Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / План по географии (6 класс)

План по географии (6 класс)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

География 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жел,негізгі түрлері және себептері, ауа массалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жел,ауа массасы деген ұғымды қалыптастыру,желдің пайда болу себебін анықтау, желдердің,ауа массалардің түрлері жөнінде мәлімет беру.
Дамушылық: оқушылардың өз бетінше іздене білу қабілетін дамытып, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың нәтижесі:

Білу: желдің,ауа массалардың түрлерін атайды

Түсіну: желдің пайда болу себебін түсіндіреді

Қолдану: бар білімдерін кластер құрастыруда пайдаланады

Талдау:ауа массаларын салыстырады,ажыратады

Бағалау: желдің пайда болу себебін анықтайды. Желдің маңызы,зияны туралы өз пікірін білдіреді

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топпен, жұппен, жеке жұмыс, кластер құру. Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі: Cыни тұрғыдан ойлау, диалог арқылы оқыту, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, слайдтар,электрондық оқулық, атлас.


Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі,оқушыларды 3топқа бөлу,сөздерді топтастыру арқылы: өзен,көл, мұздық, мұхит -гидросфера; температура, ауа қысымы, жауын-шашын,жел-атмосфера; мантия, ішкі ядро, сыртқы ядро, жер қыртысы-литосфера.(3мин)
Ой қозғау--жел туралы жұмбақ:

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)


Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге қою.(2мин)

Электрондық оқулық бойынша жел дегеніміз не екенін тыңдайды
1Тапсырма:Джигсо әдісі(8мин)

1.Жел дегеніміз не? Ол қалай пайда болады?

2.Желдің жылдамдығы мен бағытын қалай аңықтайды?

3.Жергілікті желдер,олардың қысқаша сипаттамасы

4.Ауа массалары, оның типтері


Кластер(постер) құрастыру:

1топ-Жел дегеніміз не? Ол қалай пайда болады?

2топ-Жергілікті желдер,олардың қысқаша сипаттамасы

3топ-Ауа массалары, оның типтері

Бағалау: Екі жұлдыз,бір тілек(2мин)

2Тапсырма:әр топ желдің маңызы, зияны туралы өз ойларын ортаға салып, кластер(постер) салады

Бағалау: карусель стратегиясы – «Мақтаныш бутерброд»

Топтық жұмыс:

Иа,жоқ:

1.

Желбағар  - желдің бағытын анықтайтын құрал

иа

жоқ

2.

Судың горизонталь бағытында қозғалуын-жел дейміз

иа

жоқ

3.

Бриз бағытын жыл ішінде ауыстырады

иа

жоқ

4.

Арктикалық ауа массалары ыстық болып келеді

иа

жоқ

5.

Муссон құрлық пен теңіздің арасында соғады

иа

жоқ

3тапсырма:

Венн диаграмасын сызу:Бриз мен муссонның қандай айырмашылықтары мен ұқсастығы бар?
Географиялық диктант(жеке жұмыс): 
1.Бриз сөзі......................................................деген мағына береді
2.Ауаның горизинталь бағытта қозғалуын не ....... .........................деп аталады?
3........................................бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер.
4.Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел........................................
5.Желдің жылдамдығы мен бағытын .................................... ............ құралмен өлшейді

6.Ауа массалары негізгі неше.............................топқа бөлінеді?

7.Ауа массалардың түрлері........................................................................

8.Желдің пайда болу себебі..............................................

9.Желбағар жер бетінен қандай биіктікте болу керек................................?

10.Желдің жылдамдығын немен есептейді..................................?



Дұрыс жауабы беріліп, өз-өзін бағалау парағы бойынша өз жұмысын бағалайды:

Географиялық диктант(жеке жұмыс): 
1.Бриз сөзі.............
Жеңіл жел.......деген мағына береді
2.Ауаның горизинталь бағытта қозғалуын не
.....Жел.. ... деп аталады?
3....
.Бриз.......бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер.
4.Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел...
Муссон.....................................
5.Желдің жылдамдығы мен бағытын ....
Желбағар................. құралмен өлшейді

6.Ауа массалары негізгі неше.......4....... топқа бөлінеді?

7.Ауа массалардың түрлері....Экваторлық,тропиктік,қоныржай,арктикалық

8.Желдің пайда болу себебі..ауа қысымының жер бетіңде әркелкі таралуы.........................................

9.Желбағар жер бетінен қандай биіктікте болу керек....10-12метр............................?

10.Желдің жылдамдығын немен есептейді...М/СЕК...............................?


1-2дұрыс жауап- «1»

3-4 дұрыс жауап- «2»

5-6 дұрыс жауап- «3»

7-8 дұрыс жауап- «4»

9-10 дұрыс жауап- «5»



Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?

Бүгінгі сабақта не қызықтырды?

Бүгінгі сабақта не қиын болды?

Қандай ұсынысыңыз бар?


Қорытындылау, рефлексия –жұдырықтан бес саусақтарға дейін
- Үйге тапсырма : §33,34,
Желдің күшін пайдалану жобасын жасаңдар


Бағалау : Оқушылар сабаққа қатысуына қарай бағаланады.










Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров299
Номер материала ДВ-060081
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх