Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / План урока на тему "Бакыт сыры"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

План урока на тему "Бакыт сыры"

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №1 орта мектеп Мерзiм: 30.09.2015_5 сабақ

Тақырып: Бақыт сыры

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм: Шаяхметова А.А Сынып «11


Сабақ мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты:

Оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру, бұл ұғымның кең екенін, бақытты бола білуідің маңызын ұғындыру

  1. Дамытушылық мақсаты:

Бақытты сезіне білуге, біреуді сыйлай білуге үйрету

  1. Тәрбиелік мақсаты :

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау

Міндеттері:

  • Бақыт сыры туралы түсінік беру;

  • Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге үйрету.

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Ресурстар:

Кітап, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. (5 мин) 

Жай музыка тыңдап тынығу. Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) 

Сұрақ: 
1. Ата мен келін арасындағы қарым-қатынасты қалай атар едіңдер? 
2. Біреуге жақсылық жасағанда қандай сезімде боласың? 















З.Ахметова «Шуақты күндер»

ІІ. Дәйек сөз.

«Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу»

В.Н.Терешкова



ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

Саттар Ерубаевтың «Бақыт» әңгімесінен үзінді

Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім.

Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: «Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді. Менің бақытты көргім келді.

Күн батушы еді; шал қара көлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңіліме елең салатын қараңғылықта бір түрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім.

Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім...

...Біздің үй Түркістан қаласының оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсуші еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, төргі бұрыштағы Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді. Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың шешесі Күнтүлім күн шуақта жамау жамап отырушы еді.

Барлыбай көзі қарауытып: «Апа, қарным ашты ғой», -дейтін еді.

  • Е, бақытсызым-ау, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың? – деуші еді Күнтүлім.

Осы уақытта түрінген балтыры балшық-балшық боп Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке оралған бір нәрселер көрінсе, Күнтүлім Барлыбайына:

- Бақытың бар екен, қарағым, - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күлкі уақытша күлкі болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді. Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім...

  • Күнтүлім баласына «Е, бақытсызым-ау, бақытың жоқ қой» деп неліктен айтты?

  • Сөйлемдегі «бақытсыздық» сөзінен не ұқтыңдар?

  • Бала неге бақытты нан екен деп ойлады?

  • Балалар қай кезде бақытты болады?

  • Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма? 

  • Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт

болуы мүмкін бе? 



  1. Топтық жұмыс.

«Мен үшін бақыт деген...» тақырыбына шағын эссе жазу.



  1. Топпен ән айту.

«Бағалайық бақытты» өлеңі

Сөзі Қ.Жүнісовтікі

Әні Б.Жолдасқызынікі

Балғын дәурен, балауса кезің қандай,

Гүл бағында балқиды сезім балдай.

Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,

Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.


Қайырмаасы

Жүрегімде махаббат ән тербейтін,

Бағалайық бақытты, жан тербейтін.

Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,

Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер.


Арманның мекені алыстап кетеді,

Жастығың өтеді қас қағымда...

Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,

Өмірің жайнасын жас шағында.



  1. Үй тапсырмасы.

І.Есенберлин «Бақыттың он сыры»  оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Бүгінгі сабақта не ұқтыңыздар?













Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №1 орта мектеп Мерзiм: 07.10.2015_6 сабақ

Тақырып: Бақыт сыры

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм: Шаяхметова А.А Сынып «11 Оқушылар саны 27


Сабақ мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты:

Оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру, бұл ұғымның кең екенін, бақытты бола білуідің маңызын ұғындыру

  1. Дамытушылық мақсаты:

Бақытты сезіне білуге, біреуді сыйлай білуге үйрету

  1. Тәрбиелік мақсаты :

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау

Міндеттері:

  • Бақыт сыры туралы түсінік беру;

  • Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге үйрету.

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Ресурстар:

Кітап, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi  Орманға серуен

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) 

І.Есенберлин «Бақыттың он сыры»  оқу.

Сұрақ: 
1.Сендердің ойларыңша бақыттың қандай он сырын атар едіңдер? 















ІІ. Дәйек сөз.

Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби



ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

Ешкімі жоқ бір жетім қыз көңілсіз болған күндердің бірінде бір көбелек көреді. Көбелек тікені бар гүлдің арасына кіріп, ұша алмай тұрады. Қыз көбелекті бар ынта мен мейірімімен тікенді гүлден құтқарып босатады. Ұшып кете салмай көбелек әдемі бір періге айналады да “сенің үлкен жүрегің мен мейірімің үшін бір тілегіңді орындайын” дейді.

Жетім қыз біраз ойланып “Бақытты болғым келеді” дейді. Пері “Жәрайды” деп, қыздың құлағына бірнәрсе сыбырлайды.

Жылдар өтіп, қыз есейсе де, сірә одан артық бақытты адам жоқ сияқты болады. Бәрі де одан бақытты болудың құпиясын сұрайды. Ол болса жымия салып “Бар құпиям – кішкентай кезімде періні тыңдағаным” дейді.

Жасы ұлғайып қартайған кезде көршілері келіп “Пері саған не дегенің айтшы, бақытты болудың кілті өзіңмен бірге кетпесін” деп жалбарына сұрайды. Көздері мейірім төккен кемпір күлімдеп “маған былай деді: жас болсын болмасын, бай болсын болмасын кімде кім болсын бәрі де мейірімге мұқтаж, сен оларға керексің.”

Әңгіме бойынша сұрақтар:

  1. Қыз неге қиналған көбелекке көмектесті?

  2. Қыз неге өмір бойы бақытты болды?

  3. Осы өмірге осы күнге риза болып жүрген, жан жақтығы адамдарға күлімдеп, мейірім шашып жүрген адам бақытты бола алады ма?





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға беріліп отырған осы ойды жалғастыру ұсынылады. 
Сәби бақыты, ол - ... 
Әйел бақыты, ол - ... 
Ер-азамат бақыты, ол - ... 
Ата-ана бақыты - ... 
Дәрігер бақыты, ол - ... 
Ұстаз бақыты, ол - ... 
Ұлт бақыты, ол - ... 
Қоғам бақыты, ол - ... 


Сабақта балалардың эмоционалдық жағдайын анықтау. (кері байланыс)

Берілген терекке өздеріңнің ата – аналарыңа, бауырларыңа, достарыңа, мұғалімдеріңе, үлкен де сыйлы адамдарға арнап жақсы тілектеріңді жазыңдар



  1. Топпен ән айту.

Бақыт құшағында

Сөзі Т. Молдағалиевтікі

Әні Ш. Қалдаяқовтікі

Көзіңнен бір ұшқын,

Ұштым ба білмедім.

Әйтеуір нұр құштым,

Әйтеуір гүлдедім.

Көктемнің бұлбұлы

Кеудеме қонады.

Құшаққа қыр гүлі

Толғандай болады.

Қайырмасы:


Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.


Әнбісің төгілген

Жырмысың армандай

Бір бақыт көрінген

Жақындап қалғандай

Жанардың ұшқыны

Жүректе жанады.

Қолыңның ыстығы

Қолымда қалады.


Қайырмасы.




  1. Үй тапсырмасы.

«Бақыт жолын сілтеу»  оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)








Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров131
Номер материала ДБ-078342
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх