Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Презентации / План урока и презентация, видео материалы по истории Казахстана на тему "1931-1933жж ашаршылық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

План урока и презентация, видео материалы по истории Казахстана на тему "1931-1933жж ашаршылық"

Выбранный для просмотра документ 1931-1933ж. ашаршылы? жоспар.docx

библиотека
материалов

hello_html_m2ce3eb20.gifhello_html_7238cacb.gifhello_html_m51b11232.gif

20.11.2015


Сыныбы: 9 «а»

Пәні: Қазақстан тарихы - 45 минут

Пән мұғалімі: М.С.Албілекова

Сабақ тақырыбы:

1931-1933жж ашаршылық

Жалпы мақсат:

1931-1933жж ашаршылықтың себеп-салдарын оқып-үйрене отырып, оқушыларды диалогқа тарту, сыни көзқарастарын дамытуға ықпалдасу.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақстан тарихы оқулығы.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

-1931-1933жж ашаршылықтың шығу тарихын, себеп-салдарын оқып, түсінеді; - тарихи оқиғаның желісіне анықтама бере алады; тарихи, саяси, әлеуметтік көзқарастар таныта алады; -өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады; - бір-бірін әділ бағалауға ұмтылады.

Негізгі идеялар:

  • «...Диалог - қарым-қатынас субъектілерінің тоғысуы, олардың әрқайсысы да өзінің серігіне, тыңдаушысынан, түсінушіге қаратып сөйлейді. Оқытудың нәтижелігі олардың қаншалықты тең құқылы екендігіне, мұғалімнің қарым-қатынаста өзінің басымдылығын білдіртпей, қаншалықты бірлескен ой – толғанысты, бірлескен шығармашылықты ұйымдастыра білуіне, ал оның серігі оқушы рөлінен тең құқылы автор рөліне ауыса алатындығына байланысты» З.Смелкова;

  • Ұстаздың сабақтағы басты міндеті - сыныптағы қандай да болмасын қарым-қатынасты интерпретациялық диалог деңгейіне көтеру.

  • Интерпретациялы диалогта тек қана ақпарат емес, сонымен бірге жаңа ұғымдар, түсініктер, құндылықтар қалыптасады. Осылайша оқу/оқытудың нәтижелігі арта түседі /О.Гойхман, Т.Надеина/.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, тақта, оқулық, қосымша деректер.



Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқуда қолданылатын модульдер:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.


  1. Жеке жұмыс

  2. Топтық жұмыс


Дерек көздері:

Оқулық, Қазақстан тарихы энциклопедиясы, Хрестоматия




Ойлау деңг.

Мақсат

Күтілетін нәтиже

Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Бағалау

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

/Кім? Не? Қашан?

Қайда? Не істеді?/

13минут

Қайталау арқылы өткен сабақта оқыған деректерін қалай сақталғанын тексеру.

Ақпараттың оқушы жадында қаншалықты сақталғанын анықтау.

Топқа бөліну

Топқа бөлі барысында:

Оқушылардың көзқарастарын топтастыра отырып;

-Мен тарихты сүйемін /тарихшылар/;

-Мені әкімшілік-басқару ісі қызықтырады /саясаттанушылар/;

-Мені халықтың өмірі қызықтырады /әлеуметтанушылар/. /3 минут/







Тарихшылар тобы- Тарихи оқиғалар бойынша ақпараттар жинақтайды;

Саясаттанушылар тобы- Саяси өмірдегі негізгі өзгерістерді баяндаумен қатар өз ойларын білдіреді.

Әлеуметтанушылар тобы – Халық тұрмысының хал-ахуалы бойынша мәліметтер жинақтайды.

Үй тапсырмасы:

Мысалы:

Біз тарихшылармыз. Тарихшы ретінде 1927-1932жж тарихи оқиғаларға тоқталғымыз келеді;

  • ;

Біз саясаттанушылармыз. Саясаттанушы ретінде 1927-1928жж саяси өмірдегі өзгерістер туралы төмендегідей деректер келтіруге болады;

-;

Біз әлеуметтанушылармыз. Әлеуметтанушы ретінде 1927-1932жж қазақ халқы мен өзге ұлт өкірдерінің тұрмыс – тіршілігіндегі хал-жағдайларды былай деп баяндауға болады;

  • . /10 минут/

критерийлер

дискрептор

ұпай

-Топқа бөледі,

-оқушылардың міндеттерін бөліп, тақырып бойынша бағыт-бағдар береді.




Жағымды психологиялық

жағдай қалыптастырады.





Қажетті жағдайда оқушыларды ынталандырып отырады,

мадақтайды.

-Топтарға бөлінеді;

-міндеттерін бөліп алады. Топ басшысы сайланып, бағалау парағын толтырады.


Бірлескен топтық жұмыста бірлесіп жұмыс жасайды, бір-біріне септесіп көмектеседі, топ басшысы тарапынан бағаланады,

мұғалім тарапынан мадақталады.



Білім көлемін зерделеу








Толық біледі

Жартылай біледі

Білмейді

2

1

0

Құрастырды

Жартылай құрастырды

Құрастырмады

2


1

0

Ажыратты

Жартылай ажыратты

Ажыратпады


2


1

0

Түсіну

/Неге? Неліктен? Не үшін?/


/10минут/

Мәліметпен танысып, анық күйге түсіру арқылы өзіндік түсінік қалыптастыру, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткізу жолдарын айқындау.

Берілген мағлұматты өзі оқып түсінеді.

«Ой шақыру» - осындай елдегі тарихи, саяси, әлеуметтік жағдайдан кейін оқиға әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсыздар?


Осы тарихи оқиғаларға қатысты қандай тарихи сөздер мен халықтың нақыл сөздерін білесіздер? .

Мысалы: Аша тұяқ ...;

Аңқау елге ...;

Жау жоқ деме... / 3минут/


ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



+++++++++



++++++++++


/ 2минут/

Мәліметпен жұмыс


1931-1933жж ашаршылық

/ 5минут/


Тақырыптың басты идясын табу

Тапты:

Жартылай тапты:

Таппады:

4

2

0

-Мұғалім топтық тапсырмалар береді;

-Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды

- Тапсрмаларды жеке, топтасып орындайды;


-Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады;

-Өз білімдері мен көзқарастарын ортаға салады, қорғайды, ынталанады;

-Өз беттерінше білім алады;

-Бір-біріне септесіп көмектеседі.

Орындады:

Жартылай орындады:

Орындамады:

4


2

0

Меңгерді:

Жартылай меңгерді:

Меңгермеді:

4


2

0



Қолдану

/Оқулықта берілген мәлімет бойынша жұмыс жасау?

/11минут/

Алған ақпаратты іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру.

Оқушылар нақты тапсырмаларды түсіндіріп, өзгелерді үйретеді.

Тарихшылар - Елді басқарған саяси тұлға туралы ақпарат береді, қанша адам қаза тапты мәлімет береді, халықтың қоныс аударуына тоқталады.


Саясаттанушылар – Ашаршылықтың пайда болу себептерін, әкімшілік-басқару мекемелерінің әрекеттеріне тоқталады.


Әлеуметтанушылар - Халықтың жағдайына тоқталады.


/ Әр топқа - 2 минуттан, барлығы - 6минут/


Бейне көрсетілім «Ашаршылық» / 3минут/

Бейне көрсетілімнен не түйдіңіздер?

/ 2минут/

Шығармашылыққа баулу

Мазмұнды:

Жартылай сәйкес:

Сәйкес емес

6

3

0

-Мұғалім бағыт-бағдар береді;

-Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды;

-Оқушыларды ынталандырып отырады; қажетті жерінде мадақтайды.

- Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды;

- Қажетті жағдайда бір-біріне көмектер береді.

-Топ басшысы тарапынан бағаланып отырады;

-Мұғалім тарпынан мадақталады.

Ойын жеткізді:

Жартылай жеткізді:

Мәнсіз жеткізді:

6


3

0

Мазмұнын ашты:

Жартылай ашты:

Ашпады:


6

3

0

Талдау

/Салыстыр, айырмашылығы енде?/

/3минут/


Нәтижені анықтау.

Қорытындысын шығарады.

«Сократтық тәсіл» - сүйреу, жетелеу, ойларды жалғастыру. / 3минут/

ХХІ ғасырдың І ширегінде орын алған ашаршылықтың себептері мен салдары

ХХғасырдың соңғы он жылдығындағы елдегі жоқшылықтың себептері мен салдары

Мысалы:

Ашаршылық, халықтың қырылуы;

Геноцид саясаты;

Биліктің алаңдаушылығының төмендігі;

Көмекке кеш келуі;

Халықтың қырылып қалуы.

Қазақ халқының санының азаюы.

Мысалы:

Теңгенің жоқтығы, талонның шығуы;



ұзын-сонар кезектер;

Биліктің алаңдаушылығы;

Нарықтық-қатынастың реттелуі;

Теңгенің пайда болуы;

Ел-экономикасының дамуы;

Жұмыссыздықтың азаюы.


Ойын дәлелдеу- ге машық -тандыру





Игерді

Орташа игерді

Игермеді

8

4

0

-Мұғалім бағыт-бағдар береді;

-Тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды;

- Талдау барысында ойларын жинақтауға септеседі.

-Мұғалім жетелеген ойларға ере отырып, өз ойларын білдіреді.

Шапшаң

Саябыр

Баяу

8

4

0

Ұшқыр

Орта ой

Шешімсіз


8

4

0

Синтез /Жинақтау/ /Алынған ақпарат негізінде қорытындыжасау, жүйелеу

/3 минут/

Алған білімдерін жинақтау.

Қорытынды жасау.

«Қазақы рухтың қылышы - қынабында мұқалмас» мағынаны ашу, эссе жазу.

/ 3минут/





Нақты:

Жартылай нақты:

Нақтылығы жоқ:

10

5

0

-Алынған ақпараттар бойынша оқушылардың білімдерін жинақтауға арналған шығармашылық тапсырма беріледі;

- Мұғалім мадақтайды, ынталандырады.

-Оқушылар алған білімдерін жинақтап, жауап береді,

бағаланады.



Бағалау

/Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?

Өзойыңыз?

/2минут/





Рефлексия

/3минут/



Өз ойын білдіру арқылы, сыни ойлауын дамыту









Оқушылардың сабақ бойынша алған әсерлерін анықтау


Өз ойын айту.











Оқушылардың сыни көзқарастарын дамыту

Бүгінгі тақырыптың түйінді идеясы


Мәселен:

Тарихшылар: Бұл оқиға тарихта суық із қалдырды;

Саясаттанушылар: Ашаршылықтың зияны көп болды;

Әлеуметтанушылар: Халықтың жағдайы мүлдем төмендеді.



ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



++++++++++++++++++++++++++++++

/2минут/













Жүйелі

Ойы тың емес

Жүйесіз

10

5

0

Мұғалім тапсырма береді, оның дұрыс орындалуын бақылайды, мадақтайды, бағалайды.








Оқушыларды марапаттайды.

-Оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіреді.

-бағаланады.









-Кері байланыс барысында өз ойларын еркін жеткізуге тырысады;

-Топ басшысы бағалайды.

-Мұғалім тарапынан марапатталады.



























Ембі қалалық №2 орта мектебінің ІІ негізгі деңгей бойынша сертификатталған

тарих пәні мұғалімі М.С.Албілекованың

Қазақстан тарихы пәнінен «1931-1933жж ашаршылық » тақырыбындағы

қысқа мерзімді жұмыс жоспары.















2015-2016 оқу жылы

Выбранный для просмотра документ Ашаршылы?.pptx

библиотека
материалов
Жас өскелең, бақытты болашақ үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын жаңа дәуір...
20.11.2015ж 1931-1933жж ашаршылық.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
ХХғ І ширегіндегі Қазақстан
Бір сәтке ойланып көрейік! ХХ ғасырдың І ширегіндеорын алған ашаршылықтың сая...
“ Қазақы рухтың қылышы – қынабында мұқалмас ”
Назарларыңызға рахмет!
7 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жас өскелең, бақытты болашақ үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын жаңа дәуір
Описание слайда:

Жас өскелең, бақытты болашақ үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын жаңа дәуір ұрпағысыңдар, достығы мен береке – бірлігі жарасқан елдің азаматы ретінде білім мұқитының айдынында жүзе беріңдер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

№ слайда 2 20.11.2015ж 1931-1933жж ашаршылық.
Описание слайда:

20.11.2015ж 1931-1933жж ашаршылық.

№ слайда 3 Білемін Білгім келеді Үйрендім
Описание слайда:

Білемін Білгім келеді Үйрендім

№ слайда 4 ХХғ І ширегіндегі Қазақстан
Описание слайда:

ХХғ І ширегіндегі Қазақстан

№ слайда 5 Бір сәтке ойланып көрейік! ХХ ғасырдың І ширегіндеорын алған ашаршылықтың сая
Описание слайда:

Бір сәтке ойланып көрейік! ХХ ғасырдың І ширегіндеорын алған ашаршылықтың саяси мәні мен әлеуметтік күрделі мәселелеріне негізгі себептер: ХХ ғасырдың соңғы он жылдығындағы елдегі әлеуметтікмәселелер мен саяси маңызды бастамалар. Тоталитарлықжүйедегі жаңа бастамалардағы қиындықтар... Тәуелсіз елдің жаңа бастамаларындағы қиындықтар...

№ слайда 6 “ Қазақы рухтың қылышы – қынабында мұқалмас ”
Описание слайда:

“ Қазақы рухтың қылышы – қынабында мұқалмас ”

№ слайда 7 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Выбранный для просмотра документ Рефлексиялы? есеп.docx

библиотека
материалов

Ембі қалалық №2 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі М.С.Албілекованың Қазақстан тарихы пәні бойынша «1931-1933жж ашаршылық» тақырыбындағы сабағының рефлексивті есебі

Қазақстан тарихы пәнінен «1931-1933жж ашаршылық» тақырыбындағы сабақ жоспары 9 «а» сыныбының оқушыларына негізделіп құрылды. Мақсат: Оқушыларға 1931-1933жж ашаршылықтың себеп-салдарын оқып - үйрету. Оқушылардан күтілетін нәтиже:

  • 1931-1933жж ашаршылықтың шығу тарихын, себеп-салдарын оқып, түсінеді; - тарихи оқиғаның желісіне анықтама бере алады; тарихи, саяси, әлеуметтік көзқарастар таныта алады; -өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады; - бір-бірін әділ бағалауға ұмтылады.

Қазіргі оқу мен оқыту үдерісінде диалог маңызды қызмет атқарады. Мерсер мен Литлтон /2007/ өз еңбектерінде диалог - оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын ерекше атап өтеді. Сондықтан да, сабақ барысында оқушылар арасында диалогтық қарым-қатынастың орнауы басты назарда болады. Жоспарланған әдіс-тәсілдер оқушылардың еркін ойларын жеткізулеріне, талдауларына, сыни көзқарастарының қалыптасып, дамуларына септесе алатындай етіп құрылды.

Сабақтың алғашқы минутында оқушылармен амандасып болғаннан кейін, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық пен жағымды көңіл-күй орнату мақсатында оқушылар ортаға шығарылды. Бір-бірімізге сәттілік тілей отырып, ортаға: - « Мені тарих қызықтырады..», - «Мені елдің әкімшілік басқару ісі қызықтырады..», - «Мені елдің әлеуметтік өмірі қызықтырады...» мәтініндегі тақырыпшалар таратылып, оларға таңдау жасатылды. Оқушылардың көзқарастары негізге алына отырып «Тарихшылар», «Саясаттанушылар», «Әлеуметтанушылар» топтары анықталып топ басшылары сайланып, өз міндеттерін бөлісіп алды. Топ басшыға бағалау парағы тапсырылды.

Бүгінгі педагогикада Блэк пен Уильям өз еңбектерінде құрдастар тобындағы бағалау ізгі болғанда оқушылардың оқу үлгерімдеріне әсер ететіндігін ерекше атап өтеді. Сонымен үш топқа тақырыптық міндеттер мен тапсырмалар берілді. Онда сабақ барысында «Тарихшылар» тобы – «Не? Қайда? Қашан?» сұрақтарын негізге ала отырып, тарихи оқиғаларға баға берсе, «Саясаттанушылар» тобы саяси өмірдегі өзгерістер мен саяси мәнін түсіндіріп, «Әлеуметтанушылар» тобы – елдің әлеуметтік өмірінің жаңа қырларын зерттеп, мәліметтер жинақтайды. Сабақ құрылымы «Блум таксономиясына» негізделіп құрылғаннан кейін «Білу» деңгейінде өткен тақырыпты қайталау мақсатында топтық тапсырмалар берілді. Үй тапсырмасын орындау барысында әр топқа топтық тапсырмаларды негізге ала отырып, мәліметтер ұсынылды. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды дұрыс түсініп, өткен сабақтағы тақырыптың маңызын қаншалықты деңгейде түсінгендіктерін көрсете білді.

C:\Users\User\Desktop\2014-2015о.ж қмж\сурет\20151120_115348.jpg

Тапсырманы орындау барысында сыныптың «С» деңгейіндегі оқушысы «Д» белсенділігін байқадым. Бұрын-сонды оқушы көпшілік алдында сөйлеуге қиналатын. Ал, «А» деңгейіндегі оқушылар «А», «Н», «С», «Р», «Н» тапсырмаларды жылдам орындап шықты. Сабақ барысында «С» деңгейіндегі оқушы «Н» назардан тыс қалдырмау мақсатында оқушының іс-әрекетін бақылай отырып, оқушыны сабақ үдерісіне жетелеп отырдым.

C:\Users\User\Desktop\2014-2015о.ж қмж\сурет\20151120_120237.jpg C:\Users\User\Desktop\2014-2015о.ж қмж\сурет\20151120_122654.jpg

Жаңа тақырыпты меңгерту барысында «ББҮ» стратегиясының алғашқы екі бағанын оқушыларға орындатуда «С» деңгейіндегі «Н» есімді оқушыға назар аударттым. Оқушының деңгейіне қол жетімді сұрақ қою арқылы сабаққа тарттым. «Н» есімді оқушы «ашаршылық» ұғымына «қанағаттанарлық» деңгейде жауап бере алды. Тақырыптың негізгі идеясын табуда, тарихи, саяси астары бар ұранды сөздер мен халық нақыл-сөздеріне назар аударта отырып, оқушылардың ойлау деңгейлерінің ара-қатынасын көруге мүмкіншілік туды. Онда «А» деңгейіндегі оқушы «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранының саяси астарын нақты түсіндірумен қатар, бүгінгі тақырыпқа жетелейтін негізгі идеяларды атап өтті. Сонымен, жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, оқулықпен жұмыс жасалды. Оқулықпен жұмыс барысында оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды нақты анықтап, топтық талдаулар жасай білді. Оқушылардың тапсырмаларды нақты орындай алуы «Сәтті тұстардың» бірі ретінде бағаланды. «Қолдану» деңгейінде ұсынылған «Зауал» тақырыбындағы бейне көрсетілімнің түйінді идеяларын оқушылардың нақты анықтай алуы және бүгінгі өмірмен байланыстыра білуі, өз ойларын жетік жеткізе білулері әріптестер тарапынан ерекше бағаланды. Аталған жәйт, бүгінгі мақсатқа жетудегі сәтті тұстардың бірі ретінде бағалануға лайық деп ойлаймын.

C:\Users\User\Desktop\2014-2015о.ж қмж\сурет\20151120_122203.jpg



Дегенмен, «Талдау» деңгейіндегі екі биліктің құрылымдық айырмашылығын анықтауда оқушылар қиналды. Себеп: оқушылардың билік құрылымындағы айырмашылықтар мен атауларымен таныс болмауларында деп білемін. Алдағы уақытта сабақты жоспарлау барысында тиянақылықтың қажеттілігін түсіндім. Дегенмен, Аяжан есімді оқушының ойы жоспарланған тапсырманы орындауда өз үлесін қоса алды. Оқушы сыныптағы көшбасшы оқушылардың бірі болатын. «Синтез» деңгейінде «Қазақы рухтың қылышы - қынабында мұқалмас» тақырыбында эссе берілді.

C:\Users\User\Desktop\2014-2015о.ж қмж\сурет\20151120_122648.jpg



Ең алдымен қанатты сөздің мағынасы оқушылар тарапынан ашылып, эссе жазылды. Оқушылар топта жазған эсселерін оқып, «Үздік» эссені анықтады. 3 топтан бір-бір оқушы өз шығармаларын ортаға салып, оқушылар тарапынан «Үш шапалақ» әдісімен бағаланды. «Бағалау» деңгейінде оқушылар топтық тапсырмаларды негізге ала отырып, бүгінгі сабақтың түйінді сөзін тапты. Әр топ берілген тапсырманы нақты орындай білді. Аталған сабаққа кері байланыс жасауда «ББҮ» стратегиясының «Үйрендім» бағанын оқушыларға орындаттым. Оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Сабақ соңында топ басшылары топ оқушыларының бағасын ұсынды. Оқушылар өздеріне қойылған бағаларға қанағаттанды деген ойдамын. Топ басшылары өз сыныптастарын бағаласа, «Кітап», «Бейбітшілік монументі», «Қыран құс» бейнеленген суреттерді топ оқушыларына тілекпен табыстадым.

Сайып келгенде;

Сабақтың сәтті тұстары:

-Оқушылардың бірлесе отырып, әрекеттер жасауы;

-Бір-біріне септесіп көмектесуі;

-Сабаққа қатысушы әріптестер тарапынан оқушылардың ерекше бағалануы;

-Оқушылардың тақырыпты меңгерулері;

-Өз ойларын еркін жеткізулері;

- Топ басшыларының топтағы оқушыларды әділ бағалай алулары;

-Оқушылардың уақытты үнемдеп, бірлесе әрекет жасай алулары.

Сабақтың сәтсіз тұстары:

  • Оқушыларға берілетін тапсырманың барлығына бірдей қолжетімділігін ерекше назарда ұстау. Мысалы: «Талдау» деңгейіндегі тапсырманы атап өтуге болады.

Алдағы уақытта , жоғарыдағы мәліметтерді негізге ала отырып кемшіліктерді жоюға аса мән беремін.

C:\Users\User\Desktop\2014-2015о.ж қмж\сурет\20151120_122708.jpg

Выбранный для просмотра документ ашаршылы? таратпа.docx

библиотека
материалов

1931-1933жылдардағы ашаршылық

І.Ашаршылықтың алғышарттары:

Ашаршылықтың бастапқы алғышарттарының бірі 1927жыл ы өткен компартияның ХҮсъезінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатынан басталған еді. КСРО-ның негізгі идеясы «Өркениетті кооператорлар қоғамын құру» болатын. Осы жолда 1933 жылға дейін Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау көзделді. Ал жоспар бойынша өлкеде ұжымдастыруды аяқтау 1932ж көктемі болатын.

Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:- Қатал жаппай қуғындалу мен лаңкестікке негізделді;- Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді;- Әкімшілік күштеу әдістерімен жеделдету жүргізілді;- Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.

1932ж ақпанында Шу ауданында аумағы 150 шақырым жердегі 100 деген шаруашылықты біріктіріп, 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселка» болып тігілді. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған ұжымшар» құра бастады.

Ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп тұрды:1928жылы – 2 пайыз;1930жылы 3 сәуір 56,4 пайыз;1931 жылы 65 пайыз ұжымдастырылды.

ІІ.Ашаршылықтың жоғары деңгейде көрінісі

Ұжымдастыруға байланысты әр түрлі іс-шаралардың нәтижесі Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын-соңды болмаған аштыққа ұшырады. Елдегі саяси өзгерістер нәтижесінде азық-түлік мәселесі қиындады. 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі төтенше жағдайда қайта басталды. Мысалы: Шұбартау ауданында малдың 80 пайызы мемлекетке етке өткізілді /1931-1932жж/, Балқаш ауданында 297 мың малға салғырт салынды /ауданда 173000 мал болған/, Торғай ауданында 1млн мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.

Елдің саяси өміріндегі асыра сілтеушілік зардаптары:

Халықтың әлеуметтік өміріндегі ең азаптысы ұжымшарға кіргісі келмеген кедейлер мен орташаларды бай кулактар қатарына жатқызып, оларды азаптау болды. Тарихи деректерге сүйенсек Ақтөбе, Павлодар округтерінде - кедейлерді ұрып-соғу, суық су құйып азаптау, суық қоймаларға қамау, соттау жағдайлары көптеп кездеседі.

Тарихи деректерде:1929жылы 56498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталған;1931жылы 5500 отбасы жер аударылған;1933 жылы Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы 21 мыңннан астам адамды қамауға алған.1929-1933жж 22933 адам тұтқындалып, олардың барлығы ұзақ жылдарға қамауға алынды. Олардың арттарында еңіреп қалған бала-шағалары қалды. Жазаланғандардың басым көпшілігі байлар мен орта, төменгі тап өкілдері болды.

Сонымен бірге, жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932жж елді адамзат тарихындағы ауыр азапты аштық кезеңі жайлады. 1932 жылы ақпанда ұжымшарлардың 87 пайызының малы қырылса, жекелердің 51,8 пайызының малы қырылды.

Ұжымдастыру қарсаңында мал саны- 40,5 млн болса, 1933ж 1 қаңтарында 4,5 млн мал қалды.Елдегі әлеуметтік жағдай күрт нашарлады. Жоқшылық қазақ жерін барынша екпінмен шарлады. Оны ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Елдегі аштық салдарынан демографиялық күрделі ахуал қалыптасты:-1930 жылы 313000 адам қайтыс болды;-1931жылы 7555 адам қайтыс болды;-1932 жылы 769000 адам қайтыс болып, басым көпшілік халық шетел ауып көшіп кетті;-1930-1932жж 1млн 750 мың қазақ немесе халықтың 40 пайызы жаппай қырылды.

1932ж 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық атқару комитетіне аштық туралы жазды «... аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, мысық және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...»

1932жылы шілдеде елдегі хал-ахуалмен күресуде қазақ зиялылары дәрменсіз болса да, олар аянып қалмады. Соның ішінде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» /Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қадыр Қуанышев/ қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайын баяндап, көмек сұраған болатын. Онда «... Аштықтың салдарынан ғасырлар бойы қалыптасып келген біртұтас халықтың жоғалу мәселесі тұр. Бұл ғасыр азабы. Тарихтың қиянаты...» деген сөзі жоғарыдағы басшылықты алаңдатқан жоқ.

Қазақ зиялысы Тұрар Рысқұловтың Иосиф Сталинге, Кагановичке, В.Молотовқа жазған хаттары ескерусіз қалды. Тұрар Рысқұловтың хатында « Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда. Орта Волгаға – 40 мың, Қырғыз жеріне – 100мың, Орта Азия елдеріне – 30 мың, Қарақалпақ жеріне -20 мың қазақ бас сауғалауға мәжбүр болды. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік, Қытайға дейін баруда. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы... »деп ашына баяндалды.

Елдегі Филип Исаевич Голощекиннің басқарудағы әдісіне қарсы шыққан тарихи тұлғалардың бірі Сұлтанбек Қожанов болды. Ол негізсіз айыпталып, кейін ату жазасына кесілді. Ал мемлекет қайраткері Сейтқали Меңдешов аштық жылдарында аштықпен күрес жөніндегі Төтенше комиссияны басқарып, ұлттық сипаттағы әрекеті үшін кейін ату жазасына кесілді. 1932 жылы наурызда Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қызмет еткен Мәскеу Қызыл отрядының баяндамасы бойынша Торғай,Балқаш халқын аштық пен індет жайлағаны айтылды. Олар қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді. Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық саны азая берді. Ақтөбе облысында 1930ж 1млн 12500 адам тұрса, 1932жылы 725800 адам қайтыс болған. Халықтың 71 пайызы кеміген. Балқашта 1930жылы 60 мың адам болса, 1932жылы 12мыңы ғана қалған. 1млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерлерге кетті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ. Кейін 414 мыңы ғана елге оралған.

ІІІ.Аштықтың зардаптары:

1931-1933ж 2,1 млн адам қырылды /Барлық халық саны – 6,2 млн/. Оның ішінде қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4 пайызды құрады. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.

1931-1933жылдардағы ашаршылық қазақ тарихында «Ұлы жұт» жылдары ретінде суық із қалдырды.



Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров119
Номер материала ДВ-566790
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

1 год назад

Спасибо большое администраторам сайта! Интересный и полезный сайт для педагогов.

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх