Инфоурок Информатика Другие методич. материалыПлан открытого урока на тему "антивирустық программалар" (8 класс)

План открытого урока на тему "антивирустық программалар" (8 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  «Вирустар. Вирустан тазартатын программалар»

Мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға  вирустар туралы, оның түрлері мен оларға қарсы программалар туралы толық мағлұмат беріп, вирустардың таралу жолдары туралы білімдерін толықтыру.

         2. Дамытушылық:  ойлау, жобалау, жаңа  мәліметтер  арқылы     білім қорын  көбейту,  ой-өрісін дамыту,  қабілеттерін дамыту.

         3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі  жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты  жеткізе білуге және  компьютерді  еркін  меңгеруге  үйренеді.

Сабақ  түрі:  Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау

Сабақ  типі:  Жаңа білімді меңгеру сабағы, саяхат сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Жеке,  өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.

Пәнаралық байланыс: Физика, Тарих.

Көрнекі құралдар: Слайд-фильм, оқулық, үлестірме тапсырмалар.

Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер.

Жоспары:

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Жаңа сабақ түсіндіру (тест сұрақтары)

3.     Жаңа сабақ жалғасы

4.     Бекіту

5.     Қорытындылау және бағалау

6.     Үй тапсырмасын беру.

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Слайд1: Бүгінгі күн.

1.1. Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.

1.2. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.

 

Мұғалім сөзі:

Үй тапсырмасын сұрау 2-3 слайд көрсету арқылы

 

2. Жаңа білім: 

         Үй тапсырмасын тексеріп болдық, енді жаңа сабағымызды бастайық. Жаңа сабағымыз «Антивирустық программалар». Антивирус сөзін толық меңгеру үшін алдымен осы антивирустық программалар күресетін вирустар болуы керек.

Компьютерлік  вирустарға  жалпы сипаттама

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.

Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеумен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды.

Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлуінде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар. Сондықтан да біздер компъютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай қадергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компъютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.

 

 

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).

 

 

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.

 

 

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

—  кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

-  экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

—  көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Вирус жұққан  блакноттың  суреті

 

 

  Компьютерлік   вирустардың   ену  мүмкіндіктері

Компьютерлік  вирустар  «таза»  компьютерге   вирус жұққан иілгіш дискеттер  арқылы  таратылады.

 

 

 

 

 

 

 


Егер  компьютер  жергілікті  желіге  қосылған болса,  онда  вирустың  таралуына   бұрынғыдан  да  кең  жол  ашылады.

Айта  кететін жайт,  вирустардың  кейбір түрлері  компьютерге  келісімен зиянды  ісіне  кірісіп кетеді,   ал  олардың  кейбірі  файлдар құрамына  еңсе  де іске  кіріспей,   біраз уақыт  тым -  тырыс  жасырынып  жатады,  бұл  уақытты  «инкубациялық  мезгіл»  деп  атайды. Бұл  мезгіл  аралығында   олар  екпінді  күйде файлдар арасына  таратылып,  зақым келтіруіді  белгілі  бір уақыт  мөлшері  өткен соң  немесе  ол өзін-өзі  белгіленген  мөлшерде  көбейтіп болған соң ғана  бастайды.

 

            Компьютерлік  вирустардың  жіктелуі.

Қазіргі  кезде  10 000  шамасында  компъютерлік вирустар белгілі.

Оларды әдетте әсер етуіне, логикасына байланысты және көлеміне қарай топтарға жіктейді.

 

Компъютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі.

 

Көлемі бойынша

Логикасы бойынша

әрекетіне  байланысты

Мақсатына

«А» 648 байт

«В» 1701 байт

«ұстауыштар»

ДЭЕМ – дерде

«бейсуат»

«С» 1808 байт

«логикалық бомбалар

Көп машиналы  кешеңдерде

«шантаж жасаушы»

«С» 1808  байт

«құрттар»

Есептеу  желілерінде

 

«Е» 1800 байт

«троян аттары»

Есептеу  желілерінде

 

«N» n байт

«жолбарыстар»

Информациялық желілерінде

 

«Z» n байт

ЭЕМ желілерінде

 

«мағынасыз»

 

 

Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:

ü    «Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

ü    «Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.

ü    «Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын  анықтау прогламмаларына  кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т.с.с

ü    «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.

 

Мақсаттарына   қарай  вирустар  мынандай  4  бөлікке  бөлінеді:

 

2.Тест сұрақтарына жауап беру.

Вирустар туралы білімімізді бекіту мақсатында және вирустар саябағынан антивирустар патшалығына жету үшін экрандағы тест сұрақтарына жауап берейік.  Экранда слайд-фильмдер арқылы көрсетілген тест сұрақтары шығады.

 

3. Компьютерлік   вирустардан  сақтану  жолдары

Вирустардан  сақтану үшін мынандай  шаралар қолдануға  болады:

ü    Информация қорғаудың жалпы  шаралары – дискіні  физикалық зақымданудан сақтау,  дұрыс жұмыс  істейтін  программаларды  қолдануға және  жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуін  тырысу;

ü    Профилактикалық  шараларды  пайдалану  яғни вирусты  жұқтыру мүмкіндігін  азайту тәсілдерін  қарастыру;

ü    Вирустан сақтайтын арнайы программаларды  пайдалану;

         Жалпы информация  қорғау  тәсілдері  тек вирустан сақтануға  ғана емес  басқа   жағдайда  да пайдалы болатынын есте  сақтаған  жөн. Ондай тәсілдің негізі екі түрі  белгілі.

2.     Информацияның көшірмесін алып тастау – файлдары және  дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

3.     Керекті  информацияңызды  басқалардың жиі  пайдалануына  тосқауыл қою – ол информацияны  рұқсатсыз  көшіріп  алуды,  яғни  программамен дұрыс жұмыс  істемейтіндерден  және  қателігі  бар программалардан  қашық  жүруді  және  мәліметтерді  өзгертуді, вирустар  енгізуді  болдырмауды  қамтамассыз   етеді.

 

 

 

 

 

 

 Антивирустық   программалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жалпы информацияда сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды  бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар, ревизорлар, доктор – ревизорлар, филътр программалар және вакциналар.

Вирустар әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады

ü Файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

ü Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.

ü Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сиппаттамаларын есте сақтайтын антивирустық программалардың негізі жұмысы – сол файлдардың жана сипаттамаларын бұрын белгіленіп жазылып қойылған мәндерден салыстырады. Егер файл ішіне вирус енсе, онда олар бір – біріне сай келмепйді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңада шыққан вирус түрін де анықтауға болады. Бірақ бұрын белгіленіп жазылып қойылған сипаттамаларды вирустан сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі вирустың әсерінен емес,  тексергенніне  кейін өзіңіздің өзгеруізден де болуы ықтимал. Оның үсітіне, сіз тексеру сипаттамаларын жазу кезінде компъютерде вирус жоқ екенін сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл  дұрыс нәтиже бере алмайды.

 

ü Детектор – программалар  тек бұрыннан белгілі  вирус  түрлерін  ғана қорғай алады,  жаңа  вирусқа  олар  дәрменсіз болып келеді.

ü Доктор  - програмалар  немесе  «фагтар»  вирус  жұққан  программалар мен дискілерді  «вирус  жұққан   программалар мен  дискілерді   «вирус»  әсерін  алып  тастау,   яғни  «жұлып алу»  арқылы  емдеп  оларды  бастапқы  қалпына  келтіреді.

ü Ревизор – программалар  да  алдымен  программалар мен дискіні жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісіне салыстыра отырып сәйкесіздікті анықтаса,  оны дереу прграмма иесіне хабарлайды.

ü Доктор – ревизорлар – доктор – программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайды түзейді.

ü Филътр программалар – компъютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетінде әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

ü Вакцина – программалар компъютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д.Лозинскийдің Aidtest программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компъютерді вирустардан сақтау үшін жиі – жиі дискілерді мынандай командамен тексеріп отыру керек.

Бұдан басқа И.Даниловтың қуатты полифаг – антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы да жиі қолданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін web c: /f  қатарын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық қатары арқылы программалық ортаға кіріп, меню жүйесі бар терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін /F1 пернесі-көмекші мәлімет ала отырып/ толық қолдана аламыз.

    Вирустардың жаңа түрлері күнбе – күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру – емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті.

 

4. Бекіту.

Антивирустар туралы алған білімімізді мына карточкаларды толтыру арқылы жауап береміз. Жаңа сабақты бекіту ретінде оқушыларға төмендегідей таратпа карточкалар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Қорытындылау және бағалау.

Компъютерге   вирус   енгенін   сезсеңіз, мына ережелерді

мұқият   орындаған   абзал:

         Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

         Дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керек – вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компъютерді бірден өшіру қажет.

         Егер компъютерге «жұққан» вирус түрін емдей алатын детектор- программаларыңыз болса,  дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

         Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

         Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына келтіруге тырысыңыз.

         Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

         Информацияны әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

         Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

         Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.

Сабақ аяқталған соң оқушыларды бағалаймын.

 

6.Үй тапсырмасы: оқулықтағы 5,5-тақырыпты қайталап оқып келуге беремін.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

Информатика пәні

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

Тақырыбы: «Антивирустық программалар»

 

 

 

Мұғалімі: Баукенова М.А.

 

Сыныбы: 8 «Ә»

 

 

 

 

 

 

 

Баршатас ауылы

2015ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План открытого урока на тему "антивирустық программалар" (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 490 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2015 1145
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баукенова Майгуль Азимжанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баукенова Майгуль Азимжанкызы
    Баукенова Майгуль Азимжанкызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3376
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 33 регионов

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции