Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Статьи / План урока по физике на тему "Заттың тығыздығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

План урока по физике на тему "Заттың тығыздығы"

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Сабақ реті_25 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні__________


Сабақтың тақырыбы: §24. Заттың тығыздығы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға заттың тығыздығын, массамен, көлеммен байланыстыра отырып түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау, экспериметтік есептер шығару

Сабақтың көрнекіліктері: презентация, суреттер, таразы, гір тастар, денелер жиынтығы, өлшеуіш цилиндр.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Сыныпты үш топқа бөлеміз.

1 топ – Денелердің өзара әрекеттесуі.

2 топ – Дененің массасы.

3 топ – Үйге берілген есептер 8 жаттығу № 5, 7

Практикалық тапсырма:

3 топқа таразылар, гірлер, денелер беріледі. Сол денелердің массаларын анықтау қажет.

Барлық денелердің көлемдері бірдей.

1 топ – пласмасса, массасы 11,1 г

2 топ – темір, массасы 44,9 г

3 топ – аюминий, массасы 21,6 г

Жаңа сабаққа дайындық.

Көлемдері бірдей, бірақ массалары неге әртүрлі қалай ойлайсыңдар?

  1. Масса, көлем. Мысалдар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Тығыздық деген не?

  2. Тығыздықты анықтау үшін не істеу керек?

  3. Көлем мен массаға байланыстылығы.

  4. Өлшем бірлігі.

Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немсе бір куб сантиметрдегі) заттың массасы неге тең екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың тығыздығы деп атайды. Берілген заттың тығыздығын қалай табу керектігін анықтау үшін келесі мысалды қарастыралық. Көлемі 2 м3 мұздың массасы 1800 кг екендігі белгілі болсын. Сонда 1 м3 мұздың массасы 2 есе кіші болады. 1800 кг-ды 2 м3-ке бөліп, 900 кг/м3-ты аламыз. Осы шама – мұздың тығыздығы. Сонымен, заттың тығыздығын анықтау үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек:

тығыздық = 

масса

.

hello_html_520944a3.png

көлем

Осы өрнекке кіретін шамаларды әріптермен белгілелік: m — дененің массасы, V — дененің көлемі, ρ — дененің тығыздығы ( ρ — грек әрпі “ро”). Сонда тығыздықты есептеуге арналған формуланы мына түрде жазуға болады:hello_html_m3c796051.gif СИ жүйесінде тығыздық бірлігі килограмм метр куб (1 кг/м3). Практикада заттың тығыздығын сондай-ақ грамм сантиметр кубпен (г/см3) өрнектейді. Осы бірліктердің арасындағы байланысты тағайындау үшін мынаны ескереміз:

1 г = 0,001 кг, 1 см3 = 0,000001 м3.

Сондықтан

г

=

0,001 кг

 = 1000 

кг

.

hello_html_520944a3.png

hello_html_520944a3.png

hello_html_520944a3.png

см3

0,000001 м3

м3

Белгілі бір заттың тығыздығы қатты, сұйық және газ тәрізді күйлерінде әр түрлі болады. Мысалы, судың тығыздығы – 1000 кг/м3, мұздың тығыздығы – 900 кг/м3, ал су буының тығыздығы (0°C және қалыпты атмосфералық қысым кезінде) – 0,59 кг/м3. Басқа заттардың тығыздығын 3–5-кестелерден білуге болады. 3—5-кестелерде көрсетілген заттардың тығыздығы қалыпты атмосфералық қысымда және газдар үшін 0 °C температурада, сұйықтықтар мен қатты денелер үшін 20 °C температурада есептелінген.


ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

А) Тығызыдқ ұғымы.

Ә) Масса деген не?

Б) Көлем деген не?

В) Мысалдар.

V. ДК. Жаңа сабақты бекіту:

Эксперименттік есептер шығару.

VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.

  1. 9 жаттығулар № 2,3.

VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

А). Өзін -өзі тексеру сұрақтары

  1. Денелердің өзара әрекеттесуі?

  2. Өзара әрекеттесу нәтижесінде не байқалады?

  3. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

  4. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?

Ә) Эксперименттік тапсырма.

  1. Судың, сүттің, күнбағыс майының массасын анықтау. Өлшеуіш стақанның көлемі 200 см3. Сұйықтардың әрқайсысының тығыздығын алу. Әр сұйықтың өз тығыздығы болады.

  2. Үйден өз бөлмелеріңдегі ауаның массасын анықта.

В) Физикалық карта ойыны.

Әр карточкаға әріптерді жазып, оны оқушыларға таратамын, музыка ойналады. Оқушылар формуланы білетіндер осы музыкаға билейді. ρ, V, m S, υ, t

VIІI.ДК.Үйге тапсырма. § 24; 9 жаттығу № 2, № 3 Эксперименттік тапсырма: Сендердің сумкаларыңа қанша килограмм алтын және күміс сияды?


Мұғалім: Кенжегалиева Салтанат Максотовна. Оқу ісінің меңгерушісі:__________


Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Физика
Подраздел Статьи
Просмотров138
Номер материала ДВ-566731
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх