Инфоурок Геометрия КонспектыПлан урока на тему: "Цилиндр"

План урока на тему: "Цилиндр"

Скачать материал

ЦИЛИНДР – АЙНАЛУ ДЕНЕСІ. ЦИЛИНДРДІҢ ҚИМАСЫ.

 

Жаңылова Гүлазат Инабатқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің бірінші санатты математика пәні оқытушысы

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға «Цилиндр», оның элементтері, қималары, қолданылуы туралы мағлұматтар беру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту;

б) тәрбиелік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, мамандықты сүюге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, Венн диаграммасы, ойын арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау

Пәнаралық байланыс:  Сызу, Адам және қоғам, Автомобиль құрылысы

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, геометриялық макеттер, сызба плакаттар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

Оқу – құралдарын тексеру;

Назарларын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 

Организационная диаграмма

 

Топты 3 – ке бөліп, «Көпжақтар» тарауын төмендегі әдіспен қайталаймыз.

 

ПРИЗМА

 

10

 

20

ПАРАЛЕЛЕПИПЕД

 

 

 

 

 


10

 

20

ПИРАМИДА

 

10

 

20

Призма

 

10 – Призманың элементтерін ата ( табаны, бүйір қыры, жақтары, биіктігі, диагоналі)

20- Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр призма қалай аталады? (Тік призма)

 

Паралелепипед

 

10 – Тікбұрышты паралелепипедтің барлық жақтары қандай дене болады? (Тіктөртбұрыштар)

20 – Тіктөртбұрышты паралелепипедтің өлшемдері: 4; √11; 3 болса, оның диагоналі қандай? (6) 

                                                                                               

Пирамида

 

10 – Пирамида дегеніміз не? (Бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған п жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақ)

20 – Пирамиданың диагональдық қимасы дегеніміз не? (Бүйір қыры мен табанының диагоналі арқылы өтетін қима)

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

 

Жаңа сабақты үй тапсырмасын қорытындылап, байланыстыра отырып түсіндіру.

Радиальная диаграмма

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

 

 

Циклическая диаграмма

 

 

Анықтама: Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны (денені) айтады

                      

Мектеп курсында тек тік цилиндрлер ғана қолданылады.                                             

 

* Тіктөртбұрыштың ОА және ОВ қабырғалары параллель жазықтықтарда жататын тең дөңгелектер жасайды. Бұл дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады. Цилиндрдің екі табаны да дөңгелек болады.

* АВ қабырғасы цилиндрдің осіне параллель болады, ол цилиндрдің жасаушысы деп аталады және цилиндрдің бүйір беті деп аталатын қисық бетті жасайды. 
* Жасаушының ұзындығы цилиндрге биіктік болып табылады, ол табан жазықтығының арақашықтығына, яғни ОО кесіндісінің ұзындығына тең болады.

Егер жасаушылары цилиндрдің табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.

 

Цилиндрдің жазықтықпен қимасы  деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураны, яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін айтады.

 

Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады. Мұндай қималар осьтік қималар деп аталады. Осьтік қиманың қабырғалары табанда-рының диаметрлері-нен және екі жасаушыдан тұрады.

Қиманы цилиндрдің осіне параллель жүргізуге болады. Бұл қима цилиндр мен екі жасаушысы арқылы өтетін жазықтық-тың қиылысуы-нан алынып тұр.

Цилиндрді оның осіне перпендику-ляр жазықтықпен қиюға да болады. Қима жазықтық табан жазықтықта-рына параллель, ал цилиндрдің қимасы оның табандарына тең дөңгелек болады.

Егер цилиндрдің бүйір бетін оның табандарын қимайтын және цилиндр осіне перпендику-ляр емес жазықтықпен қисақ, онда қимадан эллипс аламыз.

Цилиндрдің АВ жасаушысы арқылы өтетін және онымен басқа ортақ нүктелері жоқ жазықтық цилиндрге жанама жазықтық деп аталады. АВСД осьтік қимасына перпендику-ляр.

 

            Мысалы: автотракторларда, тіркемелерде, ауылшаруашылық машиналарда әртүрлі подшипниктер ( шар, қиық конус және цилиндр  тәрізді ) қолданылады.

            Атқаратын қызметі: шар тәрізді подшипниктер тез қозғалысқа келтіру үшін, қиық конусты подшипниктер әрі қозғалысқа, әрі айналысқа келтіреді. Цилиндр тәрізді подшипниктер жай айналып күшті көп береді. Мұндай подшипниктер жүк көтергіш крандарда, бульдозер тракторларда болады.

      

 

(Цилиндрлердің автомобильдерде қолданылуы)

 

             

 

  

 

(Цилиндрлердің тұрмыста  қолданылуы)

 

                 

 

   (Цилиндрлердің құрылыста  қолданылуы)

 

Тапсырмаларды «Жамбы» ату ойыны арқылы орындайды.

Бұл ойынның мақсаты балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру, тапсырмаларды тез, әрі дұрыс орындауға баулу.

Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді. Оның ішіне 5,4,3 сандары жазылған. Оқушы қолына жебені алып, көздеп тигізеді, сол сандағы тапсырманы орындап, сол бағаға ие болады.

 

Целевая диаграмма

«3» - тік  тапсырма:

 

Цилиндрдің геометрияның планиметрия бөлімімен қандай байлынысы бар, түсіндіріп бер?

 

«4» - тік тапсырма:

 

Табанының радиусы 4м және биіктігі 6м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар.

 

Бер: R= 4см                 шешуі:  d2= D2 + Н2

       Н = 6см                               D=2 R = 2*4 =8см

т/к: d                                          d2=  82 +62  = 100,   d = √100 =10 см

                                     Жауабы: 10 см                     

«5» - тік тапсырма:

 

Табанының радиусы 3см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. 1) Цилиндрдің биіктігін; 2) Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.

 

Бер: R= 3см                 шешуі:  d2= D2 + Н2

       d = 10см                               Н2 = d2 - D2 , D = 2 R = 2*3 =6см

 

т/к: H, S                                       Н2 =  100 - 36 =64, Н = √64 =8 см

                                                     S = D*Н,  S = 6см *8см  = 48см2

                                     Жауабы:  48см2

                                

 

ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау.

 

 

 

Ү. Оқушыларды бағалау.

 

Үй тапсырмасын орындап, есеп шығарып, сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалау.

 

ҮІ. Үйге тапсырма.

 

§5 Цилиндр – айналу денесі.

5.1 Цилиндрдің қимасы – 27 бет  №13 есеп – 32 бет

Цилиндрдің макетін жасап келу.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:

1. В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева «Геометрия» - 2007 ж

2. В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева «Геометрия» дидактикалық материалдар – 2007 ж

3. В. Гусев, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева «Геометрия» есептер жинағы – 2007 ж

4. Наурызбайқызы Ә «Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар» - Алматы,  «Рауан» баспасы

5. Интернет материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока на тему: "Цилиндр""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 1015
    • DOCX 5.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанылова Гулазат Инабатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанылова Гулазат Инабатовна
    Жанылова Гулазат Инабатовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5607
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: отрицательные числа, дроби, возведение в квадрат, извлечение квадратного корня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 058 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека