Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / План урока и презентация показахскому языку на тему "Ғ.Мүсіреповтің шығармасындағы Ана бейнесі" (8-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

План урока и презентация показахскому языку на тему "Ғ.Мүсіреповтің шығармасындағы Ана бейнесі" (8-сынып)

Выберите документ из архива для просмотра:

4.05 МБ 098 Sary Arka dueti - Anashym.mp3
89 КБ ?.М?с_репов шы?армасында?ы ана бейнес_.doc
24.18 МБ ?.М?с_репов.5.03.ppt
4.21 МБ Асылбек Енсепов - Хафиз.MP3
868.66 КБ самал жанбиловна.wma

Выбранный для просмотра документ ?.М?с_репов шы?армасында?ы ана бейнес_.doc

библиотека
материалов

Сабақтың мақсаты: 1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.

2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.

3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, үлкендерді сыйлау, киелі махаббат иесі атанған ананы қастерлеу, құрметтеу, ана сенімін ақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: зерттеу, білімді жинақтау,қорыту сабағы.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, іздендіру,Cын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу, ынталандыру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ғ.Мүсірепов туралы мәліметтер жинап, «Ана» тақырыбына байланысты әңгімелерді оқып, «ананы» сипаттайтын тұсын дәптерге жазу

Жаңа сабақ:

Қуан шаттаң!

Қуан шаттаң!

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл- жасыл гүлімен

Келді көктем әдемі құс үнімен



Балалар , міне көктемнің алғашқы шуақты күндері де келіп жетті. Осы

жайма шуақ көктемде біздің жерлесіміз, атақты жазушымыз Ғабит

Мүсірепов дүниеге келген екен. Биыл 22наурыз Ғабит Мүсірепов

ағамызға 110 жыл толып отыр.

Осыған орай біздің мектепте «Мен өз даламның баласымын»

атты онкүндік өтіліп жатыр.Бүгін біз сендермен қазақ әдебиеті сабағында

Ғабит ағамыз жазған ана тақырыбына тоқталамыз.

Ана деген – асқар тау таусылмайтын,

Ана деген – айдын көл тартылмайтын,

Ақындардың жыры ол таусылмайтын.

Иә, өмірде ана атану, перзент сүю, артына ұрпақ қалдыру қашаннан да адамзат баласына тән ең асыл қасиет! Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

Балалар, бір сөзбен ананы қалай айтуға болады? (Мейрімді, әдемі, )

Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес? Сондықтан да көптеген ақын жазушылар ана туралы жырлаған екен.

Енді ақын, жазушылардың «Ана» туралы өлеңдерінен үзінділер тыңдап көрейік.

Шешенің балаларын сүюі

Міржақып Дулатов

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.



Ана- жұмақ, мен шуақ саябағы

Жеміс бермей жатсамда аялады.

Анам менің бақытым мен шырағым

Шөлдегенде сусындатар бұлағым

Ана әнім жер бесікті тербеткен

Ана деген мөлдір жасты селдеткен

Қуанғанда бола білді қасымда

Қиналғанда айтатыны жасыма

Ақын болам сен туралы жыр жазсам

Дана болам АНА деп бір үн қатсам

Сенің бір маған қарап күлгенің

Жарып шығар жүрегімді мұз қатқан.

М.Әлімбаев

Ана тілі –біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл!» - деп қараңыз.



(Енді, М.Мақатаевтың « Сәби Ана» жырын тыңдап көрейік (үн тыңдау)

Міне, балалар! Біз сендермен әр ақынның ана туралы өлеңдерін тыңдадық!

Жоғарыда айтылғандай Ғабит ағамыз да ана туралы жазған екен.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы Ана бейнесі»

Үйде Ғ.Мүсірепов туралы мәліметтер жинап, «Ана» тақырыбына

байланысты әңгімелерді оқып, «ананы» сипаттайтын тұсын дәптерге

жазып келу берілген болатын

Балалар, бірінші, Ғабит Мүсіреповтың өмір жолына тоқталайық



1. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – қазақ халқының әйгілі жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

Ғ.Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

2. Ауыл молдасынан оқып хат таныған Ғабит 1917жылы Қостанай оязының Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш ұстазы қазақтың белгілі педагог ақыны Бекет Өтетілеуов болды. Кейін төрт жылдық жоғары бастауыш орыс мектебін бітіріп, 1926жылы Орынбордағы жұмысшы факультетіне түседі. Білімге деген ынта оны Омскідегі ауылшаруашылық институтына әкеледі.

3.Орыс ақын –жазушылары А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.В.Гогольді, А.М.Горькийді, Н.А.Некрасовты, сонымен қатар, шетел классиктерін көп оқиды, жазушының әдеби білімі мен талғамы жетіле түседі Ғ. Мүсірепов – дүниежүзілік классикалық әдебиетшілердің драмалық шығармаларын қазақ тіліне аударған дарынды аудармашы. Ол У.Шекспирдің «Антоний мен Клеопатра», Мольердің «Сараң», А.Островскийдің «Таланттылар мен табынушылар» сияқты пьесаларын ана тілімізге аударды

4. 30-жылдары «Қыз Жібек», «Амангелді», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ақан сері- Ақтоты», «Тұтқын қыз», «Полковник Чудов» сияқты дарамалық шығармалары дүниеге келеді. Кейін жазушы шығармалары негізінде кинофильмдер түсірілді. Драманың кейіпкерлері – рухы мықты, дарынды, адамгершілік асыл қасиеттері биік, махабаттары таза, жандары сұлу адамдар



5. Мүсіреповтың әдеби мемолриалдық мұражай үйі Жазушының 1968-85жылы тұрған үй (Алматы, Қарасай батыр көшесі, 49 үй) Онда 4 мыңнан астам экспонат жинақталған. Әдеби бөлімде жазушының өмір жолынан сыр шертетін фото – суреттер, кітаптар, қолжазбалар, хаттар, марапаттау қағаздары сақталған. Мынау жазушының жұмыс үстелі мен кітапханасы.

Астана қаласында көше, Балалар мен жасөспірімдер театры ашылып, ескерткіш мүсін қойылған.

6. Ғ.Мүсірепов шығармаларында әр жылдары жазылған ана туралы әңгімелері ерекше орын алады. Ана махаббатының құдіреті мен күшін «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» атты өз туындыларында көрсетсе, М.Горькийдің «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана» атты новеллаларын аударды.

Ғ. Мүсірепов ана тақырыбына көптеген әңгімелер жазған екен, ал, енді үйге

берген

тапсырма бойынша жазушының «Ана» тақырыбына байланысты әңгімелердегі

«ананы» сипаттайтын тұсын дәптерге жазып келу берілген болатын .

(Дәптерлерінен оқиды)

А.М. Горькийден «Адамның анасы» әңгімесінде : «-Дүниенің шетіне дейін осылай жүре берсең, ұлың еркін дүниеде өссе, жүруге шаршамас едің-ау! Адамның анасы болу қандай жақсы! Жүрегім қуаныш төгіп, нұр шашып келе жатқанын қарашы!-деді ана, бір жерде тұра қалып...»

«Өлімді жеңген ана» әңгімесінде: «Мақтасақ – әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе...!

Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те! Әйел – ана, дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де бас иеді!

  • Тыңда, өлімнің егіншісі Темір! Сен менің алдымда күнәлісің. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңді жусын деп келдім. Сенің бағынғаның «Күш әділдікте!» деген ұран дегенді айтты. Мен бұған иланбаймын. Бірақ сен маған еріксіз әділ боласың. Өйткені мен – ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себемін. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!-деді.

Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусылама, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!

  • Адам деген бала ғой. Өйткені , ананың жанына көз салсаң, жүз есе бала, адам қашан да анасының баласы. Әркімнің анасы бар. Сен шал, білесің бе, сені әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта аласың, ал енді анадан бас тарта алмайсың, шал!-дейді әйел.

Бұл шындық қой. Өйткені қай анадан сұрасаң да:

  • Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақын да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын көбейттік!-демей ме...»

«Ана кесімі айнымайды» әңгімесінде: «Үстіндегі қара киімін баласының кеудесіне жапты да, жарқылдаған қанжарды қара жүрекке қадап жіберді. Баласының жүрегі қай жерде екенін жақсы білетін ана қолы қателескен жоқ: қанішер тырп етпестен қатып қалды.

Жеркеніш жанның арам басын тізесінен ырғытып тастады да, Мария ана орнынан тұрды.

Барлық елде, әр заманда , барлық қанішерлер үшін барлық ананың айнымас кесімі осы да! Барлық қанішерлер барлық елден, барлық анадан осы кесімді ғана күте алады!»

«Ананың анасы » әңгімесінде «Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда?»

«Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар. Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе еді, оның құнын қалай өтейсіңдер?... Құлынға қосақтап қызымды әкетіп барасыңдар, бұларың да не ерлікке, не әділдікке жанаспайды. Ең мықтағанда еліңе бір күң апарып қосасыңдар. Қызым сендерге барса, күң болады, өзіммен қалса, тым болмағанда өз етегімде еркін еркелейді. Сондықтан қызымды алып қайтам!»

 «Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, қырық жігіт пен батырды тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет? ( Ананың киелі махаббаты.)

Дұрыс айтасыңдар, балалар!

«Ана» әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямайтын ардақтысы.



Жоғарыда аталған шығармалар арқылы «Ана» бейнесін жасап көрейік

hello_html_m70dd2f20.gifӨмір себуші

hello_html_4239d8d3.gifhello_html_32c671f3.gifақылды

бhello_html_32c671f3.gifhello_html_m21b6f87c.gifатыл

hello_html_635a3fea.gifмейрімді қайратты

қhello_html_m408e67fc.gifhello_html_m315bb5bd.gifамқоршы еңбекқор

hello_html_2ae4c77b.gifhello_html_ae0e676.gifhello_html_m408e67fc.gifнамысшыл

өткір ақылшы











IV. Сабақты пысықтау:

«Ананың анасы» әңгімесі бойынша сатылай-кешенді талдау.



«hello_html_m46033819.gifhello_html_m449b2e4f.gifhello_html_1b92cd2f.gifhello_html_52486e7d.gifhello_html_6d42aba5.gifhello_html_m29903f30.gifhello_html_22e900fa.gifhello_html_m611f4c3e.gifhello_html_42cdf992.gifАнаның анасы»hello_html_m149afa73.gifhello_html_m54a53c2a.gif

  1. Аhello_html_m6f774540.gifвторы: Ғ. Мүсірепов.

  2. Тhello_html_mc3190c4.gifақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.

  3. Жhello_html_m44c4cc3f.gifанр түрі: проза (әңгіме)

  4. Иhello_html_m528fe6b3.gifдеясы:Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.

  5. Шhello_html_6820dc64.gifығарманың композициялық құрылысы:

5.1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей

сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып

өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.

5.2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті

елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.

5. 3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.

5.4.Шарықтау шегі: Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.

5.5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.

  1. Шhello_html_m652aac4f.gifығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б

  2. Әhello_html_m3ee6fbc4.gifhello_html_3b75d136.gifдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б

  3. Дhello_html_m2028891a.gifисфемизмдер: Қар қатынның, байым өліп, елсізде туғыр Бала би, т.б

  4. Кhello_html_m221bac5f.gifөнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта



Балалар дәптерге орындап болған соң, мұғалім сұрайды балалар ауызша жауап береді.

Енді, балалар , бүгінгі сабақтан алған білімдерінді тест арқылы қорытайық



Сабақты қорыту: тест сұрақтары

1. «Ананың анасы»әңгімесіндегі ананың есімі қалай аталады?

а) Ақлима , ә) Жамал, б) аты аталмаған.

2. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларын тап.

а) «Ана тілі», ә) «Ананың анасы»,б) «Бір адамға»

3.Шығармадағы қыздың жасы нешеде?

а) 13 ә) 15 б)18.

4. «Бір мезгілде артымызға қарасақ,тұйғындай түйіліп, жұлдыздай ағып, бір қара көрінеді» келе жатқан кім?

а) Жанай ә) жылқышы б) әйел.

5.Шығармада қандай ру аттары кездеседі?

а) Найман ә) Керей б) Қаракесек

6. Ғ. Мүсіреповтың шығармаларын ата.

а) «Оқыған азамат» ә) «Ер ана» б) «Толқын»

7. «Ананың анасы» әңгімесінің кейіпкерін тап.

а) Нағима анна ә) Жалпақ балуан б) Ораз.

8. «Ананың анасы»шығармасы жанрдың қай түрі?

а) роман ә) лирика б) әңгіме.

9.М. Горькийден аудармасы?

а) «Арқаның әңгімесі» ә) «Қос Шалқар» б) «Өлімді жеңген ана»

10. Ғ. Мүсіреповтың шығармаларын ата.

а) «Есіл бойында» ә) «Сүйемін» б) «Тұтқын қыз»



Біз бүгін сендермен қандай жазушы туралы сөз еттік?

Ғабит Мүсіреповтың қай әңгімесін талдадық? Ана әңгімесіне тоқтадық

Ғабит Мүсірепов ағамыз туралы білімдерінді арттыру үшін біздің кітапханада мынандай кітаптар алып оқуларына болады.

Балалардың білімдерін бағалау

Үйде: «Менің сүйікті анам» тақырыбына эссе жазып келу

Міне, балалар, бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуы қол жетпес теңіз түбінде жатады. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерең еңбек. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы.

Сендерге, балалар айтарым, ата –аналарыңды ардақтаңдар, сыйландар, бұл біздің де, сендердің де борыштарың . Ардақты әкеміз бен аяулы аналарымыз ешқашан қартаймаймасын. Алланың берген жасымен ұзақ өмір сүріп, барлығымыздың ата –аналарымыз аман болсын! –демекпін

«Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусылама, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен алынған қасиет» - деген жазушының өз сөзімен сабақты аяқтаймын.

Алда, 8 наурыз халық аралық әйелдер күні. Аналарыңды, әжелеріңді, қарындастарыңды, әпкелеріңді, сіңлілеріңді құттықтап, жылы ілтипат көрсетуге ұмытпаңдар!

Өмірдің иесі ғазиз АНА

Өмірге келтірген нелер дана

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Анасыз өміріміздің еш мәні жоқ, олар бар жерде әлем де, өмір де бар. Ана алақаны біз үшін ең, ең жылы ұя. Осыны естен шығармайық





















Ғабит Мүсірепов –ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Онымен мақтануымыз керек.

З. Қабдолов





«... Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай – талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үнілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық»

С.Шаймерденов







«Ғабит Мүсірепов көркем әдебиетте де, театрда да, кинода да,- өнердің тағы қандай түрі бар – бәрі –бәрінде де сұлулықтың гимн дәрежесіне көтеріліп келе жатқан классик»

Ш.Мұртазаев













Ғабит Мүсіреповтің шағын прозалық шығармаларының тіл тазалығы, стиль сұлулығы, форма жаңалығы, ой салмақтылығы қазақ әдебиетінің бүгінгі даму бағдарын көрсетіп, ізденіс сапарындағы белестерді айғақтайтыны анық.

Р. Нұрғалиев









Абайды, Сұлтанмахмұты, Сәкені, Мұхтары ,Бейімбет пен Сәбит, Ілиясы, Ғадибен мен Қасымы болу бір халықтын ұлт ретінде дұрыс өскендігін дәлелдейді. Солардың ортасындағы ең ірі тұлғалардың бірі-біздің Ғабит ағамыз.

Ә. Тәжібаев









Өмірімен де, еңбегімен де туған ел ілтипатына бөленіп,оның сүйіктісіне айналатын ұлдары болады, біз көрген тұста жазушылар ортасындағы осындай ұлы тұлғалар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин болды.

С.Қирабаев





































































Выбранный для просмотра документ ?.М?с_репов.5.03.ppt

библиотека
материалов
1902 жылы 22 наурызда (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында...
Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау. Шығарма авторы: Тақырыбы: Тегі, түрі...
Жауап кілті №	1	2	3	4	5	6	7	8	9	10 І	б	ә	ә	б	ә	ә	ә	б	б	б
“Ана” тақырыбына эссе жазу Үйге тапсырма:
Үйге тапсырма: “Ана” тақырыбына эссе жазып келу.
16 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6 1902 жылы 22 наурызда (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында
Описание слайда:

1902 жылы 22 наурызда (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында) дүниеге келген. 1916 жылы 14 жасында - Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. 1923-1926 ж. - мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде (рабфак) оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды. 1929-1970 ж. «Қос Шалқар»«Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен»,«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б, «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне» т.б. 1931-1944 ж Шекспирден: “Антонин мен Клеопатра”, “Шота Руставели және оның поэтикасы”, М. Горькийдің «Өлімді жеңген ана» , «Адамның анасы» шығармаларын аударды. 1958 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1962,1972,1974 ж. 3 мәрте Ленин,1975 ж. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту,1982 ж «Халықтар достығы» медальдары. 1970 ж. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды. 1977 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық алды. 1974 ж. Кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді. 1985 ж. дүние салды. 1985 ж. Алматы қаласының Қарасай батыр көшесінен мұражай, Астана қаласында көше, Балалар мен жасөспірімдер театры ашылып, ескерткіш мүсін қойылған Хронологиялық кесте

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау. Шығарма авторы: Тақырыбы: Тегі, түрі
Описание слайда:

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау. Шығарма авторы: Тақырыбы: Тегі, түрі: Идеясы: Шығарманың композициялық құрылысы: 1.Сюжеттің басталуы: 2.Сюжеттік байланыс: 3. Шиеленісуі: 4.Шарықтау шегі: 5.Шығарманың шешімі: 6.Шығармадағы кейіпкерлер: 7.Әдеби теориялық ұғымдар: 8.Дисфемизмдер: 9.Көнерген сөздер:

№ слайда 9 Жауап кілті №	1	2	3	4	5	6	7	8	9	10 І	б	ә	ә	б	ә	ә	ә	б	б	б
Описание слайда:

Жауап кілті № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 І б ә ә б ә ә ә б б б

№ слайда 10 “Ана” тақырыбына эссе жазу Үйге тапсырма:
Описание слайда:

“Ана” тақырыбына эссе жазу Үйге тапсырма:

№ слайда 11 Үйге тапсырма: “Ана” тақырыбына эссе жазып келу.
Описание слайда:

Үйге тапсырма: “Ана” тақырыбына эссе жазып келу.

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров897
Номер материала ДВ-227134
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх