Инфоурок Начальные классы Рабочие программыПлан дуниетану (3- сынып)

План дуниетану (3- сынып)

Скачать материал

Экологиялық мәселелердің түсінігі

   Эколкгия мәселесі- бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар  бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауға болады.ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері иен өндірістік қатыныстарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі – экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизатциялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.

   Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері – әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін  қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық – өндірістік  нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар – глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.

   Экология гректің «эйкос – үй, жай», және «логос -ілім» деген сөзінен шыққан. Экология терминін ғылыми айналымға неміс биологы Э.Геккель (1866жылы) ұсынған.

   Эколокгия ғылымы жөнініде батыс ғалымдары: Ю.Одум, Р.Дажо, Н.Ф.Реймерс, П.Троян, Р.Риклефс, К. Армс, П.Кемп, У.Линден, Ж.Леме ресейлік ғалымдар: В.А. Вронский, Ю.Н.Куражковский, Д.Ж.Маркович, К.С.Лосев, Н.М.Чернова, А.М.Былова және қазақстандық ғалымдар Ә.С.Бейсенова, С.Әубәкіров, А.Әбдірахманов, Ұ.М.Ысқақов, Н.Сейітов, В.С.Слащев және басқа эколог ғалымдардың еңбектері құнды. Экология содай-ақ: география, химия, биология, табиғаттану, жаратылыстану және басқа пәндермен тығыз байланысты. Экология ілімінің түпнамасын жұмыр Жер жаратылысының тарихынан бастап тартқан дұрыс. Оның себебі: әуел бастағы Жердің протобиологиялық эволюция дәуірлерін геохронология тұрғысынан сараптайтын болсақ, даму мен қалыптасу эраларындағы: эндогендік, экзогендік және тектоникалық табиғи апаттар күштерінен пайда болған экологиялық құбылыстарды байқауымызға болады. Антропогендік ықпалға дейінгі қалыптасқан орасан сыртқы және ішкі күштер жиынтықтары (космостық, вулкандық, магмалық, сейсмикалық, геосинклинальдік, гидрокатастрофалық т.б.)жер ландшафтысы мен биосферасын, рельефн қатты өзгерстерге ұшыратумен бірге, айтарлықтай экологиялық проблемаларды туындатқаны анық.

   Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат пнерзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы – экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атамдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрдежүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атамдық кешенді қондырғыларды іске қосуы – ғылыми – техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен – ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады.

   Әлем кеңістігінде белең ала бастаған экологиялық апаттар ареалдары жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Әсіресе, жер шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік мұхит экожүйесінің ластануы – биогеоценоз айналымының тежелуіне  ұйытқы болуда. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа қабаттарына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна дүниелерінің деградациялануы сияқты кһріністер жыл өткен сайын жиі қайталануда.

    Қоғамныңэкологиялық мәдениетін және мамандардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік – техникалық, арнаулы және жоғары білім берудің бүкіл процесін, мамандары қайта даярлау мен олардың біліктілігін артыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен білім бердің жалпыға бірдей және үздіксіз жүйесі белгіленеді.

    Халық арасына экологиялық білім туралы таратуды мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтін өзге де тәртіппен жүзеге асады.

   Оқу органдарының білім беру бағдарына және жеке меншік нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндерді оқыту көзделуі тиіс.

    Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін қызметке байланысты лауызымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндетті.  Басшылар мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау  кезінде ескеріледі.

   Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздерін әзірлеу және жасау мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

    Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибе конструкторлық және енгізу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттік) бағдарламаларға енгізілген жағдайда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

   Еліміздің табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады десек, бүгінге дейін адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзі  деп қарап келгені де рас.

   Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесімділігін сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегіше екіге бөліп қарау маңызы айқындала түсуде:

    -табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелі –эстетикалық қажеттіліктер үшін шектеулі пайдалану құқығы.

    -табиғи ресурстарды адамның өмірі мен  тіршілігі үшін шекті пайдалану құқығы.

    Бұдан шығар негізгі түйін, ғылымда «экология» ұғымының негізін алғаш қалыптастырған неміс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: «қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байланысты задылық. Қоршаған табиғи орта – адам тіршілігіне, шаруашылығына қатысты әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерді өтейді, оның байлығын дұрыс пайдалана білсе, ол сарқылмайтын игілік көзі» болмақ.

     Бірақ мыңдаған жылдар бойы өсіп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерінде жиі қоныстанған аймақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлініп, кейбіреулері пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешенді пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.

    Осылайша, табиғи шикі затты пайдаланатын өнеркәсіп өндірісінің дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсіп орындарынан шығатын керексіз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңістігін ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.

    Осы орайда, экологиялық білім берудің мақсаты- жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, «адам-қоғам-табиғат» арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, білім жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.

    Соның нәтижесінде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселерді шешу қажеттігі экологиялық білім берудің басты міндеттері  болып табылатындығы нақты танылған.

     Оларға:

     1) экологиялықжәне табиғат қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау;

     2) табиғи ресурстарды пайдалануда жауапкершілікті күшейту;

     3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіруді;

     4) үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездетуді;

      5) елдегі экологиялық жағдайлар мәліметтерінің көпшілікке жетуін қамтамасыз етуді жатқызуға болады;

     Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез- келген мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен  табиғи дүлей апаттармен  басталуы бүгінгі қоғам үшін  экологиялық құқықтық сананың жетілу толғағында  ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр.

    Бұл бағытта еліміз келешекте экологиялық қауіпсіздік мүддесіне үміт артып, «Қазақстан 2030» даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының  2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХІ – ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де Жанейро декларциясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздігі Тұжырымдамасын бекітуі.

    Қорыта айтқанда, қоршаған  табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игілігі үшін мейлінше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту ісі бүгінгі күн талабына сай туындап отырған келелі мәселе.

Дархан табиғат қанша бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексіз емес екендігін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздіксіз білім беруді заңдастыру ұстанымымен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексін қабылдау ұсынысы енжарлыққа бой алдырмай, көзі қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетін қоғамдық тұжырым деп білеміз.

    Ал, бұл іс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетін көрсететін белсенділік қабілетінсіз мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық білім мен  тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне табиғатты қорғауға немқұрайлықпен қарамауды үйретіп, қоғам мүшесін әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейді.

    Тіл  - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Біз, балалар танымын зерделей отырып, бұл тақырыпта жазылған шығармалардағы жалқы есімдерге де  талдау жасай кеткенді жөн санадық. Себебі, ономастикалық атаулар да тілдік қордың  құрамдас бөлшегі ретінде өз бойына этнос өмірінің құнды деректерін жинаған. Жер бетіндегі әрбір этностың бір-біріне ұқсамайтын мәдениеті мен өзіне тән ерекшеліктері болатыны тарихи заңдылық. Мұндай құбылыс сол тілдік ұжымдағы ортаның қарым-қатынасынан, олардың сөйлеу мәдениеті мен өмір сүру дағдысынан, тектік құрылымның комуникативтік ерекшеліктерінен анық байқалатынын әбден аңғаруға болады. Бұл ерекшеліктер сол кезеңге тән қоғамдық сананың тілінде жақсы сақталады да, сол этностың рухани, мәдени құндылықтарының негізін көрсетеді. Осыған орай қазіргі тіл ғылымында халықтың, индивидтің, оның ішінде бала дүние танымындағы қоршаған ортаның этнометальды өмірін, дүниетанымдық сипатын қарастыратын антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің мәні зор болмақ. Себебі, тіл адамдардың  іс-әрекетінен тыс дамымайды. Тілдік ұжымды, жеке адамды тілі арқылы танығанда ғана оның шаруашылық, мәдени өмірінен толық ақпарат алуға болады. Ал, баланың қоршаған ортаны қабылдауы мен ой-танымы, оны санаға сіңіруі, болмыс туралы ақпарат жинақтауы  жас ерекшклік психологиясына сай этностың когнитивтік деңгейінің даму кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді. Тілдің ұжым мүшелерінің дүниетанымы адамзат пен мәдениеттің даму кезеңдерінің сатысынан өткен сайын аұиұат дүниені тек логикалық-позитивтік қана емес, этикалық-моральдық , ментальдық тұрғыдан да таныла алады.

 

                                  ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

       Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. –Алматы, 1995. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. –Алматы: Қазақпарат, 2000.

     Әбдіғазиев Б. Асыл арна.- Алматы: Қазақ университеті. -1992.    

     Базарбаев М. Көрікті ойдан - көркем сөз. Алматы: Рауан, -1994.

     Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.-Алматы: жазушы. – 1989.

     Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын,- 1997.

     Есім Ғ. Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Абай.-1998.

     Қадыр Мырзалиев. Таңдамалы. Алматы,- 1999.

     Қадыр Мырза Әли. Таңдамалы. Алматы,- 2000.

     Жұртбаев Т. Ақ бостандық туғызған азаматтар\\ Жұлдыз. – 1998.№11

     Қазақ әдебиетін зерттеу мен оқытудың актуальды мәселелері. – Алматы:КазПИ, - 1993.

     Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы: Оқу құралы /Әл-Фараби атынд.Қаз. Мем. Ұлттық ун-ті; Жалпы ред. Басқ. Т. Кәкішұлы. – Алматы: Қазақ университеті, -2001. 1-кітап-2001.

 

   

                                           Құс – көктем жаршысы

   Барлық тыныс тіршіліктің бастауы – көктемнің ерекшелігін байқату, көктемнің алғашқы жаршысы – құстарды қарсы алып, қамқорлық жасау. Халық қазынасы мақал-мәтелді, жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

  Сабақтың барысы: « Көктем» вальсі  әуенімен оқушылар сыныпқа билеп кіріп, отырады.

1-бала:

Сәуір міне келді жайнап

Көктемнің бұл айы.

Құс біткеннен төгілген ән

Бейне көктем жырлары.

2-бала:

Сағынышпен жеткен

Қуануа бер көктем.

Жайна нұрлы гүлдің

Көктем тірлік айғағы!

   Бастаушы: -Сәлеметсіздерме, достар! Сіздерді «Құс  - көктем жаршысы » атты тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз!Көктем мерекесі «Құс күнімен» құттықтаймыз! Бұл мереке – табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы. Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар.

       «Көктем вальсі» әуенімен билеп «Көктем» келеді:

   Сәлем достар аманба?

   Мынау бейбіт заманда.

   «Құс көктем жаршысы»

   Ән саламын құс үнімен,

Сәнденемін нұр гүлімен.

Құттықтаймын бәріңді,

Құс мереке күнімен.

«Көктем» әні орындалады.

Көктем:

Ал, құрметті, халайық

Мерекені бастайық.

Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

Құстарды қарсы алайық, -деп жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай,

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай.

                                                    (Қарлығаш)

 

Қарлығаш ұшып келіп :

Мен- адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе, кәсібім,

Ұстап жеймін қырамын.

Тазалаймын үй ішін,

Шыбын деген кеселден

Ел аузында мақтаулы

 Санитармын төселген.

Жұмбақ:

Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға ғып

Тоқ-тоқ соғады.

                                        (Тоқылдақ)

  -Балалар, мен орман құсымын, өзімнің балға тұмсығыммен ағаш қабығының арасындағы зиянкестерді тауып құртамын.

  Орман іші соқылдап

  Жаңғырықты түнімен.

  Ұрды ағашты тоқылдақ

  Тұмсығының түбімен.

   Жұмбақ:

  Биікке салған ағаш үй

  Сол ғой оның мекені.

  Жаздай сайран салып-ап,

  Қыста алысқа кетеді.

                                         (Қараторғай)

«Аққулар »биі. Қыздар тобы.

Аққу:

Заң жоқ еш уақытта

Біздерді атуға

Түсімде  аппақ

Атымда ...

(Хормен Аққу)

Айнұр:

Құс сұлуы аққумен

Табиғат көрік сыйлаған

Мылтығымен кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Саналық көрініс «Жарқанат неге түнде ұшады».

Мұзафар Әлімбай, Ертегі-дастан.

   -Балалар, құстар туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

   -Бұлбұл үнді, жылан тілді.

   -Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.

   -Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

Ойын: «Кім көп құс біледі?»

Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

   -Ендеше, балалар, еңбек сабағында құстарға ұя жасап, жем салғыш жасап оларды қорғайық. Ал кәнеки, балалар, құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

   -Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады,, ауа райы өзгереді.

   -Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.

   -Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

   -Қарға қарқылдаса, қар жауады.

        

            Ұлпан:

Оянды бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай қыс қамынан

Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План дуниетану (3- сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 760
    • DOCX 23.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акжигитова Талшын Мыратбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акжигитова Талшын Мыратбаевна
    Акжигитова Талшын Мыратбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7032
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1105 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе