Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Рабочие программы / План урока по географии на тему "Климатические пояса мира" (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

План урока по географии на тему "Климатические пояса мира" (8 класс)

библиотека
материалов

Бекітемін:

Тарих және география пәндері кафедрасының меңгерушісі:

Жумабаев Қ. С.

8.1B Дүние жүзінің климаттық белдеулері

Сабақтың тақырыбы: Климаттық зоналардағы климат ерекшеліктерін салыстыру.

Климатограммаларды жасау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау.

Мектеп: Ақтөбе қаласы, НЗМ

Күні: 05-10.10.15

Мұғалімнің аты-жөні: Ермуканова Г. Б.

Сынып: 8 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты

Әрбір климаттық белдеудегі климаттың ерекшеліктерін білу

Климаттық графиканы құрастыру талдау, салыстыру және қорытынды жасай алу Карталар мен суреттердің көмегімен әрбір климаттық белдеудегі және климаттық типтегі (облыстағы) климаттық өзгерістердің сипаттамасын жаза алу

Жетістік критерийі

Білу және түсіну

Қолдану

Кестедегі мәліметті пайдаланып, климатограмма сыза алады

Климатограммаға қарап талдау жасай алады

Климатограмма негізінде берілген климаттық белдеуді анықтап, қорытынды жасай алады

Климаттық белдеулердің ерекшелігін біледі

Суретті және картаны пайдаланып, әрбір климаттық белдеулердегі --өзгерістерді сипаттай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар атмосфера айналымының негізгі климаттық белдеулерге қалай тасымалданатынын немесе әсер ете алатынын жазбаша түрде түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

климаттық белдеу

ауыспалы климаттық белдеу

ауа массасы

циркуляция

өрленген ауа

төмендеген ауа

жоғары қысым

төмен қысым

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ауа жылынған кезде, …

Ауа суынған кезде,…

Бұл …әкеледі

Жауын-шашын мөлшері..............температура..............ауа массаларының әсерінен..................климат типті................климаттық белдеу қалыптасады.

Қаңтар айындағы температура.................жаз айындағы температурамен салыстырғанда...........бұл..............

Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

Пәнаралық байланыс

Физика, математика, бейнелеу

Құндылықтарды дарыту

Дүниежүзіндегі табиғи құбылыстарды талдай отырып, оқушыларға өз табиғатының ерекше тұстарын айқындату нәтижесінде үздіксіз білім алуға жетелеу. Отанымыздың климатына бейімделе отырып, сақтау, дамыту мақсатында толерантты, жауапкершілігі мол патриоттар тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары


Басы











Ортасы





































Соңы

Амандасу. Сабақ мақсатын оқушылардың өздері құрастыруы және берілген сабақ мақсатымен салыстыру, талдау.


Презентация

Қосымша мәліметтер:

Мәтін, суреттер мен климатограммалар


https://www.twig-bilim.kz/film/glossary/climatology-5089/

www.city-data.com/forum/weather/1488266-alisov-climate-classification.html

www.metoffice.gov.uk/education

https://www.twig-bilim.kz/film/climate-zones-5460/

http://www2.palomar.edu/users/pdeen/Animations/23_WeatherPat.swf

http://video.about.com/weather/Types-of-Air-Masses.htm

http://www.rusnature.info/geog/03_2.htm

http://www.mobot.org/MOBOT/research/russia/climatic.shtml

Қосымша мәліметтер:мәтін

http://www.fao.org/news/story/ru/item/359102/icode/

http://practicalaction.org/floating-gardens

http://practicalaction.org/climatechange_floatinggardens


http://www.geoknow.net/pages/climategraphs.html

http://www.downtoearth.org.in/news/resort-to-heritage-53346





Қалыптастырушы бағалау

Қосымша мәліметтер: кестелер мен жоспар

www.worldatlas.com/webimages/testmaps.htm

http://slideplayer.com/slide/6388846/

Бағалау парағы


Ой шақыру

Өткен сабақты қайталау. Таныстырылымдағы сұрақтарға жауап жазу.

Жаңа сабақ. Таныстырылымдағы суретті талқылау.

Кері байланыс. Кім алғыр? Алғыр оқушыларды мадақтау.

Топтық жұмыс. Таныстырылымдағы сурет бойынша әр топ өз пікірін білдіреді. Бүкіл сынып болып климатограмма сөзін талдау. Температуралар мен жауын-шашынды құрайтын құрамдас бөліктеріне басымдық бере отырып, климатограммалар ұғымы түсіндіріледі.

Оқушыларға негізгі климаттық белдеулердегі: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және арктикалық белдеулердегі температура мен жауын-шашындар бойынша климаттық мәліметтер: суреттер мен климатограммалар таратылады. «Сәйкестендіру» бойынша жұмыс жасайды. Әр топ өз жұмысын талқылайды.

Кері байланыс. Топтар өздері құрастырған бағалау критерийлері бойынша бағалап, талдайды.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 1.

Климатограмманы сұрақтар арқылы сипаттау.

Кері байланыс. Өз жауаптарын берілген жауаптармен салыстыру. Тапсырма 2.

«Салыстыру» бойынша климатограммаларға сипаттама жасау таныстырылым арқылы жүргізіледі. Африка материгіндегі екі қаланы салыстыра отырып, климатограммаға сипаттама жасау.

Кері байланыс. Өз жауаптарын топта талқылау.

Жұптық жұмыс. Тропиктік муссондық климатта орналасқан Бангладеште, 3 ай ішіндегі жауын-шашын мөлшері, Казақстандағы бір жыл ішінде түсетін жауын-шашынмен салыстырғанда көп түсетіні белгілі.

  • Адамдар осындай климаттық жағдайға қалай бейімделген?

  • Қандай артықшылықтары мен қиыншылықтары бар?

  • Сілтемені http://practicalaction.org/floating-gardens қолдана отырып, тұрғындардың климатқа бейімделгенін сипаттаңыз.

Бангладештегі фермерлердің жүзбе бақтарды салуы адамдардың жергілікті өнер тапқыштық пен материалдардың көмегімен климаттық жағдайлар мәселесін қалай шешетіндігінің үлгісі болып табылады.

Оларды сипаттау кезінде оқушылардың карталарды, фотосуреттерді, кестелерді және статистикалық мәліметтерді қолдану арқылы ынталандыру. Әлемдік климаттың интерактивті картасы мен климат кестелері пайдаланылады.

Кері байланыс. Жұптар ойларын дауыс беру арқылы бағалау.

Жеке жұмыс.

  • Мәліметтер негізінде климатограмма құрастырыңыз

  • Температура мен жауын шашын мөлшеріне қатысты мәліметтерді жазыңыз.

  • Климаттық белдеуін анықтаңыз.

  • Климаттық өзгерістерді сипаттау мақсатында Оңтүстік Африкадан бастап Солтүстік поляр шеңберіне дейін иллюстрацияланған климаттық журнал/күнделік толтыру.

Бағалау (белсенді оқушыларды мадақтау)

Климаттық кестелерді сипаттап беруі тиіс: ең жоғарғы температура, ең төмен температура, температуралар диапазоны, жауын-шашынның жалпы мөлшері, жауынды және құрғақшылықты маусымдар. Кестелердің негізінде әрбір зонада тұратын адамдар үшін климаттың беретін мүмкіндіктері мен туындататын қиыншылықтары туралы жасаған қорытындыларын бағалау.

Оқушылар климаттық өзгерістерді сипаттау мақсатында Оңтүстік Африкадан бастап Солтүстік поляр шеңберіне дейін иллюстрацияланған климаттық журнал/күнделігін жасау арқылы қорытынды жасау.

ІY. Қорытынды жасау

Үйге тапсырма:

  • Саяхатышы ретінде бір құрлықтағы елдің қаласын таңдап, климаттының ерекшелігін сипаттай отырып, себебін түсіндіру.

  • Қай құрлықта орналасқан елдің қаласына барар едім?

  • Таңдаған қаланың ерекшелігін сипаттаңыз

  • Климатының сипаттамасын жасау.

  • Қай мезгілде баратынымды түсіндіру.

  • Киім багажым қандай болатынын анықтау.

Рефлексия

Менің түсінгенім...

Маған түсінуге қиын болғаны...

Менің ұсынысым...

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)


Қабілеті төмен оқушыларға топтық жұмыс кезінде сыныптастары тарапынан көмек көрсету керек.

Қосымша тапсырма: топтық жұмыс барысында қосымша мәлімет беріп, өз үлесін мұғалімнің бағыттауымен жүргізуге болады. Климаттық белдеулер картасын қолдану.

Қабілеті жоғары оқушыларға екі климатограмманы салыстыра отырып, климаттағы өзгерістеріне талдау, қорытынды жасау.

Үй жұмысы: терминдермен жұмыс жасау.

Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталған кезде бағаға жұмыс орындау қарастырылады.

АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша түрлі дерек көздерін таба алады. http://www.geoknow.net/pages/climategraphs.html сайты арқылы дүниежүзілік климаттық белдеуге сипаттама жасау

ActivInspire бағдарламасы арқылы климатограммаға сипаттама жасау.

Ой толғау


Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.08.2016
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров118
Номер материала ДБ-164994
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх