің морт сынғыш болуы неге байланысты?

А ) Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттар мөлшері көбірек.

В) Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді.

С ) Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.

Д ) Барлық жауап дұрыс


ІV -тапсырма

Алғашқы жәрдем. Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Мұндағы ең басты мақсат — жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу Екінші міндет — қарапайым медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету. Үшінші міндет — дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру Алғашқы дәрігерлік жәрдемнің және одан кейінгі емдеу шараларының ойдағыдай болуының, тіпті әл үстіндегі адамның өмірін сақтауда ең алғашқы көмектің дер кезінде, әрі мұқият атқарылуының айрықша маңызы бар

Сұрақ № 1 Жедел жәрдем келгенге дейін биіктен құлаған адамды орнынан қозғауға бола ма?

А . иә, қозғауға болады, оны таза жерге апарып жатқызу керек.

В. Жоқ, ол адамды орнынан жедел жәрдем келгенге дейін қозғамау керек .

С. Аунатып жатқызып, арқасын уқалау керек

Д. орнынын тұрғызып, жүргізіп көру керек

Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды.

Сұрақ № 2 Артерия зақымданған кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?



жерді саусақпен қатты басып,жарақттың жоғары жағынан бұрау салынады,себебі артерия қаны жүректен денеге бағытталған қан.

Сұрақ№3 Қай қан тамыры зақымданған?

Қай қан тамыры зақымданған?

Иә немесе жоқ

Егер қан қара түсті болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса, Сіздің пациентіңізде күретамырдан қан кетуі болған.

Иә\жоқ

Жараның барлық жерінен ақырын қан кетуі – капиллярлық қан кетудің көрсеткіші.

Иә\жоқ

Қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды, бұл-артерия қаны

Иә\жоқ


V тапсырма:

Қазіргі таңда көптеген жұқпалы аурулар белең алып, халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп келеді. Мəселен, жас айырмашылығын талғамай, елімізге қауіпті дерт болып жабысқан – СПИД ауруы. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек,ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\1146841_311.jpg

Сұрақ № 1 Денеге татуаж жасату зиянды

Келісемін, өйткені суретте көргеніміздей, жоғарыда сөз болған СПИД ауруы сол татуаж жасатудан жұғады_.Өмірімізге қауіп тудырады. _______________________________________________________________________________________________________

Келіспеймін____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сұрақ № 2

Денеге татуаж жасату зиянды

Иә немесе жоқ

Денеге татуаж жасату зиянды

иә/жоқ

ВИЧ –ті Денеге татуаж жасату арқылы жұқтырады

иә/жоқ

Денеге татуаж жасату еш зины жоқ керісінше ол сән

иә/жоқ


Сұрақ № 3

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\aids.jpg

СПИД ауруы балаға анадан беріледі.Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. Бейкүнә сәбидің жазығы не? Бұған кім кінәлі?

___Сәбидің жазығы жоқ. Бұған жеңіл жүрісті ата- анасы немесе өз ісіне салғырт қараған дәрігерлер кінәлі .Себебі бұл ауру қан арқылы және денеден бөлінген шырыш жанасқан жағдайда жұғады. ____________________________







Краткое описание документа:

PISA тест тапсырмаларын құрастыру

І –тапсырма

Бауыр- ең ірі без. Массасы , шамамен,1500г.Ол қызыл қоңыр түсті.Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасқан.Бауыр күрделі түтікшелі без. Оның секреті – өт. Бауыр-біздің ең басты биохимиялық лабороториямыз.Онда күрделі жұмыстар жүреді.Батыс ғалымдарының пікірінше бауырда 140-қа дейін,алшығыс дәрігерлерінің ойынша 1400-ге дейін әр түрлі жұмыстар атқарылады екен. Сөз жоқ,бауыр жұмыс істеуі үшін, оған тамақтану, күн режимі және көңіл-күй (эмоция)әсер етеді.

Сұрақ № 1.Бауырды «өңдеу фабрикасы», «қойма»деуге болады. Себебі

А )гормон бөледі

В) астың қорытылуын бақылап тұрады

С) көмірсуды гликогенге айналдырады, қорға жинайды

Д)бауыр тек астың қорытылуына нұсқау береді

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Тесты
Просмотров1519
Номер материала 263407
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх