Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / План урока по информатике на тему "Операциялық жүйе" (8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

План урока по информатике на тему "Операциялық жүйе" (8 сынып)

библиотека
материалов

hello_html_m6c432a38.gifhello_html_60c4717d.gifКүні:

Сынып: 8 сынып

Пән: информатика

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды операциялық жүйе ұғымымен таныстыру, операциялық жүйенің маңызы, түрлері туралы мағлұмат беру, интерфейс ұғымын кеңейту. Алған теориялық білімдерін практикада игеру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: карточкалар, таратпа материалдар, тест жобасы, бағалау парағы, сөзжұмбақ.

Техникалық жабдықталу: ДК, интерактивті тақта, слайд, флипчарт.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жекелей саралап даралап, сәйкестендіру тесті, Лысенкованың оза отыра оқыту технологиясы, Ж.Қ. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы, оқушы шығармашылығы, тест әдісі.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, математика.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Кезекшінің мәліметін тыңдау.

3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

IІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. «Қисынды ойлай білейік» (3-деңгей), жекелей саралап даралап (2-деңгей карточка), миға шабуыл (1-деңгей)

hello_html_m37e262da.gif


  1. «Ой қозғау» ойыны арқылы компьютер құрылғыларын табу


IІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Лысенкованың оза отыра оқыту технологиясы.

Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

ОЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық ақпараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.

Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады. Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.



ӘРБІР ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ ҮШ МІНДЕТТІ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:
Ядро
- командалық интерпретатор, программалық тілден “темір” тіліне аударатын аудармашы, машина кодының тілі.

Драйвер
- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар.

Интерфейс
- пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық. Ол пайдаланушы зеріктіретін және оған қызық емес болып табылатын ядроны ораған әдемі орауыш сияқты.

Дербес компьютерге арналған ОЖ-лер

-бірміндетті және көпміндетті қатар атқаратын.

-бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.

ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді. Оның орта ғасырлық болса да тарихы бар. Енді осы тарихи деректерге тоқталып өтелік.

1965-1975 алғашқы операциялық жүйелердің қалыптасып, даму кезеңі. Бұл кез жаңа буын компьютерлерінің пайда болған уақыты еді. Сонымен қатар мини-компьютерлер кең таралды. Мультипрограммалық, көпмақсатты, файлдар жүйесімен тиімді жұмыс жасайтын ОЖ қажет болды. Алғашқы ОЖ-дің бірі OЖ UNIX болды.

1981-1985 Microsoft фирмасы – MS DOS, IBM фирмасы - PC DOS, Novell фирмасы - Novell DOS операциялық жүйелерін шығарды және әр жыл сайын жетілдіріп, жаңа версияларын шығарып отырды. Мысалы: MS DOS 1.0; MS DOS 1.1; MS DOS 2.0...MS DOS 3.1; т.с.с.

Дамыған сайын олардың мүмкіндіктері көбейіп, жаңа командалар қосылып отырды.

1985, ХІ Microsoft Windows ОЖ-нің алғашқы 1.0 версиясы құрылды.

1987, IV IBM фирмасы OS/2 ОЖ-ін іске қосты.

1987, ХІ Microsoft Windows 2.0

1990, V Microsoft Windows 3.0

1992, IV Microsoft Windows 3.1

1993, IV Microsoft Windows NT

1994, ІІІ UNIX ОЖ-і негізінде Linux 1.0 ОЖ-і шықты.

1995, VIII Windows 95 ОЖ-і жарық көрді. Бұл компьютер әлемінің көптен күткен арманы еді. Қолданушы интерфейсі, қосымша мүмкіндіктері, т.б. көптеген ерекшеліктері ОЖ-ің рыноктағы ерекше орнын анықтады.

1996, VII Windows NT 4.0 компьютерлік желілермен жұмыс жасауға негізделген ОЖ-сі шықты.

1998, VII Windows 98 ОЖ-і жарық көрді. Бұл версияда Интернет желісіне, компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінді.

2000 жыл Windows 2000 (Win-NT), Windows Me (Millennium Edition - Win-98). Бұл жүйелер тағы да жетілдірілген, мәлімет қорғау жүйесі жақсы ескерілген.

2001 жыл Windows XP операциялық жүйесі. Бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті. Әрі қолданушыға оңай меңгеруге жағдай жасалған. Оның бірнеше варианттары бар. Windows XP Home Edition, Windows XP Professional.

2005, VI Windows Vista ОЖ-інің бета версиясының презентациясы болды.

IV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

  1. Сұрақ-жауап

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет ?

  2. Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе

  3. Windows операциялық жүйесіндегі жойылған файлдар сақталатын қойма ?

  4. Операциялық жүйе түрлері?

  5. Microsoft фирмасының негізін қалаушы?


  1. Практикалық бөлім: оқушылар тапсырма алып компьютермен жұмыс жасайды. Тапсырма 2 деңгейде беріледі.

1-тапсырма: Күнді және уақытты баптау.

Компьютерлеріндегі күн мен уақытты өзгертіңдер.

  1. Бас менюден Настройка – Панель управления командасын таңдаңдар.

  2. Басқару панелі терезесінен Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.

  3. Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.

  4. Дата/Время қосымшасын белсенді қылыңдар.

  5. Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдыру батырмасының көмегімен туған жылдарыңды таңдаңдар, содан кейін Ай көрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды таңдаңдар.

  6. Время бөлімінде сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер. Содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе пернетақтадан енгізіңдер.

  7. Применить батырмасын шертіңдер.

  8. ОК батырмасын шертіңдер.

Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.


2 - тапсырма. Жұмыс үстелінің түрін өзгерту.

  1. Жұмыс үстелінде тышқанның оң жақ батырмасын басыңдар.

  2. Свойства командасына шертіңдер.

  3. Свойства: Экран терезесі пайда болады.

  4. Фон қосымшасын белсенді қылыңдар.

  5. Рисунок рабочего стола бөлімінен қажетті суретті таңдаңдар, сурет компьютер экранында көрінеді.

  6. ОК батырмасын шертіңдер.




Информатикалық диктант


________________________________ - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Ол ____________________________________ арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Бұл байланыс _________________ деп аталады.

_________________________________________ қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ал көпміндетті жүйелер____________________________ қатар іске қосуға мүмкіндік береді.


Ұпайы




Информатикалық диктант


Операциялық жүйе - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Ол адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Бұл байланыс интерфейс деп аталады.

Бірміндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ал көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.



V. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі






1

W

I

N

D

O

W

S



2

M

S

D

O

S









3

C

T

R

L











4

D

E

L

E

T

E


5

B

A

C

K

S

P

A

C

E








6

P

A

I

N

T








7

C

D

R

O

M




1. Сөз жұмбақ шешу

1. Қазіргі кездегі кең тараған операциялық жүйе?

2. Бұрын компьютерде қандай ОЖ болды?

3. Арнайы комбинация пернесі?

4. Курсордың оң жағында тұрған символды өшіретін перне?

5. Курсордың сол жағында тұрған символды өшіретін перне?

6. Сурет салу үшін қандай программа қолданылады?

7. Лазерлік дискіні оқитын диск жетектің атауы.


2. Сәйкестендіру

Windows Vista


Операциялық жүйе

Қапшық


Объектілер қоймасы

Тышқан


Басқару құрылғысы

Пернетақта


Ақпаратты енгізу құрылғысы

Принтер


Ақпаратты қағазға шығарады

Колонка


Дыбыс шығаратын құрылғы

Сканер


Қағаздағы ақпараттың сандық көшірмесін алатын құрылғы

Модем


Интернет желісіне қосылады

NumLock


Сандық перне

Драйвер


Компьютер құрылғыларын басқарушы

Ядро


Командалық интерпретатор

Операциялық жүйе


Компьютерді іске қосқан кезде жүктеледі

Интерфейс


Адам мен компьютер арасындағы байланыс



  1. Тест тапсырмасы:

  1. Операциялық жүйе құрамына енеді:

  1. Qbasic , Kobol,

  2. Excel 7.0, Access, FoxPro

  3. MS DOS 6.2, Windows 95, UNIX*

  4. PowerPoint, Word, Paint

2. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  1. Арнаулы компьютер бөліктерінің жиынтығы

  2. Жаңа программаларды құруға мүмкіндік беретін программалар жиынтығы

  3. Компьютердің программалар жұмысын басқаруға негізделген программалар жиынтығы*

  4. Вирустан қорғауға мүмкіндік беретін программа

3. Windows ХР қалай іске қосуға болады?

  1. Іске қосу, Все программы, Windows ХР

  2. Мониторды іске қосу

  3. Файл, Открыть

  4. Компьютердің батырмасын басу*

4. Windows ХР операциялық жүйесінен қандай тәсілмен шығу тиімді?

  1. Іске қосу менюіндегі Завершение работы командасын орындау *

  2. Мониторды өшіру

  3. Файл менюіндегі Закрыть командасын орындау

  4. Компьютерді өшіру

5. Сағат индикаторы қалай бейнеленеді?

  1. Мой компьютер терезесінде

  2. Тапсырмалар тақтасында*

  3. Жұмыс үстелінде

  4. Тақырыптар қатарында

  1. Егер жұмыс үстелінде белсенді терезе жоқ болса, онда компьютерді қалай дұрыс өшіруге

болады?

  1. Аlt + F4*

  2. Жүйелік блоктағы Роwer батырмасына басу

  3. Файл менюіндегі Выход командасына басу

  4. Жүйелік блоктағы Rеsеt батырмасына басу

  1. Жұмыс үстелі - бұл:

  1. Тапсырмалар қатары

  2. Экранда бейнелеу *

  3. файл

  4. жарлық

  1. Windows терезесі бұл –

  1. Басқарушы құралдар жинағы бар Бас мәзір терезесі

  2. Басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалар және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе *

  3. Тапсырмалар үстелі терезесі

  4. Бағдарламалар және құжаттармен жұмыс істеуге арналған Жұмыс үстелі терезесі

  1. Интерфейс термині нені білдіреді?

  1. Сызбалық ақпаратты сақтау құрылғысы

  2. Бір каталогтағы файлдар жиынтығы

  3. Мәтіндік өңдегіштің баспа құрылғысымен байланысы

  4. Пайдаланушымен сұхбатты қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі*

  1. Windows бас мәзірін ... ашу керек

  1. Менің компьютерім батырмасын басып

  2. Бастау батырмасын басып *

  3. Файл батырмасын басып

  4. Power батырмасын басып


VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: «Операциялық жүйе» тақырыбына 1-деңгей 5, 2-деңгей 10, 3-деңгей 15 тест сұрақтарын дайындап келу

VII. Бағалау кезеңі: Бағалау парағына сәйкес бағалау.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні

Сынып_8_


Деңгейлік тапсырма

Үй тапсырмасы

Компьютермен жұмыс

(практикалық бөлім)

Информатикалық

диктант

Сөзжұмбақ

шешу

Сәйкестендіру

Тест

Ортақ

баға






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров282
Номер материала ДВ-034065
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх