Инфоурок / Химия / Конспекты / План урока "Окислительно-восстановительные реакции" с дискрипторами и презентацией на казахском языке
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

План урока "Окислительно-восстановительные реакции" с дискрипторами и презентацией на казахском языке

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ овр сабақ.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

б) тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

IІІ. Жаңа сабақты оқыту:

Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады.

Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.

Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.

Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.

Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1.

ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:

Na0-ē=Na+

Iē=I0

N-3-5 ē=N+2

Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:

Cr+6+3ē=r+3,

S0+2ē=S-2,

Mn+7+5 ē=Mn+2,

Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион.

Тотықтырғыш

Тотықсыздандырғыш

+

-

тотығу дәрежесі төмендейді

тотығу дәрежесі артады

тотықсызданады

тотығады

Ең маңызды тотықтырғыштар: күштілері – F2, O2, O3, H2O2, Cl2 (әсіресе сулы ерітіндісі), HClO, HClO3, H2SO4 (тек концентрлісі), патша арағы (концентрлі HNO3 және HCl қоспасы), HNO2, NO2, KMnO4 (әсіресе қышқыл ерітіндіде), MnO2, K2Cr2O2, CrO3, PbO2 және т.б.; әлсіздері – I2, бром суы (Br2+H2O), SO2, Fe3+ және т.б.

Маңызды тотықсыздандырғыштар:күштілері – сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H2S және сульфидтер, NH3, PH3, H3PO3, C, CO, Fe2+, Cr2+ және т.б.; әлсіздері – активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag,Hg), HCl және хлоридтер, SO2, HNO2 және т.б.

ТТР мынадай типтері бар:

1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;

2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;

3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2

2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.

0 +1+6-2 +3 +6-2 0
Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.


0 +1+6-2 +3+6-2 0
Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік):

Al - 3ē Al0 +3 3 2
2H
+1 + 2ē = H2 2 3

5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.


2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2

6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.

2 2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2

ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану.

1. Тотығу дәрежесі өзгергендерінің астын сызу


K+1Mn+7O4-2+ H+1Cl-1 → K+1Cl-1 + Mn+2Cl2 + Cl20 + H2+1O-2

2. Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп жазу.

Mn+7 → Mn+2

Cl-1→ Cl0

3. Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.

Mn+7 +5ē = Mn+2

Cl-1 -ē = Cl0

Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.

2Cl-1 -2ē = Cl20

4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу.

Mn+7 +5e = Mn+2 2 ТТШ

2Cl-1 -2ē = Cl20 5 ТСШ

осы коэффициенттерді формуладағы атомдардың алдына жазу.

2KMnO4 +10HCl → KCl +2MnCl2 +5Cl2+H2O

5. Атомдар санын санап, коэффициенттерді койып, бағдаршаны теңдік белгісіне ауыстыру.

2KMnO4+16HCl = 2KCl+2MnCl2+5Cl2+8H2O

ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін

тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта

алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ

өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.


ІV. Оқушылардың алған білімдерін тексеру: Мәтінмен жұмыс

Сұрақтар:

1. Химиялық реакция типін тап. Қажет жерлеріне коэффициенттер қойындар. Егер тотығу дәрежесі реакцияға дейін және реакциядан кейін өзгерсе, жанына «ия» деп жаз, өзгермесе «жоқ» деп жаз.

Hg + S→HgS

H2O + P2O5 → H3PO4

CuSO4 +NaOHNa2SO4 + Cu(OH)2

Fe +HCl → FeCl2 + H2

Al(OH)3 → Al2O3 + H2O

 

2. Барлық жағдайларда тотығу дәрежесі өзгере ме?

3. Тотығу дәрежесінің өзгерісі реакция типіне байланысты ма?

4. Егер элемент қосылыста жоғары тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықтырғыш болады.

5. Егер элемент қосылыста төмен тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықсыздандырғыш болады

6. Егер элемент қосылыста аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тотықтырғыш та тотықсыздандыпғыш та болады.


V. Сабақты бекіту:

  1. Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу

дәрежелері өзгереді
KMno4+Na2SO3+KOHK2MnO4 +Na2SO4+ H2O

а) Na, S ә) K, Mn б)Mn, S в) Na, K.

2. Тек тотықтырғыш болатын зат?

a) NH3 ә) Br2б) KClO3 в) HNO3

3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады:

a) SO2 ә) Naб) Feв) K2Cr2O7

4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат:

a) H2S ә) KMnO4б) SO2 в) HNO3


5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент:

a) 2 ә) 3 б) 1 в) 6


VI. Үй тапсырмасы: §64.1-6 жаттығу.

VII. Сабақты қорытындылау



Выбранный для просмотра документ ок.pptx

библиотека
материалов
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ...
Тақырыптың өзектілігі: күнделікті өмірде, өндірісте, тұрмыста жүретін тотығу-...
Мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакцияларын электронды баланс әдісімен теңесті...
Міндеттері: -элементтердің ТД табу; -электрондардың ауысқан кездегі ЕКОБ арқ...
Күтілетін нәтиже: -тотығу,тотықсыздану процестері туралы нақты білім қалыпта...
А 1.Химиялық байланыс түрлерін ата. 2.Топтық жұмыс (анықтама беру, түзілу ме...
1.ДЖИГСО стратегиясы арқылы оқулықтағы материалды меңгеру: -І топ тотығу проц...
С Зертханалық жұмыс: мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуі Кестедегі бос жерле...
D Суреттегі құбылыстың мәтін түсіндір
D Марганец (IV) оксидінің қандай қасиет (ТТҒ, ТСҒ) көрсететінін анықта , ЭӘ...
D Мәтінмен жұмыс Ауаның ластануы көркем сурет (картиналардың ) өңінің бұзылу...
Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары А (max 6) 1 2 3 4 5 6...
Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары С (max 6) 1 2 3 4 5 6 1...
Балдық жүйеден баға жүйесіне көшу: Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Де...
Орта мектепте химиядан білім беруде кооперативті оқыту технологиясын пайдала...
15 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ
Описание слайда:

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ Жоба тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің электронды әдістерін кооперативті оқыту технологиясы тұрғысынан түсіндіру және осы тақырыптардың критериалды бағалау жүйесін, дескрипторларын құру Орындағандар: Жамбыл ауданы ,Т.Рысқұлов атындағы ОМ химия пәні мұғалімі К.Акылова Райымбек ауданы, Т.Жанұзаков ОМ химия пәні мұғалімі К.Абдикадырова 2015 жыл

№ слайда 2 Тақырыптың өзектілігі: күнделікті өмірде, өндірісте, тұрмыста жүретін тотығу-
Описание слайда:

Тақырыптың өзектілігі: күнделікті өмірде, өндірісте, тұрмыста жүретін тотығу-тотықсыздану процестерінің мәнін ашу , олардың алдын алу және оқушының функционалды сауаттылығын дамыту. Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілетін айналамыздағы тотығу-тотықсыздану процестерінің мәнін түсіну, олардың алдын алу, осы аталған процестердің тіршілік көзі екенін ұғыну осы жобаның өзектілігі болып табылады.

№ слайда 3 Мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакцияларын электронды баланс әдісімен теңесті
Описание слайда:

Мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакцияларын электронды баланс әдісімен теңестіру дағдыларын қалыптастыру

№ слайда 4 Міндеттері: -элементтердің ТД табу; -электрондардың ауысқан кездегі ЕКОБ арқ
Описание слайда:

Міндеттері: -элементтердің ТД табу; -электрондардың ауысқан кездегі ЕКОБ арқылы ТТР-ға қатысатын жалпы электрон санын табу; -электронды әдіспен теңестіру; - белсенді стратегияларды қолдана отырып оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру

№ слайда 5 Күтілетін нәтиже: -тотығу,тотықсыздану процестері туралы нақты білім қалыпта
Описание слайда:

Күтілетін нәтиже: -тотығу,тотықсыздану процестері туралы нақты білім қалыптасады; -ТТР-ын электронды әдіспен теңестіре алады; -химиялық құбылыстарды ТТР тұрғысынан қарастыра алады

№ слайда 6 А 1.Химиялық байланыс түрлерін ата. 2.Топтық жұмыс (анықтама беру, түзілу ме
Описание слайда:

А 1.Химиялық байланыс түрлерін ата. 2.Топтық жұмыс (анықтама беру, түзілу механизмін түсіндіру, мысал келтіру) -І топ-ков.полюссіз; -ІІ топ-ков.полюсті; -ІІІ топ-иондық. 3.ЭТ дегеніміз не? 4.Тотығу дәрежесі дегеніміз не? 5.Топтық жұмыс (формуладағы элементтердің т.д. табу) 6.Берілген теңдеулердегі элементтердің тотығу дәрежелерін қою Топ Қосылысформуласы Ков. полюсті Ков. полюссіз Иондық Ортақ электрон жұптың ығысу бағыты І HCl ІІ H2 ІІІ K2SO4 І топ Н2О Н2 HClO3 ІІ топ O2 CO2 HNO3 ІІІтоп MnO2 KMnO4 K2MnO4 І топ Zn +HCl= ZnCl2+ H2 ІІ топ KClO3KCl+ O2 ІІІтоп Cl2+ KOHKClO+KCl+ H2O

№ слайда 7 1.ДЖИГСО стратегиясы арқылы оқулықтағы материалды меңгеру: -І топ тотығу проц
Описание слайда:

1.ДЖИГСО стратегиясы арқылы оқулықтағы материалды меңгеру: -І топ тотығу процесі; -ІІ топ тотықсыздану процесі. 2. Берілген формулалардан -І топ ТТҒ, -ІІ топ ТСҒ бөліп жаз: 3.Берілген теңдеулерден ТТР жататын реакциялар теңдеулерін анықта 4. Оқулықтағы мысалды жалпылама талдау арқылы берілген ТТР-ді теңестіру В Na0-ē=Na+ I—ē =I0 Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі N-3-5 ē=N+2 Cr+6+3ē=Сr+3 Тотықсыздану – атом немесе ионның S0+2ē=S-2 электрон қосып алуы Mn+7+5 ē=Mn+2 Атқаратын қызметі: тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион. Fe, P, S, Al, C, Mg І топ ІІ топ CaCO3 = CaO + CO2  AgNO3 + NaCl = AgCl  + NaNO3 2NaI + Cl2 = 2NaCl + I2 CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu ТСҒ I— - ē =I0 тотығады ТСҒ Fe0 - 2 ē = Fe+2 тотығады ТТҒ Cl0 + ē = Cl— тотықсыз- ТТҒ Cu +2  + 2 ē = Cu0 тотықсыз- данады данады

№ слайда 8 С Зертханалық жұмыс: мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуі Кестедегі бос жерле
Описание слайда:

С Зертханалық жұмыс: мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуі Кестедегі бос жерлерді толықтыр: 1.теңдеудегі ТТҒ-......... 2.теңдеудегі ТСҒ-......... 3.ТСҒ берген электрон саны-...... 4.ТТҒ қосып алған электрон саны-........ 5.ТТҒ коэффициенті-.... 6.ТСҒ коэффициенті-.... Тотықтырғыш Тотықсыздандырғыш +...nē -...nē тотығу дәрежесі....төмендейді тотығудәрежесі ...артады тоты..қсызданады тоты...ғады

№ слайда 9 D Суреттегі құбылыстың мәтін түсіндір
Описание слайда:

D Суреттегі құбылыстың мәтін түсіндір

№ слайда 10 D Марганец (IV) оксидінің қандай қасиет (ТТҒ, ТСҒ) көрсететінін анықта , ЭӘ
Описание слайда:

D Марганец (IV) оксидінің қандай қасиет (ТТҒ, ТСҒ) көрсететінін анықта , ЭӘ теңестіріп , дәлелде А) 2MnO2 + O2 + 4KOH = 2K2MnO4 +2H2O Б) MnO2 + 4HCI = MnCI2 + CI2 + 2H2O

№ слайда 11 D Мәтінмен жұмыс Ауаның ластануы көркем сурет (картиналардың ) өңінің бұзылу
Описание слайда:

D Мәтінмен жұмыс Ауаның ластануы көркем сурет (картиналардың ) өңінің бұзылуына әкеліп соғады. Көне сурет шеберлері өз туындыларын салған кезде майлы бояуларды пайдаланған. Олардың құрамының негізгі бөлігін құрайтын қорғасын (ІІ) карбонаты ауадағы ақуыздардың шіруінен пайда болған күкіртсутек қышқылымен әрекеттеседі, нәтижесінде түзілген қара түсті қосылыс көркем сурет өңін бұзады. Реставрация кезінде сутегінің асқын оксиді H2O2 суретті бастапқы қалпына келтіреді. Мәтінде келтірілген процестердің теңдеулерін құрып, электронды әдіспен ТТР теңестіріп, дәлелде.

№ слайда 12 Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары А (max 6) 1 2 3 4 5 6
Описание слайда:

Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары А (max 6) 1 2 3 4 5 6 1 1 1 1 1 1 Химиялық байланыстың түзілу механизмынбіледі Химиялық байланыс түрлерін біледі. Электртерістілік және ТД-неанықтама бере алады Элементтердің ЭТ мәніне қарап, электрондардың ығысу бағытын көрсетеалады. Бинарлық иондық қосылыстарда элементтердің тотығу дәрежесі сол элемент зарядына тең болатынын біледі. Жай заттардың тотығу дәрежесі және химиялық қосылыстыңқұрамына кіретін элементтер атомының тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысынөлге тең екенін біледі, В (max 6) 1 2 3 4 5 6 1 1 1 1 1 1 Тотығу, тотықсыздану процестері туралы түсінік қалыптастырды,берілген, немесе қосып алған электрон санын шығараалады. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ұғымындарына өз бетінше анықтама бере алады. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды топтастыра алады. ТТР-ын басқа реакция түрлерінен ажырата алады. ТТР-ында қатысатын электрондар санын таба алады Коэффициенттер мәндерін шығарады, қалған элементтердің атом сандарын теңестіреді.

№ слайда 13 Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары С (max 6) 1 2 3 4 5 6 1
Описание слайда:

Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары С (max 6) 1 2 3 4 5 6 1 1 1 1 1 1 Зертханалық жұмыс орындау кезінде ТҚЕ сақтай алады, әмбебап дағдылары мен зерттеушілік біліктерін дамытады. Құбылыстыхимиялық теңдеу жазу арқылы жаза біледі Элементтердің тотығудәрежелерінің өзгеруіне қарайТТҒпен ТСҒ-ты анықтай алады. ТТ процесіне қатысқан электрон сандарын таба алады. Электронды тәсілмен ТТР-ын теңестіру алгоритмын құра алады Кестені толтыру барысында ТТҒ пен ТСҒ-қа толық сипаттама бере алады, олардың айырмашылықтарын нақты айта алады. D (max 6) 1 2 3 4 1 1 1 1 Қысқы мезетте үйді жылыту мақсатыда ТСҒ ретінде пайлаланатын, қатты күйдегі бейметалдың жану кезінде түзілетін ,фотосинтез процесіне қатысатын иіссіз, түссіз газды анықтайды. ТТР-ын жазып, оны талдай алады. MnO2затының ТТҒ қасиет көрсететінін теңдеу құру арқылы дәлелдеп , қорытындылай алады. MnO2затының ТСҒ қасиет көрсететінін теңдеу құру арқылы дәлелдеп, қорытындылай алады. Ақуыздар шіріген кезде күкіртсутекгазының түзілетінің біледі.

№ слайда 14 Балдық жүйеден баға жүйесіне көшу: Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Де
Описание слайда:

Балдық жүйеден баға жүйесіне көшу: Крите рийлері Жетістік деңгейлері Балл Дескрипторлары D 5 6 1 1 Мәтіндегіқұбылыс бойынша теңдеу құрастыра алады Теңдеуді электронды әдіспен теңестіріп, ТТҒ пен ТСҒ-ты атай алады Балл 24-22 21-18 17-12 12-ден төмен Баға 5 4 3 2

№ слайда 15 Орта мектепте химиядан білім беруде кооперативті оқыту технологиясын пайдала
Описание слайда:

Орта мектепте химиядан білім беруде кооперативті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылар ынтымақтастығын нығаюы, тақырыптарды меңгеру кезінде нақты көзқарастардың қалыптасуы, салыстыру, талдау, түрлендіру әрекеттері іске асады. Тотығу-тотықсыздану процестерінің жүру жағдайы, маңызы, ең бастысы “ТТР- тіршілік көзі” деген пікір қалыптасады. Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру - функционалды сауаттылығының арту кепілі


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-380505

Похожие материалы