Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / План на тему "Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

План на тему "Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім"

библиотека
материалов

Байсеркеева Жансая Төлеуханқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

3 Талапкер орта мектебі

Целиноград ауданы

Ақмола облысы



Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім

(тіл мерекесіне арналған сайыс)


Сайыс мақсаты:

Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің мәртебесін асқақтату, биіктету. Туған тілімізді шұбарлаудан сақтау, қадір-қасиетін арттыру. Сұлу, көркем, бай тілімізде еркін, таза, әдемі сөйлей білуге үйрену.


Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөліп, әр топқа ат қою.Әділқазылар алқасын сайлау. Сайыс барысымен,ойын шарттарымен таныстыру.


Мұғалім сөзі:

Ана ардақты болғандықтан ана тіліміз – ардағымыз.

Ардағымызды аялай білейік,

Асылымызды асқақтата берейік!


Намысым менің, жыртылар ма екенсің,

Анамның тілі, ұмытылар ма екенсің.

Домбыра сынды күмбірлеп тұрсың, шешенсің,

Балқаймақ тілім, таңдайда еріп кетерсің.


Түс майданға тілің үшін тартынба,

Топқа кірсең, шар болаттай жарқылда.

Сонда ғана қазақ атың сақталып,

Ана тілің қалар мәңгі артыңда.



І гейм

Нағыз қазақ


3 топқа 3 тақырып беріп, сол тақырып бойынша басқа тілден енген сөздерді қатыстырмай (әсіресе орыс тілінен) әңгімелесу.


1.«Ана тілі» тобына «Еліміздегі мерекелер» тақырыбы


  1. Қазақ халқының қандай мерекелерін білесіңдер?

  2. Солардың ішіндегі біреуіне тоқталайық.

  3. Ол мереке қай айда болады?

  4. Мерекені қайда, қалай тойлайсыңдар?

  5. Мерекеде ата-анаңа, бауырларыңа, достарыңа қандай сыйлық сыйлар едіңдер?Сыйлықтарды қайдан сатып аласың?

  6. Мерекелерде суретке түсесіңдер ме, кім түсіреді?Суретке түсу үшін нені пайдаланасыңдар?т.б.




2.«Бабам тілі» тобына «Мерекелік дастархан» тақырыбы


1.Мерекелерде дастархан жасап үйдегілерді қуантасыңдар ма?

2.Мереке күндері қандай тағамдар дайындайсыңдар?

3. Ыстық ас мәзіріне не дайындар едіңдер?

4.Ас дайындағанда не қосасыңдар, қандай заттармен құрылғыларды пайдаланасыңдар?

5. Ыстық астан соң дастарханға қандай тағам келеді?т.б.



3. «Ана тілім - асылым» тобына «Ән мен әнші» тақырыбы

1. Еліміздегі қандай әншілерді білесіңдер?

2. Әншілік өнерде жүрген топтардан кімдерді білесіңдер?

3. Екі адамнан тұратын топ қалай аталушы еді?

4. Олардың әндері ұнай ма? Олар қандай әндерді шырқайды?

5. Сол әндерді шығарушыларды кімдер деп атаймыз?

6. Ән салып, күй орындағанда нелерді пайдаланамыз?

7. Өзің қандай аспаптарда ойнай аласың?т.б.

ІІ гейм

Мақалдан шыққан сурет-мәтін

3 топқа 3 мақал беріледі. Сол мақалды қатыстырып мәтін құраңдар және мәтін мазмұнын ашатындай сурет салыңдар.Әр топ мақалдарды сыртқы сандарына қарай таңдайды.

  1. Батыр туса - ел ырысы,

Жаңбыр жауса - жер ырысы.

  1. Қыз – халықтың гүлі,

Өлең – сауықтың гүлі

  1. Жаздың бір күні –

Қыстың мың күні





ІІІ гейм

Жанкүйерлер жарысы

3 топтың жанкүйерлеріне (сыныптастары, ата-аналары,т.б.) салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша сұрақтар беріледі. Берілген жауапқа сәйкес ән, мақал-мәтел айтулары керек. Жанкүйерлер сұрақтарды өздері ұнатқан түстегі қағаздар арқылы таңдайды.

1.Ерулік дегеніміз не?

Бұрынғы үй соңғы келіп қонған үйге ас берген. Соны ерулік дейміз. Бұл терең мәні бар, парасаты мол дәстүр.

  1. Абыр-сабыры басылғанша демеу.

  2. Жаңа жұртта жақсы тілек тоғыстырғаны.

  3. Ауылдас, қоралас отырудың алдымен малдың жайына көп пайдасы тиеді.

  4. Ауыл-үй, қыз-келіншек, бала-шаға бір-біріне бауыр басып, жақындасады.

Мақал: Көрші ақысы - қиын.

2. Жиеншар деген кім?

Жиеншар – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады. Оның баласы «дегеншар», оның баласы «көгеншар», «жүрежат», «туажат» болып кетеді.

Мақал: 1. Жиен назары - жаман.

2. Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.


3.Ат тергеу деген не?

Қазақтың келіні өзі түскен шаңырақтың үлкен-кішісінің, яғни жолдасының туған-туысқандарының атын тура атамай, үлкенін сыйлап, кішісін еркелетіп шақырған. Олардың аттары айтылатын сөздер кезіксе, мағыналас сөздермен алмастырып (мысалы, қозы – қошақан, аманды- есен,т.б.) атайды.

Мақалдар: 1. Жақсы келін – келін,

Жаман келін – өлім.

2. Келін, келін, келін бақ,

Келмей жатып сөзін бақ.

  1. Жақсы жерге келген келін – келін,

Жаман жерге келген келін – келсап.









ІV гейм

«Бақытты сәт» ойыны


Әр топ оқушылары шарларды таңдап, шар ішінде берілген сұрақтарға жауап береді. Ал «Бақытты сәт» деген шарға тап болса, 15 ұпай қосылады. Әр орындаған дұрыс тапсырма үшін 10 ұпай беріліп отырады.

Жарыс соңында әділқазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров138
Номер материала ДВ-426520
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх