Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / План по ИЗО на тему" Натюрморт, Портрет"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

План по ИЗО на тему" Натюрморт, Портрет"

библиотека
материалов

Уақыты: 24.11.2015 жыл

Бекітемін: Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі: Г.Нұрманова







Ашық сабақ



Тақырыбы:Натюрморт,портрет

Пәні: Бейнелеу өнері

Класы:4

Өткізген:Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Б.Сақып























Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі 2015-2016 оқу жылы



Күні:24.11.2015 жыл Пәні:Бейнелеу өнері Класы:4 Сабақтың тақырыбы:Натюрморт,портрет

Сабақтыңмақсаты:  Бейнелеу өнері жанрларының бірі натюрморт пен портреттің орындалу жолдарын,кезеңдер арқылы шынайы етіп көрсете білу
а)Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт пен портрет жанры туралы 
түсінік бере отырып,білімін тереңдету, сурет салу заңдылықтарын үйрету. 
ә)Дамытушылық: Бейнелеу ережелерін ескере отырып көркем шығарма орындаудағы

қабілеттерін арттыру 
б)Тәрбиелік:Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,ұқыптылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, үйрету.түсіндіру,модель,сөзжұмбақ

Сабақтың типі: сурет салу

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суретшілер шығармалары,Тақырыпқа байланысты суреттер 

Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері

сабағына қажетті құралдар. 
Пән аралық байланыс: математика,дүниетану,еңбек. 

Оқушылар үшін:Планшет,А3 формат,қарындаштар Т,ТМ,2Т,М,2М,өшіргіш,жалпы өнер

атрибуттары

Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі -5 минут; 

1.Оқушылармен амандасу:Сәлеметсіздер ме оқушылар!
2.Класты түгендеу,кезекші оқушымен жұмыс:
Бүгін класта кім кезекші,класта кім жоқ?

3.Оқу құралдарын түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;Қане, оқушылар,оқу құралдарымыз

түгел ма,сабаққа дайынбыз ба,
4.Психологиялық дайындық; Ендеше бәріміз хормен сабаққа дайындығымызды шыңдап көрейік!
Оқушылар тақпағы
: Таң қаларсыз бәріңіз,

Сурет салсақ қазір біз,

Бояу, қалам дап-дайын.

Біз сабаққа әзірміз!

5.Сергіту сәті: Кім шапшаң? ойыны.

Оқушылар жылдам түстерді қолымен көтеру арқылы орындалады

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау –17 минут; 
1. Жаттығуды тексеру; 
Кескіндеу материалдары (акварель,гуашь,палитра)

Бүгінгі біздің сабақтың ерекшелігі үй тапсырмасын оқушылардан әр түрлі әдісте орындалуын тексеру.Өткен тақырып туралы оқушыларға баяндап өтемін.Оқушылар өздерінің дайындап келген тапсырмаларын таныстырады.


А)Оқушылардың орындап келген тапсырмалары:

1.Бақытқали Мадира (Палитраның қолданылу әдісі)

2.Бәлкембаева Әсел (Сұрақтарға жауап дайындау)

3.Бекболатқызы Ақмаржан (Сұрақ-жауап)

4.Бердібайқызы Гүлназым (Түс спекторының саралануы)

5.Жайлаубай Шахризада (Өнер атрибуттарын таныстыру)

6.Жәнібек Таңшолпан (Гуашь бояуымен орындалған төрт кезең)

7.Қуаныш Ерсайын (Акварель бояуымен орындалған төрт кезең)

8.Қуанышұлы Берік (Тақырыпқа талдау жасау)

9.Омар Ерасыл (Сурет салу кезеңдерңн таныстыру)

10.Орынбасар Ерұлан (Тапсырманы тұғырда орындау)

11.Сақып Исламбек (Акварель бояуының орындалу әдістері)

12.Сәлімкерейқызы Ақбота (Тақырыпқа талдау жасау)

13.Төлепберген Жүзік (Кескіндеу материадары туралы мәлімет)


Ә)Мұғалім сөйлейді:

Өткен тақырып туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын,үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямын.


Б) Үй тапсырмасын қорытындылау-3 минут:

Мұғалім сөйлейді:

Ендеше оқушылар,біздер өткен тақырып туралы быраз мағлұматтар білдік. Олай болса тақтада

«Өнерлі шаңырақ» анаграммасы жасырылған,біздер сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап беру

арқылы үй тапсырмасын қорытындылаймыз.


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру -10 минут:

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт,портрет


ІІІ.Жаңасабақ 
Сабағымызды бастамас бұрын Испанияның ұлы суретшісі Павло Пикассоның қанатты сөздерінің біріне тоқталып өтсем

Қиялыңда елестегеннің барлығы шындық.

Бояулар адамның эмоциясы секілді өзгеріп отырады Кім адамның жүзін дұрыс танып,көре алады:сол адам ғана шынайы суретші деген екен


Кескіндеме-айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Өнердің ең құнды түрінің бірі-бейнелеу өнері. Жай адам көзіне түсе бермейтін әдемілікті, әсемдікті, сұлулықты көресіңдер. 

Бейнелеу өнерінің күрделі жанрларының бірі- натюрморт жанры.Натюрморт-жансыз заттар мен бұйымдардан үйлесімді құрастырылып салынған көркем шығарма.Француз тілінен аударғандағы қазақша баламасы «өлі табиғат».Оған тұрмыста күнде қолданып жүрген заттарды,жемістерді,гүлдерді немесе балықтан т,б аңшылық ұсталық құралдардан құралған заттарды атайды. 2. Голландиялық суретші Винсент Ван Гог «Күнбағыстар» натюрморты. Натюрморт ең алғаш ХҮІІ ғасырдың басында Голландия елінде дамыған.Солардың ішінде голанд суретшілері Ф.Снейдерс,В.Хетлердің салған натюрморттары ерекше орын алады.Натюрморт орындалу түрлеріне қарай қарапайым және күрделі деп екі топқа бөлінеді.Күрделі натюрморт бірнеше заттардың топтамасынан құралған бейне,ал қарапайым натюрморт-бір екі заттардан құралады.Бейнелерді парақ бетіне тігінен немесе көлденеңінен орналастыру-композиция деп аталады,ал парақ бетінің тепе-теңділігінің сақталуы-үйлесімділік деп аталады.Және заттарды үстел бетіне қалыптастырып орналастыру суретші тілімен айтқанда-компоновка, яғни топтастыру,байланысу деген ұғым.Бейнелеу өнерінде екі ұғым бар:Бірінші ұғым-сызықтық бейнелеу,екіншісі ұғым-реңдік бейнелеу,яғни түс үйлесімі.Түспен нақыштау кезеңін орындарда мынандай ерекшеліктерді қатаң сақтау керек,олар:Түс-көлеңкеден жарыққа қарай ретімен орындалады,және түстер бір біріне жақындамайды,ал графика әдісі болса көлеңкеден жарыққа қарай көшеді.

Портрет – (француз тілінен portraire – бейнелеу) кез келген адамның немесе адамдар тобының бейнесі.Толығырақ айтқанда адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарма.

Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (живопись), мүсін,графикамозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиетітүрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.

Автопортрет-адам өз бейнсін салу


ІҮ.Машықтық кезең-10 минут:Сарамандық жұмыс

Екі топқа бөлінген оқушылар екі түрлі тапсырма орындайды.Затқа қарау арқылы сурет салады.Сабақ үстінде оқушыларға сұрақтар таратылады

І-топ: Қарапайым натюрморт

ІІ-топ: Менің досым тақырыбында сурет салады

Ү.Жаңа сабақты қорытындылау-3 минут:Тақтада сөзжұмбақ жасырынған сұрақтарға жауап беру арқылы ұяшықтар ашылады


2. Портрет дегеніміз не?
3. Портрет нешеге бөлінеді?

4.Автопортрет дегеніміз қандай бейне.

5.Сурет салу кезеңдері нешеге бөлінеді.

6.Қазақстанның суретшілерінен кімдерді білесің.

7.Натюрморттың қандай түрлерін білесің.

8.Негізгі үш түсті ата.

9.Түс спекторын ойлап тапқан физик ғалымы.

10.Акварель бояуының орындалу техникасы қалай.

11.Бейнелеу өнерінің қанша түрі мен жанры бар


ҮІ.Бағалау-2 минут:Оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма беру:Класта орындаған тапсырмаларын аяқтап келу










Автор
Дата добавления 10.04.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров109
Номер материала ДБ-021847
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх