Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / План урока казахский язык на тему "Синонимдер"

План урока казахский язык на тему "Синонимдер"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Синонимдер

Сабақтың мақсаты Санжұмбақ арқылы тақырыпты оқушыға ашқызу.Суреттер арқылы оқушылардың өздеріне ойлантып синонимдер шығаруға бағыт беру. Оқушылардың синоним туралы білімін кеңейту,қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстар арқылы бекіту, сөз мағынасына мән беруге,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету.

Негізгі идея «Өнер алды-қызыл тіл»

Сілтеме 5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

«Синонимдік сөздік» І,ІІ том

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2008№3.2011№1.2012 №5.2013№4.

«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналы

 «Мұғалімге арналған Нұсқаулық»

Міндеттері Синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы  сөйлешінің тіл байлығы мол екендігі ғана емес, сонымен бірге оның сөз қолданылуындағы талғампаздығын да танытатындығының сырын ашу.СТО технологиясымен болжау жасау,мәтінді талдау,салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.Бірлесе жұмыс істеу, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйрету.

Тапсырма көздері «Кім тапқыр?» сурет бойынша жұмыс.Синонимдерін тап.

І топ «Жерұйық»                ІІ топ «Атамекен»                       ІІІ топ «Боранқұл»

Бұл кім?                                      Бұл кім?                                       Бұл не?     

Мұғалім суреті                         Сәби  суреті                                          Дастархандағы тамақ суреті

 

Бағалау

 

Топ топты бағалау критерийлері арқылы бағалайды Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау.

 

Ой ұшқырлығы

Тақырыпты түсінуі 

Тіл байлығы

 

Сергіту сәті Ерте,ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты. Оның балалары өте көп болыпты.Бай отбасымен өте тату-тәтті өмір сүріпті.Олардың татулығы сондай,тіпті,балаларының барлығы бірігіп бір үйде тұрыпты.Бай баларының аттарын Күшті,Мықты,Қайратты,Қажырлы,Әлді Қарулы, Сұлу,Әдемі,Әсем, Көркем деп атапты.Бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен,бәлкім,олар сол себепті тату шығар.Олай болса сергіту сәтін «Тату сөздер»деп атап, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық.

Тапсырма көздері І топ «Жерұйық»                ІІ  топ «Атамекен»                       ІІІ топ «Боранқұл»

 «Синкуейн»немесе           Оқулықпен жұмыс                            Оқулықпен жұмыс

«Бес жолды өлең»әдісі.     79-жаттығу                                      85-жаттығу

 

                                          

Бағалау Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау.

Қорыту

Интерактивті тақтамен жұмыс Венн диаграммасы

Омонимдер                               Ортақ қасиеттер                                  Синонимдер

Өзіне тән белгілері                 1.Тіліміздегі сөздердің                      Өзіне тән белгілері

1.айтылуы бірдей                   қолданылу аясының кең               1.айтылуы бөлек,

мағыналары бөлек                  екенін көрсетеді.2.сөз                 мағыналары жақын сөз-

сөздер                                      байлығын көрсетеді.                      дер2.бір сөз табына                          

2.әр сөз табынан болады,      3.көркем әдебиетте,жұмбақ,          қатысты болып,бір ғана  

соған орай атқаратын            жаңылтпаш,өлең жолдарын-          сөйлем мүшесінің

 қызметтері де бөлек               да көркемдік әдіс ретінде            қызметін атқарады.

болады                                      қолданады.

Оқыту нәтижесі Мағыналары бір-біріне жақын сөздер, яғни синоним сөздер туралы мағұлмат алады.Оқушы өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау,өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін шыңдау.Алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру.

Түйін Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Кері байланыс Диологтік әдіс зерттеушілік  әңгіме 

Кейінгі тапсырма «Менің сүйікті кейіпкерім» ойтолғау. Әдебиет оқулығынан зат есімнен болған синонимге 2 мысал,етістіктен болған синонимге 2 мысал жазу. 83- жаттығу.Синоним ережелерін қайталау





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров131
Номер материала ДВ-157872
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх