3 сынып қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалыс.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Тақырып
бойынша оқушылардың өз қабілеттеріне карай білімдерін қалыптастыру. Сөйлесім
әрекеттерін жүйелі түрде қолдану. Білім сапасына жиі-жиі кеңіл бөліп, сабақ
сайын мән беріп, арттырып отыру.
Дамытушылық: Такырып
бойынша сөздік қорларын дұрыс, орынды қолдануға үйрету.
Материалдарды қоршаған ортамен байланыстыра отырып, сөздік қорларын бақылап,
тілдесім қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге,аялауға, қыс мезгілінің ерекшелігін түсінуге,қызықтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ
барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. жаңылтпаш.
Қыста
Күн қысқа
Күн қыста
Тым қысқа
2.сұхбат
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Қыста ауа-райы қандай болады?
Ал түн ше?
Қыста не жауады?
Ауаның темпаратурасы қандай болады?
III.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
IV.Жаңа сабақ Лексикалық тақырыппен жұмыс жасау
Сөздік
жұмысы:
- мұғалімнің
жаңа сөздерді түсіндіруі;
- оқушылар жаңа
сөздерді кезекпен оқиды;
- жаңа сөздерден
сөйлемдер құрау
1 -тапсырма. Сөйлеп үйрен
2 -тапсырма Сурет бойынша әңгімені оқы,асты сызылған
сөздердің септіктерін тап
3- тапсырма. Сызба бойынша сөйле.
4- тапсырма.Жұмбақ
шеш.
1. Таудан түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да, жүрмейді.
2. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым
3.Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын
жазбайды,
Бір – бірінен
озбайды.
Сергіту сәті
V Сабақты бекіту.«Қысқы демалыс» тақырыбы бойынша топтық жұмыс.
1.Сызба бойынша
әңгімеле.
VI.Үйге тапсырма беру. «Қысқы демалыс» тақырыбы бойынша әңгіме
дайындау,сурет салу.132 бет.2-тапсырма
Ү Бағалау
ҮІ Қорытын жасау
2. «Ой шақыру» стратегиясы.
Ақ матадай қары бар,
Аязы бар, әні бар,
Бұл қай кезде
болады? (қыс)
-Қазір жылдың қай мезгілі?
(Қыс)
-Қыс айларын
атаңдаршы? (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
-Қыс мезгілі
сендерге несімен қызықты?
-Қыс мезгілін сендер
қалай суреттейсіңдер?
.Олар:
І аялдама:«Көңілді
қыс» аялдамасы.
ІІ аялдама: «Қысқы
орман» аялдамасы.
ІІІ аялдама: «Қысқы
ойындар » аялдамасы.
ІV аялдама: «Қыс
мезгілі» аялдамасы.
V аялдама: «Қысқы
табиғат» аялдамасы.
Осы аялдамаларда
бізді көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Ал, балалар, біз саяхатқа дайынбыз ба?
Ендеше бастайық.
І аялдама: «Көңілді
қыс» аялдамасы.
Қысқы ойындардың
аттарын атаңдар.
(шана тебу, шаңғы
тебу, коньки тебу, аққала жасау) жіңішке дауысты дыбыстарды табу.
ІІ аялдама: «Қысқы
орман» аялдамасы.
Мұғалім:Мына
аялдамадан өту үшін, сендер Жер-Ананың жіберген хатындағы сұрақтарға жауап
беріңдер. (Қысқа жауап береді).
1-топ: Қыста
қыстайтын құстардың аттарын атаңдар. (қарға, сауысқан, суықторғай,
шымшық,тоқылдақ)
2-топ: Аңдардың
қысқы тіршілігі туралы айтыңдар. (қасқыр, қоян,түлкі)
3-топ: Қысқы табиғат
Жұмбақты шешейік:
1.Қолы жоқ,сурет
салады,тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
2.Табаныма байладым,
қос аяқпен айдадым. (шаңғы)
3.Тікен,тікен тік
пісте,қысы жазы бір түсте (шырша)
4.Қыста жерді жауып
кетті,ал көктемде ағып кетті. (қар)
5.Қанаты жоқ
ұшады,аяғы жоқ желеді,аузы жоқ ұлиды. (боран)
6.Мамықтай
ұлпа,қанттай аппақ,қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қарай
қашады (қар)
7. Қыста ғана
болады,ұстасаң қолың тоңады. (қар)
8.Денесі
суық,айнадай тұнық.су боп ағады,тұрса күн жылып (мұз)
9.Ілдім дағы
аяққа,сырғып кеттім сай жаққа. (шаңғы)
10.Бет-аузыңнан
сүйеді,ерні суық тиеді. (аяз)
11.Тоңғақты
таниды,бет-қолын қариды (аяз)
12.Жайған жастық
сөгілді,аппақ мамық төгілді. (қар)
13.Айнымайды
шыныдан,қорқады тек жылыдан. (мұз)
14.Суға
батпайды,отқа жанбайды. (мұз)
1-топ: қыс (адамдар
жылы киінеді,жыл құстары қалады,малдар қорада тұрады,адамдар жылы
киінеді.,шана, суық,боран,шаңғы,коньки
2-топ: «Қыс»
тақырыбына шағын әңгіме айту.
Қыс келді. Қалың қар
жауды. Айналаны аппақ қар жапты. Қарға оралған қысқы дала әдемі көрінеді.
Анда-санда боран да болады. Қыстыгүні жиі-жиі қар жауады. Балалар шанамен
сырғанайды. Кеше қатты аяз болды.Күн суыта түсті.Адамдар жылы киінеді.
3-топ:Қай сөзді
жоғалттың?
* ...суытты.
* ...жауды
* Мұз ... .
* Балалар ... .
* Ол ... киінді.
V аялдама: «Қысқы
табиғат» аялдамасы.
1-топ: ...қыш, кіш.
Ұш
Ат
Бас
Сүрт
2-топ: Буынға бөл.
Адам
Табиғат
Құстар
Жануар
Өсімдік
3-топ: Сөз құра.
а ш а н
р а б н о
п с а а н
р ж е
ү н к
Топпен мақал –мәтелмен
жарысу.
Қортынды.
Бүгінгі сабағымызда
не айтылды?
-Қазір жылдың қай
мезгілі? (Қыс)
-Қыс айларын
атаңдаршы? (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
Қысқы ойындарды
атаңдар
Жуан дауысты
дыбыстарды атаңдар
Жіңішке дыбыстарды
атаңдар
Қыста.
Қыс түсті. Күн суытты. Түнде қатты аяз болды. Кеше қара боран
соқты. Боран таңға жақын басталды. Таңертең аяз күшейді. Күн суыта түсті.
Балалар ерте оянды. Олар қар күреді. Әкесі қойларға шөп салды. Апасы сиыр
сауды. Айнаш үйректерге жем шашты. (39 сөз).
Тапсырмалар: Кім? Не?
деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықтаңдар
Желтоқсан, Қаңтар,
Ақпан.
Қыста табиғат қалай
өзгереді?
Қыс мезгілінің
қандай ерекшеліктері бар?
Боран қыста қалай
соғады?(ұйытқып,ысқырып,ұлып)
Қардың түсі қандай
болады?
Қыс мезгіліне
байланысты тақпақ кім біледі?
Сиқырлы қарындашты
айналдырып жасыл түске тоқталады,жасыл түстің тапсырмасын орындайық.(құрастыру)
Балалар біз бұл
тапсырманы орындап,қай гүл екенін табуымыз керек,ол үшін 2 тапсырма беріпті
соларды орындауымыз керек.
1.Күз мезгілінде
жапырақтың түсі қандай болады?(Сары)
2.Қардың түсі
қандай?(Ақ)
1.
Сөздік
жұмыс.
Қыстыгұні-зимой бейнелеу- описывать
Жиі-жні- часто сырғанау- кататься
Аяз- мороз жайнау-
расцветать
Қыс түсті,
қыс қысты,
құс ұшты.
Қыс түсті,
қысқы істі
қыста істе.
Кім?
Не?
Қандай?
Қайда?
Не
істеді?
1.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.