Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / План коучинга на тему "Сұрақтың түрлері"

План коучинга на тему "Сұрақтың түрлері"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:




24 ГИМНАЗИЯ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ









Коучинг жоспары

Тақырыбы:

«Мұғалімге сұрақ қоюға көмектесу»









Мұғалім: Аманбаева Айжан Шәкірқызы













Коучинг тақырыбы:  

Мұғалімге сұрақ қоюға көмектесу

Мақсаты:

Диалогтік оқыту, сұрақтың түрлері жайлы түсінік беру. Сабақ үрдісіндегі сұрақты дұрыс қоюдың маңызын түсіндіру. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып үйрету.

Сілтеме:

І.Мұғалімге арналған нұсқаулық 98-104 беттер

ІІ.Таныстырылым, бейнефильмдер

Оқу нәтижесі

1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;

2. Сұрақтың түрлері жайлы мәлімет алады;

3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

4.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Түйінді идеялар:

Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Сабақта қолданатын материалдар

(ресурс)

Үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер, бейнероликтер, түрлі-түсті стикерлер

Оқыту әдістері

Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, көру және есту арқылы сын тұрғысынан ойлау әдістері, интербелсенді әдістер, рефлексия

Тапсырмалар

ой қозғау, сұрақ құрау, ашық сұрақ құрастыру, бағалау, рефлексия

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті

Оқуға арналған тапсырмалар

Коучтың іс -әрекеті

Мұғалімдердің іс -әрекеті

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

2 мин

Көңіл- күй

тудыру

Сәлемдесу. Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Қатысушы ұстаздардың психологиялық кедергілерін жеңу үшін сергіту сәтіне би билейміз.


Қатысушы мұғалімдер бейнесюжет бойынша би билейді.


Топқа бөлу

1 мин


Сұрақтар жазылған қиындылар арқылы топқа бөледі. (кім? не? қандай? қашан? не істейді?)




Сұрақтар арқылы топқа бөлінеді.

1.Тақырыпты анықтау

7 мин



























«Жаршы» ойыны

(5минут)




1. Бүгінгі коучингтен сіз не күтесіз?

2. Коучингке қандай мақсатпен келдіңіз?



1. Таратылған сөздер бойынша кім не түсінді?

2. Бұл сөздерді біз қандай сипатына қарай топтастырамыз? (қойылған сұрақтарына қарай)

Жақсы, ендеше бүгінгі коучингіміздің тақырыбы да осы сұрақтарға байланысты болмақ. Бүгінгі коучингтің тақырыбын жариялаймын.



«Не істейді?» деген сұраққа жауапты топ мүшелері айтады. Сонда осы іс - әрекетті орындаушы кім? Мұғалім қандай болу керек? Мұғалім оқушылармен диалогқа түсу үшін қандай сұрақтар дайындауы керек? Сұрақ деңгейі қандай болу керек? Біз сұрақ қоя білеміз бе? Сұрақты дұрыс қоя білу үшін нені меңгеру қажет? деген сұрақтар қоямын.

Сұрақтың түрлері туралы түсіндіремін, таратпа материалды беріп, топ ішінде талқылауды ұсынамын. «Сабақ үдерісіндегі сұрақтар қандай болуы керек?» деген тақырыпта ой бөліседі.

Сұраққа жауапты стикерлерге жазады.











Сұрақтарға жауап береді.











Әр топ «Сабақ үдерісіндегі сұрақтар қандай болуы керек?» деген тақырыпта ой бөлісіп, жарлық шығарып, оқиды. Бағдаршам арқылы бағалайды.



















































































































































Тапсырмалармен жұмыс.

10мин









«Сұрақ қою шеберлері»

5 мин





























Жазбаша жұмыс

(5м)


Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін үғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.

Сұрақ қою

Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталды. Мысалға: Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар? Жауап (оқушы): Екі жүз алты.

Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.

Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік

берілмейді.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады.

Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім

алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін

сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен

материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей

етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне

және бағалауына ықпал етеді;

әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс- әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.



«Мақтаншақ қыз» мултьфильмін көру.

  • не түсінгенін талқылау

  • осы сюжет бойынша әр топқа бірнеше сұрақ құрату

  • берілген кесте бойынша жіңішке және жуан сұрақтар құрату.

  • Алғашқы және кейінгі сұрақтарды салыстыру.

Тәжірибе жүзінде ашық сұрақ құрастыруға тапсырма беру.



іңішке сұрақтар

"Жуан сұрақтар

Бір сөзбен жауап беруді қажет ететін сұрақтар.

Кім?

Не?

Қашан?

... қалай аталады?

... болған ба?

...мүмкін?

... болады?

... жасауы мүмкін бе?

... сіз келісесіз бе?

... дұрыс па?

Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасауды қажет ететін сұрақтар.

Үш түсіндірме беріңіз: ..., ..., ...

Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз?

Сіз неге ... деп ойлайсыз?

Сіз неге ... деп есептейсіз?

... айырмашылығы неде?

Егер ... болса, не болатындығына болжау жасаңыз?









Дұрыс сұрақ қоя білу оқытудың мазмұнын анықтай ма?

Ол үшін не істеу керек? Мұғалім нені мақсат етуі тиіс? – сұрақтар төңірегінде ойланып, «Сұрақ қоя білу – мұғалім шеберлігі» тақырыбында шағын эссе жазу.

































































































































































Мультфильмді тамашалап, сұрақ құрастырады.







Осы көрген мультфильм бойынша бірнеше ашық сұрақ құрастырады. Смайликтер арқылы бағалайды.

Мұғалімдер эссе жазады.





Қорытындылау

5 мин

Коучингті қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын:

Сіздің сабағыңызда сұрақтың қай түрі орын алады?

Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі қолданасыз?

Оқушыларыңыз ашық сұрақ құрастыра ала ма?

Сұрақты дұрыс қою тиімділігі туралы не айтасыз?

ҰБТ-ға дайындау жағдайында жабық сұрақтарға сүйенуге мәжбүр боламыз. Жабық сұрақтар оқушының ойлау қабілетін дамытпайтын болса, онда ҰБТ-ға біз қалайша дайындағанымыз дұрыс?



Қатысушы мұғалімдер сұрақтарға жауап беріп, өз ойын айтады.

Рефлексия

5 мин

«Шығу парағын» толтырғызу

  • Сұрақ

  • Пікір

  • Тілек

  • өз жұмысыма көзқарас



«Шығу парағын» толтырады.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 20.08.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров651
Номер материала ДA-009585
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх