Предпросмотр материала:
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп-директоры _________________
Н.Н.Нұрғалық
«_____» _______________ 2014 жыл.
«А.В. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2014-2015 оқу жылына арналған даму жоспары
Өзекті мәселесі:
Оқыту мен оқу үдерісінде «Педагогикалық шеберлік орталығының» бағдарламасының негізгі идеяларын және әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Мақсаты:
· Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
· Сынып ахуалын қалыптастырып, ынтымақтастық орнату;
· Оқытуда оқушылардың жетісітігін бағалаудағы бағалау түрлерін енгізу;
· Оқушылардың сабақта тілдік қорларын арттыруда, өздігінен білім алуды үйрену мақсатында диалог әңгіменің түрлерін енгізу;
· Мұғалімдер коучингтерде алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана білу мен рефлексия жазуға дағдыландыру;
· Тәлімгерлік жұмысын жандандыру;
· Мұғалімдердіәр сабақты жаңаша жоспарлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер қолдануға, білім беру үшін бағалауға және оқуды бағалауға ынталандыру;
· Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында іс-әрекеттегі зертту жұмыстарын қалыптастыру, «Lesson Study» тәсілін қолдану.
Міндеті:
Оқыту мен оқу тәжірибесіне деңгейлік бағдарламадан өткен мұғалімдердің көмегімен мектеп көлемінде жаңа әдіс-тәсілдерді коучинг арқылы енгізе отырып, оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін, оқушының ілгері жылжуын дамыту мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын, оқушыларға ата-аналармен бірге қамқорлық көрсете алатын және сабақтың нәтижелі болуы үшін табыс критерийлермен жұмыс істей алатын кәсіби білімді мұғалім қалыптастыру.
|
№ |
Шаралар (мектеп және желілік қоғамдастық шеңберінде) |
Мақсаттары |
Жауаптылар |
Ресурстар |
Қатысушылар |
Мерзімі |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Шығармашылық қауымдастығының отырысы. ІІ – жартыжылдықтың жұмыс есебін беру. |
Мектептің бағытын және мұғалімдердің көзқарасын анықтау. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдерден топ құру. |
Хасенова А.Н Сарикова Г.А. |
Дөңгелек үстел «Біздің жетістіктеріміз және кемшіліктеріміз», жұмыс мониторингісі, циклограмма. |
І, ІІ, ІІІ-деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер. |
Тамыз айының екінші аптасында |
Мектептің жұмыс жоспарына даму бағыттарының енгізу жолдары қарастырылады |
|
2 |
Әдістемелік кеңес. |
Бағдарламаның негізгі идеяларын тәжірибеге енгізу және оның нәтижелері жайлы есеп беру.
|
1-деңгей мұғалімдері: Ауесбаева, Мамаева, Баткалова, Әлдибекова, Сарикова |
Әңгімелесу, сауалнама жүргізу, мастер-класс «Оқытуды басқару және көшбасшылық» |
Педагогикалық ұжым. |
Тамыз айының әдістемелік кеңесі. |
Жаңашылдыққа бет бұрған ұстаздар тобы құрылады |
|
3 |
Коучинг «Топтық жұмыс ұйымдастырудың маңыздылығы»
|
Мұғалімдер бірлесе отырып, оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру жолдарын қарастыру. |
І деңгейлі мұғалім Мамаева Б.А. |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, рефлексия, презентациялар, постерлер, коучинг жоспары |
Деңгейлік курстардан өтпеген мұғалімдердің шығармашылық тобы. |
қыркүйек |
Коучинг және тәлімгерлік жұмысы қалыптасады, мұғалімдер оқыту тәжірибесін жақсартуға әдістемелік көмек алады. |
|
4 |
Мектепішілік ата-аналар жиналыстарын өткізу, өзгерістер жайлы пікір алмасу. |
Ата-аналармен кері байланыс орнату, мектептің оқу процесіндегі мәселелері бойынша бірігіп шешім қабылдауға дағдыландыру. |
Мектеп әкімшілігі, Хасенова А.Н. психологтар, 1-деңгейлі мұғалімдер |
Дөңгелек үстелдер, конференциялар, сауалнама, эссе, рефлексия. |
Ата-аналар |
Қыркүйек, желтоқсан, сәуір, мамыр. |
Ұстаздар ұжымы және ата-аналарқауымы арасында сенімділік және ортақтастық қарым-қатынас орнатылады. |
|
5 |
Жас мамандарға арналған коучинг: «ХХІ ғасырда қалай оқытасыз?» |
Жаңа мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және бағдарламаның жаңа идеяларының әдіс-тәсілдерімен таныстыру, меңгерту |
ІІ деңгейлі мұғалім Айсаева М.А. |
Әңгімелесу, пікір алмасу, рефлексия, қысқа мерзімді жоспар, постерлер, коучинг жоспары. |
Жас мұғалімдер және олардың тәлімгерлері |
қазан |
Шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдер анықталады, топқа тартылады, оларға өзара сенімге негізделген қарым-ұатынас арқылы көмек көрсетіледі. |
|
6 |
Аудандық семинар өткізу «Мектебіміздегі өзгерістер» |
Аудан мұғалімдерімен кәсіби тәжірибемен бөлісу, пікір алмасу, әдістемелік көмек көрсету және қоғамдастықтың жұмысын жандандыру. |
Мектеп әкімшілігі, Хасенова А.Н. деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер және шығармашылық топ мүшелері. |
Коучинг-сессиялар, ашық сабақтар, тәлімгер мен тәлім алушының кәсіби әңгімесі, ата-аналармен конференция |
Аудан мұғалімдері, ата-аналар, оқушылар |
қазан |
Басқа мектептермен тәжірбие алмасу мақсатында кездесулер ұйымдастырылады, шығармашылық қауымдастығымыз облыс, республика көлемінде жалғасын табады. |
|
7 |
Бастауыш сыныптарда сабақтағы іс-әрекетті зерттеу «Lesson Study тәсілі» |
Мұғалімдерді оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуге үйрету, оқыту тәжірибесін жақсартуға ынталандыру. |
Хасенова А.Н және І деңгейлі мұғалімдер |
Видео, фотосуреттер, кері байланыс, орта мерзімді жоспарлар, мұғалімдердің пікірлері, жұміс мониторингісі. |
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, шығармашылық топтар, бастауыш сынып мұғалімдері. |
қараша |
Мұғалім оқушының түсіну дәрежесін анық көре біледі, ұстаздардың пікірлерімен санаса алады, бірлесе жоспар құрып, сабақтар сериясы жақсарады. |
|
8 |
3-деңгейлі мұғалімдердің тізбектелген ашық сабақтары. |
Мұғалімдердің білімділігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқушыларға сапалы білім беру.
|
Деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер. |
Орта мерзімді сабақ жоспарлары, видео, фотосуреттер |
Мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар |
Қараша және сәуір айларында. |
Мұғалімдер әр сабақты жаңаша жоспарлайды, білім беру мен білім алудағы бағдарламаның жаңа тәсілдері енгізіледі. |
|
9 |
Пән бірлестік жетекшілерімен дөңгелек үстел «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» |
Әдістемелік бірлестіктердің қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, жаңашылдыққа бет бұратын ұстаздардың санын арттыру.
|
1-деңгейлі мұғалім Сарикова Г.А. |
Суалнама, пікір алмасу, кері байланыс, рефлексия |
Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары және пән бірлестік жетекшілері |
желтоқсан |
Әр пән бірлестігінде шығармашылық өзгеріс жұмыстары жанданады. |
|
10 |
Коучинг «Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» |
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау жайлы мәлімет беру, оқушылардың жетістігін бағалаудағы бағалау түрлерімен және критерийлерімен таныстыру. |
1-деңгейлі мұғалім Әлдибекова Г. |
Коучинг жоспары, пікір алмасу, кері байланыс, постерлер, рефлексия, эссе |
Шығармашылық топ мүшелері, ұстаздар қауымдастығы |
желтоқсан |
Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана біледі және рефлексия жазуға дағдыланады. |
|
11 |
Шығармашылық қауымдастығының отырысы. І – жартыжылдықтың жұмыс есебі. |
1-жартыжылдықта жүргізілген іс-шараларға есеп беру, көздеген мақсатары мен нәтижелері жайлы пікір алмасу.
|
Хасенова А.Н Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер. |
Дөңгелек үстел «Іс-шараның мақсатын айқындау – нәтижеге жету кепілі», жұмыс мониторингісі, циклограмма |
Мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ мүшелері. |
Қаңтар айының бірінші онкүндігі (каникул кездерінде) |
Барлық өткізілген іс-шаралар өзінің белгіленген мерзімінде, жоспарға сай және өз дәрежесінде өтіледі. |
|
12 |
Ортаңғы сыныптарда сабақтағы іс-әрекетті зерттеу «Lesson Study тәсілі» |
Мұғалімдерді оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуге үйрету, оқыту тәжірибесін жақсартуға ынталандыру.
|
І деңгейлі мұғалімдер |
Видео, фотосуреттер, кері байланыс, орта мерзімді жоспарлар, мұғалімдердің пікірлері, жұмыс мониторингісі. |
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, шығармашылық топтар, бастауыш сынып мұғалімдері. |
Қаңтар-ақпан |
Мұғалім оқушының түсіну дәрежесін анық көре біледі, ұстаздардың пікірлерімен санаса алады, бірлесе жоспар құрып, сабақтар сериясы жақсарады. |
|
13 |
Шығармашылық топтағы деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдердің тізбектелген ашық сабақтары. |
Мұғалімдердің білімділігі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқушыларға сапалы білім беру. |
І-ІІ деңгейлі мұғалімдер. |
Орта мерзімді сабақ жоспарлары, видео, фотосуреттер |
Мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар |
ақпан |
Әр мұғалім өзінің шеберлігін дәлелдеуге тырысады, қызығушылықтары артады, білім беру мен білім алудағы бағдарламаның жаңа тәсілдері енгізіледі. |
|
14 |
Коучинг «Сабақ барысындағы диалогтық әңгіменің маңызы» |
Оқушылардың сабақта тілдік қорларын арттыруда, өздігінен білім алуды үйрену мақсатында диалог әңгіменің түрлерімен таныстыру, енгізу.
|
1-деңгейлі мұғалім Әуесбаева М. |
Коучинг жоспары, пікір алмасу, кері байланыс, постерлер, рефлексия, эссе |
Шығармашылық топ мүшелері, ұстаздар қауымдастығы |
ақпан |
Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана біледі және рефлексия жазуға дағдыланады. |
|
15 |
«Оқытуды басқару және көшбасшылық» тренинг-семинары |
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, коуч және ментор мұғалімдерін даярлау, тәлімгерлік жұмысты дұрыс ұйымдастыруға дағдыландыру. |
Хасенова А.Н. және І деңгейлі мұғалім Байтасов А.Ы. |
Тренинг-семинар жоспары, презентация, постерлер, кері байланыс, рефлексия. |
Мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ қауымы, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер. |
наурыз |
Оқу нәтижелерін жақсартудағы көшбасшылықтың рөлі маңызды екенін түсінеді, мектеп әкімішілігімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. |
|
16 |
Жоғарғы сыныптарда сабақтағы іс-әрекетті зерттеу «Lesson Study тәсілі». |
Мұғалімдерді оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуге үйрету, оқыту тәжірибесін жақсартуға ынталандыру.
|
І деңгейлі мұғалімдер |
Видео, фотосуреттер, кері байланыс, орта мерзімді жоспарлар, мұғалімдердің пікірлері, жұміс мониторингісі. |
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, шығармашылық топтар, бастауыш сынып мұғалімдері. |
наурыз |
Мұғалім оқушының түсіну дәрежесін анық көре біледі, ұстаздардың пікірлерімен санаса алады, бірлесе жоспар құрып, сабақтар сериясы жақсарады. |
|
17 |
Коучинг «Сыни тұрғыдан ойлау құралдары». |
Сабақта сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдерін қолдануды меңгерту, оның маңыздылығын түсіну. |
1-деңгейлі мұғалім Баткалова Л. |
Коучинг жоспары, пікір алмасу, кері байланыс, постерлер, рефлексия, эссе |
Шығармашылық топ мүшелері, ұстаздар қауымдастығы |
сәуір |
Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана біледі және рефлексия жазуға дағдыланады. |
|
18 |
Қоғамдастық құру. |
Өзара сенімге негізделген қарым-қатынас арқылы жаңа идеялармен алмасу, әдістемелік көмек көрсету. |
Шығармашылық топ мүшелері, деңгейлі курстан өткен мұғалімдер |
Ғаламтор, кездесулер, семинарлар, конференциялар. |
Ұстаздар қауымдастығы |
Жыл бойы |
Басқа мектептермен тәжірибе алмасады, кездесулер ұйымдастырылады, қоғамдастық құрылады. |
|
19 |
Әдістемелік кеңес. |
Жүргізілген жұмыстар жайлы және мұғалімдердің әсері мен өзгерістері жайлы ой бөлісу, жылдық есеп беру.
|
Хасенова А.Н., деңгейлік курстан өткен мұғалімдер |
Бейнероликтер, фотосуреттер, презентация, эссе, интервью, ата-аналар пікірі. |
Мектеп әкімшілігі, ұстаздар ұжымы, ата-аналар комитеті. |
мамыр |
Жаңашылдыққа бет бұрған ұстаздар тобы анықталады, белсенді мұғалімдердің саны артады, мектептің даму жұмысы жанданады. |
|
20 |
Шығармашылық қауымдастығының отырысы. Жылдық жұмыс есебі. |
Көздеген мақсаттары мен нәтижелері жайлы пікір алмасу, шығармашылық топтардың белсенді мұғалімдерін ынталандыру, марапаттау. |
1-деңгейлі мұғалім Сарикова Г.А. |
Дөңгелек үстел «Мектептегі өзгерістер», жұмыс мониторингісі, циклограмма |
Мектеп әкімшілігі, шығармашылық топ мүшелері. |
мамыр |
Барлық өткізілген іс-шаралар өзінің белгіленген мерзімінде, жоспарға сай және өз дәрежесінде өтіледі, белсенді мұғалімдердің саны артады, мектептің даму жұмысы жанданады. |
.
Профессия: Преподаватель детской хореографии
В каталоге 7 494 курса по разным направлениям