Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / План урока на казахском языке "Физика және табиғат"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

План урока на казахском языке "Физика және табиғат"

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Сабақ реті_1 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні__________

Сабақтың тақырыбы: § 1. Табиғат және адам

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау керек.

  1. Дамытушылық мақсаты:

Табиғат және физика құбылыстарымен таныстыру. Табиғат туралы ғылымдармен таныстыру

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:

жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:

Әңгіме, жаттығулар орындау

Сабақтың кӨрнекіліктері:

плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. Білімді жан-жақты тексеру:


ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физика нені зерттейтінімен таныстыру.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Физика нені зерттейді

Өздерің ашып отырған оқулық “Физика“ деп аталады. Бұл жаңа ғылымды сендер мектепті бітіргенше оқып игересіңдер. Физикамен таныстық мектепте аяқталмайды. Ғалым-физиктерді дайындайтын арнайы институттар бар. Бірақ физика тек ғалымдарға ғана емес, ол барлығымызға: жұмысшыларға, дәрігерлерге, инженерлерге, конструкторларға да керек. Физика ілімі адамды аса ақылды және күшті етеді, ол табиғат апатының алдында әлсіз болмауға үйретеді, өзің өмір сүріп отырған әлемді таныта бастайды. Тек физиканы біле отырып, үйлерді, зауыттарды, машиналарды, электр станцияларын жобалауға болады. Радиоқабылдағышты, автомобильді, ғарыштық аппараттарды, тіпті киімдер мен қоректік азық-түлікті дайындау үшін де физиканы білу керек. Мысалы, физиктер жарықтың ауа мен шыныда қалай тарайтынын оқып үйренгендіктен ғана көзәйнектер, телескоптар, фотоаппараттар мен бейнекамераларды жасау мүмкін болды. Кемелерді, ұшақтарды, ауа шарларын құрастыру мен жасау сұйықтықтар мен газдарды және оларда қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды білуге негізделген. Физика ілімінсіз сағатты да, телефонды да, шаңсорғышты да, теледидарды да жасауға болмас еді, сондай-ақ асты дайындауға және сақтауға, бөлмені тазалауға, әуенді тыңдауға және т.б. көмектесетін көптеген пайдалы заттардан құралақан болар едік.

Физика нені зерттейді?

Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Физикалық құбылыстарға жататындар:

1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);

2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т.б.);

3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т.б.);

4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т.б.);

5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т.б.);

6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т.б.)

Барлық осы құбылыстар өлі табиғатқа тән. Бірақ олардың көпшілігі тірі организмдердің ішінде де болады. Мысалы, ылғал өсімдіктің сабағы арқылы жерден оның масағына көтеріледі, қан адам мен жануардың денесіндегі тамырлар арқылы ағады, нерв талшықтары арқылы мидан сигнал беріледі. Қалайша бір ғана ғылым – физика – осыншалық көп құбылыстарды талдайды? Оның себебі ғылымның ғажайып қасиеттеріне байланысты – яғни қарапайым құбылыстарды зерттеу негізінде жалпы заңдылықтардың ашылуы. Мысалы, әр түрлі биіктіктен мөлшері әр түрлі шариктердің еркін құлап түсуін зерттеу арқылы басқа денелердің құлап түсуі кезінде орындалатын заңдарды тағайындауға болады. Осы кітап бойынша сендер осындай қарапайым құбылыстарды оқып үйренуді бастайсыңдар және олардағы маңызды заңдылықтарды анықтауды біртіндеп үйренесіңдер.

Физиканың басты міндеті – табиғатта болатын алуан түрлі құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу, құбылыстардың байланысы мен себептерін табу. Мысалы, Күн жүйесі центрінің айналасында планеталардың дөңгелек бойынша айналу себебі оларды Күннің өзіне тартуынан болады; күн мен түннің алмасу себебі күн сәулесімен жарықталынатын Жердің өз өсінен айналуынан болады (1-сурет); желдің пайда болу себептерінің бірі ауаның бірқалыпты жылынбауынан болады және т.б.

Тhello_html_41e537cf.gifабиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сендер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіңдер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаған. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Аристотельдің шығармаларында “физика“ деген сөз (“фюзис“ – табиғат деген грек сөзінен алынған) кездеседі. Бұл сөзді XVIII ғасырда алғаш рет Ресейде неміс тілінен орыс тіліне физика оқулығын аударғанда М. В. Ломоносов енгізген. Қазіргі уақытта табиғатты зерттеу әр түрлі елдер мен халықтардың көптеген ғалымдарының табанды еңбек етуін талап етеді. Олардың бірлескен жұмыстары адамзат баласына қоршаған әлемдегі заңдар мен құбылыстарды зерттеуде ілгері жылжуға мүмкіндік береді және қоғам прогресін қамтамасыз етеді.

VI. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:

  1. “Табиғат” деген сөздің мағынасын қалай үсінесіңдер?

  2. Аталған құбылыстардың қайсысы механикалық құбылысқа жатады?

  3. Аталған құбылыстардың қайсысы электрлік құбылысқа жатады?

  4. Аталған құбылыстардың қайсысы магниттік құбылысқа жатады?

  5. Аталған құбылыстардың қайсысы оптикалық құбылысқа жатады?

  6. Аталған құбылыстардың қайсысы жылулық құбылысқа жатады?

VII. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу: 1 тапсырма 1, 2

VIII.ДК. Үй тапсырмасын беру: § 1.

IX. ДК. Баға қою.

Мұғалім: Сарсенова Ләззат Бөрітайқызы. Оқу ісінің меңгерушісі:__________




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-345432

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"