Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / План коучинга на тему: "АКТ талантты және дарынды оқушыларды аныктауда"

План коучинга на тему: "АКТ талантты және дарынды оқушыларды аныктауда"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m9032dc2.gifСагимбекова Айжан Алтынбековна

М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттіқ мекемесінің орыс тілі пәнінің мұғалімі еңбек өтілі 25 жыл

Күні:

Коучинг жоспары


Тақырыбы:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалы

Мақсаты:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктерін білу, олардың талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолдануды үйрену

Оқыту нәтижесі:

Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер АКТ-ның маңызын, оны қолдану мүмкіндіктерімен танысады; осы АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалай дамытуға болатының түсінеді.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (110-116 бет, 50-57 бет), www.cpm.kz

Әдіс-тәсілдер:

Топтық, жұптық жұмыс, диалог, өздік жұмыс, сұрақ-жауап

Дереккөздер:

Флипчарт, постер, презентация, интербелсенді тақта, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер

Тапсырмалар:

«Атом-молекула» ойыны; «Мозайка» әдісімен топтастыру; «Аквариум» және «Галерея» әдісімен постер қорғау; «Түрлі-түсті қағаздар» әдісімен спикер таңдау; «2 жұлдыз, 1 тілек», «Іс-әрекет» және «Сэндвич» әдісімен бағалау; ноутбукпен жұмыс, бейнежазбалар көру

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру. «Атом – молекула» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау.

Мұғалімдер 5, 6,4, 2 атом-молекуларға бөлініп, жұптасу, топтасу ойының ойнайды.

  • Топқа бөлу: «Мозайка» әдісімен топтасытру. Мұғалімдерге қима қағаздар таратылады, бұл қағаздарда АКТ құралдары жасырылған, мұғалімдер қиманы біріктіру арқылы топтасады.

  • 1 топ: Планшетер (планшеттің үш түрі)

  • 2 топ: Компьютер (монитор, тышқан, пернетақта)

  • 3 топ: Интербелсенді тақта (Activvote, ноутбук, интербелсенді тақта)

  • 4 топ: АКТ (ұялы телефон, камера, принтер)


Мұғалімдер қима қағаздарын алып, өз жұбын іздеп, суретті жинақтау арқылы топтаға бөлінеді.


  • Тақырыпқа шығу: Осы қима қағаздардың жиналған суретінен тақырыпқа шығу

  • Тапсырманы беру. Топтарға сұрақтар беріледі: АКТ дегеніміз не? Оны сабақта қолдану тиімділігі? АКТ-ны қолданудағы мәселелер мен шешу жолдары.

  • Осы сұрақтарға жауап беру үшін, топ мүшелері бірігіп, сұрақтарды талқылайды, өз жауаптарын постерге түсіреді.




Постер, маркерлерді пайдаланып, өз жобаларын жасайды.


  • Жұмысты қорғау. Спикерді таңдау үшін, топтарға түрлі-түсті қағаздардан жасалған гүлдер таратылады, әр адам бір жапырақты таңдайды. Бір түс өзгеше болғандықтан, осы түсті таңдаған адам топ басшысы (спикер) болады.

Жұмыстарды қорғау үшін «Аквариум» әдісі қолданылады. Спикер ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Ал басқа топтар «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісімен жұмыстарды бағалайды.






Спикерлер жұмысты қорғайды. Тыңдаушылар стикерге 2 жұлдыз және 1 тілек жазып постерге жабыстырады.

  • «Екі жарты» атты сергіту сәтін өткізу.

Мұғалімдер тұрып, бойларын сергітеді.

Бейнежазба көрсету. «8 жасар ақын - Жамбыл Дүйсенов» атты бейнежазба көрсетіледі.Топтар осы бейнежабаны көріп, болған соң, сұрақтар қойылады: Мына балаға сипаттама беріңіздер. Қандай бала? Неге олай ойлайсыздар?

Топтар өз ойымен бөліскен соң, сауалнама беріледі.

Топтар бейнежазбаны талқылап, сұрақтарға ауызша жауап береді


Мұғалімдер сауалнамаларға жауап береді.

Тапсырма: Топтарға «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбына ақпарат таратылады. Осы ақпаратты оқу, талқылау барысында топтар ноутбукте презентациялар жасайды.

  • 1 топ: Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы;

  • 2 топ: Мұғалімдер дарынды және талантты балаларды қалай анықтайды

  • 3 топ: Кез келген пән бойынша ойын, қызықты тапсырмалар жасау

4 топ:Алынған сауалнама нәтижесін шығарып, қорытынды жасау (диаграмма, анализ)


Ноутбуктерде слайдтар жасайды

Қорғау. Топтар «Галерея» әдісімен жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғайды. Қорғаулар аяқталған соң, «Іс-әрекет» әдісі арқылы бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды:

1-топ: Шапалақтау

2-топ: Жылы сөз

3-топ: Аяқ қимылы

4- топ: Өлең сөздері

Слайдтарды интербелсенді тақтадан көрсетіп, жұмыстарын қорғайды, ойынды ойнатып, сауалнама нәтижесімен таныстырады.

Топтар берілген іс-қимыл арқылы, бір-бірлерінің жұмысын бағалайды.

  • Презентация көрсету: «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР: АНЫҚТАУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ» слайдын көрсетіп, қорытынды жасау

Мұғалімдер презентациямен танысады, қорытынды жасайды.

Сергіту сәті

«Позитивный клип» бейнежазбасын көрсетіп, мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру.

Бағалау

«Сэндвич» әдісімен коучинг барысын бағалау. Бағалау қағаздарын «Ну погоди!» кейіпкерлерінің суреттеріне жабыстыру.




Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДВ-377558
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх