Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Конспекты / План конспект урока по черчении на тему "Тік бұрыштап проекциялау әдісі " (9 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

План конспект урока по черчении на тему "Тік бұрыштап проекциялау әдісі " (9 класс)

библиотека
материалов

Сыныбы: 9

Тақырыбы: 12 Тік бұрыштап проекциялау әдісі


Мақсат:

  1. Білімділік: Тік бұрыштап проекциялау әдісімен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Сызудың алғашқы негіздерін игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрациялау, сызу

Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, «Проекция түрлері» презентациясы, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.

Сендер бүгін сабақта тік бұрыштап проекциялау әдісімен танысып оның өмірде инженерлік графика да пайдалану негіздерімен танысасыңдар.

III. Өткен тақырыпты қайталау

  1. Қандай проекциялау центрлік, параллель, тік бұрыштап және қиғаш бұрыштап проекциялау деп аталады.?

  2. Проекциялаудың қандай тәсілін негізгі деп алуға болады?

ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

Тік бұрыштап проекциялау

hello_html_m72ab7293.pngБір проекция жазықтығына проекциялау. Нәрсенің 1-суретте берілгендей, тік бұрышты проекциясын салу қажет болсын. Проекциялардың вертикаль жазықтығын таңдап аламыз (оны V әрпімен белгілейміз). Көрушінің алдына орналаскан осындай жазықтықты фронталь жазықтық деп атайды. Бұл француздың «фронталь», «беті көрушіге қараған» деген сөзінен шыққан. Енді нәрсені алдыңғы жағынан карай отырып, оның осы жазықтыктағы проекциясын құрамыз. Ол үшін ойша бірнеше нүктелер арқылы, мысалы нәрсенің төбелері және тесік нүктелері, проекциялаушы сәулелер арқылы V проекция жазыктығына перпендикуляр жүргіземіз а-сурет. Олардын жазықтықпен қиылысу нүктелерін белгілеп, оны түзумен, ал шеңбер нүктелерін қисық сызықпен қосамыз. Сөйтіп, нәрсенің жазықтықтағы проекциясын аламыз. Нәрсенің проекция жазықтығының алдына оның екі беті осы жазықтықта параллель болып шығатындай орналасқанын, және бұрмасыз проекцияланғанын ескеріңдер.

hello_html_m2b7c1128.png

Алынған проекция бойынша біз нәрсенің тек екі өлшемі жөнінде бұл жағдайда тесіктің биіктігі мен ені және диаметрі жөнінде айта аламыз в-сурет Ал нәрсенің қалыңдығы қандай? Алынған проекцияны пайдалана отырып, біз бұл жөнінде айта алмаймыз. Ендеше, бір проекция нәрсенің үшінші өлшемін көрсете алмайды. Осындай кескін бойынша детальдың пішіні жөнінде толық пікір айту үшін, оны суреттегідей, кейде детальдың жуандығы туралы нұскаумен толықтырып отырады. Егер иәрсенің пішіні күрделі болмаса, дөңесі, ойығы және тағы баскалары болмаса, оны шартты түрде жазык деп есептеуге болады. Бір тік бұрыпіты проекцияны қамтитын деталь сызбасының мысалын сендер суреттерден көрген болатынсыңдар.

Бірнеше проекция жазықтығына проекциялау. Бір нроекция бойынша нәрсенің геометриялық пішіні туралы, әркашан дәйекті пікір айтуға болмайды. Мысалы, а-суретте берілген бір проекция бойынша нәрсені б және в-суреттерде көрсетілгендей етіп түсінуге болады. Сондайақ өз проекциясының кескіні а-суретте берілгендей болатын баска нәрселерді де таңдап алуға болады. Бүған қоса, мұндай кескінде нәрсенің үшінші өлшемі бейнеленбеген.


hello_html_m5c0d1a4d.pnghello_html_m7395c39b.pnghello_html_m33adcb8.png





а) б) в)

Егер нәрсенің бір емес, екі проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтыкта: фронталь және гооизонталь жазыктықта (оны Н әрпімен белгілейді) салсақ онда мұндай кемшіліктің бәрін жоюға болады.

hello_html_29fd4acf.pnghello_html_29fd4acf.png

Фронталь V жазықтықта проек-ция алу үшін нәрсені-алдыңгы жағынаи, ал горизонталь Н жазықтықты үстіңгі жағынан қарастырамыз. Нәрсенің V жазықтыктағы проекциясы-фронталь проекция, Н жазықтыктағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын (ол х-пен белгіленеді) проекциялар осі деп атайды (б-сурет). Осындай жолмен салынған проекциялар кеңістікте әр түрлі жазықтықтарда (горизонталь және вертикаль) орналасқан болып шығады. Нәрсенің кескінін бір парақ қағазға, яғни бір жазықтыққа сызады. Сондықтан нәрсенің сызбасын сызу үшін, екі жазықтықты да бір жазықтыққа келтіреді. Ол үшін проекциялардың горизонталь жазықтығын, ол вертикаль жазыктықпен беттесетіндей етіп х осінен твмен қарай 90°-қа бұрады. Сонда екі проекция да бір жазыктықта орналасқандай болып шыгады. Проекциялар жазықтығының шекарасын сызбада көрсетпесе де болады, Егер қажет болмаса, проекциялаушы сәулелер мен проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығы, яғни проекциялар осі де сызбаға түсірілмейді.

hello_html_m22c43820.pnghello_html_m22c43820.png

hello_html_m22c43820.png









Беттестірілген жазықтықтарда нәрсенің фронталь және горизонталь проекцияларын проекциялық байланыста, яғни горизонталь проекцняяы фронталь проекцияның дәл астына орналастырады. Нәрсеніц төменгі шығыңқы жерінің горизонталь проекцияда көрінбей қалғанына көңіл аударыңдар, сондыктан ол штрих сызықтармен көрсетілген.

Тағы да бір мысал қарастырайық. суреттеғі сызба бойынша детальдың жалпы пішінін көз алдымызға оңай келтіре аламыз. Бірақ вертикаль бөліктегі ойықтың пішіні айқындалмай қалады. Оның қандай екенін көру үшін тағы да бір жазықтыққа проекция салу керек. Оны Н және V проекция жазықтықтарына перпенди-куляр орналастырады.

Проекциялардың үшінші W жазықтығы профиль жазықтық деп, ал одан шыққан проекция нәрсенің профиль проекциясы деп аталады (бұл француздыц «профиль» деген сөзінен шыққан, қазақша «бүйірінен қарағандағы көрінісі» дегенді білдіреді). Оны w әрпімен белгілейді (а-сурет).

Проекцияланған нәрсе кеңістіктерде V, Н және W жазықтықтарымен жасалған үш қырлы бұрышқа орналасқан және үш жағынан алдыңғы, үстіңгі және сол жағынан қаралады. Нәрсенің өзіне тән нүктелері арқылы проекция жазықтығымен киылысқанға дсйін проекциялаушы сәулелер жүргізіледі. Қиылысу нүктелерін түзу немесе кисық сызықтармен қосады. Алынған фигуралар нәрсенін, V, Н және W жазыктықтарындағы проекциялары болады. Проекциялардың профиль жазықтығы-вертикаль жазықтық. Ол Н жазықтығымен қиылысқанда у осі, ал V жазықтығымен қиылысқанда 2 осі шығады. Сызбаны шығарып алу үшін W жазықтығын оңға қарай 90°-қа, ал Н жазықтығын төмен қарай 90°-қа бұрады б-сурет). Осындай жолмен табылған сызба нәрсенің тік бұрышты үш проекциясынан: фронталь, горизонталь және профиль (а-сурет) проекциясынан тұрады. Проекция осі мен проекциялаушы сәулелер де сызбада көрсетілмейді(б-сурет).

Сызбада профиль проекцияны фронталь проекциямен проекциялық байланыста, яғни оның оң жағына бірдей биіктікте орналастырады. Бірнеше тік бұрышты проекциялардан тұратын сызбаны тік. бұрышты проекциялар жүйесіндегі сызбалар деп атайды. Нәрсенің сызбадағы геометриялық пішінінің күрделілігіне қарай, ол бір, екі және одан да көп проекциямен берілуі мүмкін.

V. Жаңа сабақты бекіту

  1. Нәрсенің сыэбадағы бір проекциясы әрқашан да жеткілікті бола ма?

  2. Проекциялар жазықтықтарын қалай атайды? Олар қалай белгіленеді?

  3. Нәрсені үш проекция жазықтығына проекциялағаннан шыққан проекциялар қалай аталады? Осы жазықтықтар бір-біріне қатысты қалай орналасуы керек?

Жаттығу:

hello_html_m58e35b70.png

суретте детальдың-бұрыштықтың көрнекі кескіні мен сызбасы берілген. Көрнекі кескінде стрелкамен проекциялау бағыты көрсетілген. детальдардың проекциялары 1, 2, 3 цифрларымен белгіленген. Сендер, сызбаны қайта сызып жатпай, жұмыс дәптерлеріңе: а) проекциялау бағытының әрқайсысы (әріппен белгіленген) қай проекцияға (цифрмен белгіленген) сәйкес келетінін; б) /, 2 және 3 проекциясының атын жазуларыңа болады.


VI. Қорытынды: осы сабақта оқушылар тік бұрыштап проекциялау қасиеттерімен әдісін игерді.

VII. Үйге тапсырма: тақырыпты қайталау, үй жұмысын орындап аяқтау.

Үй жұмысы:

Тhello_html_3e562fba.jpghello_html_3e562fba.jpgөмендегі кестені деталь сызбаларының суреттерімен салыстырып отырып сәйкес келетін көріністердмен толтырыңдар.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров706
Номер материала ДВ-102969
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх