Геометрия, 8 класс
Сабақтың тақырыбы: Трапецияның орта сызығы
Мақсаты: Трапецияның орта
сызығы туралы теорема мен оның дәлелдемесімен танысу. Трапецияның орта
сызығының қасиетін есептер шығаруда қолдана білу.
Оқытудың нәтижесі: Трапецияның
орта сызығы туралы теореманы, формуласын білетін болады.Формуланы есеп шығаруда
тиімді қолданып, білімдерін жетілдіріп, ойлау қабілеттерін дамыта түседі.
Әдіс – тәсілдер: СТО, АКТ; Топтық
жұмыс, жеке жұмыс, жалпы сыныптық жұмыс
Сабақтың жабдығы: Интерактивті
тақта, маркерлер, А- 2 форматты қағаздар, стикерлер, оқулық
І. Сыныпты стикерлер арқылы топқа бөлемін.
Оқушылар топқа бөлініп, топ
басшыларын сайлайды.
ІІ. Өткен
тақырыптар қайталанады: 5 минут
1-топқа:
Трапеция анықтамасы
2-топқа: Трапецияның
элементтері
3-топқа: Трапеция түрлері
4-топқа: Тең бүйірлі
трапецияның қасиеттері
Топтың шешімімен әр топтан бір
оқушы жауап береді.
ІІІ.
Жаңа тақырыпты игеру:
Трапецияның
орта сызығы туралы теореманы оқушыларға өз беттерінше оқып танысу тапсырылады.
Интерактивті
тақтадан теореманың дәлелдемесі көрсетіліп, қорытындыланады.
IV.
Интерактивті тақтадан тақырып бойынша берілген мысалдардың шығару жолдары
көрсетіледі. Сұрақ-жауап арқылы есептің шығарылуы қарастырылады, талданады.
V. Өз
беттерінше шығаруға интерактивті тақтада есептер беріледі:
1-топқа:
Трапецияның орта сызығы 6-ға тең. Табандарының ұзындығын табыңдар.
2-топқа:
Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғалары 3см, орта сызығы 5см. Периметрін
табыңдар.
3-топқа:
Теңбүйірлі трапецияның орта сызығы 4см, бүйір қабырғаларының қосындысы 5см.
Периметрін табыңдар.
Сызбасын
сызып, тақтаға есепті әр топтан бір оқушы шығарады.
VІ.
Оқулық бойынша топпен жұмыс: №107,108 есептер шығарылады.
VІІ.
«Бағдаршам» бойынша қорытынды, рефлексия жасау.
VІІІ.
Үйге тапсырма беріледі: Трапецияның орта сызығы. №110, 112
ІХ.
Бағалау: ОүБ; Стикер түсі арқылы бағаланады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.