Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыПлан урока на тему " Манас жыры"

План урока на тему " Манас жыры"

Скачать материал

«Манас» жыры»

 

Сыныбы: 6 «А»

Пәні:Әдебиет

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Қырғыз халқының  «Манас» жырын оқып танысу және талдай білу.

 2. Дамытушылығы: Оқып танысқандары бойынша топтық жұмыс жасай білу және жетік, айқын,нақты жеткізе білу.

3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды білімділікке,ерлікке,ұлжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Слайд,ребус,адасқан әріптер,кілтін тап,сөзжұмбақ

Сабақ әдісі:сұрақ – жауап

Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі, сурет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу Б) класты түгендеу В)оқу құралдарын және класс тазалығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ата үміті» әңгімесін мазмұндау,ойындар мен ақпараттарды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

    а)“Манас” дастаны - қырғыз халқының дәс-түрлі эпосы.Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда.

   Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиадасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махаб-харата көлемінен екі есе асып түседі.

   Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушылары-ның хикаяларын баяндайды.

   Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады:

1.Манас жыры;

2.Манастың ұлы Сәметейдің жыры;

3.Манастың немересі Сейтектің жыры.

    Дастанның өзекті тақырыбы- қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастардың сипатталуы.

      Эпоста Манас атса оқ, шапса қылыш өтпейтін батыр, қара қылды қақ жарған әділ хан бейнесінде көрінеді. Жырда Манас жалғыз емес, оның жанында Ақбалта, Ажыбай, Сырғақ, Шуақ, Бақай, Алмамбет, Ер Көкше сынды батырлардың ерлігі ерекше әспеттеледі.
    Манастың анасы Чиырды, құдай қосқан жары, ақылы мен ажары келіскен Қаныкей.

    Басталуы: перзентсіз ата – ана, оның хал – жайы, кейіпкердің төтенше жағдайда туу тарихы, жылдам өсуі.

     Негізгі оқиға: батырдың елін қорғауы мен ерлік жорықтары, шапқыншы жаумен соғыс, жауды жеңіп, ата – мекеніне оралуы.

     Аяқталуы: жеңіс, қуаныш – той, тыныш өмір, батырдың баласының дү-ниеге келуі, баласының ерліктері.
     Манас Манас болғалы, Манас әулие атқа қонғалы оған шақ келер теңдес табылмады. Манас бармақтайынан бақырса, таудағы бұғы біткен үрікті, тоғайдан жолбарыс қашты, қызыл шоқты жалаңаяқ басты, үйдей тасты таудан құлатты, он бестегі баланың қолын ұстағанда сындыра жаздап жылатты. Бала үшке келгенде үлкен Жынды деген атқа ие болды.

    XV ғасыррдан бастап дастанның аты дерек-терде атала бастағанмен,оның жазбаша нұс-қасы 1885 жылға дейін жасалмаған болатын. Әр түрлі көзқарас-тар негізінде дастанның пайда болу уақытын:VII-X ғасырлар, XI-XII ғасырлар немесе XV-XVIII ғасырлар аралы-ғы деп мөлшерлейді.

    Манас эпосы қырғыз әдебиетінің классикалық туынды-сы ретінде түрлі жиын-шараларда дастанды зерттеуші,

орындаушы мамандар, манасшылармен жырланады. Екінің бірі манасшы бола алмайды.

      Манасты жырлау өнері әдетте жыршыға түс көргенде несіп етіледі. Ол түсте Манастың өзі, немесе дастанның өзге кейіпкері жыршыға манасшы болуды бұйырады екен. Бұйрықты орындамаған жағдайда, түс көрген кісі ауыр дертке шалдығып немесе мүгедек болып қалуы мүмкін деген наным бар. Манасшылар дастанды арнайы әуенке салып, музыкалық аспаптардың көмегінсіз әндетіп жырлайды.

     Қырғызстанда көптеген манасшылар бар. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген манасшылар «Ұлы Манасшы» атағына ие бола алады.

     Дастанның әр түрлі бөлімдерінің 65-тен астам жазбаша нұсқалары белгілі.

Ұлы ағартушы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов дастан бөлімдерін қағазға түсіріп, «Көкетай ханның асы» деген көлемді үзіндісін орысшаға аударған.

     Манас батыр Алатау тауларының Талас ауданында Қырғыстанның солтүстігінде жерленген деген болжамдар бар.

     Талас қаласынан 40 км-дей жерде орналасқан кесенеде батырдың мәйіті жерленген деседі. Бұл кесене саяхатшылардың үнемі барып тұратын жері. 1995 жылдан бастап бұл жерде қырғыз халқының дәстүрлі атүсті ойындары өткізіледі. Алайда мазардың үстіндегі жазуда «Әйелдердің әйгілісі Кенізек-ханым, Абықа әмірінің қызы», - деген арнау бар. Дастан мазмұнында бұл жағдай былай түсіндіріледі: Кәнікей, Манастың жесірі бұл арнауды дұшпандарды алдап, кесенені бұзылудан сақтау мақсатында әдейі жазғызыпты. Сондай-ақ «Манастың күмбезі» деген атпен белгілі ғимарат шамамен 1334 жылы салынған болуы керек. Қирап қалған бұл құрылыстың орнында Манас батыр мен дастанға арналған мұражай орналасқан.

      «Манас» дастанында қырғыз елiнiң әдет-ғұрып, қағида-салты, шаруасы, жаушылық тұрмысы кеңiнен айтылған.

   б)Жоспар бойынша тақырыпты ашу.
1. Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай тауының бауырына жиналып ойнауы.
2. 8 жасар Манас бастаған ойын балаларына 80 қалмақ, оларды бастаған зор қалмақ баласы қырғыз балаларын кемітіп, мазақ қылып, ұрып – соғуы.
3. Манастың алғашқы батырлық ерлігінің суреттелуі (Оқушыларға мәтіннен тауып, оқыту)
4. Әкесі Жақыптың Манасқа ұрсуы.
5. Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы және Манастан күткен үміті.
6. Манастың аты Айманбоз.
7. Манастың жауға шабуы.
8. Қанжарқолды өлтіруі.

в)Адасқан әріптер:

Намса, йқнаыек,

г)Манас кім?

д)«Манас» жырындағы кейіпкерлерді атау.

е)Әлемдегі эпостарды ата және олардың авторы кімдер?

ж)«Айманбоз» атты ребус

з)«Қырғыз елінің жыры – «Манас» жыр» атты адасқан әріптер

и)«Бағытпен көрсет» ойны І топ

Мұхтар Мағауин                         Мен – қазақ

Сайын Мұратбеков                     Даудың басы-Даурабайдың көк сиыры

Сұлтанмахмұт Торайғыров        Туған жер 

Бейімбет Майлин                        Тұтқын бала

Әбу Сәрсенбаев                           Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Шерхан Мұртаза                          Бір атаның балалары

Дулат Исабеков                            Қылау

Сүйінбай Аронұлы                       Ата үміті

«Бағытпен көрсет» ойны ІІ топ

Ахмет Байтұрсынов                  Домбыра

Шәкәрім Құрайбердиев             Балықшылар

Ғабит Мүсірепов                       Адамдық борышың

Әбдіжәміл Нұрпейісов              Далада

Ілияс Жансүгіров                       Анама хат

Сәкен Сейфуллин                      Мен кім?

 Мағжан Жұмабаев                    Афтобиографиялық әңгіме

й)Тест: (І топ)

1.Қырғыздарды кемсіткен атау қандай?

а) бұрт                         в) шері                          с) таңғыт

2. 40 бала жинаған адам кім?

а) Жақып                     в) Манас                       с) қалмақтар

3. «Дәу жынды» деп кімді айтады?

а) Қошқыны                в)Манасты                   с) Жақыпты

4. Манастың ұраны қанда?

а) алға!                         в) қырғыздар, алға!    с) қырғыз

5. 7 шоқпар 4 жұдырық жеген кім?

а) қалмақтар                в) Манас                       с) Қошқы

6. Қалмақ балалары қырғыз балаларынан неше есе көп болды?

а) 3                               в) 2                                с) 4

7. Манастың әкесінің аты кім?

а) Қошқы                    в) Қаңғай                       с) Жақып бай

8. Жақыптың астына мінген аты қандай?

а) Бозайғыр                в) Айманбоз                   с) Ошбұрбай

Тест (ІІ топ)

1.Манастың тұлпарының аты қандай?

а) Айманбоз                 в)Бозайғыр                с) Таңғыт

2.Манас қалмақтарды қырғанынан кім қорықты?

а) қалмақтар              в) Жақып                  с)Ақбалта

3.Манасты батыр етіп тәрбиелеу кімнің ұсынысы?

а)Жақып                     в) Шиырлы                с)Ақбалта

4.Манастың анасының есімі кім?

а)Шиырлы                  в)Шайырлы              с) Аналық

5.Ақбалтаға  қарсы сөйлей алмай Жақып өшін кімнен алды?

а)Қошқыдан              в)Шиырлыдан          с)Манастан

6.Манастың 40 жігітіне қуалап ойран салған кім?

а)жылқышы Қанжарқол    в)қалмақтар      с)қалмақ жендеттері

7.700 қолмен Жақыпты басып алуға келген кім?

а) Ақбалта              в)Чоң Қошқы                  с)жылқышы Қанжарқол

8.Қалмақтармен алысқанда Манас нешеде еді?

а) 11                        в)12                                   с) 13

 

к)Кейіпкер адасты !!! (І топ)

 

Үмітей                                                                Жауынгердің тұлғасы

Мәриям Темірболатова                                     Біржан сал Абай ауылында

Мұхаметқұл                                                        Бір атаның балалары

Рабиға                                                                  Автобиографиялық әңгіме

Бекет Өтетілеуов                                                Шыңырау

Жақанов                                                               Ғажайып планета

Байсал бай                                                           Қылау

Дәуренбек                                                            Менің атым – Қожа

Кейіпкер адасты !!! (ІІ топ)

Омаш                                             Менің атым – Қожа   

Қаракөз                                          Біржан сал Абай ауылында

Көбікті                                           Жауынгердің тұлғасы

Наташа                                          Қылау

Ахметов                                        Қобыланды

Серебряков                                   Тұтқын бала

Әйгерім                                         Алпамыс

Сатай                                             Ата үміті

л) «Жақып» сөзжұмбағы

ІV. Жаңа сабақты бекіту: «Манас» жырының тақырыбы қандай?

«Манас» жыры бізге қалай жетті.

«Манас» жыры неше топқа бөлінеді?

«Манас» жырын айтушыны кім деп атайды?

Манасшылық туралы наным қандай?

«Ұлы Манасшы» атағы қалай беріледі?

Манастың мәйіті қай жерде жерленген?

Мазардың үстінде қандай арнау жазылған?

«Манас» кесенесі қай жылы салынды?

Қираған кесене орнынада не пайда болды?

V. Оқушылардың білімін бағалау.  Бағаны талдап қою   және күнделікке түсіру.                                                         

VI. Үй тапсырмасын беру :

Манас жырын оқып мазмұндау,қосымша ақпараттар жинақтау.

VI I. Қорытынды :

         “Манас” дастаны - қырғыз халқының дәс-түрлі эпосы.Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока на тему " Манас жыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2016 1975
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Шынар Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Шынар Болатовна
    Искакова Шынар Болатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6008
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек