Инфоурок Другое Рабочие программыПлан по психологии на тему "Адамгершілік - асыл қасиет"

План по психологии на тему "Адамгершілік - асыл қасиет"

Скачать материал

«Бекітілді»

Мектеп директоры

Л.Қыдыралиева



М.Шаханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің

2015-2016 оқу жылындағы 07.10.15ж күні «Адамгершілік, әдептілік - асыл қасиет» тақырыбында өтілетін психологиялық тренинг сабақтың

жоспары



1.

Кіріспе.

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы

2.

«Танысу» әдістемесі



«Өрмек тоқу» әдістемесі


«Өтінемін» жаттығуы


Бейнеклип «» пікір алмасу




«Салфетка» жаттығуы. Стресстен арылу


«Өсек аяң» әдістемесі

Қоштасу «Майшам»








«Тексерілді»

ДІТЖО

Н.Боранбаев




Дайындаған:

Педагог-психолог

Г.Қожанова








Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік, әдептілік-асыл қасиет


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, адамгершілік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.


Білімділік: Оқушыларға әдепті, адамгершілікті сақтау туралы түсініктерін тереңдету;


Дамытушылық: Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал жасау;


Тәрбиелік: Оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, шар, теледидар


Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

«Адамгершілік, әдептілік-асыл қасиет» атты психологиялық тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

Сабақты Жүсіп Баласағұнидің нақыл сөздерімен бастағым келіп отыр.


Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,

Пайда түгел екі бірдей жалғанда.

Екінші-ұят, сосын шындық-үшінші,

Үшеуімен ел көгерер түсінші

Биязыны халық сүйіп, ұғады.

Ісі түзу кісі төрге шығады.

Кіріспе.


Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин


Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса. Ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,-депті Ақан сері. Олар жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «өз құдайынан айрылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаның қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз-адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақан серінің үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.



«Танысу» әдістемесі


Әр оқушы өз есімін айтып, тақтадағы жүрекке гүлдің суретін жапсырады.


Талдау


Егер гүл жүректе жоғары жапсырылса оқушының көңіл-күйі жоғары.

Гүл ортаға жапсырылса оқушының көңіл-күйі орташа.

Гүл төмен жапсырылса оқушының көңіл-күйі төмен деген ұғымды білдіреді.



«Алма ағашы» әдістемесі


Тақтада тұрған алманы алып, артында жазылған сәлемдесуді әртүрлі көңіл –күйге байланысты көрсету.


Талдау


Сәлемдесуде қай көңіл-күймен амандасқан ұнады?

Несімен ұнады?




«Өрмек тоқу» әдістемесі


Ортаға бір оқушы шығады. Жіптің бір ұшын ұстап, екінші ұшын қасындағы оқушыға жақсы сөз айтып жіпті береді. Осылай ойынға қатысушы оқушылар жүргізіп шығады. Соңғы оқушы қолындағы жіпті қайтадан жаман сөз айтып , алдыңғы оқушыға ұсынады да, ойыннан шыға береді. Тоқылған өрмек жіп қайтадан жиналады.


Талдау


Әрбір оқушы жеке тұлға. Егерде адамдармен жақсы қарым-қатынас жасаса, онда жан-жағыңда адамдар көп болады. Жаман қарым-қатынас жасаса, онда адамдар қасыңа жоламайды.






Келген қонақтармен бірге


«Өтінемін» жаттығуы


Мақсаты: Ұстаздарды , оқушыларды әдепті сөйлеуге үйрету.


Сиқырлы сөзді пайдаланамыз. Өтінемін сөзін айтамыз. Орнымыздан тұрамыз, тұрмаймыз. Өтінемін десе орындайсыздар, айтпаса орындамайсыздар.




Бейнеклип «Ана жүрегі»



Талдау


Оқушылар анасына баласының істеген ісі дұрыс па ?

Осы іс-әрекет рухани адамгершілікке жатады ма?



«Күн мен бұлт» әдістемесі


Ақ парақта салынған күннің суретіне әр оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді жазып, күннің шуағын жасаймыз. Оны оқимыз.

Зонтикке ілінген бұлтқа әр оқушы өзіне ұнамайтын сөзді, жаман қасиеттерін, өзгеден естігісі келмейтін сөзді жазып шығады.



«Салфетка» жаттығуы.


Мақсаты: Жаман қасиеттерден арылу.

Нұсқау: Ақ парақты алып, оң қолымызбен мыжамыз, сол қолымызды артымызға қойып ұстап тұрамыз. Енді керісінше қайталаймыз.

Релаксация: дем арқылы агрессиядан айырылу. Ауаны ауызбен алып, мұрнымен шығарамыз.

Мұрнымен дем алып, мұрнымен шығарамыз. Қолды көтеріп дем алып, қолды төмен түсіріп, демді шығарамыз..

Құлақты демалдыру.екі рет тарту.

Тілді демалдыру, еріннің астын уқалау.

Мұрынды уқалау.

Көзді демалдыру, қастың ортасын уқалау.


Талдау: Қандай әсер алдыңыз? Қазір өзіңізді қалай сезінудесіз ?

«Өсек аяң» тренинг


Тренингке 10 адам қатысады. Шеңбер құрады. Жүргізуші қимылдар көрсетеді. Екінші адам соны айнытпай қайталау керек. Осылай он адам ойнап шығады.


Талдау

Қай жерде өзгерістер байқадыңдар?

Бір әңгіменің екінші адамға өзгеріп жеткенінен адамдар қандай көңіл-күйде болады?

«Эмоция» тест алу



Қоштасу «Майшам» тренинг


Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.

Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да болашақтарың ашық, жарқын болсын деген тілек.



Қорытынды:___________________________________________________________________________________________________________ ұсынамыз.




















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План по психологии на тему "Адамгершілік - асыл қасиет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 563 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 958
    • DOCX 52.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожанова Гульшат Молдабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожанова Гульшат Молдабаевна
    Кожанова Гульшат Молдабаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5723
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой