Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПлан "Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік"

Шаблон. Орта білім беру педагогтеріне арналған аттестация кезінде портфолиоға қосатын эссе. "Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы"

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
341
1
24.01.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Онгарбаева Айдана Айткалиевна

Менеджер по курсам

"Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбы бойынша жазылған эссе. Бұл эссені орта білім беру педагогтері жүктеп алып, аттестациядан өту кезінде портфолиоға қосуға жарамды. Тақырып ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген тізімнен алынды және бұйрыққа сәйкес, 250-300 сөзден тұрады.

Краткое описание методической разработки

"Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбы бойынша жазылған эссе. Бұл эссені орта білім беру педагогтері жүктеп алып, аттестациядан өту кезінде портфолиоға қосуға жарамды. Тақырып ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген тізімнен алынды және бұйрыққа сәйкес, 250-300 сөзден тұрады. 

План "Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік"

Скачать материал

«Мамандандырылған экономикалық лицей»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып: 1

Сынып жетекшісі:Тегисбаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау 2015ж

 

 

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

атты сынып сағаты

 

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер:  Қанатты сөздер,  гүлдер, шарлар.

 

Би: «Ақбұлақ»

 

І жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші:

Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулықнұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласыныңжүрегіндегіқадіртұтып, құрметтейтінекіұғымболса, оныңбірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші:

Дұрыс айтасың Іңкәр. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші:

Иә, Ернұр.Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші:

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші:

Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші:

Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші:

Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші:Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші:

Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 9 – сынып оқушысы Бітім Әділхан
ІІ жүргізуші:

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 9 сынып оқушысы Сағат Диана
І жүргізуші:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші:

Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші:

Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне Санімхан апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші:

«Қазақ қызы» орындайтын 9 сынып оқушысы Жолдас Меруерт.
І жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді Бақыт ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші:

«Ұстазыма» орындайтын 9 сыныпАбуева Меруерт.

І жүргізуші:

«Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Ернұр менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші:

Олай ойлауыңның себебі неде?

І жүргізуші:

Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші:

Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Іңкәр, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Борис ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші:

«Асыл досым» әні орындайтын 9 сынып оқушысы Ақарыс Азамат.
І жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

ІІ жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші:

Ернұр, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші:

Дұрыс айтасың, Іңкәр. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

ІІ жүргізуші:

«Ұстазым» әні орындайтын 9 сынып оқушысы Қуанғалиев Санжар.
І жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

– дей келе ендігін мерекелік құттықтау сөзді мектеп басшысы Тажихан апайға береміз. Рахмет, Апай! «Достар» әні орындайтын 1сынып  оқушысы Алинуров Нұрбек.
ІІ жүргізуші:

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План "Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік""
Смотреть ещё 5 937 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 350 673 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 17.12.2015 811
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тегисбаева Айсауле Бесикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тегисбаева Айсауле Бесикбаевна
    Тегисбаева Айсауле Бесикбаевна

    учитель начальных классов

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18359
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен, Айсауле Бесикбаевна Маңғыстау облысы, Жана Узень каласындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімімін. Ең басты мақсатым: сапалы білім беру. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын, ұйымдастырушылық, коллективте жұмыс істей білу қасиетке иемін, жаңа білім мен ізденіске құштарлығым мол, өзіме тапсырылған жұмысты уақытылы орындаймын. Бос уақыттымда интернетте it - жаңалықтарды оқу, мобильді телефондар дамуын зерттеу, жаңа енгізілімдер және жаңашыл процестер мен құбылыстарды зерттеп, меңгеріп, оларды өмірде қолдана білу, спортпен шұғылдану. Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 328 425 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Основы и процессы логистики

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие туризма в российских регионах: вызовы и перспективы

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Графический дизайн с использованием инструментов Adobe

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека
Смотреть ещё 5 937 курсов