Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Конспекты / План конспект урока по физической культуре "Национальные игры"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

План конспект урока по физической культуре "Национальные игры"

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 18 мектеп гимназиясы» ММ



hello_html_m4a4b27a1.jpg

АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Ұлттық ойындар және эстафеталық сайыс.

(Пән аралық біріккен сабақ)



Өткізген: Бекентаев Нұржан Кабыкенұлы









Қостанай, 2015 – 2016 оқу жылы





Түсінік хат



«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - дейді Абай Құнанбаев. Ұлы Абайдың бұл пікірі ойынға қатысты деп ойлаймыз. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостарымен лиро – эпостарының қай – қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет – ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.

Олай болса осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, ел қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір бөлігіне «Ойлануды қажет ететін ойындар» жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиалық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Солардың төресі «Тоғызқұмалақ». Бұл дегеніміз дене тәрбиесінде шынығумен логикалық ойларды дамыту қағидасы әу бастан бар екеніне дәлел.

Осы жоспарда қазақтың ұлттық ойындары және эстафеталық сайыс түрінде пән аралық біріктірілген сабақты өткізу әдістемесі қарастырылып, қазақ тілі, орыс тілі, математика сынды пәндерден тапсырмалар дайындалды.

Бұл пәндік тапсырмаларды дайындауда осы сала мамандарымен бірлесіп, ҚР білім беру бағдарламасына сай әзірленді. Бұл тестілер оқушыларға сол пәндегі білімдерін нығайтуға негізделіп, қайталау ретінде өткен сабақтардан алынды.

Ал ұлттық ойындар өңделіп жаңа нұсқада дайындалды. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру басты мәселе болғандықтан ойын зерттеліп жақсы өзгерістермен берілуде.

Біріктірілген сабақ жалпы күнделікті жаттанда, жүйелі сабақтан қарағанда оқушыларға басқа әсер беріп, спортқа және басқа да пәндерге деген қызығушылығын оятады сенемін.















Дене шынықтыру сабағының конспект жоспары



Мұғалім: Бекентаев Нұржан Қабыкенұлы

Сынып: 5 сынып

Күні: 06.03.2016 ж Уақыты: 10.50-11.35

Тақырып: Ұлттық ойындар және эстафеталық сайыс түрінде пән аралық біріккен сабақ.

Мақсат: Оқушылардың дене тәрбиесімен білім деңгейін арттыру

Міндеттері: 1.Жан - жақты 6ілім беру

2. Қарым - қатынасқа тәрбиелеу

3.Тәндерін сауықтыру

Сабақ түрі: Пән аралық біріккен сабақ

Өткізетін орын: Спортзал

Құралдар: Гимнастиканың үлкен доптары, волейбол доптары, А4 қағазы, қалам, шығыршық, белгілер.

Сабақ мазмұны

Жүктеме мөлшері

Ұйымдастырылған әдістемелік нұсқау

Бастапқы бөлімі 12 минут

Сабақ тақырыбын түсіндіру.

Сап түзегенде жотаны дұрыс ұстауды тәрбиелеу.


Жаттығуларды спортзалдың қиғаш бағытында орындату



Жаттығуларды көрсетіп тұру








Сапта тұру қалпын ұйымдастыру



Жаттығулардың дұрыс орындалуына көңіл бөлу


Жаттығуларды көрсетір тұру




1. Қатарға сапқа тұрғызу, баяндама:

2. Амандасу, сабақ тақырыбын айту.

3. Кәдімгі жүріс

4. Жүріс түрлері: аяқ ұшымен, өкшемен жүрістер.

ЖДЖ қозғалыста орындау:

1. Баяу жүгіріс.

2. Өкшені тартып жүгіру

3. Тізені тартып жүгіру

4. Қарғып жүгіру (қол айналдыру)

5. Арқамен алға жүгіру

6.2 рет оңға, 2 рет солға айлана қозғалу

7.Қырындап жүгіруіп қол айналдыру

8.Аяқ алшақ-бірге секіру

9.Адымдап секіріп майысу

10.Адымдап секіріп майысу (өкше тарту)

11.Қимылда секіріп тізені тарту

12.Жылдамдыққа жүгіру

13.Тыныс алу

14.1 қатардан 3 қатарға сап түзеу

ЖДЖ бір орында орындау:

1.Қол жанға, оңға-солға бұру

2.Мойынға жаттығу

3.Иыққа жаттығу

4.Оң қол жоғары, сол қол төмен керу

5.Қол кеуде тұсына алақан төмен керілу

6.Сол қол белге, оң қол жоғары майысу

7.Екі қол белге айналдыру

8.Қадам артқа майысу

9.Қол алға, шынтақ тұсынан бүгулі аяқ көтеру

10.Диермен

11.Қол құлыпта, аяқ алшақ терең еңкейіп қолды еденгі тигізу

12.Тізеге жаттығу ішке-сыртқа айналдыру

13.Иілу

14.Отырып тұру

15. 360 секіру


30 сек

30 сек

30 сек

30сек


4 мин

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1рет

1 мин

1 мин

4 мин

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

6-8 рет

-

15 рет

6-8 рет

-

6-8 рет

2 рет

10 рет

2 рет

«Түзел»!, «Түк тұр!», «Еркін тұр!». Оңға! Зал шетімен, алға қадам бас!.


Бұйрықтар: жаттығуларды айтып көрсету


Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау







1-3 дейін санал! 1,ор. 2,2к. 3,4к алға бас!

Қол белге!

Қол иыққа!

Қол желкеге!

Қол жоғары-төмен

Солға, оңға

1,2,3,4

Оңға, солға

Алма-кезек керу

Тізені тарт, аяқты көтер!

Солға, оңға

Тізені бүкпе!


Аяқ иық кеңдігінде, қол тізеге

Денені түзу ұста!

1,2,3,4!


Негізгі бөлім 30 минут

Тапсырманы сырттан бақылап қателікті дұрыстау.


Оқушылар жұмысын бағалау




Үлгірімі төмен оқушыларға жеке көңіл бөлу.




Жоспарланған сабақты мақсатына жеткізу

1.Ұлттық ойын «Алакүшік» ойнауды түсіндіру және ойнату. Оқушылардан 1 немесе 2 топ жасап «Алакүшік» болушы балаға допты беріп атқызу. Қалғандары зал ішінде қорғана қашады. Толығырақ тапсырма № 1

2. Ұлттық ойын «Қамалды қорғау» ойнауды түсіндіру және ойнату. Толығырақ тапсырма № 2


Эстафета сайысының шартын түсіндіру.

3. Қазақ тілінен тапсырманы жылдам шешуден эстафета. Оқушыларды 2 немесе 3 топқа бөліп эстафеталық сайыс ұйымдастыру. Шығыршықпен доп жүргізу.

4. Орыс тілінен тапсырманы жылдам шешуден эстафета. Оқушыларды 2 немесе 3 топқа бөліп эстафеталық сайыс ұйымдастыру. Таяқпен доп жүргізу.

5. Математикадан жылдам есеп шығарудан эстафета. Оқушыларды 2 немесе 3 топқа бөліп эстафеталық сайыс ұйымдастыру. Футбол добын жүргізу.

Қосымша: Ұлттық ойын «Кім жылдам»

7 мин




6 мин




2 мин

5 мин



5 мин



5 мин




Ойын шартын түсіндіру


Уақытты бақылау

Ойынды қадағалау

Ойын шартын көрсетіп, түсіндіру

Қадағалау


Сөзбен жеткізіп көрсетіп ұғындыру


Көрсету



Ойын тәртібін бақылау


Жеңімпаздарды анықтау



Қорытынды бөлім 3 минут

Тәртіпті қадағалау

1.Қатарға сапқа тұрғызу

2. Бағалау, мадақтау, денсаулық тілеу

3.Ұйымдасқан түрде бір лекпен залдан шығу.

30 с

2 м

30 с

«Түзел»!, «Түк тұр!», «Еркін тұр!», Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!.

Солға!, алға бас!.

Тапсырма № 1. Ұлттық ойын «Алакүшік»

Жаңа нұсқа

Ескі нұсқа

«Алакүшік» ойыны

Ойынның шарты: «Алакүшік» ұлттық ойындардың бірі. Ойынды көбінесе жазық алаңда немесе спортзалда ойнауға болады. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуі «Алакүшік» етіп тағайындалады. Алакүшіктің қолына үлкен жұмсақ доп беріледі. Ол қалған балалар «Алакүшіктің» назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшік» ойнаушыларды доппен қуалап атқылайды. Денесіне доп тиген ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы: Бұл ойынның берер пайдасы денені тез қыздырады, тыныс алу жолдарын ашады, жылдамдықты, ептілікті, тез шешім қабылдауды арттырады. Ойынды ойнау барысында адамның аяқ, қол, дене бұлшық еттерінің жиырылу жүйесіне пайдалы және тиімді. Сонымен қатар осы ойын білім алушыларға жақсы көңіл күй сыйлайды. Алайда білім алушылар негізгі бөлімдегі күрес үйренумен қатар, күрделі ойындарды атқаруына дене куаты дайын болады.


Алакүшік ойыны

Алакүшік — бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынды көбінесе жазық алаңда немесе спортзалда ойнауға болады. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуін «алакүшік» етіп белгілейді. Олар «Алакүшіктің» назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшік» ойнаушылардың біреуін қуып жетіп қолмен түртуі тиіс. Қолмен түрткен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.


hello_html_m7c648ebd.jpg







Тапсырма № 2. Ұлттық ойын «Қамал қорғау»



Жаңа нұсқа

Ескі нұсқа

«Қамал қорғау»



Ойын шарты: Ойнаушылар арасынан бір “күзетші” тандалады және ол ортада қамалды қорғаушы боп орналасады. Сол жерге сауыт (қамал) тігіледі. Қалған ойнаушылар диаметрі 10 метр шеңбер бойынша тұрып, қамалды доппен лақтырып “атады”, ал “күзетші” орнын ауыстырып отырып оны шабуылдан қорғайды. Қамалға тигізген ойыншымен қорғаушымен рөлдерімен ауысады.

Ойнаушылардың минималды саны: 1 қорғаушы,1 шабуылшы; максималды саны: 1 қақпашы, 3 шабуылшы. Ойын кезінде жақындап кеп атуға тйым салынады, тек белгіленген жерден ату қажет.

Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы: Ойын мергендікке, айлакерлікке, ептілікке, табандылықпен күштілікке тәрбиелейді. Ойын кезінде бала барлық жағдайларды есепке алып қамалға дәл тигізу саясатын іске асыруға тырысады. Ал қорғаушының рөліндегі қимылдар лақтырушыдан да күрделі болғандықтан қорғаушының дене сапасының ерекше қасиеттері дамиды.


«Қамалды қорғау»

  Ойын жазда, көгалды алаңда өткізіледі. Ойынға мосы, ол болмаса орындық және жүннен жасалған доп керек. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ортадан үлкен шеңбер сызылады. Ойнаушылар сол шеңберді бойлай қатарласа тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды да бір ойыншы соны қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса, допты «Қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде-кім допты «Қамалға» тигізсе, сол қорғаушымен орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.




hello_html_1864b0ff.jpghello_html_m178b4417.jpg







Қосымша: Ұлттық ойын «Кім жылдам »

Жаңа нұсқа

Ескі нұсқа

Қазақтың ұлттық ойыны «Кім жылдам » өзгеріспен

Қазақтың ұлттық ойыны «Кім жылдам». Ойын аулада, спорт залында, сынып бөлмелерінде ойнала береді.

Ойын шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатысады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, оң иық жағымен екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Осындан соң ойын жүргізуші екеуіне де тең деңгейде, оң жақ өкше тұсына белбеу ұшын келтіріп, 50 сантиметрдей қалың белбеу тастайды да «ысқырып» қалады. Ысқырған кезде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені немесе екеуіде бірдей ұстап алса, ойыншылар тартыс бәсекесіне түсіп, белгіленген жерге дейін тартысады. Кім белбеуді тартып алса немесе білгіленген жерден асыра тартып әкетсе сол жеңген болып есептеледі. Екі жұптан соң ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын осылай жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.

Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы: Бұл адамның өз денесін еркін меңгеруіне, ептілікке, күштіліке, қайраттылыққа, жігерлілікке, табандылыққа, тәрбиелеп қол, аяқ күшімен тепе – теңдікті дамытады.

Ежелгі ойындардың бірі — Кім жылдам?. Ойын аулада, спорт залында, класс комнаталарында ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.




hello_html_23a79a4b.jpghello_html_16af560a.jpg









Тапсырма № 3

Қазақ тілінен сұрақтар

Бағалау әдісі: 1 дұрыс жауап 1 балл



  1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Ж:____ 9

  2. Қазақ тілінде жалғау нешеу? Ж:_____ 4

  3. Қазақ тілінде дыбыс нешеге бөлінеді? Ж:_____ 2

  4. Қазақ тілінде неше септік бар? Ж:_____ 7

  5. Қазақ әліппиінде неше әріп бар? Ж:____ 42

  6. Қазақ тілінде жуан дауыстылар нешеу? Ж:_____ 5

  7. Қазақ тілінде үндестік заңы нешеге бөлінеді? Ж:___ 2

  8. Қазақ тілінде дыбыс нешеге бөлінеді? Ж:_____ 2

  9. Қазақ тілінде неше септік бар? Ж:_____ 7



Балл__________













Тапсырма № 4

Руский язык

1 правильный ответ 1 балл

  1. Фонетика изучает 
    А) слово
    , B) звук , С) часть речи  D) словосочетание в

  2. Сколько гласных звуков 
    A) 7, B)10, С) 8, D) 6  в

  3. Звуков больше, чем букв
    А) речь
    , B) язык , С) текст, D) звук в

  4. Звонкие согласные 
    А) ч, щ
    В) ж, ш С) х, ц D) л, м  в

  5. Звонкий согласный 
    А)
    ч  B) й  С) т  D) щ в

  6. Глухой согласный 
    А)
    й  B) ч  С) г  D) б в

  7. Фонетика изучает 

А) слово, B) звук , С) часть речи  D) словосочетание в



  1. Сколько гласных звуков 
    A) 7, B)10, С) 8, D) 6 в



  1. Звонкие согласные в
    А) ч, щ
    В) ж, ш С) х, ц D) л, м  в



Балл__________





Тапсырма № 5

Математика

Бағалау әдісі: 1 дұрыс жауап 1 балл



1. 2 х 9 = 18

2. 3 х 6 = 18

3. 4 х 5 = 20

4. 5 х 5 = 25

5. 6 х 6 = 36

6. 7 х 5 = 35

7. 8 х 5 = 40

8. 9 х 3 = 27

9. 2 х 8 = 18



Балл__________

Автор
Дата добавления 28.05.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров82
Номер материала ДБ-101982
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх