Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / План урока Пайдалы қазбаларды қорғау
  • Начальные классы

План урока Пайдалы қазбаларды қорғау

библиотека
материалов



Күні: 3.02.2016

Пәні: Дүниетану

Мұғалімі: Ихсанова Гүлмира Бауыржанқызы


Сілтеме:

Алматы «Атамұра»2014 Қ.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Н.Жапанбаева

Сабақтың тақырыбы:

Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау

Сабақтың мақсаты:

Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Паййдалы қазбалар кен орындарының шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру

Оқу нәтижелері:

Пайдалы қазбаларды қалай өндіретіндері туралы, қалай қорғау керектігі туралы біледі

Түйінді идеялар:


Ресурстар немесе құрал-жабдықтар:

Дүниетану оқулығы, суреттер, постер, маркер, стикерлер, бейнетаспа, атлас, ҚР географиялық картасы

Әдіс-тәсілдер:

  1. Кір жаятын жіп

  2. Үш қадамдық сұхбат

  3. Дананың кілті

  4. Мадақтау

Тапсырмалар немесе жаттығулар


Білу

I.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

-Оқушыларды шеңберге тұрғызып бүгінгі сабақта қандай тілек тілейтіндері турал өз ойларын эмоциялары арқылы білдіру

  1. Топқа бөлу

-Пайдалы қазбалардың суреттері арқылы топқа бөліну

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы» тақырыбына эссе жазу

ІҮ.Үй тапсырмасын бекіту.

1. Тау жыныстары дегеніміз не?

2. Табиғатта тау жыныстары неше күйде болады?

3. Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?

4. Қазба байлықтарды кімдер зеттейді?

5. Ас тұзын қайдан алады?

Түсіну

  1. «Ой қозғау»

Бейнетаспа көрсету

  1. Бейнетаспадан не түсіндік?

  2. Не туралы айтылған?

  3. Қ.Сәтбаев кім?

  4. Геология деген қандай ғылым?


Пайдалы қазбалар



Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Кенді пайдалы қазбалар

Жанғыш пайдалы қазбалар






Ас тұзы, фасфор, құм,саз,цемент

Алюминий, мыс,қорғасын,күміс,мырыш

Тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ







C:\Users\User\Desktop\iCAOTCNHA.jpg

Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Қазақтың тұңғыш геологы кім еді?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.


Пайдалы қазбаларды үш түрлі әдіспен өндіретінін көрсету. Мұнайды бұрғылау әдісі арқылы құрлықта да су түбінен де өндіреді. Оны темір жол арқылы немесе су жолы арқылы тасымалдайды(танкер). Оларды құбырлар арқылы да тасымалдайды.Мұнайды тасымалдау өте қиын. Тасымалдау кезінде әр түрлі апатты жағдайлар болуы мүмкін. Мұнай мен бірге газ да өндіріледі.

-Қазақстанның қай жерлерінде мұнай мен газ өндіріледі? Картадан көрсет. Ең көп шоғырланған жері қай жер?

Тас көмірді ашық карьерде немесе жер қойнауында болса шахта қазып та өндіреді. Оны арнайы бұрғылайтын комбайн арқылы бұрғылап алады.

-Қайда тас көмір өндіріледі? Картадан көрсет? Ол көмірдің қандай түрі?

Тасымалдағанда көбінесе темір жолды пайдаланады.

Шымтезек кенге жатпайтын пайдалы қазбаның түрі. Бұған алдымен алаң дайындалып одан кейін өндіріледі. Шымтезекті өндіріп болғаннан кейін ол дер болотаға айналады.

Шымтезекті не ретінде пайдаланады?

Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы. Металды осылай өндіреді. Өндірілген кенді пайдалы қазбаны металлургия зауытына апарады. Онда металды домна пешінде қатты қыздыру арқылы алады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын осы металлургия зауытында бастаған.

Темір қай жерлерде өндіріледі? Картадан көрсет?

Сазды Қазақстанның барлық жерінде өндіреді деп айтуға болады. Құмды ашық карьерден де, су түбінен де өндіреді.


Қолдану


Ү.Оқулықпен жұмыс

«Үш қадамдық сұхбат»

Мәтінді үш топқа бөліп әр топ бір-біріне түсіндіреді

ҮІ. Дәптермен жұмыс

Электр қуатын, газды үнемдеп жұмса!









Талдау



  1. Топпен жұмыс

1-топ. «Фишбоун» « Пайдалы қазбалар»

Басы-пайдалы қазба

Қанаты-өндіру

Құйрығы –қорғау

C:\Users\User\Desktop\iCAVYMBWK.jpg



2-топ. Кескін картадан пайдалы қазбаларды белгілеу

C:\Users\User\Desktop\iCAVOS6LK.jpg



3-топ. Суреттер классификациясы

C:\Users\User\Desktop\тас көмір.jpgC:\Users\User\Desktop\iCAUFF62Z.jpgC:\Users\User\Desktop\гранит.jpgC:\Users\User\Desktop\iCAIU3QEE.jpg

Тас көмір мұнай гранит цемент

(Смайликтер арқылы бағалау)


VII.Сергіту сәті


Жинақтау

ІХ. Қорытынды

«Дананың кілті» C:\Users\User\Desktop\iCA4HDPKK.jpg

  1. «Егер де» кілті

(Егер барлық пайдалы қазба қоры таусылса, не болар еді?
«Менің ойымша....»
)



Бағалау

IX. Бағалау парақшалары арқылы

Үйге тапсырма. Тест құрастырып келу

Рефлексия.

СМС-алған әсерлерін жазу.

Мадақтау .

Конфеттер тарату




































Қаныш Имантайұлы Сәтбаев



































Жарайсың! Жарайсың! Сіз керемет жансыз!

Керемет!

Үздіксің! Сізді мақтан тұтамын!

Сен бәрінен де артықсың!

Құттықтаймын!

Мен сені мақтан тұтамын!

Тамаша! Сіз ғажап жансыз!

Сен менен де артық болдың!

Ақылдысың!

Ерекшесің!



Жарайсың! Сіз мықты жансыз!

Керемет!

Үздіксің!

Сен бәрінен де артықсың!

Құттықтаймын!

Мен сені мақтан тұтамын! Сізді құреттейміз!

Тамаша!

Сен менен де артық болдың!

Ақылдысың!

Ерекшесің! Сіз сыйлы жансыз!

Ақылдысың!

Ерекшесің!

Керемет!

Үздіксің!

Сен бәрінен де артықсың!

Құттықтаймын!

Мен сені мақтан тұтамын!

Тамаша!

Сен менен де артық болдың!

Ақылдысың!

Ерекшесің!

Жарайсың!

Керемет!

Үздіксің!

Сен бәрінен де артықсың!

Құттықтаймын!

Мен сені мақтан тұтамын!

Тамаша!

Сен менен де артық болдың!

Ақылдысың!

Ерекшесің!

Ақылдысың!

Ерекшесің!































Ерте заманда «ЖЕР ТҰЗЫ» туралы адамзат баласы үшін пайдалы жақтарын жақсы ұғымда түсіндіріп келгені анық . Рас, тұзды көптеген аурулардан емделу мақсатында, малдың шөп-жеміне қосатыны, өндіріс мақсаттарында қолданылып пайдалы жақтарын күнделікті тіршілігімізде көріп жүрміз. Осы тұздар адам денсаулығына зиян екенін, сіз білесіз бе? Күнделікті ішіп-жеп жүрген тағамдарыңа натрий ерітіндісі немесе кальции ерітіндісін қосып әсерлеп жер ме едіңіз? Бұндай тағамдарды ішіп-жеуге болмайтынын барлық адам біледі, өйткені денсаулыққа зиян.Тұз, осы натрий мен кальцидің қосындысы екенін ғылыми түрде дәлелденген. Тұздың, адам денсаулығына көптеген зиян келтіретінін ғылыми-медицина дәлелденген, тіпті көптеген емханаларда «арнайы тағам» ретінде тұзсыз дайындалған тағаммен науқастарды емдейді.

 

1. тұз – тағам емес.

 

2. тұзды – адам мүшелері қорыта алмайды, құрамында пайдалы витаминдер жоқ .

 

3. Бүйрекке, көк бауырға, жүрекке, қан тамырларына, адам терілеріне орасан зор зиян келтіреді .

 

4. көп мөлшерде қабылданған тұз, жүрегіңізге у болып жабысады, нерв жүйесі тозады, сырқырама ауруға шалдығасыз.

 

5. тұзды көп мөлшерде жесеңіз, денеңіздегі кальций мен фосфор құрамын жуып шаяды, асқазандағы сілекей – шырынға әсер етеді, шектер мен қан тамырларының қабырға қабаттарын қалыңдатады.

 

Тұздың, осындай зиянды екенін біле отырып неге өмірімізде көп қолданамыз ? Қазақ халқы, көптеген Орта Азия елдерінде ет-май ыстық күндері бұзылмау үшін тұздап сақтай білген, ол кезде халықтар көшпенді салтын ұстанған. Соғым, мал сойғанда да көп етті сүрлеп ұзақ мерзімге сақтау үшін де тұздаған. Кейбір халықтар әсіресе эскималар тұзды мүлдем қолданбайды, тәп-тәуір өмір сүреді. Тұзды немесе өте қатты тұздалған тамақ жесеңіз, адамдар тез шөлдеп суды көп ішкізеді. Осы тұздан адам бүйрегі анағұрлым көп зардап шегеді, бүйректегі көптеген сүзбелердің ұсақта жұмсақ клеткалары тұзды қорытып өткізе алмайды тас жиналуына ықпал жасайды . Тағы бір зияны, мүшелеріміз қорыта алмаған тұздар дене құрылысында қалып әсіресе аяқ, қол, омыртқа арасында қалып сырқырама ауруына өте ерте жастан ақ көндігеміз. Әсіресе, аталар мен әжелеріміздің аяқ-қолдары сырқырап, белдері бүгіліп «сегіз көздерінің» зардабын шегіп жүргенін көріп жүреміз. Тұздбен көп көректену салдарынан дүние жүзі халықтары ішінде жапон халқының қан қысымы өте жоғары, жүрек-қан тамырлары күрделі аурулармен жиі ауырады. Қан қысымы қалай болады? Ғылыми медицина тілінде бірнеше себептер бар: қатты қозғалыста ауыр жұмыс, күрделі жаттығу, спортпен қатты айналысқан егде жастағы адам, өте көп мөлшерде күш-қуатын кетіргенде, денеде артық улы заттар көп жиналғанда, тұзды көп мөлшерде жегенде жүрекке зиян және бұларданда басқа: темекі-арақ, заводтардағы түтін-газдар, дәрі-дәрмектердің зияндылығы, өндірістердің денсаулыққа зиянды жақтары мен қоршаған ортаның жағымсыз жақтары болып табылады. Мүмкінінше осындай зиянды нәрселерден денемізді аулақ ұстанған жөн, дене тазалығын қадағалаңыз , күнделікті тағамда қолданылып жүрген тұзды өте аз мөлшерде қолдануымыз керек. Жоғарыда көрсетілгендей: дәрігер-мамандар тұзсыз тағам ұсынады, кейбір халықтар тұзсыз өмір сүруде, ал көзі ашық ұлағатты азамат тұзды мейлінше өте аз мөлшерде қажет етеді. Ғылыми медициналық тәжірибелерге тоқталсақ, бір адамға тәулігіне 0,5-1 грамм тұз жетіп жатыр. Тұзды көп жеген адам шөлдегіш болып келеді. Суды көп ішу салдарынан дене құрылысыңыз сумен бірге ісе де алады, қан қысымы жоғарылайды. Сумен бірге майлы да құнарлы тамақ денемізді семіртеді, семіз дене ауруға жиі шалдығады . Семіз (толық) адам сусыз ұзақ қашықтыққа жүргенде, спорт

 

жаттығуларында, ыстық күндері ауыр жұмыс атқарғанда оларға ыңғайсыз жағдай тудырататынын білеміз, ондай адамдарға су, ішуіне жуынуына жиі қажет . Кейбір адамдар тұзсыз тағам- тамақтар адам денсаулығына зиян келтірмей ме?

 

деген ойда жүреді. Ондай адамдарға табиғат заңдарын, құстар, жан-жануарлар тіршілігін мысалға келтіруге болады. Кейбір мағұлыматтарда жануарлар, ит-құстар тұзды іздеп тіпті алыс жерлерге барады делінген. Мұқият тексеріс кезінде, олардың тек қана тұзды емес, сонымен қатар керекті витамині бар өсімдік-шөптерге деген құштарлық бар. Егер тұзды және тұзсыз суды екі ыдысқа қойсаңыз, қандай жануарлар болмасын бірден тұзсыз суды ішері анық . Тұзды сиыр шаруашылығында жиі қолданады. Неліктен? дейсіз ғой. Жем-шөппен бірге тұз жалаған сиырлар көп мөлшерде суды ішеді. Осы судың әсерінен сиырлар көп мөлшерде сүт бере алады . Көп сүт мал шаруашылығына қашанда пайда әкелері сөзсіз. Сауда-саттық өркендеген дәуірімізде көптеген тағамдарда, ішімдік-сусындарда да, консервіленген еттерде, колбаса нан өнеркәсібінде де, тіпті балалар тағамдарында да тұз жиі қолданылады. Бұл аздай-ақ көптеген басқа елдерде балаларға, ауыр өнеркәсіп жұмысшыларына, әскер қатарындағы «ұландарға» дейін тұзды таблетка- лар түрінде бөлінеді, бұндай көмек адамдарға керек пе ? Ет-сүтте, балықта, өсімдік құра- мындағы тұздар, натрий ерітінділері адам денесіне тұзды қолданбай ақ жетіп жатыр . Күнделікті тамақтанғанда, қанша тұз қосқаныңызды есептедіңізбе ? Және оны бірнеше күндерге-айларға қосып есептеңізші, сіздің мүшелеріңіз ауырмағанда не істейді ? Бір адамға 0,5-1 грамм тұз жеткілікті болса, көптеген адамдар тәулігіне 15-20 рет тұзды артық қолданады, осының салдарынан дене құрылысымыз нашарлап, есейгенде аяқ-қол, омыртқаларымыз сырқырап, «сегіз көздің» сырқырауы әбден мүмкін. Тұз денсаулыққа зиян, ал тағамдардың әсерленуі – бұл саудагердің қолы екенін байқаймыз . Өйкені тұзды тағамға үйренген адам, ондай тағамды күнде сатып алуы керек. Жас балаға тұзды көп жегізсеңіз олардың басы айналып құсады немесе қатты ауырады, тұзды тамаққа үйренген Орта Азия жастары 30 жаста ақ ауруға шалдығады. Қытайда жастарға арналған тұзды-тұзсыз сыра, Америка да тіпті тұзды ішімдіктер дайарланады . Қазақтар соғым сойып етті сүрлеу үшін тұздайды. Осы етті пісіргенде тағы да үстіне тұз қосады. Неге біз тұздың денсаулыққа зиянды екенін біле тұра, көп мөлшерде тіршілігімізде тұтынамыз. Салаттарға,өсімдіктен жасалған тағамдарға әсерлеу үшін тұз қосамыз, әсерлеу үшін басқа да жолдар бар емес пе? Мысалы: чеснок, пияз, петрушка және т.б. өмірде бәрі керісінше, өйткені біз тұзға әбден үйреніп алғанбыз. Тұздың зиянды екенін бір адамдай білгендейміз, денемізді тұздан тазалау үшін ашығу керек. Денеміздегі тұзды тазалауға 24-36 сағаттық ашығу әсіресе 7-10 тәулік ашығу қатты әсер етеді. Ашығу ережесін сақтансаңыз ішкі дене мүшелеріңіз тұздан тазалай біледі. Ашығуды қайталау арқылы тұздан мүмкіндігінше тазаланасыз, күннен-күнге тұздың денеңізде азайғанын байқауға болады .

 

 







































Коучинг сабақ №2

         1-апта

                                       Коучинг

   1-сабақ

Коучингтің тақырыбы:

     Сын тұрғысынан ойлау модулінің мазмұны

 

Жалпы мақсаты:

    Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға талдауға бағытталаған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сабақ беру мен оқытудағы сыни тұрғыдан ойлауы сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады

 

Оқу нәтижелері:

     •  Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;                                                                                                           

     •  Білім беруде оқушыны  дәлелдерге мән беруге ынталандыру, шағын  топтарда жұмыс істеу әдістерін тиімді қолдануға;

     • Ойлау мен оқыту тәжірибесіне енгізуде, ақпараттар жинауда сын тұрғысынан талдау мен бағалаумен танысады.

 

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мұғалімдер жеке басының тәжірибесіндегі дәлеледерге мән  беруге зор ықпал ете алады.Оқушылардың бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және  шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс –әрекетімізге немесе әр түрлі әдістерді енгізуге дайын болуға көмектеседі. Балалардың сыни ойлауы мен өзіндік идеясын анықтауға, белсенді болуына мүмкіндік береді.

 

Жаттығулар:

1.Сергіту сәті «Ариво» әуенімен би

 

2.Топқа бөліп отырғызамын (2 топ 8 адам)

    1.Капитан ( жеке жүру)

    2.Юнго ( 2 адам қолдарын ұстау)

    3.Құтқарушы ( торға түсіру , 2 адам ортаға бір адамды алады) 

    4. Түскі ас (4 адам бірлесіп жүру)

 

3.Топтық жұмыс ережесін құрастырамыз

Топтық жұмыстың мақсатын түсіндіріп, содан кейін топтық жұмысты қалай ұйымдастыру және пайдалану керектігін талқылаймыз.

 

4.  «Сырлы сезім» ойыны (екі орындық қойып, бір –бірімен теріс қарап отырады) арқылы топ мүшелер  бір – біріне  қандай жақсы іс атқарғандары туралы айтады.

 

5.  «Сыни тұрғыдан ойлау»  ( топтастыру )

Екі топ сыни ойлау туралы өздерінің түсініктерін топпен жұмыс жасау арқылы плакатқа түсіріп қорғайды:

 

6.  Тренинг «Он сұрақ!»  топ мүшелері бір –бірінің маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады.- қатысушылар бір- біріне 10 сұрақ қоя алады, оған жауап ИӘ не ЖОҚ деп беріледі.                                             « Неге?» әдісі пайдалану арқылы мұғалімдердің өз ойларын айтуға мүмкіндік беру.

 

7.Мәтінмен жұмыс.                                                                                               

а) Топтарға бірдей мәтіннен үзінді таратылады, мәтінді түсініп оқып өз ойларын ортаға салады.

ә) Тақырыптық тапсырмаларды талдау барысында топтар отбасынан жұмыс тобына барып, бірлесе отырып орындайды, отбасы тобына оралғаннан  кейін бірнеше тапсырмаларды түгелдеп, пысықтайды.

 

 

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

 Сыни ойлауды сабаққа қалай енгізетінің бағалау және жоспарлау үшін мұғалімдер топпен төртеуден бірлесе  отырып жұмыс істейді. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта сыни ойлауды  қалай пайдалануға болатыныңн анықтау. Өздерінің сыни ойлауын дамыту үшін оқушылар қандай дағдыларды пайдаланатынын қарастыру.

 

Кері байланыс

Стикерлерге жазамыз:

Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?

Нені түсінбедіңіз?

Келесіде не өзгертер едіңіз?

 

 

                   

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2-апта

                                       Коучинг

 2-сабақ

Коучингтің тақырыбы:

    Оқушыларға  білікті сыни  ойшыл болуға мүмкіндік беру

 

Жалпы мақсаты:

    Сыни тұрғыдан ойлау – ойлау туралы ойлану деп сипатталады және көбінесе оқушыларды  қарсы пікір айтуға,  ойлау немесе жаңа тәсілдерді енгізуге дайын болуға баулиды. Оқушылардың қызығушылығын оятуда көптеген жұмыс түрлерін ұсынып, ойлау дағдыларын дамытуға болады. Бұл модульдің негізгі ойлау тәртіптері әр түрлі дағдыларды , зерттеуді жазып алуды және бағалауды талап етеді. Осы жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балаларды түрлі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Сыни ойлауға берілетін тапырмалар жеке тұлғаның өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді.

Оқу нәтижелері:

Оқушылар:

     •  Еркін ойлауға мүмкіндік беріледі, ақыл ойын дамытады;

     • Шығармашылық белсенділігі артады, тіл байлыы жетіледі;

     • Ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді;

     • Жан –жақты ізденеді, өз ойын жеткізеді.                                                          Сыни  тұрғыдан ойлау әдісінде қызығушылықтан бастап  оқушыларға тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып іс қылуға, сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туындалады.

Түйінді идеялар:

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды. Сондықтан да сыни ойлауды оқыту кезіңде оқушылардың бойынан мынадай ерекше қасиеттерді байқауға болады: бір–біріне қарсы сұрақтар қою , дәлелдерді талап етуді , нақты жан – жақтылықты және өз көзқарастары мен сенімдерінің орнауын. Атап айтқанда, сабақта қолданылған әдістердің көмегімен жеке тұлға ретінде жан – жақты дамыған шығармашылық ойлау арқылы білімді меңгереді.

 

Жаттығулар:

1.Сергіту сәті «Қара жорға» әуенімен би

2.Топқа бөліп отырғызамын (2 топ 8 адам)

Алдарына түр – түсті жұлдызшалар таратылады. Жұлдызшаларда жазылған мақал – мәтелдерді жалғастыру арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ. Қызыл жұлдызша: Зейінді жас – Білімге бейімді жас.

2- топ. Сары жұлдызша: Шәкірті зейінді келеді, Ұстазы бейімді болса.

3.  «Сенің көршің қандай?» ойыны арқылы топ мүшелер  бір – бірлерін таныстырып өтеді.

4.  «Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болады?» деген сұраққа жаңа тақырып төңірегінде топтар жауап беріп, мән – мағынасын ашады.  ( топтастыру )                                                                     Мағынаны тану кезеңінде әр топ тақырып бойынша сызба құрастырып,  галереяны шарлау жұмысын жасайды, бақылаушы қорытынды шығарды.

Өздерінің түсініктерін топпен жұмыс жасау арқылы плакатқа түсіріп, дәлелдеп  қорғайды.

 

5. «Менің бойымдағы құндылықтар» тренинг өткізу ( әр топ мүшелері қағазға біріншіден өз бойындағы жақсы құндылықтарын жазып, бүктеп бір бұрышқа апарып тастайды, екінші бұрышқа бойларындағы бір жағымсыз мінездерін  жазып бүктеп тастайды. Одан кейін топ мүшелері жақсы құндылықтар жазылған бұрышқа барып  бір - бірінің қағаздарын  алып оқиды,  қандай сезімде болғандары туралы пікір алмасады).

6. «Дананың кілттері»  ( бұл тапсырма бірқатар ойлауды талап ететін оқушыларды қызықтыру мен тарту үшін әзірленген іс –әрекет кешені болып табылады).                                                                                            

Әр топ мүшелері  түрлі – түсті кілттерді таңдап алады да, артындағы берілген арнайы тапсырманы  жаңа тақырып бойынша түсіндіреді.

«Керісінше кілті» - сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан», «істемеймін» сөздерді пайдалануды көздейді.

«Егер де» кілті- «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырады

«Әліпби кілті» - берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен жазып отырады.

«Жаңа дизайн» кілті – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.

«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

«Тағы қалай кілті» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әр түрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз

«Қиыстыру» кілті –  үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қаиеттерді біріктіріңіз

«Жөнсіздік» кілті - ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз. содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

 7. Тренинг  «Сиқырлы тақия»  (ортаға барлығы дөңгеленіп отырады да,  тақияны бір – біріне беріп отырып одан не жасауға болатынын айтады)

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

 Жеке тұлғаның сыни ойлау қабілетін  қалай арттыру керектігін және  оларға ұсынылатын  тапсырмаларды  жоспарлау үшін мұғалімдер топпен  бірлесе  отырып жұмыс істейді. Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдер сыныпта сыни ойлау әдісін  қалай пайдалануға болатынын, оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдарында  қандай дағдыларды пайдаланатынын қарастырады.

 

Кері байланыс

Блоб ағашы арқылы бүгінгі сабақтағы көңіл – күйлерін білдіреді.

 

 



Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров149
Номер материала ДВ-520576
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Комментарии:

1 год назад

спасибо большое

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх