Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / План урока по химии на тему "Гидролиз солей"

План урока по химии на тему "Гидролиз солей"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән мұғалімі А.Б.Абуханова

Сыныбы: 10 «а,ә»

Пәні: химия

Күні: 25.11.15 ж.

Сабақ: №23

Сабақтың тақырыбы:

Тұздар гидролизі

Мақсаты:

Оқушыларда тұздар гидролизі туралы түсінік қалыптастыра отырып,сыни ойлай білуге машықтандыру

Сілтеме

Оқулық «Химия» 10 сынып, Н.Нұрахметов, Алматы «Мектеп» 2014ж

Сабақта қолданылатын модульдер

Диалогтық оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытуды бағалау(формативті)

Сабақтың типі

Проблемалық-зерттеу сабағы

Түйінді идеялар

Гидролиз, электролиттер, қышқылдық орта, сілтілік орта

Күтілетін нәтиже




- Тәжірибе жасау барысында талдау, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіреді;

- Топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді;

- Өзара диалогтік қарым – қатынас құруға үйренеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру

(1мин)

Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындықтарын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар мен мұғалім бір-біріне сәттілік тілейді

2.Негізгі сүйенетін білімді қайталау (3 мин)

1. Күшті және әлсіз электролиттерді атаңдар

2. Э.Д.теориясы тұрғысынан тұздарға анықтама беріңдер

3.Тұздардың түзілу типтерін атаңдар

4. Ион алмасу реакцияларының жүру жағдайын түсіндіріңдер

5. рН дегеніміз не, оның практикалық маңызы қандай?

6. Индикаторларды атаңдар. Олардың көмегімен ортаны қалай анықтайды?




Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді,

мысалдар келтіреді

3.Білімді негіздеу

(5 мин)

Химиялық эксперимент №1

Номерленген үш сынауықтағы заттарды анықтауға арналған тәжірибе

Сілтілердің, қышқылдардың сулы ерітінділеріндегі ортасын, рН көрсеткішті анықтау

Бір оқушы экспериментті орындап, индикатор көмегімен заттарды анықтайды, оқушылар сұрақтарға жауап береді

4. Проблемалық жағдай туындату

(5 мин)


Тұздардың ортасын қалай анықтауға болады?

Бүгінгі сабағымызды есеп шығарудан бастайық: 3 моль мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісін калий карбонаты ерітіндісінің артық мөлшерімен әрекеттестіргенде, газ бөлініп, тұнба түзілді. Түзілген тұнбаның массасын тауып, ерітіндінің ортасын

анықтаңдар





















Олай болса, мұны тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрейік







Есептің берілгені дұрыс екен, ал теңдеу жазғанда бір-нәрсені ескермедік, ол не нәрсе?

Иә, дұрыс! Бүгінгі сабақта біз сендермен әр-түрлі тұздардың сумен әрекеттесуін қарастырамыз, кейін есебімізге ораламыз

Сабақ тақырыбын жазайық: «Тұздар гидролизі»

Бір оқушы есептің берілгенін, реакция теңдеуін жазады

Берілгені:

v(CuCl2)=3 моль

табу керек:

m(тұнба)=?

Шешуі:

CuCl2 + К2СО3CuСО3 +2КCl

газдың бөлінбейтінін және тұнба түзілмейтінін айтады



Ерігіштік кестесімен жұмыс

CuСО3 -сызықша тұр, бұндай тұз ерітіндіде болмайды



Оқушы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тәжірибе (№2) жасайды: CuСl2 ге К2СО3 қосады , газ бөлініп, көк тұнба түзіледі



Ерітіндідегі тұз бен судың әрекеттесуін





























Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады.

5.Жаңа сабақ (15 мин)

Тұздар гидролизі деген не? Оқулықты ашып, 80 беттегі 3.5 тақырыпты ашайық

Балалар, жаңа тақырыпты түсіну барысында жасаған бақылауларымыз бен қорытындыларымызды таблицаға түсіреміз









Су молекуласы қалай диссоциацияланады?

рНкөрсеткіштің мәні өзгере ме?

Тәжірибе жасап көрейік: CuCl2 ерітіндісіне лакмус индикаторын құямыз

салыстыру үшін тұз қышқылын HCl да сынап көрейік

мыс (ІІ) хлоридінің түзілу типін анықтайық (ерігіштік кестесі бойынша)

ендеше қандай қорытынды шығаруға болады?

Берілген алгоритм бойынша гидролиз теңдеуін жазыңдар: Қорытынды:





Енді калий карбонатын К2СО3 сынап көрейік, ерітіндіге фенолфталейн индикаторын тамызамыз

Салыстыру мақсатында КОН-ты сынап көрейік

калий карбонатының түзілу типін анықтайық (ерігіштік кестесі бойынша)





Берілген алгоритм бойынша гидролиз теңдеуін жазыңдар:

Қорытынды:



NaCl мен дистилденген суға салыстырмалы тәжірибе жүргіземіз, ерітінділерге лакмус индикаторы құйылады

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады ?











Қорытынды:


Оқулықпен жұмыс

Анықтамасын оқиды

«гидро»-су, «лизис»-ыдырау

Дәптерлеріне таблица сызады

Тұз түзілу типі

Гидролиз теңдеуі

рН

көрсеткіші

Тұз ерітіндісінің ортасы

Гидролиз түрі

1.






2.






3.






4.
















НОН↔Н+ + ОН-

рН=7, ендеше орта бейтарап екендігін айтады.

Химиялық эксперимент №3

Оқушылар мыс (ІІ) хлоридін сынауыққа құйып, индикатор тамызады, ерітінді қызыл түске боялады

HCl-да қызыл түске боялды (тәж.№4)

екі тәжірибеде де қызыл түс берді, ендеше орта қышқылдық, рН < 7

оқушылар мыс (ІІ) хлоридінің әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілгендігін айтады

  1. CuCl2 ↔ Cu2+ + 2Cl-

  2. Cu2+ -әлсіз ион (катион), себебі Cu(ОН)2-әлсіз негіз

  3. Cu2+ +НОН↔ CuОН+ + Н+

  4. CuCl2 + НОН↔ CuOHCl + HCl

  5. +]>[ОН-], рН<7, орта қышқыл Гидролиз катион бойынша

Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың ерітіндісі қышқылдық орта береді, гидролиз катион бойынша жүреді (таблицаны толтырады)



Оқушы химиялық тәжірибе (№5)жасау арқылы калий карбонаты ерітіндісі таңқурай түске боялғанын байқайды.



КОН ерітіндісі де таңқурай түске боялғанын байқайды.(тәж. №6)



Оқушылар калий карбонатының күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз екенін анықтайды

  1. К2СО3↔2К+ + СО32-

  2. СО32- -әлсіз (анион),

  3. Н2СО3 әлсіз қышқыл құрамына кіреді

  4. СО32- +НОН↔НСО3- + ОН-

  5. К2СО3 +НОН↔КНСО3+ КОН

  6. [Н+] <[ОН-], рН>7, ерітінді ортасы сілтілік

  7. Гидролиз анион бойынша жүреді

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз сілтілік орта көрсетеді, гидролиз анион бойынша жүреді

(Таблицаны толтырады)

Оқушы тәжірибе жасайды (№7) бір сынауыққа натрий хлоридінің, екінші сынауыққа дистильденген су құйып, лакмус құяды . Екі ерітінді де сия көк түске боялады.

Оқушылар натрий хлоридінің күшті негіз бен күшті қышқылдан жасалғанын айтады, су сияқты бейтарап орта көрсететінін айтады.

1. NaCl↔Na+ + Cl-

2. әлсіз ион жоқ

3. реакция жүрген жоқ

4. NaCl +НОН↔ NaОН+НCl

5. [Н+] =[ОН-], рН=7, бейтарап орта

6. гидролизденбейді.

Күшті негіз бен күшті қышқылдан жасалған тұздар бейтарап орта көрсетеді, ендеше олар гидролизге ұшырамайды.

(Таблицаны толтырады)



6. Жағдаятты шешу

( 6 мин)

Есеп шығару

Тұз түзілудің тағы қандай типі қалды?

Бұндай тұздарға гидролиздің қай түрі тән?







Әр топтан оқушылар тақтада қатені тауып жазады

Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз

Оқушылар : Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар газ және тұнба түзе отырып,соңына дейін гидролизденетінін айтады,



7.Қорытындылау

Рефлексия

(8 мин)

Ендеше есепке оралайық:

















Химиялық диктант жазамыз

Оқушыларға өздерін бағалау мақсатында бағалау критерийлері беріледі

Теңдеудің сол жағына су қосамыз, сонда

CuCl2 + К2СО3+ Н2О →Cu(ОН)2↓ +СО2↑ + 2КCl

v (Cu(ОН)2)=v(CuCl2)=3 моль

m(Cu(ОН)2)=М • v=98 г/моль • 3 моль=294 г

Жауабы: 535 г.









5-6 «+» -бағасы «3»

7-8 «+» бағасы «4»

9-10 «+» бағасы «5»



8. Үйге

тапсырма (3мин)

«Гидролиздің табиғаттағы мәні», «Гидролиздің адамның іс-әрекетінде алатын орны» тақырыптарына хабарлама







Химиялық диктант

1. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың ерітіндісі қышқылдық орта береді, гидролиз катион бойынша жүреді

2. СaSO4 сулы ерітіндісінде қышқылдық орта көрсетеді, рН<7

3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар газ және тұнба түзе отырып,соңына дейін гидролизденеді

4. СuCl2 сулы ерітіндіде гидролиз катион бойынша жүреді

5. LiNO3 сулы ерітіндіде гидролизге толық ұшырап, тұнба түзеді

6. Күшті негіз бен күшті қышқылдан жасалған тұздар бейтарап орта көрсетеді, ендеше олар гидролизге ұшырамайды

7. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз сілтілік орта көрсетеді, гидролиз анион бойынша жүреді

8. K2CO3 cулы ерітіндісне фенолфталейнмен әсер етсе ерітінді түсі өзгермейді

9. Гидролиз деген тұз бен судың алмасу реакциясы

10. Бейтарап ортада рН >7









Дұрыс жауаптар



hello_html_m591d0a4f.gif







Бағалау критерийлері:

5-6 «+» -бағасы «3»

7-8 «+» бағасы «4»

9-10 «+» бағасы «5»







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров280
Номер материала ДВ-190589
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх