Инфоурок / История / Другие методич. материалы / План открытого урока по Истории на тему "Моңғол империясының құрылуы"

План открытого урока по Истории на тему "Моңғол империясының құрылуы"


библиотека
материалов

hello_html_m570ce5af.gifhello_html_m570fbfb1.gifhello_html_mc29db43.gifhello_html_m329a254d.gifhello_html_mc29db43.gifhello_html_m570fbfb1.gifhello_html_mc29db43.gifhello_html_m570fbfb1.gifhello_html_7115e965.gifhello_html_m5a9a06ea.gifhello_html_5aebad15.gifhello_html_m92c24de.gifhello_html_m5ef115b2.gifhello_html_4d2ab9c.gifhello_html_4f0a6c3d.gifhello_html_m212c9552.gifhello_html_7cd36174.gifTilekshi Katishova

Күні: 04.12.2015ж Сыныбы: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Моңғол империясының құрылуы     

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Моңғол мемлекетінің құрылуы, саяси әкімшілік құрылымы, Шыңғысханның «Яса» аталатын заңы жайлы, Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы туралы толық түсінік беру.

Дамытушылығы: Жаңа сабақты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына құрметке, патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке, азаттық жолындағы күреске тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Шыңғысхан портреті, бейне ролик, слайд, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2. Оқу құралдарын тексеру

3.Қатысты тексеру

4.Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қағаз түстерін таңдау арқылы үш топқа оқушылар түстеріне сәйкес отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Бәйге» жарысы. Слайдтағы ұяшықтардан сұрақтар ашылады.

1.Ахмет Йассауи жолын қуған шәкірттерінің бірі кім? (Сүлеймен Бақырғани) 20 ұпайға ие болады.

2. Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра? (Диуан-и-хикмет) 50 ұпайға ие болады.

3. «Құт негізі білік» еңбегінің авторы? (Жүсіп Баласағұни) 30ұпайға ие болады.

4.Махмут Қашғари еңбегі, өшпес мұрасы. ( «Диуани лұғат ат-түрік» Түрік тілдерінің сөздігі) 50 ұпайға ие болады

5.Махмуд Қашғари қай жылдары аралығында өмір сүрген? (1030-1090жж) 40 ұпайға ие болады.

6.Әбу Райхан әл-Бируни ғұламаның еңбектері қалай аталады? «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» 50ұпайға ие болады.

7.Денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен кім? (Әл-Бируни) 30 ұпайға ие болады.

Кейбір оқушылар карточкалар арқылы жауап береді.

Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар қойылады.

«Империя » деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Шыңғыс хан туралы не білесіңдер?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Ендеше оқушылар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Моңғол империясының құрылуы»



III. Жаңа сабақ жоспары

1.Моңғол империясының құрылуы.

2.Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.

3. Шыңғысханның жорықтары

4.Шапқыншылықтың зардаптары.

5. Ұлыстардың құрылуы.

Оқушылардың назарын тақтадағы бейне фильмге аудару. Моңғолдардың Отырарға шабуылы жөнінде фильмнен үзінді көрсету.

Жаңа сабақ түсіндіру.

Моңғол Империясының алғаш шаңырағын көтерген  Шыңғысхан (бала кезіндегі аты Темучин)1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында дүниеге келген. 1206 жылы Онон өзенінің бойында Темужүнді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайында тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ туды желбіретіп, Темужүнді хан сайлайды. Ш.хан империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.Әрбір түменде 10 мыңнан астам адам болды.

                               



Термин сөздермен жұмыс

«Жасақ»(Яса) - заң жинағы «Құрылтай» - Жылына 1 рет болатын кеңес «Барунгар» - оң қанат «Кул» - орталық қанат «Мыңбасы» - бір мың әскердің басқарушысы «Жүз» - бірнеше ұлыстың бірігуі «Ұлыс» -  Шыңғысханның ұрпақтарына бөліп берілген жерлер



Қоғамдық құрылысы



Түменбасы

10 мың әскер

95 түмен

Мыңбасы

1000 әскер

Мыңдық

Жүзбасы

100 әскер

Жүздік

Онбасы

10 әскер

Ондық



Постер қорғау.

1 топ тапсырмасы (Монғол империясының қоғамдық құрылысы)

2 топ тапсырмасы (Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы)

3 топ тапсырмасы (Тұлғалардың суреттері беріледі : Шыңғыс хан мен Қайыр ханға сипаттама жазады)





IV. Бекіту тапсырмалары: 1 топ. Тапсырма: Монғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізген зардаптары туралы

 

 

 

Моңғол шапқыншылығының зардаптары

 

 

 

 

 

 

 2 топ. Тапсырма: «Жылдар сөйлейді»

1155 ж -----------------------------------------------------------------------

1206 ж -----------------------------------------------------------------------

1211-1215 жж --------------------------------------------------------------

1217 ж -----------------------------------------------------------------------

1218 ж -------------------------------------------------------------------------------

1219-1220 жж --------------------------------------------------------------------

3 топ.Тапсырма: «Тарихи диктант»

1.Мемлекеттің басты заңы...............аталды. (Жасақ «Яса»)

2.Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға...........аттандырды. (Жебе Ноянды)

3.Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы ..........келіп жетеді. (Отырар қаласына)

4.Шыңғысқан жаулап алған жерлерін ..........деп аталып, өзінің ұлдарына бөліп берді. (Ұлыс)

V. Қорытындылау:

                               Тест тапсырмалары (слайдтан көрсетіледі)

1.Монғол империясының құрылған жылы?

А)1155ж

В)1076ж

С)1239ж

Д)1206ж

2.Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілік билікке бөлінген?

А)59

В)95

С) 85

Д)50

3. Монғолдардың Жетісу жеріне енген жылы?

А)1219ж

В) 1218ж

С) 1217ж

Д) 1211ж

4. «Отырар» опаты қашан болды?

А) 1218ж

В) 1219ж

С) 1217ж

Д) 1211ж

5. Шығысы Ертістен бастап батысы Европа жеріне дейінгі аумақ кімнің ұлысы болып есептеледі?

А)Жошы ұлысы

В) Шағатай ұлысы

С) Үгедей ұлысы

Д) Төле ұлысы

6.Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен орта Азия жерлері кімге қарады?

А) Үгедей ұлысына

В) Шағатай ұлысына

С) Төле ұлысына

Д) Жошы ұлысына

7. Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қарады

А) Шағатайұлысына

В) Үгедей ұлысына

С) Жошы ұлысына

Д) Төле ұлысына

8. Шыңғысханның өзінің жеке басын қорғайтын жасауыл қалай аталды?

А) Кешіктен

В) Жасақ

С) Барунгар

Д) Түмен

9. Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді . Олар қалай аталды?

А) барунгар, жоңғар, кул

В) Ұлыстар

С) беклер бектер

Д) Түмендер

10.  Отырар қаласы монғолдарға қарсы  неше ай бойы берілмей қарсыласты?

А) 2 ай

В) 3 ай

С)6 ай

Д) 5 ай

Кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

В

С

В

А

В

В

А

А

С



VI. Сергіту сәті: Би билеу

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: «Отырар опаты» тақырыбына эссе жазу.

                               Қосымша материалдар жинақтау.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-416051

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG