Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / План урока на тему "Трансформаторлар"

План урока на тему "Трансформаторлар"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ

АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК






«Бекітемін» Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары ___________ К.Б. Боранова

«____» _____________2015ж











АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ



Тақырыбы: Трансформаторлар

Пәні: Жалпы электротехника және электроника негіздері

Тобы:ТПНГа-14












Жалпы кәсіптік пәндік- циклдік Дайындаған
комиссия отырысында қаралды және келісілді арнайы пән оқытушысы

Хаттама № ________ ________Р.Дукенбаев

«____» ____________ 2015ж

ПЦК төрайымы

__________ Г.Досмагамбетова









АТЫРАУ-2015


Сабақтың тақырыбы: Трансформаторлар

Сабақтың мақсаты: Студенттерге трансформатордың жұмыс iстеу принципiн, трансформатордың пайдалы әсер коэффициентiн, трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы ролiн түсіндіру.


Білімділік: Трансформатор ұғымын, трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру. 


Тәрбиелілігі: Қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын 
толық жеткізе алуға тәрбиелеу. 


Дамытушылығы: Студенттердің трансформатор туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру. 


Сабақтың түрі: Ашық сабақ


Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, СТО стратегиясы.


Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, плакаттар, бейне фильмдер, бір фазалы трансформатор


I Ұйымдастыру бөлімі – (5 минут)

Топпен амандасу, топ студенттерін түгендеу, аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру. Студенттердің көңіл- күйін білу (батарея арқылы)

II Үй тапсырмасын сұрау – (20 минут)

Қарапайым электр тізбегі

Үй тапсырмасын сұрау:

Лоторея ойыны арқылы студенттердің есімдері жазылған вазадан студент таңдап, бекіту сұрақтарын қою.

  1. Электр тізбегі дегеніміз не?

  2. Тізбекке жалғанатын құрылғыларды ата?

  3. Толық тізбек үшін Ом заңы дегеніміз не?

  4. Толық тізбек үшін Кирхгофтың екі заңын ата?

  5. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?

  6. Ток күшінің бірлігіне не алынады

  7. Электр тогы дегеніміз не?

  8. Энергия көзінің ішіндегі зарядтарды қозғауға жұмсалған сыртқы күштердің жұмысын сипаттайтын шама қалай аталады?

  9. Кирхгофтың бірінші заңы тізбектің қандай бөлігі үшін жазылған?

  10. Кирхгофтың екінші заңы тізбектің қандай бөлігі үшін жазылған?


III Жаңа сабақты меңгерту. (30 минут)

Жаңа сабақты бастамас бұрын экранға назар аударылады.(экранда трансформатор туралы видео көрсетіледі-10 минут)


Энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, электр энергиясының артықшылығы сөзсіз. Оны сым арқылы өте алыс жерлерге аз шығынмен жеткізу, тұтынушыларға таратып беру ыңғайлы. Ең бастысы, өте қарапайым құрылғылардың көмегімен бұл энергия: механикалық, ішкі, жарық энергияларына т.с.с. энергияның кез келген басқа түрлеріне оңай айналдырылады.

Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың артықшылығы кернеу мен ток күшін, энергия шығыны болмайтындай дерлік өте кең ауқымда түрлендіруге болады.

Электр тогы генераторларда - энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғыларда өндіріледі. Генераторларға жататындар: гальвани элементтері, электростатикалық машиналар, термобатареялар және күн батареялары т.с.с.

Егер энергияны шығынсыз дерлік түрлендіру мүмкін болмаса, онда электр тогы еш уақытта да дәл осындай кең қолданыс таппаған болар еді. Электр станцияларындағы қуатты генераторлардың ЭҚК-і, әдетте едәуір үлкен. Ал бірақ іс жүзінде көбінесе онша үлкен емес кернеулер керек.

Айнымалы токты, кернеуді бірнеше есе арттырып немесе кемітіп, ал қуатты іс жүзінде шығындатпай түрлендіру трансформатордың көмегімен іске асырылады.

Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генератор арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектпр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштардың әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары.

Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орындары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын жинап сақтау қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туады.

Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.

Қуаттың тұрақты дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді.

Орталық станцияларда өндірілетін электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу кезінде жеткізу желілерінде жылудың бөлінуі салдарынан энергия шығындалады. Берілген тұрақты қуат кезінде осы шығынды, кернеуді жоғарылату және токты төмендету арқылы кемітуге болады. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген.

Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді.

Трансформатор тұйық болат өзектен тұрады, оған сым орамнан тұратын екі катушка кигізіледі. Орамалардың біреуі (бірінші реттік орама) айнымалы кернеу көзіне тіркеледі. Екінші реттік орама (жүктеме) электр энергиясын тұтынатын аспаптар мен құрылғыларға қосылады. Трансформатордың орамаларындағы кернеулерінің қатынасы hello_html_m6b24cd46.gif. Мұндағы к- коэффициенті трансформация коэффициенті деп аталады. Егер к1 болса, трансформатор төмендеткіш, ал к1 болғанда трансформатор жоғарылатқыш болады.

Трансформатордың жұмыс iстеу принципi электромагниттiк индукция құбылысына негiзделген. Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит ағынын кемiтедi, бұл өз кезегiнде бiрiншi реттi орамдардағы өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да, қоректендiрушi кернеудiң мәнi өздiк индукция ЭҚК-iне теңескенде жүйеде тепе-теңдiк орнайды.

Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)


f2_36


Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК-i 97-98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi.

Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы ролi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми-техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль-Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден-бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400-500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi.

Қазіргі уақытта трансформаторларда энергияның жиынтық шығыны 2-3-тен аспайды.

http://festival.1september.ru/articles/502320/Image218.gif

2-5-2


2.24.PNG



Трансформаторлар - статикалық болып табылады индуктивті катушкалар екі (немесе одан да көп) бар электромагниттік құрылғы, (электромагниттік индукция арқылы) түрлендіру үшін Басқа айнымалы ток айнымалы кернеу. Трансформаторлар ұзақ қашықтыққа электр энергиясын беру кеңінен пайдаланылатын, қабылдағыш арасындағы, сондай-ақ әр түрлі түзеткіштер оның тарату. күшейткіш, дабыл және басқа да құрылғылар.

классификациясы вольтты электр трансформаторлар

трансформаторлар әр түрлі кернеу:

а) фазалардың саны - бір фазалы және үш фазалы;

Қуат трансформаторлар негізінен үш фазалы өндірілген. Сигналды пайдалану үшін бір фазалы трансформаторлар желілері қол жетімді болады.

б) орамалардың саны - қос-жара мен үш жара;

Transformers екі немесе бірнеше орамасының индуктивті бір-бірімен ұштастыратын орамды желі энергиясын тұтынады, бастаушы деп аталады. Дәмі, орамды электр энергиясын тұтыну, орта деп аталады.

а) дәлдік класы, яғни қателер рұқсат етілген мәндерге қатысты;.

R) салқындату әдісі бойынша - Табиғи ауамен трансформаторлар, мұнай-салқындату (мұнай), (құрғақ және шойын шайыр) суыту;

D) орнату табиғаты бойынша - An, жабық ашық және толық коммутациялық (КРУ).

е) жобалау -silovye Трансформаторлар екі негізгі түрге бөлінеді -. Майлы және құрғақ

майы трансформаторлық орамасының магнитті резервуардың толтырылады жақсы изолятор және суыту трансформаторлық май, агент.

құрғақ трансформаторларды ауаны салқындату. Олар, тұрғын үй және өндірістік салаларда пайдаланылады трансформатор майын бұл операция жағымсыз болып табылады. Трансформатор майы тұтанғыш және резервуардың герметикалығын болып табылады мұнай басқа жабдықты зақымдауы мүмкін.

Тағайындау арқылы:

е) - трансформаторлар жалпы және Power бөлінеді арнайы бағдарламалар. Қуат трансформаторлар жалпы мақсатын пайдаланылады электр беру желілері мен электр энергиясын тарату. Жұмыс режимі 50 Гц айнымалы ток және бастауыш өте кішкентай ауытқу тән жиі ігі мен номиналды орта кернеу. Арнайы трансформаторлар арқылы арнайы қуаты (пеш, түзеткішті, дәнекерлеу болып табылады, radiotransformatory), өлшеу трансформаторлары және сынау, т.б. фазалардың санын, ЭМӨ толқын жиілігін өңдеуге пайдаланады.







IV Жаңа тақырыпты бекіту(10 минут)

А3 қағазға өтілген тақырып бойынша түсінігін жазу, түсіндіру.


Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

  1. Трансформатордың анықтамалары

  2. Трансформатор құрылысы 

  3. Трансформатордың шартты белгісі 

  4. Трансформация коэффициентінің формуласы 

  5. Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформаторлар



V Студенттерді бағалау (карточка тарату) (15 минут)


VI Үйге тапсырма: Жоспар құру. Жаңа тақырыпты қайталап, дайындалып келу. Трансформатор суретін дәптерге түсіру.


Пайдаланылған әдебиеттер:



Негізгі

  1. Попов В.С., Николаев С.А. Общая электротехника с основами электроники- М.: 1976.

  2. Данилов И.А., Иванов П.М. Общая электротехника с основами электроники- М.: 1983


Қосымша


  1. Герасимов В.Г. Өнеркәсіп электроника негіздері. М.: Жоғары мектеп, 1988

  2. Забродин Ю.С. Өнеркәсіптік электроника. М.: Жоғары мектеп, 1982

  3. Лавриненко В.Ю. Микроэлектроника әлемі. М.: Жоғары мектеп, 2000

  4. Өнеркәсіп электроника негіздері(Герасимов В.В редакциясымен)- М.: Жоғары мектеп , 1986




Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров167
Номер материала ДВ-385078
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх