Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / План урока казахскому языку на тему"Шешендік өнер"

План урока казахскому языку на тему"Шешендік өнер"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 
Сыныбы:11 

Сабақ тақырыбы: Шешендік өнер 
Жалпы мақсат: Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып ,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету; 
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыт 
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. 
АКТ-ны тиімді пайдалану 
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-104 б. 
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 
3. 11-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы бет 
4. Портал материалдары 
Оқу нәтижесі: Шешендік өнердің қыр сырын білуі,сөз мәдениетін ұғына білуі, 
АКТ пайдалана алуы 
Негізгі идеялар: Шешендік өнерге баулу 
Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті такта,флипчарт,оқулық, 
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог. 
АКТ, 
СТО 
Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс 

Түртіп алу,екі жақты күнделік, 
Дерек көздері: Шешендік өнер тақырыбына арналған материалдар: 
1. Шешендік сөздер 
2. Қазақ тілінен оқушы анықтамалығы 188 бет 
3. Википедия ашық энциклопедиясы 
Тапсырмалар: сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: 
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру 
ІІ. ІО сыныпта өткенді қайталау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
BLUB TREE-ді қолдана отырып ІО сыныпта не үйренгендерін білу қағаз бетіне түсіру және талдау 
ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин) 8.38-8.48 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру 
«Сөз мәдениеті және шешендік өнер» Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау 
Қызығушылықты ояту(10 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/ 
Шешендік өнер дегеніміз не? 
Сөз мәдениеті дегенді қалай түсінеміз? 
Монолог,диалог,полилог деген ұғымдарды даралап көрсету. 
Оқулықтағы 2 жаттығуды дәптерге орындату 
«Шешеннің сөзі - шамшырақ» атты ойтолғау жаздыру Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру 

Оқулықтағы жаттығуды орындау 

Ойтолғау жазу 
IV.Қорытындылау (5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату Өзін-өзі критериалды бағалау 
V. Үйге тапсырма беру (2 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
«Шешен тіл шешер сан істі» тақырыбына шығарма жазып келу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу 
VI. Бағалау (5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Формативті бағалау Өзін өзі бағалау 
VII. Рефлексия(3 м Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Екі жақты күнделік жүргізу Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын екі жақты күнделік арқылы жеткізу 

Қазақ тілі 
Сыныбы:11 

Сабақ тақырыбы: Ұлттық шешендік өнер 
Жалпы мақсат: шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру; б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.АКТ-ны тиімді пайдалану 

Оқу нәтижесі: Ұлттық шешендік өнердің тарихын білуі,сөз мәнеріне машықтануы. 
АКТ пайдалана алуы 
Негізгі идеялар: Ұлттық шешендік өнерді насихатау,сөз әдебін қалыптастыру 

«Амандасу » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру Бір бірімен амандасу арқылы көңіл күйлерін көтеру 

«Ұлттық шешендік өнер» Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау 

Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/дебат ұйымдастыру 
Дәстүрлі шешендік өнер дегеніміз не? 
Шығармашылық жұмыс: Мәтінді дауыс ырғағын құбылтып оқыңдар.Қалай оқығанда әсерлі болатынына назар аударыңдар.Мәтінді басшылыққа ала отырып, өздерің шығармасын сүйіп оқитын қаламгер жөнінде ой-толғаныстарыңды жазыңдар. Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру 

Мәтінді мәнерлеп оқып шығу 

Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату 
«Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» 
«Шешен сөз бастайды,көсем ел бастайды» тақырыбында әңгіме құрату Өзін-өзі критериалды бағалау 

Шағын әңгіме құрайды. 

17 жаттығуды орындау 
«Шешеннің сөзі –мерген, шебердің көзі-мерген» Үй тапсырмасын білу, түртіп алу 

«Екі жұлдыз,бір тілек» Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу 

Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар 
Сабақ мақсаты: - шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту; 
- шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру; 
- тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу; 
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту; 
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс, қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс, сатылай комплексті талдау, электронды оқулықпен жұмыс 
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, химия, математика 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. 
Құрметті 11 сынып оқушылары алдарыңызда үлкен мақсат тұр. Ол: 
- мектепті жақсы, абыройлы бітіру; 
- ҰБТ-ны нәтижелі тапсыру; 
- мемлекеттік грант иегері атағын жеңу; 
- өміріңе қызмет ететін мамандық иесі атану; 
- мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлес қосатын саналы, парасатты азамат болуға тілегімді білдіре отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз. 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар. Бұл сабақтан сендер шешен болу үшін қандай талаптар қойылады және шешендердің шешендік сөздерін оқи отырып тіл тазалығын сақтап, әдеби тілде сөйлеуге үйренеміз. 
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсіріп, қайталап өтейік. 
Үй жұмысы: 1. Шешендік өнер грекше қалай аталады? 
2. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім? 
3. Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім? 
4. Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кімдер? 
5. Шешендік түрлерін ата 
№ Шешендік сөз тектері Шешендік сөз түрлері Стильдері 
1 Әлеуметтік-саяси шешендік Баяндама, үгіт-насихат Публисцистикалық, ресми, ғылыми 
2 Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік Мерейтойдағы тілек, көңіл айту, естірту т.б. Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу 
3 Академиялық шешендік Ғылыми баяндама, дәріс Публисцистикалық, ресми, ғылыми 
4 Сот ісінде қолданылатын шешендік Айыптаушы мен қорғаушының сөзі Публисцистикалық, ресми 
5 Діни шешендік Уағыздар мен иман сөздер Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу 

6. Шешендік сөздің сапаларын кім атап береді? 
Тілдің тазалығы 
Ой жүйелілігі 
Сөздің мазмұндылығы 
Сөз қысқалығы 
Сөз түсініктілігі 
Сөз әуезділігі 
Сөз байлығы 
Сөз анықтылығы 
Сөз дұрыстығы 
Сөз дәлдігі 

7. Шешен – кім? / ел билеу ісінің тұтқасы, отағасы, ру басы, би ағасы, ауыл ақсақалы, билік шешуші, психолог, т.б/ 

Байланыс: Не себепті біз суырылып шешен сөйлей алмаймыз? Себебі, шешенге, шешендік сөзге қойылатын талаптарды біле бермейміз. 

Жаңа сабақ: Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады. 
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. 
2. Білімін көтеру. 
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру 
Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін: 
Қатты ойланбау керек 
Өзіне-өзі сену керек 
Психологиялық дайындық керек 
Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек 
Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді. 
Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың. 
Сөйлеу мәдениетін көтеру. Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады. 
Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады. Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады. 

Бекіту: Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар: 
1. Компьтер заманында шешендік өнер қажет пе? 
2. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің. 
3. Асылым, ардағым – ана тілім! 
4. Агенттің пайдасы мен зияны 
5. Еркін тақырып 

Бұл тапсырманы тілге өнерге бейімі бар балалар орындайды, ал техникалық мамандыққа бейінді оқушылар «Тіл + химия» тапсырмасын орындайды. Формуланы сөзге айналдырып жазу керек. 
Бұл H2O туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ CaCO3 маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында NaCl жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық. Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар. 
Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде. 

Сөйлеу тілді көркем ететін нәрселерді ата! 
1. Тұрақты сөз тіркестері 
2. Мақал-мәтелдер 
3. Эпитет 
4. Теңеу 
5. Метафора 
6. Метонимия 
7. Омоним, синоним, антоним 
Көп нүктенің орнына тұрақты сөз тіркестерін қойып оқу. 
1.Талайға дейін естерін жиып, ..... жаба алмады. 
2. Екі жүйенің кеңінен етек ..... . 
3. Ұзақ уақыт бойына Орталықьан қалған аймақтарды ....ұстаудың үш түрлі тәсілін пайдаланды. 
4. Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің ..... қылуға тырысқандарымен, қорғап қала алмады. 
5. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмейді. Қарадай қыршынынан ..... жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді. 
6. Анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат тайға .... айқын көрініп тұруы кажет. 
7. Алайда тарих дариясының жағасында алыстан көз ..., құр бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді. 
8. Ол мәселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің барлық органдары ат ..... 
9. Бір ғасыр бойы халықты ашса ..... ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. 

Электронды оқулықпен жұмыс. 
Мақалдың тиісті сөзін қой. 
1. Ердің сыншысы - /кім?/ 
2. Оқу - /немен?/ құдық қазғандай. 
3. Көп сөз – көмір, аз сөз - /не?/ 
4. Өлімнен /не?/ күшті. 
5. Атаңның баласы болма, /кімнің?/ баласы бол. 
6. Ер жігіттің екі сөйлегені - /не істегені?/ 
7. Жеті рет өлшеп, /неше?/ рет кес 
8. Досы көпті жау /не істейді?/ 
9. /Қандай?/ үй базар, /қандай?/ үй - мазар. 
10. /Не?/ отбасынан басталады. 

Шығармашылық жұмыс. Ойды өзіңше аяқта 
Тату болса, ағайын жақын. 
Ақылшы болса, апайың жақын. 
Бауырмал болса, інің жақын. 
Инабатты болса, келінің жақын. 
..... 

Арадан шыққан жау қиын, 
Таусылмайтын дау қиын, 
Шанышқылаған сөз қиын 
Жазылмаса дерт қиын. 
...... 

Ой толғау. Шешендерше жауап беру. 
Дау мұраты не? 
Саудагер мұраты не? 
Қыз мұраты не? 
Жол мұраты не? 

Қол бастау қиын ба? 
Жол бастау қиын ба? 
Сөз бастау қиын ба? 

Жерден ауыр не? 
Судан терең не? 
Оттан ыстық не? 
Көктен биік не? 

Мәнерлеп оқу, есте сақтап, сұраққа жауап беру. Электронды оқулықтан жоғары деңгейлі №3 тапсырманы орындау. Бір оқушы мәнерлеп оқиды. Шарты есте сақтап алу керек. Соңынан мәтінді жауып сұрақтарға жауап беру. 
Баяғыда, дана үш бидің халықтың бірлігін нығайту жолында «жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүрген» кездері борлса керек. Бірде Төле би отырып: - Он түрлі санау жұмбағым бар, соны шешіңдер, - депті. 
Әйтеке би: Айтыңыз, - депті. 
Төле би: 
- Айтсам жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, - депті. 
Сонда Қаз дауысты Қазыбек би: 
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман, 
Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман, 
Үш дегеніміз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман, 
Төрт дегеніміз – төсектен безген ер жаман, 
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман, 
Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман, 
Жеті дегеніміз – жесір қалған жас жаман, 
Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман 
Тоғыз дегеніміз – торқалы той топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман, 
Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа болмас деп түсінемін, - депті
Сұрақтары: 
1. Қандай ел жаман? 
2. Төле би кімдерге сұрақ қояды? 
3. Сұрақтарға кім жауап береді? 
4. Үшке бөлінген ағайын қандай? 
5. Қандай дерт жаман? 
6. Тоғыз дегеніміз не? 
7. Неге кәрілікке дауа болмайды? 

Шешенге қойылатын талаптардың бірі - сөз әуезділігі. 
/мақам, кідіріс, тыныс алу, орфоэпиялық нормамен сөйлеу, ой екпіні, дауыс ырғағы, үн әуезділігі/ Осы талаптарды ескере отырып мәтінді көрініспен мәнерлеп көрсету. 
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға! Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер! Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік. Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер. 
-Тәттіде не тәтті? -Қаттыда не қатты? -Жұмсақта не жұмсақ? 1-жігіт:Тәттіде бал тәтті. Қаттыда тас қатты. Жұмсақта мамық жаұмсақ Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші. 
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті. Қаттыда атаның жүрегі қатты. Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ. Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің! Жарайсың, балам.Мұратыңа жет, қатарыңның алды бол. Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыннан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен. 
Сергіту сәті (мақалмен жауап) 
Әзіл сұрақтар: 
1. Қар жана ма? 
2. Түкіріктен көл құрала ма? 
3. Тауық түс көре ме? 
4. Адамда арқау бола ма? 
5. Қайтсең тегін ішесің? 
6. Қандай бас аяққа тыным бермейді? 
7. Тойды бүлдіретін кім,Бар болса ол қандай адам? 
8. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма? 
Оқулықпен жұмыс. Кітапта берілген 58, 59, 60 жаттығуларды үш қатарға бөліп беру. Оқып, мазмұнын айту 

Сөйлем талдау. Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді талдау. /фонетикалық, морфологиялық синтаксистік талдау/ 
Бір дауысты, бір дауыссызға ауызша сатылай комплексті талдау жасау. 
1. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл. 
2. Тура сөз темірді тесер, 
Жұмсақ сөз қылышты кесер. 
3. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. 
4. Тіл түйгенді тіс шеше алмайды. 
5. Көрінбей келген қазадан сақта, арамза туған баладан сақта. 
6. Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол. 
7. Көп сөйлеген дәмсіз сөйлейді. 
8. Билік айту оңай, біліп айту қиын. 
Қорыту: Сонымен, қорыта айтқанда, шешенге қойылатын талаптарды саралап шықсақ: / / 
Бірақ адамның жүрегінде мейірім болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде мейірім болса, айналаңа ізгілік нұрын шашсаң, жүрегің сезімге бай болса ғана сені шешен ретінде халық қабылдайды, адам ретінді адамның жүрегінің төрінен орын аласың. 
Үйге тапсырма: Фонетиканы қайталау, «Дипломмен – жұмысқа» деген тақырыпта шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып, көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу. 
Білім бағалау: Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысыШешендік өнер - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз.Тәлімгер.орг сайтындағы Шешендік өнер атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентация реферат мақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Шешендік өнер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға боладыҚазақ тілі 

Білім бағалау: Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысыШешендік өнер - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз.Тәлімгер.орг сайтындағы Шешендік өнер атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентация реферат мақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Шешендік өнер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров209
Номер материала ДВ-145118
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх