Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / План коучинга "Оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерін анықтау"

План коучинга "Оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерін анықтау"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Коучинг өткізу жоспары №1


Күні: 23.10.2013 жыл

Коуч: Нусипалиева Рауан

Сабақтың тақырыбы:

Оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерін анықтау

Жалпы мақсаты:

  • Оқушылардың өз бетімен оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау.

  • Тәжірибені өзгерту арқылы оқытудағы кедергілерді қалай азайтуға болатынын қарастыру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

  • Оқушылардың өз бетімен білім алудағы қандай негізгі кедергілер бар және оларды қалай жеңуге болатындығын біледі.

  • Мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуге көмек бере алады.

  • Топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді.

Дереккөздер


  • Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей

  • L2W1D3_S1-2 сабақ жоспарынан үлгісі

  • Көбелек сабағы (Презентация)

  • Топтар.flv (Бейнежазба)

  • putting jacket done.wmv

Ресурстар

Стикерлер, қаламдар, қағаз А1, А3.

Түйінді идеялар:

  • Жастар қарқынды өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті бола алуы үшін мектептерге өз оқушыларына өзге кәсіби дағдылар мен білім беру қажет.

  • Оқытуды жоспарлауда Конфуциидің «Маған айт, мен сол жерде ұмытамын; Маған көрсет, мүмкін есте сақтармын; Маған әрекет ету мүмкіндігін бер, мен үйренемін» деген сөзін үнемі есте ұстау.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

Уақыт

Сергіту сәті

«Шыңжыр» ойынын өткізу. Мұғалімдер түрлі түсті қағазға өздерінің 4 жақсы қасиеттерін және 1 әлсіз жақтарын жазады. Оларды шыңжырға біріктіреді.

Ойынның мақсаты: мұғалімдерді ортақ мақсаттары бір, шыңжыр сияқты ажырамас, бірге екенін көрсету.

Ұжымдық

7 мин

Топқа бөлу

Мұғалімдерді «Мозайка» әдісі арқылы жұптастыру.


3 мин

Топтардың ережесін дайындау

Жұптардың ереже дайындауы. Ережені қорғауы.

Топтық жұмыс

10 мин

Тұжырымда-малық карта

«Бүгінгі мектеп оқушысы» тақырыбында постер дайындап, қорғау.

Түсіндіме сұрақтар:

  • Сыныптағы оқушыларыңыз қандай?

  • Оқушының бойында қандай жақсы қасиеттер бар деп есептейсіз?

  • Сіздің оқушыға көңіліңіз толмайтын кездеріңіз бола ма?

Жетектеуші сұрақтар:

  • Мектеп оқушысының бойындағы кемшіліктердің орын алу себебі неде деп ойлайсыз?


Кесімді сұрақтар:

  • Оқушылардың жоғарғы жетістікке жетуіне кедергі жасайтын факторларды сызба арқылы көрсетіңіздер.

Жұптық жұмыс

20 мин

Көбелек сабағы

Көбелек сабағы көрсетіледі. Топтар осы сабақ бойынша ой пікірлерін білдіреді.

Түсіндірме сұрақтар:

  • Көбелек бейнесінде кімді көруге болады?

  • Көбелектің сәтсіздікке ұшырауына кім кінәлі?

Жетектеуші сұрағы:

  1. Көбелек сабағында қандай кедергі көрініс тапқан?

  2. Осы кедергіні қалай жеңуге болады?

Презентация көру

Пікір білдіру

10 мин

Өзін-өзі реттеу

putting jacket done.wmv видеофильмін тамашалау. Топтар осы видеофилмді тамашалау арқылы пікірлерімен бөліседі.

Кесімді сұрақ:

Мұғалім ретінде оқушылардың өз бетінше білім алу жұмыстарын қалай ұйымдастырар едіңіз?

Видеофильм

5 мин

«Жасырылған затты тап» тренингі

Мұғалімдер – оқушы ролінде.

Тапсырма – жасырылған конфетті табу.

Тренинг барысы: Кері байланысқа негізделген тренингте сыртқа бір адамды шығарып конфетті жасырамыз. Конфетті табуға нұсқаулар беріледі:

  1. Нақты нұсқау

  2. Шатастыру

  3. Талпынысын басу

  4. Ешнәрсе айтпау

  5. Әрекет ету мүмкіндігін бермеу.

Осы тренингтен түйген ойларын топтарға талқылату.

Тренинг

15 мин

Ой қозғау

Бефельдің оқу пирамидасы таратылып беріледі. Осы бойынша ой тұжырымдайды.

Кесімді сұрақ:

  • Оқушының ақпаратты есте сақтауының жоғарғы пайызына қол жеткізуді сабақта қалай жүзеге асырар едіңіз?

Үлестірмелік материал


Талқылау

5 мин

Топтарды ұйымдастыру жолдары

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы видеоматериал көрсетіп, түйген ойларын сұрау.

Видеоматериал Талқылау


2 мин

10 мин

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері байланыс ұсынды.


3 мин

Оқуға арналған тапсырмалар:

  • Мұғалімнің ІІ деңгейге арналған нұсқаулығы. Қалай оқу керектігін үйрену. (68-бет)

  • Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері Оқу құралы.

  • Өз тәжірибеңізге топтық жұмысты, оқушының өз бетінше білім алуына ықпал ететін тапсырмалар енгізіңіз.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Мектеп мұғалімдерімен өткізілген "Оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерін анықтау" тақырыбындағы коучинг жоспары.

Жалпы мақсаты:

  • Оқушылардың өз бетімен оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау.
  • Тәжірибені өзгерту арқылы оқытудағы кедергілерді қалай азайтуға болатынын қарастыру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың өз бетімен білім алудағы қандай негізгі кедергілер бар және оларды қалай жеңуге болатындығын біледі.
  • Мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуге көмек бере алады.
  • Топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді.
Автор
Дата добавления 20.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров351
Номер материала 289301
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх