Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / План по самопознание на тему "Табиғат сыйы" (3 класс)

План по самопознание на тему "Табиғат сыйы" (3 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: _№11о.м_ Мерзiм: 23.04.2015ж

Тақырып: Табиғат сыйы.

Құндылық:Табиғат құндылықтары туралы түсініктер.

Қасиеттер: «Сүйіспеншілік», «Мейірімділік», шын пейіл,ниет тазалығы, қамқорлық жасау, жанашырлық, ізгілік.

Мұғалiм: Конарбаева Г.Н._ Сыныбы: _3«а»_ Оқушылар саны: 24


Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: а/ Оқушыларды табиғат тірішілік бастауы,адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.

ә/оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.

б/ізгікті, жауапкершілікті,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тыныштық сәті.



Үй тапсырмасын тексеру.

   Оқушылардың үйден орындап келген тапсырмаларын тыңдап, талқылау.

Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғаттың сұлулығы мен әсем құбылыстары, олардың адамға әсері туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

ТАБИҒАТ СЫЙЫ” өлеңін мәнерлеп оқу.
Тамаша көк жазығы таң қалғандай,
Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.
Қызығып ішсең суын құмартасың,
Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай

Сурет бойынша әңгімелеу

«Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

Суретке қарап табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

Мәтінмен жұмыс

«Адамның артықшылығы» Қадыр Мырза Әлінің өлеңін оқу.

  • Ақын өлеңде арғымақтың қасиетін қалай суреттейді?

  • Судың маңызы қандай?

  • Құстар не үшін жаралған?

  • Топырақ, су, жан-жануар, аң-құстарды неліктен табиғат сыйы деп айтамыз?

  • Адам табиғаттан қандай үлгі алады?

  • Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

- Ия, балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Осының барлығы Табиғаттың берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

Дәптермен жұмыс

Табиғат –анаға деген сүйіспеншіліктеріңді жазыңдар.

Сергіту сәті

Құстардың әдемі сайраған дыбысын жіберу

Сахналық көрініс

Құс ұясын бұзбайық! Өтебай Тұрманжанов.

Мәнерлеп оқу. Көрініс көрсету.

1.Табиғат ана.

2.Оқушы.

3.Мұғалім.

Ой қозғайық!

Табиғат ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?

Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?

Құстардың жақсы қасиеттерін тауып, айтыңдар.

Аққудың жақсы қасиеті...
Қарлығаштың жақсы қасиеті...
Қыранның жақсы қасиеті...
Тоқылдақтың жақсы қасиеті...
Сауысқанның жақсы қасиеті...
Бұлбұлдың жақсы қасиеті...
Тотының жақсы қасиеті...
Керекті сөздер: адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы, әншілігі, әдемілігі.


Дәйексөз

«Табиғатым аң-құсымен ажарлы....» 

Топтық жұмыс.

1-топ.Бес жолды өлең жазу

2-топ.Мақал-мәтелдер,ырым-тыйымдар тауып жазу.

3-топ. Сурет салу.

Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік

Үйге тапсырма
Табиғатты қорғау,құстарды қорғауға байланысты өлең шығару
Қорытындылау
1. Бүгін сабақта не білдік?
2. Не айта аламыз ?


Ән орындау

Ақ көгершін

Ақ көгершін
Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

Ақ көгершін , көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Это урок по самопознание.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: _№11о.м_ Мерзiм: 23.04.2015ж

Тақырып:Табиғат сыйы.

Құндылық:Табиғат құндылықтары туралы түсініктер.

Қасиеттер: «Сүйіспеншілік», «Мейірімділік», шын пейіл,ниет тазалығы, қамқорлық жасау, жанашырлық,ізгілік.

Мұғалiм: Конарбаева Г.Н._Сыныбы: _3«а»_Оқушылар саны: 24

Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерінкеңейту

Міндеттері: а/ Оқушыларды табиғат тірішілік бастауы,адамтабиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.

ә/оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестіктаба білуге үйрету.

б/ізгікті, жауапкершілікті,ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров399
Номер материала 260234
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх