Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / План урока по химий на тему "Алюминий қосылыстары" (9 класс)

План урока по химий на тему "Алюминий қосылыстары" (9 класс)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары.

Сабақтың мақсаты

Білімділік:Периодтық жүйедегі орны және атом кұрылысы табиғатта таралуы, Алынуы физикалық химиялық қасиеттерінің қолданылуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың зейінін танымдық белсенділігін, өз пікірін қалыптастыру, есеп шығару дағдыларын ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа жауапкершілікке шапшаңдыққа уақытты үнемдеуге өзара еңбектерін бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Жеке топтық жұмыс

Сабақта қолданылатын әдістер: Сөздік әдістүсіндіру, іздену, сәйкестікті табу, сұрақ-жауап есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта оқулық бейне тәжірибе, слаид, кестелер, зертханалық тәжірибе.

Пән аралық байланыс: математика, физика, география

I Ұйымдастыру кезеңі.

1.Окушыларды тексеру

2.Оқушыларды топқа бөлу (I, II, III,)

I «Темір» тобы

II « Хром» тобы

III «Алюминии» тобы

II Үй тапсырмасын сұрау

«Түйсікті ояту»

I «Темір» тобы.

А) Хром кен орны еліміздің қай обылысында, Жер қыртысында қандай минералдар түзеді?

Ә) Темірдің өнеркәсіпте алынуы жолдары.

II «Хром тобы»

А) Темір жер қыртысында қандай минералдар түзеді?

Ә) Мыстың өнеркәсіпте алу жолдары.

III Алюминий тобы.

А) мыс жер қыртысында қандай минералдар түзеді?

Ә) Өнеркәсіпте хромды алу жолдары.

II «Ұғыну»

1Мына сызбанұсқаны жүзеге асырыңдар.

I «Темір» тобы

hello_html_78a0074e.gifhello_html_m592f7a06.gifhello_html_m20bd1e65.gifhello_html_m3e2ecad8.gifCuo Cu CuСl2 Cu(OH)2 CuSo4

II «Хром» тобы

Chello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_m48a98cc9.gifhello_html_10910f24.gifhello_html_mc3190c4.gifr2 (So4)3 Cu (OH)3 Cr2 O3 Cr Cr2 S3

III «Алюминий» тобы

hello_html_m4d5c2fbc.gifhello_html_10910f24.gifhello_html_m48a98cc9.gifhello_html_m20bd1e65.gifFe Feo Fe Cl2 Fe (OH)2 Fe2 (SO4)








Сабақтың жоспары:

1.Алюминийдің периодтық жүйедегі атом құрылысы екінши

2. Табиғатта таралу

3.Өнеркәсіпте алынуы

4.Физикалық қасиеттері

5.Химиялық қасиеттері

6.Алюминийдің қолданылуы

7.Алюминий құймаларының қолданылуы.


МАҒЫНАНЫ ТАНУ”

Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.

Алюминий IIIA топ элементі.

Оның электрондық формуласы: Al реттік №13

Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p1

Табиғатта таралуы. Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий-табиғатта ең көп тараған метлл (жер қыртысындағы жалпы мөлшері шамамен 9%). Ол силикаттар құрамына (шпаттар, слюдалар), сондай-ақ далалық шпаттардың табиғи ыдырауы нәтижесінде түзілетін саздың құрамына кіреді. Алюминий қосылыстарының ішіндегі ең маңыздылары: Al2 O3 (корунд, рубин, сапфир,) криолит Na3 AlF6 боксит Al2 O3 xH2 O.

Алынуы. Алюминий өндірісінде, шикізат ретінде көбінесе бокситтер Al2O3 *xH2O жиі қолданылады. Қақтағанда,олар суын жоғалтып ,алюминий оксидіне айналады.

Электролиз кезінде катода алюминий, ал анодта оттек бөлінеді.Электролиз реакциясының жалпы теңдеуі:

2Al2O3 → 4Al+3O2

*Елімізде Павлодар қаласында Торғай кен орнындағы бокситтен электролиздік әдіс арқылы алюминийді алу үшін глинозем өндіретін алюминий зауыты жұмыс істейді. Металл күйіндегі алюминий алынатын электролиз цехтары салынып,2007жылдан бастап өнім бере бастады

Физикалық қасиеттері. Алюминий күмітей ақ түсті жеңіл металл. Алюминийдің иілгіштік қасиеті жоғары,ол оңай фольга болып жайылады және сым түріне созылады. Алюминий электорөткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі жоғары металл.

Химиялық қасиеттері. Ауада алюминий оттекпен әрекеттесіп,оны қорғайтын оксидтік қабықша түзеді.Қабықшасы алынған алюминий өте белсенді.Сынаппен алюминий құйма амальгама түзеді

Алюминий ұнтағын қыздырғанда тұтанады және оксидін түзіп, жарық жалынымен жанады:

4Al+3O2=2Al2O3 H= -3350кДж


Алюминий мен оттектің байланысы өте жоғары беріктілікпен ерекшеленеді.Сондықтан алюминий көптеген металл оксидтерін (темір,марганец,хром) оттекті тартып алады. Металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру үшін алюмотермия деп аталады. Мысалы,егер алюминий ұнтағын темір оксидімен Fe3O немесе FeO*Fe2O3 араластырып қоспаны жақса, онда өте қарқынды реакция жүреді:

8Al+3FeO* Fe2O3=4Al2O3+9Fe H=3240кДж

Алюминий галогендермен тікелей әрекеттесіп, галогенидтер түзеді:

2Al+3Br2=2AlBr3

Егерқорғағыш қабықшаны химиялық әдіспен аластатса (мысалы,сілті ерітіндісімен),онда металл сумен сутекті бөліп,қарқынды әрекеттеседі:

2Al+6H2O=2Al(OH)3+3H2

Сұйылтылған тұз және күкірт қышқылдары оксид қабықшасын бұзып,сутекті ығыстырып, алюминийді оңай ерітеді:

2Al+6HCl=2AlCl3+3H2

Екідайлы болғандықтан алюминий сілті ерітінділерімен де оңай әрекеттеседі:

2Al+2NaOH+6H2O=2Na[Al(OH)4]+3H2

Сұйылтылған азот қышқылы алюминиймен әректтесіп азот (II) оксидіне дейін тотықсызданады:

2Al+4HNO3=Al(NO3)3+NO +2H2O

Суықта концентірлі азот және күкірт қыщқылдарында алюминий қорғағыш қабықша түзілу нәтежесінде енжарланады. Сондықтаг азот қышқылын алюминий ыдыстарында сақтайды және тасымалдайды.


Алюминий оксиді Al2O3 қиын балқитын, ақ түсті қатты зат. Табиғатта корунд минералы түрінде кездеседі. Алюминий оксиді суда ерімейді, бірақ қышқылда жақсы ериді;

Al2O3 + 6HCl=2AlCl3+3H2O

Сілті ерітінділерімен гидроксоалюминаттар түзеді:

Al2O3+2NaOH+3H2O=2Na[Al(OH)4]

ал құрғақ сілтілермен балқытқанда, метаалюминаттар береді

Al2O3+2NaOH=2NaAlO2+H2O

Алюминий гидроксидінің Al (OH)3 екі түрлі түрөзгерісі болуы мүмкін:кристалдық немесе аморфтық.

Алюминий гидроксидін алюминий тұздары ертінділеріне сілтімен әсер ету арқылы алынады :

AlCl3+3NaOH = Al(OH)3 +3NaCl

Жаңа тұнған Al(OH)3 ақ қоймалжың тұнба, суда мүлдем ерімейді және типтік екідайлы гирдоксид болып табылады:

Al(OH)3+3HCl=АlCl3+3H2O

Al(OH)3+NaOH=Na[Al(OH)4]

Алюминий тұздары сулы ерітінділерде жоғары дәрежеде гидролизге ұшырайды:

AlCl3+HOH → Al(OH)Cl2+HCl

Алюминийдің әлсіз қышқылдармен түзетін тұздары сулы ертінділерде толық гидролизге ұшырайды:

Al2S3+6HOH=2Al(OH)3 +3H2S

Қолданылуы. Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданады. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан,оның авияциялық өнеркәсіпте, автокөлікте ,электротехникада электр сымдарын жасауда маңызы өте зор.

Корунд Al2O3 – зергерлік өнеркәсіпте мойын тіректермен тіректер,қоспалар әсерінен әртүрлі бағалы тастар( рубин сапфир және аметист)

Алюминий хлориді AlCl3 органикалық синтезде өршіткі ретінде алюминий сульфаты (Al2(SO4)3) - суды тазарту, қағаз өндіру.

Алюминий кристаллогидраты Al2(SO4)3 18H2O –мақта маталарды бояуға . Алюмокали ашудасы KAl(SO4)2 12H2O –тері , аяқкиім өнеркәсібінде, тері илегенде және маталарды бояуда.

Алюминийдің қолданылатын маңызды саласы оның негізіндегі жеңіл құймалар өндірісі.Металлдық алюминийді мыс,магний,титан ,никель,мырыш, темір негізіндегі құймалар легирлейтін қоспа ретінде кеңінен қолданады.

Адюминий темір бұйымдардың бетін қаптайды, бұл оларды жемірілуден қоғайды. Ол үшін болат бұйымды біраз уақыт алюминий балқымасында ұстайды,бұл кезде беткі қабатында металмен құйма түзіледі.Металдарды тотығудан қорғаудың бұл әдісі алитирлеу деп аталады.

Қаттылығы жоғары және қиын балқитын болғандықтан, ірі кристалды тен дәл аспаптарға мойынтіректері мен тіректер, күйтабақ ойнатқыштың басына дыбыс түсіргіш инелер жасайды. Қоспалар әсерінен әртүрлі түске боялған тің мөлдір кристалдары бағалы тастарға(рубин,сапфир,аметист) жатады және зергерлік істе қолданады.

Алюминий тұздарының ішінде көп таралғаны және маңыздылары:

Алюминий хлоридін органикалық синтезде өршіткі ретінде 6ал алюминий сульфатын Al2(SO4)3 суды тазалауда және қағаз өндірісінде,сондай ақ оның кристалгидратын Al2(SO4)3*18H2O мақта маталарды бояу үшін пайдаланады. Алюминий аушдасын KАl(SO4)2*12H2O тері, аяқкиім өнеркәсібінде теріні илегенде және маталарды бояғанда өңдеу үшін қолданады.

3 “Ой қозғау”

I “Темір” тобы.

Құрамында алюминийдің 9 массалық бөлігі, оттегінің 8 массалық бөлігі кіретін заттың химиялық формуласын табыңдар?

II “Хром” тобы

Массасы 6г алюминий мен мыстан тұратын қоспаны тұз қышқылы мен өңдегенде нәтижесінде 3,7л сутегі түзілді Қоспадағы алюминийдің массалық үлесі (%) есептеңдер.

III “Алюминий” тобы

Алюминий мен магнитті теміртас (Ғе3О4) әрекеттескенде 1моль темір алынды.Реакция нәтижесінде алынған алюминий оксидінің массасын есептеңдер.

Есептредің шешуі

Темір тобы

х:у=9/27 : 8/16= 0,33:0,5

x:y=0,33/0,33:0,5/0,33=1:1,5=2:3

Al2O3

Хром” тобы.

X г V=3,7л

2Al+6HCl=2AlCl3+3H2

m=54г V=67,2л

2M(Al)=54г/моль x г/54г=3,7л/67,2л

m=54г V=22,4 л/моль x=54г*3,7л/67,2л=2,97г

V(H2)=22,4л m(Al)=2,97г

m(Cu)=6-2,97=3.03

W(Al)=hello_html_71c795e3.gif немесе 50%

W(Cu)=hello_html_mf5483f7.gif=0.5 немесе 50%


4. “Ойлан тап”

Мына сызбанұсқаларды орындаңдар

IТемір” тобы

Al→Al(OH)3→AlCl3→Al(OH)3→Na[Al(OH)4]

II “Хром тобы”

Al→Al2O3→Al2(SO4)3→Al(OH)3→Al2O3

III “Алюминий” тобы

AL→AlCl3→Al(OH)3→Al(NO3)3→Al(OH)3→Na[Al(OH)4]

Орындалуы

1)Al Al(OH)3 AlCl3 Al(OH)3 Na[Al(OH)4]

2Al+6H2O=2Al(OH)3+3H2

Al(OH)3+6HCl=2AlCl3+6H2O

AlCl3+3NaOH+Al(OH)3 +3NaCl

Al(OH)3+NaOH=Na[Al(OH)3]


2)Al Al2O3 Al2(SO4)3 Al(OH)3 Al2O3

4Al+3O2=2Al2O3

Al2O3+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2O

Al2(SO4)3+6NaOH=2Al(OH)3 +3Na2SO4

2Al(OH)3 Al2O3+3H2O


3)Al AlCl3 Al(OH)3 Al(NO3)3 AL(OH)3 Na[Al(OH)4]

2Al+6HCl=2AlCl3+3H2

AlCl3+3NaOH=Al(OH)3 +3NaCl

Al(OH)3+3HNO3=Al(NO3)3+3H2O

Al(NO3)3+3KOH=Al(OH)3 +3KNO3

Al(OH)3+Na[Al(OH)4]


Қызықты химиялық тәжірбиелер

І топ. «Темір»

ІІ топ. «Хром»

ІІІ топ. «Алюминий»


Үй тапсырмасы.

Алюминий оның қосылыстары













Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров163
Номер материала ДВ-468408
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх