Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / План-конспект по истории на тему "Сақтар туралы мәлімет"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

План-конспект по истории на тему "Сақтар туралы мәлімет"

библиотека
материалов

Сыныбы:6класс

Сабақтың тақырыбы: Сақтар туралы мәлімет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ұлтының мәдениетін, тарихын құрметтеуге, адамгершілікке сүйіспеншілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тарихи үрдістер мен оқиғалардың дамуын шындықпен баяндау арқылы оларда айналадағы дүниеге деген ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы \әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап\

Көрнекі құралдар: Қазақстан картасы, тақырыптық плакат, карточка, оқулықтағы суреттер т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезең: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын тұрақтандыру.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығының қалай дамығанын айтып бер.

  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

  4. Көктемгі жайылым қалай аталады?

  5. Киіз үйдің негізі.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сақ туралы алғашқы мәліметтер. Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбонды айтуға болады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.

Сақтар - б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады.

Ежелгі грек тарихшысы Геродот өз жазбаларында сақтарды массагет деп атаған. Грек деректерінде көшпелі тайпалардың тағы да бір атауы - дай (дайлар) кездеседі. Грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар «дұшпанға - қатал, досқа - адал» болған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап, құрмет тұтқан. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына көсемі болған. Грек авторы Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деп баяндайды.C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Изображение 004.jpg

Сақ тайпаларының қоныстануы. Ғалымдар Қазақстанның ертедегі сақ тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Парсылар оларды шошак бөріктілер - сақ-тиграхауда деп атаған. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Парсылар оларды сақ-парадарайа - теңіздің арғы жағындағы сақтар деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.

Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы «шошак төбелі сактардың» жиі қоныстанған орталығы болған. Осы «шошақ төбелі сақ» деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атап келген.

Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар, массагеттер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.

Сақ қоғамы. Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды.

Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар - малшылар құрады. Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиылысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге де ықпал жасады. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын. Тайпа мүшелері өз жиналыстарында көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі. Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрды. Жауынгерлерді ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайштар», яғни «арбада тұрғандар» деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаган мен айрықша бас киімдері саналды. Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.

Сақ жауынгерлері қызыл және сары-қызыл, абыздар ақ, ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген.

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын. Мысалы, сақтарды патшайым Томирис басқарды. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы: «Егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады» деп жазды. Тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халық жиналысына ерлермен бірге әйелдер де қатысуға құқылы болған.

Гректер сақтарды аса жоғары құрметтеп, оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген.







Краткое описание документа:

     Сақ туралы алғашқы мәліметтер. Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбонды айтуға болады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.

 

Сақтар - б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады.

Автор
Дата добавления 02.02.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров614
Номер материала 357978
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх