Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / "Пысықтауыштың мағыналық түрлері" тақырыбындағы сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

"Пысықтауыштың мағыналық түрлері" тақырыбындағы сабақ жоспары

библиотека
материалов

Күні: 12.11.2015 жыл.

Сынып: 8 «А».

Пән: қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыштың мағыналық түрлері.

Сабақтың мақсаты: оқушылар пысықтауыш туралы мағлұмат алады, тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтайды, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйренеді. Оқушылар алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастырады, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыланады, есте ұстау, ойлану қасиеттері дамиды. Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиеленеді.
Сабақ түрі:түрлендірілген аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі).
Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, тірек-сызбалары бар плакат, ребус, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

І-тоқсанда өткен тақырыптарды еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар мен жауаптар жазылған кестелері беріледі. Кестелердегі дұрыс және бұрыс жауаптарды табу керек.


Сұрақ

Жауаптар

1

Бастауыш дегеніміз не?

1

Бастауыш пен баяндауыш сөйлемде басты ойды білдіреді.

2

Бастауыш пен баяндауышты не себепті тұрлаулы мүшелер дейміз?

2

Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді.

3

Қандай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады?

3

Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің?

4

Толықтауыш дегеніміз не? Сұраулары.

4

Баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесі. Сұрақтары: Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?

5

Анықтауыш дегеніміз не? Сұраулары.

5

Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. М/ы: Астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».)


Дұрыс жауаптар:

1 - 2

2 - 1

3 - 5

4 - 4

5 - 3
ІІІ. Жаңа сабақ:
Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын мен себеп, мақсат жағынан

айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін пысықтауыш дейміз. Мыс: Ол үйге жүгіріп кірді.
Сұраулары: Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен?
Байланысу түрлері – меңгеру, жанасу және қабысу.
Пысықтауыштың жасалу жолдары:
1. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін көбінесе үстеу атқарады. Мыс: Біз
ілгері жүріп кеттік. Ертеңіне екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қона қалды.
2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс, бағыт, мезгіл, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады.
Мыс: Мен ауылға беттеп келемін. Қырман басынан электр жарығы жымыңдайды. Ол зор дайындықпен кірісті.
3. Мезгіл мәнді зат еімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Мыс: Сол күні Тілеуқабыл түні бойы ұйықтай алмады.
4. Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Мыс: Күні бүгінге шейін елдің жаз жайлауы – Қарақұм. Халық Абай үшін алысады.
5. Пысықтауыш етістіктің көсемше түрінен болады. Мыс: Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады.
6. Еліктеуіш сөзден болады. Мыс; Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
7. Сын есімнен болады. Мыс: Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді. Біз сізді жақсы танимыз.
8. Кейде сан есімнен болады. Мыс: Жанбота туды екі алды.
9. Есімдіктен болады. Мыс: Шай әлдеқашан жиналған.
Пысықтауыш құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:
Дара пысықтауыш – бір сөзден болады. Мыс: Шопанның үні мейірімді естілді. Мен бұл екі егіннің қаншадан беретінін әлдеқашан білгенмін.
Күрделі пысықтауыштың құрамында екі я одан да көп сөздер болады. Мыс: Толғанбай Алакөлден Есік көліне келді. Бұлар әуежайдың шетінде тұрған ақша бұлт түстес ұшақтың қасына келіп тоқтады.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері:
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ-сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
ІV. Жаттығумен жұмыс:

67-бет, 52-жаттығу.
Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер.
Ол – жақсы (қандай? анықтауыш) адам. Ол жақсы (қалай? пысықтауыш) сөйлейді. Күші жағынан арыстандай (қандай? анықтауыш) кісі. Қобыланды батыр арыстандай (қалай? пысықтауыш) ақырды. Бастауышты түзу (қандай? анықтауыш) сызықпен сыз. Сызуды түзу (қалай? пысықтауыш) сыз. Қисық (қандай? анықтауыш) мінезі бар. Көйлекті қисық (қалай? пысықтауыш) пішті.
V. Венн диаграммасы:

(тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер).
VІ. Семантикалық карта:

«Сөйлем мүшелері» деген тіркесті негізге ала отырып, семантикалық карта құрастыру.
VІІ. Ребус шешу:

http://www.cliparthut.com/clip-arts/7/mouth-clip-art-7352.jpg

http://www.cliparthut.com/clip-arts/7/mouth-clip-art-7352.jpg М http://alcala.ru/bse/big/img3_1/encyclopediyaRU-261923879.jpg ЛЕРІ


http://www.ukrboard.com.ua/imgs/board/38/1269838-1.jpg http://gpravda.com/wp-content/uploads/2013/05/1020.jpg (қазақшаға аудар) ЫШ


http://www.mailce.com/wp-content/uploads/2013/10/obez1.jpghttps://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=cb8c45590064850078de334e6ac1f0db&n=33&h=190&w=316,,, http://gpravda.com/wp-content/uploads/2013/05/1020.jpg (қазақшаға аудар) ЫШ


Жауаптар:

  1. Сөйлем мүшелері;

  2. Бастауыш:

  3. Толықтауыш.

VІІІ. Сабақты бекіту:

Синтаксистік талдау жасау.
1) Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.
2) Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.
3) Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.
4) Бүгін мен де қимылдап көрейін.
5) Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.
6) Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.
7) Бұ кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.
8) Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.
9) Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.
10) Анда - санда көзін қимылдатқандай болды.
ІХ. Үйге тапсырма: 68-бет, 54-жаттығу.
Х. Оқушылардың білімін бағалау

ХІ. Рефлексия:

Инсерт стратегиясы бойынша рефлексия жүргізіледі.

V

+

?

-

Бұрыннан білемін

Мен үшін жаңалық

Тереңірек білгім келеді

Үйрендім







Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров3472
Номер материала ДВ-147148
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх