Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыПлан открытого урока на тему "550 летие Казахского ханства" на казахском языке

План открытого урока на тему "550 летие Казахского ханства" на казахском языке

Скачать материал

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

 

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылуының тарихын білу. Оқушылардың Шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрату. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Белсенді тақта, хандардың суреті, ұлттық киімдер, музыкалық әуен.

 

Сабақ барысы

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме ұстаздар мен оқушылар. Біз бүгін сіздермен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ашық сабаққа жиналып отырмыз. Қазақ хандарының халқымыз үшін жасаған ерліктері зор. Ендеше «Қазақ хандығының құрылуы» деп аталатын ашық сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

 

Әнұран айтылады. (Белсенді тақтада Әнұранға арналған клип көрсетіледі)

 

 Мұғалім: Қазақ тарихшылары арасында қазақ халқы қашан құрылған деген даулы мәселе бар. Біреулері қазақ хандығы кезінде құрылған десе, екіншілері қазақ халқы қазақ хандығына дейін өмір сүрген, оның өзіндік атрибуттары болған деп дәлелдейді. Ендеше, қазақ халқының қалыптасу тарихы атты баяндамаға кезек берейік.

 

 

Слайд № 1    Қазақ халқының қалыптасуы. (баяндама)

 

1-слайд Титулка

2-слайд  Тақырыбы

 

3-слайд / 4слайд (Айдана)

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.

 

5-слайд / 6-слайд (Эльмира)

Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде алғашқы топтық бірігу- қола дәуірінен басталған. Оған дәлел:(Андрон, Беғазы-Дәндібай, Ботай жерлерінен табылған тарихи ескерткіштер).  Олар  өз заманында өзінше мәдениеттерін қалдырып,  қоғамға ерекше  үлес қосқан. Бұл дәуірде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, көршілік қауым өркендеді. Қола негізгі тіршілік көзіне айналды.Егін егіп,  мал шаруашылығымен айналысты, әсіресе жылқы малын құрметтеген.

 

7-слайд / 8-слайд (Анель)

Қоладан кейін –темір дәуірі басталды.

Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қатарына (сақ, сармат т.б.) тайпаларын жатқызамыз. Сақ тайпалары қазақ жерінде алғаш құрылған ірі тайпалар болып табылады. Қазақ тарихшылары «Қазақ» сөзін «Қас және Сақ» деген екі сөзден құрылған деп, біздің алғаш қалыптасуымыз яғни ата-тегіміз Сақтардан басталған деген пікірді айтады. Ендеше, біз үшін сақ тайпаларының орны ерекше.

 

9-слайд (Дильназ)

Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы  тайпалары саналады. Оны қытай деректері "Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді.

Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.

 

10-слайд / 11-слайд (Анель)

Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Түркі дәуірі 6ғ-дан- 12ғ дейін өмір сүрді.

Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.

 

13-слайд / 14-слайд (Айдана)

XIII ғасырдың басында  моңғол шапқыншылығы басталды, осы кезде этностық процесс тежелді.  Халық болып қалыптасу процесі XIIIғ.-дан -XV ғасырға дейін, ІІғ. уақытқа кешеуілдейді.

Дегенмен, Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.

 

15-слайд /16-слайд (Дильназ)

XIV-XV ғасырларда Шыңғыс әулетінің иеліктерінде монғол дәуірінің ыдырау процесі жүріп, нәтижесінде бірнеше мемлекеттер құрылды. Олар: Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында т,б. Өзара бөлініп кеткен мемлекеттердің толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.

Қазақ хандығының  XIV-XV ғас.–да Дешті Қыпшақ пен Орта Азия жерінде ыдырап жатқан мемлекеттердің  негізінде құрылғандығы  заңды құбылыс.

 

 

Видео «Қазақ елі» 3-4 мин.

 

 

 Слайд № 2   Қазақ хандығының құрылу тарихы (баяндама)

 

1-жүргізушіМұхаммед Хайдар Дулати           1-слайд

   -  Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген.

 

2 жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуы       2-3-4 слайдтар

-15ғ.-дың 20-ж.нан бастап ойраттар Жетісуды жиі шабуылдайды.

 а)Жайылым жер үшін;    б)сауда үшін

1457 ж. Әбілқайырхан Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалады. Масқара жеңілісінен кейін - Әбілхайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін одан әрі күшейтеді. Нәтижесінде қазақтың ру-тайпалары Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасады.15ғ-дың 50ж-нан бастап, 10жыл бойы осы тасқын толастамайды. 200мың адам Керей мен Жәнібектің соңынан еріп, Жетісудың батысына Моғолстанға қарай көшеді. Қазақтардың бір мемлекетке бірігуі осылайша басталады.

 

1 жүргізуші: -Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен Бұға Шу мен Талас бойынан жер береді.

Есен Бұғаның мақсаты:

а)Әбілқайыр мен Темір әлетіне қарсы қазақтарды пайдалану;

б)Моғолстанның шекарасын ойраттардан қорғау;

      Осылайша -  Қазақ хандығы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылады. 

2– жүргізуші: 1465-1466ж. Қазақ хандығының құрылуы ішкі феодалдық талас-тартысты тоқтатты. Ел ішінде тыныштық орнады, мамыржай заман келіп, Қазақ хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі артты.

1– жүргізуші:

                                    Мен қазақпын биікпін байтақ елмін,

                                    Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                                    Мен – мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

                                    Айта бергім келеді, айта бергім.
2– жүргізуші:

                                    Біз қазақпыз есігі – ашық, төрі – кең,

                                    Жылап өттік жылдар өмір өзегінен.

                                    Жетер енді желпінейік қарайық,

                                    Мына өмірге иелердің көзімен.

 

 

 Көрініс. «Қазақ хандығының құрылуы»

Мұғалім:

Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде 24 Бас хан, 19-20 Жүз хандары (кіші хандар) болды.Одан кейін әйгілі сұлтандар мен батырлар, билер болған екен. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттеріде әр деңгейде болды.Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Бірақ олардың бәріне ортақ қасиет – өз замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты қал – қадірінше хандық туын жықпауға тырысты.

Төрт ғасыр Қазақ хандығының билігін ұстаған тұлғалар мыналар еді:

 

 

8. Ұлдар Қазақ хандары туралы сөйлейді.

 

Болатұлы Керей хан (1456-1473)  (Аликан)

Барақұлы Жәнібек хан (1473-1480) (Мадияр)

Жәнібекұлы Қасым хан (1511-1518) (Диас)

Шығайұлы Есім хан (1598-1628) (Жан)

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) (Алихан)

Әскен ұлы Әбілхайыр хан (1693-1748) (Ислам)

Уәлиұлы Абылай хан(1711-1781) (Кенжебек)

Бөкейұлы Жәңгір хан (1801-1845) (Темирлан)

Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) (Оралбек)

 

 

 

 

 

8. Тақпақ «Тарихы терең қазақ елім»

(Кенжебек, Диас, Оралбек, Әлихан, Темирлан, Жан)

 

Біз қазақ, төсте малын баққан елміз,

Бірлігін үкі қылып таққан елміз,

Татулықтың байрағын биік ұстап,

Бейбітшілік алауын жаққан елміз.

Біз қазақ тарихымен мақтанамыз,

Әрбір күліп атқан таңнан бақ табамыз.

Абылай хан, Қасым, Жәңгір тұсында да,

Салт-дәстүрді ұмытпай сақтағанбыз

Қазақтың батырлары болған текті,

Тарихыма арқау болып солар жетті.

Соның бірін айта аламын еш жасқанбай,

Әрі батыр, әрі ақын Махамбетті!

Қазақ халқы тең емес пе бар асылға,

Бірақ бізге өзгелердің жаны ашыр ма?

Қазағымның дамуын қалдырды артта,

Жоңғарлардың шабуылы сан ғасырға.

Айналайын қазақ елі, күоімдеген,

Тарихңнан сыр шерттім жырымменен

Елім дейтін ұлдарың қайдан болсын,

Ел болмаса егер де ұлым деген.

Қаладық біз сәбилердің тоқтығын,

Артта қалды қиын күндер, жоқ бүгін.

Кеше ғана еңсесң биік ел болдық,

Желбіретіп тәуелсіздік көк туын.

Ел болдық біз бұзылмайтын қорғаны,

Мәлім болды бар ғаламға ол жағы.

Артта қалды асуларың сан қилы,

Енді туың құламаса болғаны.

Бұл күндерді аңсаған аналар да,

Шуақ болып шашылып барады алға.

Болашаққа саралы жол салып берген

Мың бір алғыс өр тұлғалы бабаларға!

Бүгін таңда достықты ту еткенсің,

Қазақ елім құламайтын бір өткелсің.

Бейбітшілік болсын деп мәңгі елімде,

Бұл шумақтар төгілді жүректен шын!



Мұғалім:  Қазақ хандығының ыдырауы      

 

Ия, төрт ғасыр бойы дәкірлеген Қазақ хандығының тарихында нелер болмады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалағап» қалың қазақ мамыра-жай тірлік кешкен дәуірлеу кезеңі де, жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартып кең сахараны бұлт торлап, ер етікпен қан кешкен күйзелген кезеңдер де өтті. Енді бүгінгі ұрпақтың мақсаты, ардақты есімдерді жарқырата паш етіп, ұрпағымыздың ұлттық мақтанышына айналдыру. Ұлы даланың қас перзенті – қазақ халқының азаттық жолындағы қасиетті күресінің асыл шежіресі, сол жолда елін бастап, ту көтерген бабаларымыздың өшпес есімдері біз үшін қашанда қымбат.

 

 Ән. Ортаға қолдарына көк ту ұстап барлық қатысушылар шығады. Абдуллаев Кенжебек  «Өз елім менің» әнін орындайды.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План открытого урока на тему "550 летие Казахского ханства" на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 658
    • DOCX 24.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукушева Жадыра Омышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукушева Жадыра Омышевна
    Мукушева Жадыра Омышевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5803
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 841 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 383 человека

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 683 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 372 человека