Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / План по географий "Ғарышты зерттеу"

План по географий "Ғарышты зерттеу"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы : Ғарышты зерттеу және ғарыштың экологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға ғарыш, ғарыштың зерттелуі және оның экологиясы туралы жан-жақты және терең білім беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін қалыптастырып, тиімді әдістерді пайдалана отырып, ой- санасын дамыту .

Тәрбиелігі:Оқушыларды өз ойын толық жеткізуге, биік мақсат қоюға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, интербелсенді тақта, 5- сыныпқа арналған атлас , фотосуреттер, бейнекөрініс

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі .

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Сабаққа дайындығын тексеру

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

Ауызша сұрау

III.Жаңа сабақ

Адамдар ежелден ғарышты зерттеуге қызыққан болатын.Адамдарға аспан әлемін жай көзбен көріп тану мүмкін емес еді.Ең алғаш үлкейткіш дүрбіні 1609 жылы Галилео Галилей ойлап тапты.Бірақ оның көру мүмкіншілігі тек 3 есе,кейін оны 30 есе үлкейтіп көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда ғарышты зерттеу мақсатында бірнеше телескоп түрлері :

Оптикалық телескоп-жарықты линзаға немесе табақшаға жинау арқылы кріністі анықтайды.

Радиотелескоп-ғарыштық нысандардан бөлініп шығатын дыбыстар мен импульстерді табақшасына жинау арқылы жұмыс істейді.

Ғарыштық телескоп-ғарыштық кеңестікте орналастырылады.Оның мүмкіншілігі мол.Себебі жер атмосферасы ғарышытық денелерді бақылауға кедергі жасамайды.

Поляк жазушысы Станислав Лем былай деген: «Адамдарды Жерді игеруден не болмаса өз денесінің құрылымымен танысудан бұрын ғарыштық кеңістік, ондағы жұлдыздар көбірек қызықтырған». Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды.Ғаршықа ұшу алғаш рет 1957 жылы 4 қазан күні ашылды.Жердің жасанды серігі алғаш рет Жердің орбитасына ұшып шықты.Қазіргі кезге дейін Жер орбитасына мыңдаған жасанда серіктер ұшырылуда.

Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді. Юрий Гагаринадамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер-әйел, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Валентина Терешкова. Терешкова ресей армиясындағы алғашқы және әзірше бірден-бір әйел-генерал, техника ғылымдарының кандидаты, Кеңес Одағының Батыры.Ол 1937 жылы 6 наурызда Ярославль облысының Большое Масленниково селосында дүниеге келген. Терешкова ғарышкерлер жасағына 1962 жылы 12 наурызда қабылданды. 1963 жылы 16 маусымда «Восток-6» ғарыш кемесімен үш тәулік ғарышта болды.

Қазіргі кезде ғарыштық аппараттар арқылы ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеуде. Ең көп зерттелгені Жердің серігі-Ай. Айдың бетіне астронавтар 6 рет қонған. 1969жылы 21 шілдеде астронавтар Нил Армстронг және Эдвин Олдрин бірінші болып ай бетіндегі шартты түрде аталған « Тыныштық теңізіне» арнайы айда жүретін кішігірім кемемен келіп қонды.

Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшты.Ол-Кеңес Одағының батыры,ұшқыш-сынақшы болды.Одан кейін ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа 3 рет болды.1994 жылы ғарыш кеңестігінде 126 тәулік болды.1998 жылы халықаралық экипаж командиі болып ұшу ұзақтығы 207 тәулікке созылды.Ал 2001 жылы экипаж командирі әрі алғаш ғарыштық турист алып ұшты.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқан. Іргесі 1955ж қаланған. Байқоңыр-әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. 1993ж 20 жылға Ресей еліне жалға берді.Байқоңыр кешенінен Қ.Р. аумағына жылына 30-35 мың т улы заттар таралады. Зымыраннан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.

IV.Жаңа сабақты бекіту

Сергіту сәті

а)Сұрақ-жауап арқылы тексеру.

1.Қай жылы ғарышқалғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды

2.Алғашқы ғарышкер болған кім

3.Айға қай кезде және кімдер бірінші болып ұшты

4.Қазақстанның ғарышкерлерін ата

5.Ғарыштың қандай зияны болуда

ә)Бейне көрініс.

Алғаш Юрий Гагариннің ұшқандығы жөнінде бейне көрініс көрсетемін.

б) Төмендегі берілген суреттегі кісілердің ғарышқа қандай қатысы бар? Олар кімдер?

V.Бағалау

VI.Үй тапсырмасы.

§8, оқу, әңгімелеу.

Шығармашылық жұмыс: Ғарышкерлерге арнап материалдар жинап келу.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров84
Номер материала ДВ-430692
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх